Әлеуметтану | Макс Вебердің әлеуметтік құрылым концепциясы

Әлеуметтану | Макс Вебердің әлеуметтік құрылым концепциясы

2.1 Әлеуметтік құрылым жайлы түсінік
Әлеуметтік құрылым дегеніміз - әлеуметтік құрылымды, оны құрайтын элементтерді, оның заңдылықтары мен әдістемесін зерттейтін орта деңгейдегі социологиялық теориялардың бірі және дербес оқу пәні. Бұл жерде біз қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделі екенін, бірнеше шағын құрылымдарға жіктелетінін ескеруіміз керек. Қоғамның құрылымын бірнеше негізде қарастырсақ болады:
1. Қоғамның ұлттық құрамы.Қазақстанда қазақтар 58% құрайды. Ұлттық құрам қоғамдағы маңызды процестерді белгілейді. Соның ішінде мәдениет дамуы, мемлекеттік тіл т.б.
2. Қоғамның демографмялық құрылымы. Жастар көп болса, көбейеді. Қарттар көп болса, азаяды.
3. Қоғамның территориялық немесе аймақтық құрылымы.
4. Қоғамның кәсіби құрылымы.
5. Қоғамның діни наным-сенім негізіндегі құрылым. Қазақстандықтықтардың басым бөлігі – мұсылмандар. Екінші орында православие христиандары т.б.
Әдетінше, қоғамның әлеуметтік құрылымын қарастырғанда оның таптық немесе стратификациялық құрылымын айтады. Біз негізінен осыны зерттейміз.
Тап деген нәрсе ежелгі заманда қалыптасқан. Оны маңызды ерекшеліктеріне байланысты белгілеп Платон, Аристотель қоғамды бірнеше таптарға бөлген:
1) Абыздар;
2) Әскери;
3) Аристократтар;
4) Еркін адамдар;
5) Құлдар;
Таптар мүмкіндіктеріне байланысты бөледі:
1) билік
2) экономикалық жағдай
3) діни және білімділік
Тап – бұл экономикалық, биліктік және мәдени деңгейі ұқсас адамдардың үлкен әлеуметтік тобы.
Бұл адамдар өздерін осы тап мүшесі деп сезінеді, біледі және де басқалар бұл адамдарды солай бөледі.
Қоғамның даму типтерінің өзгеруі әрқашан да қоғамның әлеуметтік құрылымына өз ерекшеліктерін, жаңалықтарын ала келеді. 1917 жылғы революциядан кейін ірі жекеменшік нысандары мемлекетке өткізілді. Национализациялау басталды.
Әлеуметтік құрылымның демократиялық бағытты ұстануы жеке меншікке негізделген нарықтық қатынастардың қалыптасуы, нарықтың әр түрлі типтерінің қалыптасуы адамдардың қызметіне, әлеуметтік статусына, мәртебесіне, өмір сүру деңгейіне, көзқарастарына тікелей әсер тигізуде.
Жұмыссыздық, кәсіпкерлік, келсімшарт бойынша жалдану қоғамда жаңа әлеуметтік құрылымның қалыптасуына алып келді.
Қазақстанда орта тапты қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Дұрыс, жан-жақты дамыған қоғамның негізінорта тап қалайды. Әлеуметтік құрылымның динамикасы, даму тенденциялары әлеуметтік мобильділікке тікелей байланысты. Әлеуметтік мобильділік жеке және топтық болады.
Әлеуметтік құрылымды қарастырғанда біз оны үш немесе төрт тапқа бөлеміз. Тап ұғымы XVIII ғасырда жан-жақты зерттеліп белгіленген осы кезде француз кейде ағылшын ойшылдары оны саяси құрылымды түсіндіруде қолданады. Сонымен, бұл категория экономикалық-әлеуметтік топтарды белгілеуде қолданылды. Көбінесе тап ұғымы 2 мағынада берілуде. Біріншіден – кең мағынада өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатынасы бар қоғамдық еңбек бөлінісде нақты алатын орны бар ерекше әдістер арқылы алынатын табыстарының өзінің мөлшері бар үлкен әлеуметтік топ. Осындай үлкен топтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде кездеседі. Көбінесе тап ұғымы тар мағынада кездеседі. Бұл мағныда әлеуметтік топтар, страталар. Олардың ең басты белгілері:
табыс, кіріс, мамандық, билік, білім деңгейі, мәдениет, т.б. Бұл мағынада алғанда таптың кейбір белгілері, мысалы, меншік – қоғамдық еңбектегі орны аса маңызды емес.
М. Вебер таптың экономикалық негізіне көбірек көңіл бөліп, оны экономикалық категория деп түсінген. Таптың көптеген белгілері бар: мамандық, білім деңгейі, қызметкердің қабілеті, дипломы, т.б. белгілері бар. Әлеуметтік құрылымдағымаңызды мәселелердің бірі – статус. Стратификациялаудың 3 өлшемі бар: 1.Байлық – экономикалық статус.2. Билік – саяси статус: 3. Мәртебе - әлеуметтік статус.
Әлеуметтік тап - өте үлкен топ. Сол топқа кіретін адамдардың бәрінің де бірдейге жақын материалдық, әлеуметтік және т.б. жағдайлары болуы міндетті. М. Вебердің айтқанындай. Бір тапқа жату не жатпау – адамдардың өмірлік иүмкіндіктеріне байланысты.
Өмірлік мүмкіндіктері бірыңғай адамдар бір тапқа жатады. Тап – адамдардың тек қана нарықтық экеономикаға байланысты топтары. Жалпы, М.Вебер адамзат қоғамын тек өана 2 типтік қоғам болады дейді:
1.Нарықытық емес;
2.Нарықтық қоғам.
Нарықтық экономиканың ең маңызды тірегі – каптиал. Басқа да тіректері: мамандық, білім, жұмыс істеу қабілеті, т.б.








2.2 Әлеуметтік стратификация ұғымы
Страта – қабат дегенді білдіреді; яғни қоғам көптеген қабаттардан тұрады деп қарастырылады. Бұл бөлініс немесе адамның статусын белгілеу бірнеше көрсеткіштерге негізделеді. Олардың ең негізгі көрсеткіші мынадай:
1. материалдық жағдай
2. билікке қатынасы
3. білім мен мәдени деңгейі
П. Сорокин әлеуметтік стратификация терминін енгізген. Оның анықтамасы бойынша әлеуметтік стратификация дегеніміз – адамдардың жиынтығын иерархиялық рангаларға, топтарға бөлу. П.Сорокин қоғамда стратификацияның 3 түрі бар екендігін баяндайды. Олар экономикалық, саяси, кәсіби стратификациялар.
Даму үстіндегі елдердің стратификациясы. Әдетінше, бұл түсінік экономикалық теорияны береді. Дамушы елдерге ТМД-да жатады. Индия, Қытай елдерінің әлеуметтік құрылымында дамыған батыс елдеріндегі топтардың біразы орын алады. Мысалы, ұлттық буржуазия олар экономика саласында үлкен рөл атқарады. Бірақ бұлардың көбісінде (даму үстіндегі елдерде) негізінен ауылшаруашылығы дамыған. Азия, Африка елдерінде кейбір жерде әлі күнге дейін сословиелік титулдар сақталған. Егер де Еуропада ол символ сияқты болса, бұл елдерде билікке ықпал етеді.
Брунея араб елінің королі миллиардер. Біраз елдерде байлар байлыққа өздері жетеді немесе аталарынан қалады. Криминалдық жолдармен жеткендерде баршылық (соның ішінде коррупциямен) . Сондықтан да бұл елдерде кедейлер де көп.
БҰҰ жанындағы стратификациялық комитетте осы мәселелер қаралуда.Кедей халықтарға тұрақты түрде көмек көрсетілуде. Кейбір елдердің 80% кедейлер.

2.3 Таптық құрылым сипаты
К.Маркс 5 типті қоғамды бөледі:
1. алғашқы қауым
2. құлиеленушілік
3. феодалдық
4. капиталистік
5. коммунистік
Бұларды Маркс қоғамдық – экономикалық формация деп атады. Таптар арасындағы қатынастар, байланыстар шешуші айрықша рөл атқарады. Тапиық қоғам қанаушылық орын алатын қоғамнан баталады. Әрбір қанаушылық қоғамда 2 тап елеулі орын алады. Олардың арасында үздіксіз күрес жүріп отырады. Соның салдарында бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді. Кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіліп, жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады. Бұл тап күресінің заңдылығы. Болашақта пролетариат буржуазияны жеңгенде социализм басталады. Маркс бұл кезеңді пролетариат диктатурасы деп атаған. Бірақ, бұл таптық қоғам. Тапсыз қоғам тек коммунизмде болады. Сондықтан да бұл қоғамда белгілі бір мезгілге дейін тап күресі орын алады. Таптық күрестің жоғары шыңы – революция. Маркстің пікірінше, буржуазия капитализмнің дағдарысына өзінің прогресшіл қасиеттерінен айрылып, реакцияшыл топқа айналғанда барады. ОЛ империализм сатысына өткенде өте реакцияшыл топқа айналады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру