ҚҰСТАР
ҚҰСТАР
Күндізгі жыртқыштар отряды. Жыртқыштардың көпшілігі омыртқалылармен қоректенеді, олардың тырнақтары ұзын, әрі өткір, әрі ілмек тәрізді. Тырнақтарымен олар аулайтын жемін ұстайды және өлтіреді. Тұмсықтары қысқа, мықты, оның ұшы ілмек тәрізді төмен қарай иіліп келген, онымен жыртқыштар жемін бөліктерге бөліп қоректенеді. Кейбірі өте жылдам ұшады. Олар ұшып бара жатқан құстардың немесе өте жылдам жүгіретін аңдарды ұстайды. Қейбірі калықтап ұшады. Ондай құстар биіктікте шеңбер жасай ұшып жүріп, төмендегі жемін аулап іздейді. Олар жұп құрып өмір сүреді, ірі күндізгі жыртқыштар өз жұбын өмір бойы сақтайды. Бұлар қызыл шақа балапан шығаратын құстар.
Әр түрлі сұңқарлар — дене мөлшері шағын және орташа, өте жылдам ұшатын жыртқыштар. Олардың ішіндегі көбірек танысы бектергі жер бетінде болатын тышқан тәрізді кемірушілерді, ірі бунақденелілерді аулайды. Адам үшін оның ерекше практикалык, маңызы бар.
Ертегілердегі айтылатын зұлымдық әкелуші кезқұйрық — шын мәнінде, аз қозғалатын бақалармен күнге қыздырынып жатқан кесірткелермен, өлген балықпен қоректенеді. Ол өзінің жемін биіктіктен айналып ұшып жүріп қарайды. Әр түрлі қырандар едәуір ірі жануарларды: үйрек, кұр, қоян, кіші тұяқты аңдарды ұстайтын ірі жыртқыштар.
Елімізде тіршілік ететін жырткыштардың ең ірісі — тазқаралар. Олар жоғары биіктіктен ұшып жүріп елекселермен қоректенеді. Олардың тырнақтары нашар жетілген (өйткені өлексемен қоректенеді). Оның есесіне тұмсықтары ете мықты, онымен едәуір ірі тұяқты аңдардың терісін тіле алады. СССР-де олар Қырым, Кавказ және Орта Азия тауларында кездеседі.
Тазқаралардын, денесі салмақты, жерде епетейсіз қимылдап, теңселіп жүреді, алайда бөгде құстарды өлекседен қуған кезде, олар шапшаң адымдап қозғалады. Жалпақ қанаттарын ұзақ уақыт қалықтап ұшуға бейімделген. Қанатын жазғандағы алымы 2,5 м болады. Тазқаралар ормансыз тауларда, жазық жерлерде өте жоғары биіктен жемтігін іздейді. Қозғалыссыз жатқан өлексені көре салысымен жыртқыш оған қарай құлдырай жөнеледі. Тазқараларды басының алдыңғы бөлігі мен мойнындағы өте сирек қауырсыны бар жері арқылы оп-оңай тануға болады.
Күндіз жемін аулайтын жыртқыштар ауыл шаруашылығында адамға көп пайда келтіріп, тышкан тәрізді кемірушілер мен знянды бунақденелілерді құртады. Енді бір тобы ауру және қартайған жануарды жою арқылы, олардың құрамын жаксартады. Олар сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапка тіркелген.
Жапалақтар отряды. Ымырт жабыла күндізгі құстардық сайрауы басылғанда түнгі жыртқыш құстар — жапалақтар, үкілер, байғыздар, мүлгіме жапалақтар өз қорегін аулауға шығады. Бұл құстардың мықты имек тұмсығы, иткір тырнақтары бар В .
Қарашығы үлкен бақырайып ашылатын көздері түнгі әлсіз жарықта да ұсақ заттарды көре алады, өте сезімтал құлағы болар-болмас дыбыстың өзін де ести алады. Барлық жапалақ тәрізділердік күндізгі жыртқыштардан айырмашылығы — олардың қауырсындары үлпілдек, әрі жұмсақ болады да ұшқанда ешбір дыбыссыз ұшады. Түнгі тыныштықта дыбыссыз ұшкан жапалақ тәрізділердің жақсы естуіне және бірден өз жемтігінін үстінен түсуіне көмегін тигізеді. Олар күндіз таса жерлерде тығылып жасырынатындықтан, көзге сирек түседі.
Кіші жапалақтар көбіне тышқан тәрізді кемірушілермеи немесе ірі түнгі бунақденелілермен қоректенеді. Ірі жапалақтар сирек кездеседі. Балық үкісі СССР-дің Қызыл кітабына тіркелген.
Адам қоныстанған жерлерде көбіне кадімгі мүлгіме жапалақ кездеседі, ол дүние жүзінің барлык континенттерінде таралған. Оның денесінің ұзындығы 34 см. Жапалақтың бет бейнесі жүрек пішіндес. Оның түнгі қарлыққан үні барылдаған немесе сыбырлаған сияқты естіледі. Ол кемірушілермен қоректенеді және жарқанаттарды, торғайларды, қосмекенділерді және бунақденелілерді де аулайды.
Еліміздің тундрадан басқа жерінде кеңінен таралған ақ ірі жапалақ тәрізді құсқа - кәдімгі үкі жатады. Ол ұясын жерге және қия жартасқа салады. Ол негізінен тышқан тәрізді кемірушілермен қоректеніп, қояндар мен кірпілерді де аулайды.
Кұстардың көпшілігінің тіршілігі өздері қорегін ұстайтын суқоймаларымен тығыз байланыста болады. Суда жүзетін құстар дегең атына сай олар жақсы жүзеді, сонымен қатар көпшілігі әрі жаксы сүңги алады. Суда жүзетін құстардың жүзуге және сүңгуге бейімделуіне байланысты аяқтарындағы саусақтарының арасында жарғақ дамыған, ал аяқтары денесінін артқы жағында орналасқан.
Суда жүзетін құстардың көпшілігі құрлықта баяу епетейсіз қозғалады. Суда жүзетін құстар жамылғы қауырсындарының құрылыс ерекшелігіне сәйкес қауырсындарын су жұғудан сақтайды. Қауырсындар мен мамықтардағы мұртшалардың тығыз тутаса орналасуы, оның сыртқы бетіне су жұқпайтындай қалың қабат түзеді. Бұған қоса судың жұқпауына қауырсын қабаттарының ара-арасындағы жіңішке қуыстарда болатын өте көптеген ауа көпіршіктері де септігін тигізеді. Қауырсындарын құйымшақ безінен бөлінетін сұйықтықпен майлап тұру да судың өтуіне кедергі жасайды және ол қауырсындардың табиғи құрылысын, пішінін және жұмсақтығын сақтап, су жұқпайтын қабат түзеді.
Суда жүзетін құстарға әр түрлі отрядтарға топтасқан көптеген құстар жатады. Екі отрядтың өкілдерімен танысамыз.
Каз тәрізділер отряды. Бұған көпшілікке белгілі үйректер, қаздар және аққулар жатады. Олардың тұмсықтарының жиегінде мөлшері мен пішіні әр түрлі мүйізді тақталар немесе тісшелер орналасқан, ал тұмсықтарының ұшында қалындау болып келген мүйізгек болады. Қаз тәрізділер — ширақ балапан шығаратын құстар.
Үйректер. Олар бір маусым ғана жұп құрады. Аталықтарының қауырсындары ашық және әр түрлі түсті болады. Олар жұмыртқа басуға және ұрпактарына қамқорлық жасауға қатыспайды. Ұясын көбіне бұталардың тасасына, үйінділердің, шөптердің тасалау мақындағы жерге салады. Аналықтары көкірегіндегі мамық қауырсындарынан жұлып алып ұяның ішіне төсейді. Өзі қоректену үшін ұядан шықкан кезде жұмыртқалар суып қалмау үшін және жыртқыштардың көзінен таса болу үшін жаңағы мамық қауырсындарымен жұмыртқалардын үстін жауып кояды.
СССР-де үйректердіқ 41 түрі кездеседі. Көбірек таралғаны асыранды үйректердіқ арғы тегі — барылдауық үйрек. Ол Европа, Азия және Американың қоңыржай әрі жоғары ендіктерінің бәрінде де таралған. Үйректер таяз суларда басын суға батырып жіберіп, тұмсықтарының жиегіндегі тақталармен суды сүзіп, оның ішіндегі майда өсімдіктер және жануарлармен қоректенеді.
Қаздар. Олар үйректерге қарағанда едәуір ірі. Аталығының да, аналығының да қауырсыны бір түстес болады. Қаздар өсімдіктермең ғана қоректенеді. Оның жиегіндегі тісшелері мен тұмсығы өте мықты өсімдіктердің жапырақтарын және сабағын қайшы сияқты кесіп түсіреді де («Қаз тойғанына емес, орғанына семіреді»—деген нақыл соның айғағы), ал тұмсығының ұшындағы мүйізгекпен дәндерді қарбып жейді. Олар жақсы жүзумен бірге, құрлықта да тез қозғала алады. Олар мазасын алмайтын жерде үлкен тобымен, ал басқа жерлерде жеке-жеке жұп құрып тіршілік етеді. Жұмыртқаны аналығы басып шығарады, ал аталығы сол маңнаң алыстап кетпей, балапандарымен екеуі де бірге жүреді. Қыстап шығуға ұшар алдында үлкен топқа бірігеді, ұшып бара жатқан қаздар тобы үшбұрыш жасап ұшады.
СССР-де қаздардын 14 түрі ғана кездеседі, Асыранды қызыл тұмсықты қаздар тұқымының ата тегі жабайы сұр қаз болып саналады.
Аққулар. Олар салмағы 12 кг, қанатының алымы 2,5 метрге жуық сымбатты ірі құстар, СССР-де 3 түрі тіршілік етеді. Аталығының да, аналығының да қауырсындары аппақ біркелкі түсті болады. Олар да өзен үйректері сияқты таяз суларда басын түсіріп су түбіндегі омыртқасыз жәндіктермен және өсімдіктердің бөліктерімен қоректенеді. Жұмыртқаларын аналықтары басып шығарады, ал аталықтары сол маңнан алыстап кетпей, басқа аққуларды жолатпай куып ұяны қорғайды. Жұптарын өмір бойы бұзбайды. Қазіргі кезде аққулар өте сирек кездеседі. Кіші аққу СССР-де Қызыл кітабына тіркелген. Кейбір қалаларда тоғаны бар парктерде аққуларды әсемдік құс ретінде ұстайды. Үйректер мен қаздар дәмді ет, бағалы қауырсындар, мамық беретіндіктен бағалы кәсіптік мәні бар құстарға жа
Пингвиндер отряды. Бұл өзінше ерекшелігі бар құстар. Олардың қанаттары" жіңішке, әрі қысқа ескек тәрізді және ұшуға жарамайды. Пингвиндер сүңгу кезінде қанаттарымен суды еседі. Саусақтарының арасында жүзу жарғағы болады. Аяқтары тұлғасының артқы жағында орналасқан, сондықтан да пингвиндер құрлықта тік тұрады. Аяқтарының мұндай қалыпта болуы құс сүнгіген кезде қанатының жұмысын жеңілдетіп, сағатына 30 км жылдамдықпен жүзуіне септігін тигізеді. Пингвиндер судан тік жағалауға немесе биіктігі 1 метрге жуық мүз үстіне секіріп шыға алады. Оның ауыр қаңқсы да сүнгуін жеңілдетеді. Қауырсын жамылғысы өте қалың болады. Қанаттарында жінішке пәрі бар ерекше қабыршақты өте қатты қауырсындар орналаскан.
Пингвиндер балықтар, басаяқты моллюскалар және шаян тәрізділермен қоректенеді. Олар негізінен Антарктикада тіршілік етеді. Олардың ішіндегі ең ірісі — биіктігі 120 см, салмағы 45 кг император пингвині. Олар топ-тобымен ұя салады. Шын мәнінде, олар Жер бетіндегі суыққа ең төзімді жануарлар. Мысалы, император пингвині балапандарын адам төзгісіз — 60...—70" С температурада шығарады.
Пингвиндер Антарктикада тіршілік етуіне байланысты соңғы уақытқа дейін адамдарды көрмегендіктен, олардан мүлде қорықпайды. Керісінше, олар әуесқойлықпен ғылыми станцияларға келіп, поселкелерді еркін аралап, үйлердің есігінен сығалап, басқышпен кемелердің палубаларына да көтеріледі.
Құстардың ашық жерде мекен ету жағдайында бірқатар ерекшелік бар. Мұндай жерлерде тығылатын таса жер табу қиынға соғады, соңдықтан далалар мен шөлейтті жерлерде тіршілік ететін құстардың аяқтары мен мойындары ұзын болады. Мұның өзі олардың айналасын толық шолу жасауына және жыртқыштардың жақындап келе жатқандығын алдын ала көруіне жағдай туғызады. Дала мен шөлдің құстары өздерінің қорегін жер бетіндегі өсімдіктердің арасынан табады. Олардың қорек іздеп көп жүруіне тура келеді, сондықтан бұл құстардың аяқтары жалпы жақсы жетілген. Кейбір түрлері қауіп төнген кезде ұшып емес, жүгіріп қашып құтылады.
Тырналар отряды. Көкек айында өте биікте (аспанда) қатты дыбыс шығарып тырулап, ұшбұрыш жасай отырып тырналар ұшады. Олар Африкадан, Оңтүстік Азиядан өздері ұя салатын жерлерге оралады. Тырналардың көпшілігі батпақты жерлер"- мекен етеді. ал ақбас тырна еліміздің европалық және аралық бөліктерінің далалы аймақтарында ұя салады. Тырна ұшып келісімен-ақ қораздану басталады. Олар үлкен жасап жиналады, ортасында бірнеше жұбы қатты сұңқар дыбысқа қосылып билейді. Біраз уакыт өткен соң «бишілер шеңбердегі «көрермендер» тобына келіп қосылып, өзі басқа құстарға босатады.
Ақбас тырна далада, не егістік аландағы жерге ұясын салады. Оның ұясы — шөп сабақтары төселген шағын шұңқыр. Ұяда 2 жұмыртқа болады. Ақбас тырналар көбіне өсімдіктермен, кейде бунақденелілермен қоректенеді. Қазіргі кезде олар сирек кездеседі, сондықтан қорғауды қажет етеді.
Дуадақтар отряды. Елімізде ең ірі, әрі сирек кездесетін құстың ірі дуадақ. Онық салмағы 16 кг болады. Ол далалы жерлерді мекендейді. Көзі жақсы көретіндіктен ол төнген кауіпті алыстан байқайды да ұшып кетеді немесе қуатты аяқтарынық кемегімен қашып құтылады. Дуадак кейде күннің әсерінен қураған шөптің арасына тығылады, бұл кезде қауырсындарының бүркеніш түсі арқылы мүлде байқалма қалады.
Дуадақтар жем талғамайтын құстар: олар өсімдіктердің жапырағын, тұқымын, өркенін, сонымен бірге қоңыздарды, көк-қасқа шегірткелерді, майда тышқан тәрізді кемірушілерді де қорек етеді. Балапандары көбіне бунақденелілермен қоректенеді. Кауіп төнгенде аналығы қасақана жарақаттанған бола қалады да, қанаттарын сүйрете бір шетке қарай қаша бастайды, сол арқылы жауының назарын балапандарынан басқа жаққа бұрып әкетеді. Бұл кезде балапандары жерге жасырынып қалады.
Түйеқұстар отряды. Бұлар ашық жерлерде тіршілік ететін ірі құстар. Қанаттары әлсіз болғандықтан ұша алмайды, оның есесіне өте ұзын әрі күшті аяқтары бар. Олар сағатына 60—70 км жылдамдықпен жүгіреді. Басы ұзын мойнынан жоғары көтеріліп, ауқымды жерді көре алады. Олар дәнмен, ірі бунақденелілер мен, майда омыртқалылармен қоректенеді.
Африка түйеқұстары қазіргі кездегі ең ірі құстар: бойынын ұзындығы 3 метрге, салмағы кейде 100 килограмнан да асады. Жұмыртқасының салмағы 1400 грамға жетеді. Аяқтарында екі ғана саусағы болады. Аяқтарының күштілігі соншалықты, олар аяғымен тіпті ірі жыртқыштардық қарнын жарып жібереді. Канаттарындағы, құйрықтарындағы иілген ұзын қауырсындарын ертеде бас киімдерді әшекейлеу үшін пайдаланған.
Оңтүстік Америкада биіктігі І70 см, салмағы 50 кг америка нандуы, ал Австралияда түйеқұстарға ұқсас биіктігі 180 см, салмағы 55 килограмдай эму құстары тіршілік етеді. Көбею кезінде олардың бірнеше аналықтары топтасып, бір ұяға жұмыртқаларын салады. Бұл жұмыртқалардың барлығын аталығы басып шығарады және ол балапандарымен де бірге жүреді. Түйеқұстарға ұқсас мұндай құстар түйеқұстар отрядына жатпайды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ҚҰСТАР туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат ҚҰСТАР на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Биология жоспарымен, казакша реферат жоспар, ҚҰСТАР