Экономика | Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ролі

Экономика | Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ролі

Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ролі

1.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің нарық қатынасының даму кезеңіндегі функциялары мен принциптері

Салық жүйесі функцияларының әлеуметтік-экономикалық сұрағы орталықтандырылған мағынаданада, яғни салық қызметінің іс-әрекетін мәні толық ашады.
Функция сөзі қандай мағына береді? “функция” сөзі латын сөзінен шыққан, яғни қызмет, орындау, жөнелту, жүзеге асыру деген мағына береді. Бұл жерле функция сөзі “қызмет, міндеттілік деген мағына да қолданылады.
Х.К.Махашов өзінің зерттеуі барысында ол: “дүние жүзіндегі салық жүйесінің тәжірибесі бойынша, кәзір кем деген де 6 функцияны бөліп көрсетуге болады. Олар фискальды, қайта бөлу, ынталандырушылық, есептік, бақылаушылық және реттеуші.
Фискалды функция. Бұл функция арқылы мемлекетті қаржымен қамтамасыз етіледі. Бұл функция салықтың басты функциясы, барлық мемлекетке тән функция.
Қайта бөлу. Түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекттің қарамағына кіреді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімге салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.
Ынталандырушылық функция. Бұл функция салық жеңілдіктері, қаржылық материалдық ресурстар және т.б. арқылы жүзеге асады. Басқарушылық функция арқылы салық жүйесі ғылыми техникалық прогрестің және кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамуы жедел дамиды.
Есептік функция. Бұл функцияның мәні мынау арқылы жүзеге асады, яғни салық ұлттық таыбстың бір бөлігі. Жанама салықтар салық жүйесінің есептік функциясын міндетті түрде орындайды.
Бақылаушылық функция. Есептік функциямен тығыз байланысты, тек қана оны толықтырады.
Реттеуші функция. Мемлекетің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шарашылықтың дамуымен қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді.









ІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесі

“Салық” ұғымымен “салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайда.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Еліміздің салық жүйесін дамуы 4 кезеңін бөліп қарастыруға болады.
1. 1992-1995 жылдар. Жаңа салық жүйесінің құрылуы. Салық кезеңінің өңделуі іске қосылуы;
2. 1996-1998 жылдары. Нарықтық экономика талаптарына сай келетін салық жүйесінің құрылуын аяқтау;
3. 1998-2001 жылдар. Барлық қағидаттардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістермен толықтырулар енгізу;
4. 2002 жыл. Жаңа салық кодексі қаралып іске қосылды.
1991 жылғы желтоқсанның 25-нен бастап біздің елімізде тұнғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңға негізделген. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдмасын қабылдап, онда елімізідің салық жүйесі мен салық зңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидатарына сәйкестендіру көзделген. Осыған байланысты “Салық салу бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 1995 жылға сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрыңғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралығында Перзидент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептеуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
ҚР-да салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі салық салудың әділеттілігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.
Міндеттілік принципі салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Айқындылығы принципі. ҚР салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындауының, тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарына белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Әділеттілігі принципі. ҚР-ң салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдітерін беруге тыйым салынады.
Біртұтастығы принципі. ҚР-ң салық жүйесінде республиканың бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.
Жариялылығы принципі. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға тиіс.

Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1. кассалық;
2. есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және сол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мн шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық қызметі үшін қолайлылырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Шаруашылық жүргізу нәтижесінде салық қатынасының көріну нысандары болып нақты салық түрі табылады. Салықтың әрбір түрі салықтың элементі деп аталатын міндетті компоненттерден тұрады. Салық элементі бұл мемлекеттің заң актілерімен анықталатын салықтың құрылу принциптерімен салық салуды ұйымдастыру.
Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық салынушы, салық базасы, салық салу өлшем бірлігі, салық ставкасы, салық жеңілдіктері, салық есептеу тәртібі, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық қызметі органның құқықтары мен міндеттері, салық жазалау шаралары.
Салық төлеуші дегеніміз – заң бойынша салықты төлеу міндеті жүктелген заңды және жеке тұлғалар, жеке кәсіпкер, объект – бұл табыс, мүлік, қызмет көрсету, қаржылық операциялар, айналым, яғни салық төлеуде, салық төлеу бойынша салық міндеттемесі пайда болып, осы міндеттеменің пайда болуын қалыптастыратын міндет.
Салық салынушы – салық салу кезінде соңғы немесе нақты төленушісі, яғни қорытындыда салық салу ауыртпалығын көтеретін салық төлеушісі. Салық базасы салық салу объектісінің құндық физикалық және басқа да сипаттамасы.
Салық салу өлшем бірлігі – салық объектісін өлшейтін бірлік немесе өлшем. Оның көмегімен салық салу базасы анықталады.
Салық ставкасы – салық салу бірлігімен алынатын салық мөлшері. салық салу ставкасын салық салу бірлігінің санына көбейту арқылы салықтың төлем сомасы анықталады.
Ставка тұрақты және принципті болып бөлінеді.
Тұрақты ставка – салық объектісіне түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз абсолютті сомада белгіленеді.
Проценттік ставка – салық объектісіне түсетін табыстың мөлшеріне байланысты салық салу өлшем бірлігіне белгіленеді. Ол үш түрде болады:
• Прогрессивті (үдемелі);
• Регрессивті (кері үдемелі);
• Пропорционалды.
Прогрессивті салық салу ставкасына табыстың өсуіне байланысты ұдайы өсіп отырады.
Регрессивті керісінше салық салынатын табыстың өсуіне қарай азайып отырады.
Пропорционалды табыстың шамасына қарамастан салық салудың белгіленген бір мөлшері пайдаланылады.
Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салы төлеушінің салық төлеуден біртіндеп немесе бірден босатылуы. Оларға: салықтан толық босату, салық салынбайтын минимум, салық шегерістері, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту.
Салық есептеу тәртібі – нормативті құжаттармен қарастырған салықты есептеу мен ұстау тәртібі.
Салық төлеу мерзімі мен тәртібі – бұл белгеленген мерзімге салық сомасының салық төлеушісінен мемлекетке өтуі жүзеге асуға тиіс. Яғни салық заңдылығымен белгіленген тәртіп.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастырын реттейтін құқықтық нормаларды және салық қызметі органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы;
2. Жеке табыс салығы;
3. Қосылған құн салығы;
4. Акциздер;
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
6. Әлеуметтік салық;
7. Мүлікке салынатын салық;
8. Көлік құралдарына салынатын салық;
9. Жер салығы.
2. Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым;
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркелімдерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым;
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
9. Авто-көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
10. Аукциондардан алынатын алым;
11. Елтаңбалық алым;
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. Жер часкелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда пайдаланғаны үшін төлемақы;
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
9. Сыртқы жарнаманы орналастыру үішн төлемақы.
4. Мемлекеттік баж:
- консулдық алым.
5. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы;
2. Кеден алымдары;
3. Төлемақы;
4. Алымдар.
Салықтар қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқытық формада мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер ақшалай және нақты салық материалдық тұрғыдан алғанда белгілі бір уақытта белгіленген тәртіппен белгілі мөлшерде салық төлеушінің мемлекетке төлейтін ақшалай саласы. Ал экономикалық мағынада белгілі бір уақытта белгіленген тәртіппен белгілі бір мөлшердегі құнның мемлекет пен салық төлеуші арасындағы бір жақты қозғалысын байланысын ақша қатынастары.
Алым дегеніміз – оны төлеушіге белгілі бір құқықтар беретін мемлекеттік органдар қызмет көрсетіп жүзеге асыратын қайтарымды және баламалы ерікті сипатта төленетін төлемдер.
Салықтардың алымдардан негізгі ерекшелігі:
1. Алым бір реттік сипат алады, ал салық қатынастардың ұзақтығы және тұрақтылығы тән;
2. Қайтарымсыздық пен баламасыздық салық белгілері болып табылады, ал алым баламасы төлем болып табылады. Яғни алым төлеу арқылы субъект мемлекетін белгілі бір рұқсат немесе құқық алады;
3. Салық төлеуші тұлғаның мемлекетпен қарым-қатынасы міндетті сипатта болады, ал алым төлеген кезде ол ерікті түрде жүзеге асады.
Мысалы: тұлға белгілі бір мемлекеттік органға, белгілі бір кәсіппен айналысуға лицензия алу үшін ерікті түрде жүгінеді.
Төлем дегеніміз – мемлекет меншігін, яғни басқалардың меншігін пайдаланғаны үшін қайтарылады және баламалы сипаттағы төлемақ түрі.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерінің сомасы “Бюджет жүйесі туралы” Заң мен тиісті жылға арналған Республикалық бюжет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюждеттердің кірісіне түседі.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру