Информатика | Мәліметтер үлгілерінің түрлері
[quote] Мәліметтер үлгісінің ұғымы дегенде мәліметтерге қолданылатын амалдарды және мәліметтердің сақталған мәндеріне шектеулерді айтуға болады.
Жалпы мәліметтер қоймасында мәліметтерді бейнелеп сипаттаудың екі деңгейі бар. Ол ақпараттық үлгі және мәліметтердің физикалық үлгісі.
Ақпараттық үлгі бағдарламалық жабдықтауды қолданушыға түсінікті болатындай түрде бейнелеуі тиіс. Ондай ақпарат қолданушыны қызықтыратын жағдайлар мен олардың өзара байланысы, қасиеттері болып келеді.
Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) қолдайтын мәліметтер үлгісінің өз құрылымы, оларға қолданылатын амалдар жиыны болады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесінің жабдықтарымен қолданылатын логикалық деңгейдегі мәліметтер үлгілерін даталогиялық үлгі деп атайды. Бұл үлгі мәліметтердің элементтері арасындағы қисынды байланысты олардың мазмұны мен сақталу орындарынан тәуелсіз түрде сипаттайды.
Даталогиялық үлгіні тұрғызу барысында бейнеленгелі отырған пәндік саланың ерекшеліктері ескеріледі. Мәліметтер базасы мәліметтердің біріктіріліп және өзара байланыстық сақталуын қамтиды. Сол себепті де, ондай үлгіні жобалауда пәндік саланы сәйкестендіріп сипаттаған дұрыс.
Егер Мәліметтер базасын тұрғызғанда пәндік сала туралы ұқсас ақпарат қажет болса және сол пәндік саланы сипаттау – қолданылатын бағдарламалық, техникалық жабдықтардан тәуелсіз болса, ондай үлгіні пәндік саланың инфологиялық үлгісі деп атайды. Пәндік саланың инфологиялық үлгісі даталогиялық үлгіге қарағанда, бастапқы кейіптегі үлгі болып саналады.
Даталогиялық үлгіні сақталу ортасына байланыстыратын болсақ, онда физикалық деңгейдегі мәліметтер үлгісін қолдануға тура келеді. Бұл үлгі қолданылатын сақтау құрылғыларын, жадыдағы элементтердің орналасу тәсілін, мәліметтердің элементтері арасындағы логикалық қатынастарды жүзеге асыру әдістерін анықтайды.
Даталогиялық деңгейдегі мәліметтер үлгісінің негізінен үш түрі бар:
• Реляциялық;
• Желістік;
• Иерархиялық.
Реляциялық үлгілер Мәліметтер базасын тұрғызуда кең қолданылады. Ол тек МББЖ-ны қолдап қана қоймай, әрі МБ-ны жобалаудағы аралық көмекші үлгі орнына қарастырылады.
Реляциялық үлгі мультиүлгілік жүйені тұрғызудағы виртуальді үлгі орнына қолданылады. Реляциялық үлгілерде ақпараттық бірлікке домендер, атрибуттар, қатынастар жатады.
Атрибут – ақпарат бірлігінің элементі болып, және ол қандай да бір мәндерді иемденеді.
Реляциялық МБ-ның қатынасы шектеулі шарттарды сақтау арқылы екі өлшемді кесте түрінде беріледі. Себебі ол адамға түсінікті, қарапайым. Реляциялық МБ-ның нобайы келесі құрамаларды қамтиды:
мұндағы А – атрибуттар атының жиыны;
R – қатынастар атының жиыны;
Dom – атрибуттардың доменге енуі;
Rel – қатынастар құрылымының сипаты;
V(s) – МБ-дағы шектеулер жиыны.
Реляциялық МББЖ-дағы қатынастарға амалдар қолдану тілдері реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра тілдерінен тұрады.
Реляциялық есептеу тілдері предикаттарды есептеуге негізделген. Олар қолданушыларға МБ-ға қажетті сұраныстарды жазу ережелерінің жинағын көрсетеді. Сұраныстарда керекті нәтиже туралы ақпарат қамтылады. Сұраныс негізінде жаңа қатынастардың қалыптасуы арқылы МББЖ керекті нәтижені береді.
Реляциялық алгебра тілдері реляциялық алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдардың тізбегін сәйкес ретте көрсете отырып, қажетті нәтиже алуға болады. Сол себепті де реляциялық алгебра тілдері амалдық деп есептелінеді.
Нәтижелі қатынастарды қанағаттандыратын қасиеттерді сипаттау, яғни декларативті ыңғай математикалық логика әдістеріне негізделген.
Қарапайым тілдегі сөйлемдерді мағынасы бойынша ақиқат және жалған деп ажыратуға болады.
Реляциялық есептеуде көбінесе математикалық логиканың келесі ұғымдары қолданылады:
• «конъюнкция (және) - », «дизъюнкция (немесе) - », «инверсия (емес) - », «туындайды - ├ », «импликация - →», «=», «≠», « > », «=», «
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Мәліметтер үлгілерінің түрлері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы информатика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Мәліметтер үлгілерінің түрлері