Информатика | Мәліметтер базасы

Информатика | Мәліметтер базасы

ЭЕМ (электронды есептегіш машиналардың) маңызды ерекшеліктерінің бірі – ақпараттың мол көлемін сақтау және өңдеу , сонымен бірге мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар , фотосуреттер , географиялық карталар) ғана емес , жаһандық жүйе , дыбыстық және бейне файлдардың беттері де жинақталады. Бұл мүмкіндіктер мәліметер базасының көмегімен іске асады.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арқаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау , сақтау мен амал – тәсілдермен ұқсата біліудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұмдастырылған мәліметтердің жиынтығы. Адамның қатысуы ықтимал , автоматтық түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі.
Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі.
Қарапайым мысал ретінде телефон анықтамалығын , поездар қозғалысы кестесін, кәсіпорын қыметкерлері туралы мәліметтерді , студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және тағы басқаны атауға болады.
Электронды МБ – сының басты қасиеті – ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай – ақ берілген форма бойынша есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы , сынақ кітапшаларының нөмерлері бойынша студенттердің аты - жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты – жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады.
Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда ХХ ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі қалыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік.
Объект – деп мағлұматтарды мәліметтер базасында сақталатын ақпараттық жүйенің элементтері аталады.
Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпараттық бейнелеу.Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипатталады .
Мәліметтердің басты элементі деп мәліметтердің басқа элементтердің мәндерін анықтауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады.
Алғашқы кілт -объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Екінші реттегі кілт – бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайтаналатын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Ең алдымен , екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады .
Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты.
МББЖ – жаңа база құрылымын құруға арналған программалық құралдар кешені , оны құрамын толықтыру , құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация).
База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметтерді іріктеу, оларды реттеу, сосын шығаратын құрылға беру немесе байланыс арналары бойынша беру .
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
1. Кестеге бір немесе жазбаны қосу;
2. Кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
3. Кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
4. Берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ – ның тағы бір функциясы – мәліметтерді басқару . мәліметтерді басқару ретінде , әдетте , мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау;
Мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қорғау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша ажыратылады :
Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ –ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.
Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е.Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МБ – ның жақсы қасиеті – оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы ,кемшілігі – мәліметтер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі ) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі . мұндай МБ – ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін.
Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ - да мұндай байланыстар ағаш – сызық жол (графа) түрінлде бейнеленуі мүмкін , мұңда биік шар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана
болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана , бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттандырмайды. Аты айтылған кемшілік желілік МБ – дан алып тасталды , онда (тым болмағанда, теориялық жағынан ) “ бәрімен барлық жағынан ” байланыс болуы ықтимал еді . іс – тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандықтан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі .


Кейбір МББЖ туралы мәліметтер келесі кестеде келтірілген.
МБ жіктеу
МББЖ атауы МБ типі
MS Access Реляциялық
Clipper Реляциялық
DBase Реляциялық
FoxBase+ Желілік
FoxPro Желілік
IMS/VS Иерархиялық
Oracle Реляциялық
Paradox Реляциялық

Мәліметтер базасымен жұмыс режимі. Мәліметтер базасын басқару жүйесінің екі режимі бар : жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның обьектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған обьектілер пайдаланылады.
Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қортындыға келеді.
Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды). База обьектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.
Базаны пайдаланушы – формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытынды нәтижелік кестелер мен есептер түрін де алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі – нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға ғана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ.
MS Access 2000 МББЖ – мен жұмыс істеу
MS Access 2000 жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта MS Access Мәліметтер базасын басқарудың үстемдік программалық жүйелері арасында ең танымалыларының бірі . көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар :
1.Әмбебаптағы мен интерфейстің о йланып істелу деңгейі жоғары , өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған , негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
2. Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен , сон дай – ақ ole технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп – кірігіуі (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы ;
3. Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.


Мәліметтер базасы объектілері. Кез келген МББЖ-мен жұмыс процесінде мәліметтер базасында файл (немесе файл топтары) жасау басталған жері болып саналады.
Access мәліметтер базасын құра алатын объектілердің типтеріне басты терезенің негізгі бөліктері сәйкес келеді. бұлар Таблицалар , Сұрау салулар, Есептер , Парақтар , Макростар мен Модульдер.
Терезе тақырыбы –мәліметтер базасының файл атауы .
Мәліметтер базасының негізгі объектілерге арналған қосымшасынан басқа үш бұйрықтық кнопкалары бар :
Ашу , Конструктор , Құру. Олардың көмегімен кесте жұмысының режимі таңдалады.
Егер Таблица қосымшасы таңдалса , бұл қосымшаның терезесінде осы МБ-да бар кестелердің тізімі бейнеленеді.
Бар кестені ашу үшін оның атын ерекшелеп , Ашу кнопкасын басу керек.
Жаңа кестедегі МБ - ны іске қосу үшін Құру кнопкасын басу қажет.
Бар кестенің макетін түзеу үшін оның тізімдегі атауын ерекшелеп, Конструктор кнопкасын басу керек.
Кестелер - мәліметтер базасының негізгі объектілері. Біріншіден кестелерде базада бар мәліметтердің барлығы сақталады, екіншіден, кестелер базаның құрылымын (өрістерін, олардың типтерін, қасиеттерін) да сақтайды.
Сұрау салулар – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылымдар. Сұрау салулардың көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты операциялар атқарылады.
Сонымен қатар берілген алгоритм бойынша мәліметтер өзгертуге, жаңа кестелер жасауға , басқа шығу көздерінен алынған мәліметтер кестесін автоматты түрде орындауға , кестелердегі қарапайым есептеулерді және тағы басқа жасауға болады.
Формалар көмегімен базаға жаңа мәліметтер енгізетін немесе бары қаралатын объектілер. Формалар пайдаланушыға толтыруға болатын өрістерді ғана толтыруға арналған құралдар ұсынады.
Сонымен қатар формада бір мезгілде енгізуді автоматтандыру үшін басқарудың арнайы элементтері (есептегіштер, ашылатын тізімдер, ауыстырып қосқыштар, жалаушылар және т.б. ) орналастыруға болады. Формалардың артықшылығы толтырылған бланкілерден мәліметтер енгізу болған кезде, әсіресе, көрнекі көрінеді. Бұл жағдайда графикалық құралдарды форма бланктің ресімделуін қайталанатындай етіп жасайды – бұл терімшінің жұмысын оңайлатады, оның шаршап, қажуын азайтады және баспа қателерін болдырмайды.
Форманың көмегімен мәліметтерді енгізіп қана қоймай, бейнелеуге де
болады. Сұрау салулар да мәліметтерді бейнелейді, бірақ оны нәтижелік кестелер түрінде, дайындаудың ешқандай құралдары болмай – ақ жасайды. Формалардың көмегімен мәліметтерді шығарған кезде дайындаудың арнайы құралдарын қолдануға болады :
Есептер – мәліметтердің ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, қалыптастыру үшін есептелетін өрістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтын сұрау салулар жасалады.
Содан кейін MS Access - тің жалпы ережелері бойынша осындай сұрау салулар негізінде есеп жобаланады, ол мыналарға жол ашады:
• Оқу мен талдауға қолайлы формалармен мәліметтер ұсынуға;
• Қорытынды және орта мәндерді есептеп, жазбаларды топтастыру (бірнеше деңгей бойынша );
• Графикалық объектілерді есепке кіргізу мен басып шығару (мысалы , диаграмма).
Парақтар – бұлар Access 2000–да жүзеге асқан мәліметтердің арнайы объектілері. Оларды майдалап айтқанда мәліметтерге қол жеткізу парақтары деп атауға болады.
Физикалық жағынан бұл Web–парақта орналастырылған және клиентке сонымен бірге берілетін HTML кодында орындалған ерекше объект. Бұл объект өзінен - өзі мәліметтер базасы болып саналмайды, бірақ серверде қалатын мәліметтер базасымен бірге Web–параққа келуші осы компоненттерді пайдалана отырып, қол жететін парақ өрісіндегі жазбалар базасын қарай алады.
Осылайша, мәліметтерге жету парақтары клиентпен интерфейсті, сервер мен серверде орналасқан мәліметтер базасы арасында интерфейсті жүзеге асырады.
Макростар мен модульдер. Объектілердің бұл категориялары программалау жолымен жаңа функцияларды жасау үшін де, мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істегенде де қайталанатын операцияларды
автоматтандыруға да арналған.
Макростар - макробұйрықтар. Егер базамен қайсыбір операциялар ерекше көп жасалса, бірнеше бұйрықты бір макросқа топтастырып, оны пернелердің ерекшеленген амалымен белгілеудің мәні бар.
Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған программалық рәсімдер (процедуралар). Егер Access стандарттық құралдар тапсырыс берушінің небір шеберлікті талап ететін шарттарын қанағаттандыруға жетпейді, программашы бұл үшін қажетті модульдер жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру