Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген істер атқарылғаны баршамызға да мәлім. Осыған сәйкес қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайндап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірбиеде кеңінен қолданылады.
Жалпы қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жазадан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады.
Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.
Осы аталған қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлеріне қысқаша тоқтала кетсем.
1.Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, бұл бірінші рет кешірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі).
2.Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату, бұл қылмыстық кодекстің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы.
3.Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату,бұл қылмыстық кодексте (67-бап) бірінші рет кешірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін деп көрсетілген.
4.Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, бұл қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп таңылса немесе бірінші рет кешірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (68-бап).
5.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату,бұл қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап,кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз
(69-бап).
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың осы түрінің түсінігіне, құқықтық мәнісіне толығырақ тоқталсам.
Рақымшылық және кешірім берудің құқықтық мәні туралы мәселе заң әдебиеттерінде жеткілікті түрде нанымды ашылмаған және айтарлықтай толық етіп дербес қарауды талап етеді. Рақымшылық және кешірім берудің құқықтық табиғатына дұрыс және толық баға берудің тек қана теориялық емес, сонымен қатар тәжірибелік те маңызы бар, яғни осы институттардың мәнін ашуға, оларды тағайындаудың шарттары мен тәртіптерін анықтауға икемдейді. Бүгінгі таңда заңтануда рақымшылық шығару мемлекеттің шығармашылық құқық қызметіне жатады және кешірім беруден оның айырмасы рақымшылық нормативтік акті болып табылады деген пікір қалыптасты.
Рақымшылықты актінің өзінде ұсынылған қылмыстың немесе қылмыстық топтың категорияларына қатысты анықталған ереже бойынша құқық қорғау органдары орындайды. Рақымшылық актілерінде оны қолдану тәртіптері мен шарттары белгіленеді. Рақымшылықтың бұл ерекшелігі оны сөзсіз нормативтік актіге жақындатады.
Рақымшылық шыққанға дейін жасалған қылмыстың бәріне бірдей жарияланбайды, тек қана категориялары анықталмаған тұлғалар мен қылмыстың жекелеген түрлеріне ғана қатысты. Рақымшылық бойынша босату заңның өзінде қарастырылғандықтан, бұл жағдайды қолданымдағы нормативтік қылмыстарға енгізілген өзгерістер туралы куәлік ретінде түсіндіруге болмайды.
Қылмыс жасалғаны үшін сотталған тұлға, жазалаудан оған тағайындалған жазаның қысқартылуына не болмаса ең жеңіл жазамен ауыстырылуына немесе жазаның қосымша түрінен босатылуына байланысты босатылуы мүмкін. Жазалауын орындаған тұлға, рақымшылық туралы актімен соттан босатылады.
Рақымшылық актісі оны қолдану жағдайларының белгісіз санына қолдануы сөзсіз, бірақ ол түбегейлі тұрақты емес. Рақымшылықтың ең көп қолданылуы ол шыққаннан кейін. Бұған белгілі дәрежедегі тергеу барысында тоқтату туралы рақымшылық актілерінде жазылған нұсқаулар да бейімдейді. Уақыт өте келе, рақымшылыққа жататын қылмысты ашу мүмкіндігіне қарамастан, оны қолдану жағдайы тым сирейтін болады. Рақымшылық арнайы актімен тоқтатылмайды, ол өзінен-өзі біртіндеп күшін жояды.
Заң әдебиеттерінде рақымшылық пен кешірім беруді анықтайтын пән бірлігі жоқ. П.С.Ромашкин қылмыстық қудалауды рақымшылық мәніне жатады деп түсінген.
В.М.Галкин рақымшылық және кешірім беру құқық бұзушыларды кешіру актісі болып табылады және құқық бұзушыдан тек қана материалдық-құқықтық зардапқа ғана әсер етеді деп санайды.
Рақымшылық мәнін анықтау үшін рақымшылық деген түсініктің өзін ұғындыруға назар аудару қажет. «Рақымшылық» сөзі – гректің (amnestia), ұмыту, естен шығару, кешіру деген сөзінен шыққан. «Кешіру» яғни «мейірбандық жасау,… кешіру,.. қандай да бір кінәні кешіру… (қандай да бір қылмысты жазасыз қалдыру)».
Рақымшылық – кінәліні ақтамайды, керісінше, тұлға құқық бұзғандығын мойындайды, бірақ оны қылмыстық жауап беруден және жазалаудан босатады.
Рақымшылықтың кешірім беруден айырмашылығы, ол тек қана сотталғандар үшін жарияланбайды, жасаған істерінде бірқатар қылмыстар бар, қоғамға қарсы әрекеттер жасаған тұлғалар үшін де, бірақ рақымшылық актісімен байланысты, оған қолданылуы тиіс қылмыстық істі қозғай алмайды. Рақымшылық сол сияқты үстінен қылмыстық іс қозғалған тұлғаға да қатысты; қылмыстық жауапкершілікке тартылған (айыпталушы) тұлғаға да; өзіне қатысты қылмыстық ісі сотта қаралу сатысында жатқан тұлғаға да қатысты қолданылады.
Рақымшылық туралы акті осы жауапкершіліктен (толық немесе ішінара) босату тәсілі ретінде қаралатын болғандықтан, теориялық жағынан рақымшылыққа жататын тұлғалар тобы туралы мәселе, қылмыстық жауапкершілік субъектісі түсінігімен тікелей байланысты.
Рақымшылық актісінің күшімен жауапкершіліктен босатылған тұлғаның жалғыз ерекшелігі сол, қылмыс субъектісі болып, рақымшылық тек қана кінәлілерін мойындаған немесе сотталған тұлғалар емес, қылмыстық іс әлі қозғалмаған немесе ол тергеу сатысында жатқан тұлғаларға да қатысты.
Рақымшылық туралы актілерде соңғы жылдары рақымшылық қолданылмайтын тұлғалар тобының тарылып бара жатқаны байқалады.
Ереже бойынша, жазалау мерзімі мен түріне қарамастан, ерекше қауіпті қылмыс жасап сотталған адамға; қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айрылып, қайтадан сотталғандарға; бұрын рақымшылық немесе кешірім беру тәртібімен жазадан босатылған және қайтадан қасақана қылмыс жасаған; рақымшылық актісінің өзінде саналып көрсетілген қылмыстар жасаған, сондай-ақ ұрлық, қымқыру, тонау, қарақшылық, алаяқтық және бопсалаушылық; жазалауды өтеу режімін бұзушылық жатпайды.
Көптеген рақымшылық актілері қылмыс жасағанға дейін мемлекетке белгілі бір еңбегі сіңгендерге арналады. Бірақ, сотталған адамның бұрынғы сіңген еңбегінің жасаған қылмысқа ешқандай қатысы бар ма деген сұрақ тууы мүмкін? Олардың түзетілуі және қайта тәрбиеленуінің дәлел бола алмайтыны сияқты, бұл да сол сияқты дәлел бола алмайды. Оның үстіне бұл сіңген еңбектер жаза тағайындаған кезде жағдайды жеңілдетуге сот оларды ескерген, өйткені олар айыпкердің жеке басының жағымды жақтарын есептеу үшін қабылданған. Марапаттаулары және басқа да еңбектері бар азаматтарды рақымшылық бойынша босату, дәл сондай қылмыс жасаған басқалардың арасында әлеуметтік әділетсіздікке апарады.
Рақымшылықты қолдану оның заңды мәнімен тығыз байланысты. Аталған актінің нормативтік емес сипаты рақымшылықты оны қолдануға әсер ететін ерекше жағдайға қалдырады. Рақымшылықтың уақытпен әрекет етуі жөнінде белгілі бір алауыздықтар теорияда да және тәжірибеде де туындап отырады. Атап айтқанда, акті шыққан немесе ол шыққаннан кейін, бірақ жарияланғанға дейін рақымшылыққа жататын қылмыс жасаған адамға оны қолдануға бола ма деген сұрақ туындайды? Оның дұрыс шешімі кейбір қылмыстарға, соның ішінде ұзарған және созылмалы қылмыстарға рақымшылықтың дұрыс қолданылуына байланысты.
Қылмыстық заңның әрекет ету шегі туралы жалпы ереженің рақымшылық актілеріне қатысы жоқ. Ол тиісті акті шыққанға дейін жасалған қылмысты ғана қамтиды. Рақымшылық актісінің тек керісінше күші бар, ол келешекке жарамайды. Осы негізде сот тәжірибесінің ұстайтын позициясы: тиісінше амнистия барлық жасалған іс-әрекетке, рақымшылық туралы акті шыққан күні жасалған, акті шығып, ол жарияланғанға дейінгі мерзім ішінде жасалған іс-әркетке қатысы болуы тиіс.
Шартсыз рақымшылыққа қарағанда шартты рақымшылықты және кешірім беруді қолдану кезінде жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын ғана ескермей, айыпкердің жеке тұлғасын да ескеру керек. Шартты рақымшылық және кешірім беру кезінде сынақ мерзімі, осыған ұқсас шартты соталғандағы бес жылдан артық болмауы керек. Белгіленген сынақ мерзімі қысқартуға жатпауы тиіс. Шартты рақымшылық алған және шартты кешірім берілген адамға белгілі бір міндет жүктелуі мүмкін, ол соны орындауы қажет. Шартты рақымшылық және кешірім берілген адамның мінез-құлқына бақылау жасалынады. Шартты рақымшылық алған адамның мінез-құлқына бақылау жасаушы органның ұсынысы бойынша, сот шартты рақымшылықты бұзуы мүмкін. Сынақ мерзімі кезінде шартты рақымшылық алған адам жаңадан қасақана қылмыс жасаған, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, қасақана ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда шартты рақымшылық бұзылады. Шартты рақымшылық сол сияқты сынақ мерзімі бойында шартты рақымшылық алған адам өзіне жүктелген міндетті жүйелі түрде немесе әдейі орындамаған жағдайда бұзылуы мүмкін. Шартты рақымшылық алған адамға бақылау жасаушы органның ұсынысы бойынша, сот шартты рақымшылықты бұзу және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады. Шартты рақымшылық алушы сынақ мерзімі ішінде абайсызда немесе қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайда шартты рақымшылықты бұзу немесе сақтау туралы шешімді сот шығарады. Шартты рақымшылықты және кешірім беруді қолдану айыпкердің мінезін түзейтін және толық түзелуге икемдейтін болады. Жауапкершіліктен және жазадан толық босатылу негізгі және сондай-ақ қосымша жазадан сотталу түріндегі құқықтық құтылумен болжанады.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес Республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Призиденті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).
Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді қолданудың өзі мемлекеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып,қылмыс істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіру болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдануына байланысты “Рақымшылық туралы” заңы қабылданса, 1993 жылы 5 қазанда “Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы”, 1996 жылы 15 маусымда “Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы” және 2002 жылы 19 ақпанда “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәнісі бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Кукык жоспарымен, казакша реферат жоспар, Рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату