Әдебиет | Ілияс Жансүгіров

Әдебиет | Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров.
(1894-1938).
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (бұрынғы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы) туған. Хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкірегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетім- сіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.
Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек бала ел даналығы дариясында еркін жүзіп, уызғажарып, асыл байлықты ьойына сіңіре білген.
Өз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Қарағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп, шаруа күйттеп, тіршілік қарба- ласына араласып кетеді.
Жастық қиял, арман толқулары, ауыл көрініс- тері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды. Күнде көріп жүрген айт пен тойдағы өлең-жыр, айтыс, жыршылар төгіліп айтатын қисса қанша қызық болғанмен, оның жас қиялына ерекше әсер етіп, орасан зор ықпал жасаған Абайдың шығармалары еді. Әуелде дос-жаран, құрбы-құрдасты әзілдеген қалжың, сықақ өлеңді табанда ауызша айтып тастайтын, өзі де ақындар айтысына түсіп кететін албырт Ілияс Абайдың данышпан поэзиясымен танысқаннан кейін ақындық өнерге басқаша қарайды. «Оған шейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін бол- дым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс, жүрегім де жаңалық сезгендей болды» - деп жазады кейін Ілияс «Қысқаша өмірбаяным» атты еңбегінде.
Жас ақынның сұлулық мұраттарының орны- ғуына, көркемдік талғамының қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне Абай поэзиясының ықпал жасауы – оның әдеби тағдырындағы бақытты- лық, айта қаларлықтай эстетикалық құбылыс, дәстүр жалғастығын көрсететін жайт. Ел қазы- насы, халық фольклоры өкілдері тәжірибелерінің сабақтары мен жазба әдебиеті үлгілері ақын тәжірибесінде жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей бастайды. Алғашқы өлеңдерден-ақ болашақ іргелі ақын Ілиястың стиль өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы айқындалады. Құйылған сөз тасқыны, эпикалық кеңдік, теңеу, метафора эпитет, градация, эпифора, анафора байлығы – оның поэзиясының негізгі белгілері бола бастайды. Лирикалық, пәлсафалық толғау, ұзақ сюжетті шығармалар қатар жазылады. Өз бетімен тірнектеп жинаған білімнің аздығын, түртінектеп оқыған кітаптардың мардымсыз- дығын қатты сезе бастаған Ілияс, қайтсе де жүйелі түрде оқымақ болып, 1920 жылы Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курста бес-алты ай оқығаннан кейін, денсаулы- ғының нашарлауына байланысты аулына қай- тады.
Алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы шығады.
Халықтың қалың ортасынан қайнап шыққан қажырлы таланттың мол, өнімді еңбегінің берекелі жемістеріне таң қаласың.
1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саларында жиырма- дан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Түрксіб», «Иса- тай - Махамбет» пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.
1928 жылы журналистика институн бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайраткері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, КСРО Жазушыларының І съезінде сөз сөйлейді, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазушының М. Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қаладырған.
Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру