Экономика | Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау

Экономика | Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау

Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» 27.01.97 жылғы № 67 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағатсыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- екі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорндардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
- банкроттықты құқықтық реттеу;
- кәсіпорын банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз ету;
- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек көрсету;
- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативтік-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орыдай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есептік көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық «ауруын» және одан «арылу» жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның банкроттығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенднцияларды зерттеп қарауға сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілетінің төмендеуі немесе жоғарлауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті. Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінде зерттеу негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді болашаққа негізделуі керек. Шетел практикасында, әдетте (5 жылдан жоғары) объект үшін бизнес-жоспарды болжаудың экономикалық көрсеткіштері 3-5 жылға жасалады.
Талдаудығ бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметінің көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңі мен екінші кезеңнің сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданатын бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Қазіргі экономика ғылымның өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
ә) формаланған және формаланбаған белгіліердің жүйесін қолдану;
б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
А. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын талдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау банкроттығын болжау үшін экономикалық-математикалық модельдер қолданады.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі бойынша банкроттық ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэфиценті (KNO) немесе ағымдағы өтімділік (KТΛ), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін сипаттайтын коэффициенттікке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелдік коэфицентіне байланысты болып табылады. Эмпирикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэфиценттердің салмақты мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Америка тәжірибесінде мынандай коэфицнттердің салмақты мәндері қолданылады:
● жабу немесе ағымдағы өтімділік (Кmn) көрсеткіші үшін:
(KΠ)-(-1,0736);
● баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының көрсеткіші үшін:
(K3)-(+0,0579);
● тұрақты шама –(0,03877).
Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:
Z=-0,3877+K•(-1,0736)+K•0,0579.
Мұнда:
Kтл – Ағымдағы өтімділік коэффициенті = Ағымдағы активтер / Ағымдағы міндеттемелер
K3 – Қаржылық тәуелділік коэффициенті = Заемдық қаражаттар / көздерінің жалпы көлемі

Z=0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы 50№-ға тең. Егер Z0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады.
Ә. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгілер жүйксін қолданады. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады. Оған жататындар:
● негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;
● ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;
● мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;
● өтімділік көэффициентінің тұрақты төмен мәндері;
● айналым қаражаттарының аса тапшылығы;
● қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;
● дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;
● инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді үнемі орндамау;
● дебиторлық қарыздың жоғары үлес салмағы;
● нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының өсуі;
● банктік жүйедегі мекемелер қатынасының нашарлауы;
● тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);
● пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесіне пайдалану;
● ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;
● тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгертулер.
Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті
жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді. Оған жататындар:
● басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;
● мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық прцестердің ырғақтылығының бұзылуы;
● кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, нарықты бір жобаға тәуелді болуы;
● жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;
● кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;
● тиімді контрагенттерді жоғалту;
● кәсіпорынды техникалық және технологиялық тұрақты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау;
● тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;
● кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси тәуекел.
Осы ұсыныстардың құндылықтарына жүйелілікті, мүмкін болатын
банкроттық тұрғысынан қарағанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолымен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтыланады, ал оларды жасау тек қана анықталған статистикалық мәліметтер жиналғаннан кейін жүргізіледі.
Б. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау.
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу) ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандаңы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынастарымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициент меншікті айналым қаражаттарының (меншікті каптал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивін І бөлімі минус баланс активінің бір бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің ІІ бөлімі) қатынасымен анықталады.
Кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанғысыз, ал кәсіпорын төлем қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:
- есепті кезең соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2,0-ден кем;
- есепті кезеңнің соңындағы меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,1-ден кем.
Баланстың құрылымы қанағатсыз болған жағдайда, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін нақты қалпына келтіре алу мүмкіндігін тексеру үшін 6 ай мерзім ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті былай есептеледі:
Кв=(Кктл + Пу / По)*( Кктл – Кнтл) / Ктл норм
Мұндағы:
Кктл – Кнтл – есепті кезеңнің басы мен аяғындағы өтімділік коэффициентінің нақты мәні;
Пу – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін белгіленген, аймен есептелген кезең (6 ай);
По – есепті кезең;
Ктл норм – 2,0.
Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден кем болса, бұл кәсіпорынның 6-ай ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі жоқекнін көрсетеді. Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден артық болса, онда бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігін көрсетеді.
В. Қаржылық ағымдардың талдауы.
Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдәс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қарыз қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдерін бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Қаржы ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылады:
- кірістер;
- шығындар (немесе «төлемдер»);
- олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);
- нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сольдо», топтастырылған «сальдо»), шоттағы бар қаражаттарға сәйкес.
Егер болашақта 4-көрсеткіш («өспелі нәтижелі көрсеткіш») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арұылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажорлық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші белгісі, ол – соңғы көрсеткіштің теріс болуы.

Банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары.

Банкротқа ұшыраушылық әр алуан қоғамдық институттар, партия және басқа да түрлі қозғалыс мүшелері арасында әр түрлі пікір таласын туғызуды. Олардың бірқатары экономикалық реформа кезіндегі тоқырау жолдарында кездескен қиыншылықтарды желеу қылып, банкроттық процедураның пайдасын жоққа шығаруға тырысады.
Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:
● сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;
● ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.
Кәсіпорын қызметіне әсер ететін сыртқы факторларға мыналар жатады:
- халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;
- халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеттілігі;
- саяси тұрақтылық және ішкі саясаттағы бағыттар;
- ғылым мен техниканың тауар өндіру процесі мен оның бісекеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
- мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары.
- халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары – жетілген технология негізінде.
Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылық жағдайына:
● ел экономикасының даму барысы;
● инфляция;
● кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
● мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;
● мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де әсер ететінін үнемі ескеріп отырулары қажет.
Кәсіпорынның дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары мынадай:
- кәсіпорынның негізгі мақсаты;
- оның қызметінің негізгі прициптері;
- ресурстар және оны пайдалану;
- маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі және оның сапасы.
Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаны айтуға болады. Мәселен, американдық кәсіпорындардың 90%-ға дейінгісінің жұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы:
- тәжірибесіз менеджерлерге;
- істі жете білмейтін басшылыққа;
- олардың кәсіпорын жұмысын өзгертіп отыруына сәкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен.
Кәсіпорын дағдарысының бұдан басқа да ішкі себептері бар:
- жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық;
- өндірілген тауардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеп кетуі;
- тауарлы өнім түр-түрінің дер кезінде жаңартылмауы;
- штаттың өсуі;
- қымбат бағалы технология, құрал және басқа да еңбек заттарын шектен тыс пайдалану;
- кадрлардың біліктілігі;
- өндірістің техникалық деңгейі;
- Ұжым қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастары т.б. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру