Философия | Ежелгі үнді философы

Философия | Ежелгі үнді философы

Ежел гі үнді философиясының даму тарихы ведалық әдебиет пен брахманизмді танып білу нәтижесінде қалыптасты. Веда текстері – діни мазмұндағы әдебиетте р. Олар б.з.д. II мыңжылдықтын ортасынан бастап жазыла бастаған. Веда текстерін ің жазылуының аяқталуы б.з.д. VI ғасырға
сәйкес келеді. Яғни, бұл әдебиет арийлер кезеңінен бастап Үнді елінде алғашқы мемлекеттер пайда болғанға дейін жазылып келген. Бұл құбылыс қоғамның кастаға бөлінуімен (варна) байланысты болды.
Веда арнайы кітаптар жинағы болып табылады. Оларды төрт жинаққа бөліп қарайды.
1. Самхит жинақтары. Самхит жинақтарының өзі төрт топқа бөлінеді:
Ригведалар (гимндер ілімі); ә) Сама-ведалар (жырлар, өлеңдер ілімі);
б) Атхарва-веда (дұға, сүрелер ілімі); в) Яджу-веда (Құрбан шалу формалалары жайындағы ілім).
ІІ. Брахмандар (веда текстеріне комментарийлер, түсініктемелер).
ІІІ. Араньяк кітаптары жинағы. Араньяк жинақтары - сопылық жолын ұстап елден бөлек өмір сүруге бел байлаған, монахтың аскеттік өмір жолын
ұстанған адамдарға арналған тексттер.
ІV. Упаншиадтар (Философия тұрғысынан маңызды кітаптар жинағы).
Ведалық дүниетаным - ритуалдарға, әдеп-ғұрыптарға негізделген күрделі мифологиялық көзқарастар жинағы. Ол әрдайым дамуда болған.
Мифологияға тән политеизм, антропоморфизм, ашық құдайлар жүйесі ведаларда да орын алған. Бұл дүниетанымның маңызды түсінігінің бірі – сансара ілімі. Үнді діни-мифологиялық сенімі бойынша адам табиғаттың бір бөлігі. Табиғаттағы барлық заттар сияқты адам да денеден және мәңгі рухтан тұрады.Сансара ілімі бойынша дене өлген соң, рух басқа денеге көше алады.
Ведалар - үнді әдебиетінің ең көне діни және философиялық мұралары. Ведалардан Ежелгі Үндістанның мәдени-әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведалар мифологиясы өте тартымды болып келеді. Оның басты кейіпкерлеріне бір-бірімен ғарыштық қақтығыста болатын Дэвалар мен Асуралар құдайылық кландары жатады. Дәвалар ғарышты ретке келтіруші, үйлестірушісі, құрастырушы, сақтаушы күштерге жатады. Олардың арасында жиі айтылатындары: Агни, Брихаспати, Вануна, Вайо, Вишну, Индра, Митра, Пушан, Савитар, сурья т.б.
Индра Дэвалардың патшасы ретінде құрметтеледі. Яджурведада Рудру Жоғары Құдай ретінде басқаларынан жоғары қойылады. Ведалық құдайлар пантеонында көпшілігінің анасы түрінде Адите қарастырылады және ол Әлемнің Аналық Өрісі деп алынады. Асуралар қатігез, ашулы ғарышқа бастау болатын ретсіз, стихиялық материяны білдіреді. Дэвалар мен Асуралардың арасындағы шек шартты түрде болады, ғарыштық процесте кейбір Асуралар Дэвалар қатарына өте алады. Ведалар мифологиясында құдайлардан басқа абыздар, батырлар, демондар да әрекет етеді. Олардың барлығы рита деп аталатын әлемдік бір заңға бағынады және ақиқат (сатья), парызбен (врата) байланысты. Ведаларда құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.
Үнді философиясында карма және мокша ілімдері де болды. Карма қайта туу доктринасын толықтырады. Карма тірі жандардың жасаған іс-әрекеті мен қылықтарының қадамдарының жалпы жиынтығы арқылы оның қайта тууын анықтайды. Рухтың заттан затқа, денеден денеге көшу тізбегі шексіз бола бермейді. Адам имандылықпен, дхарма заңымен өмір сүрсе, діни ережені ұстанса, рухтың Брахманға (Абсолют) айналуына жол ашады. Рух қайта туудан құтылғанда мокшаға қол жетеді. Мокшаға жету - бұл азаптан құтылу, себеп-салдар заңымен көшіп, рухтың жиһан кезуден құтылуы болып табылады.
Ведалық гимндерде жалпы принципті іздеу мәселелері де қойылған. Ондай принцип ретінде универсалдық космостық тәртіп жарияланған. Ол -бейнесіз, денесіз және барлық нәрсенің үстінен үкім жүргізеді. Ертеректегі теорияларда нағыз болмыс және бейболмыс немесе құбылыстар дүниесі бар деп түсіндірілген. Нағыз болмыс сат деген атаумен белгіленген. Бейболмыс асат деп аталған. Сат - тәртіпті бұзушы күштерді қабылдайды. Сат - хаосты тәртіптеуші заңдарға сүйенеді және космосқа айналады. "Сат" пен "асат" біртұтастықтан пайда болған.
Ведалық мифологияда "Бхагавадгита" тексттерінің маңызы үлкен. Бұл кітаптарда Кришнаның эпостық батыр Арджунаға айтқан діни-философиялық ақын-кеңестері орын алған. Батырлар алдында өмір және өлім мәселелері, болмыстың мәні және маңызы, еркіндік пен іс-әрекет, идеал, міндет ұғымдары жайлы түсініктер қарастырылған. Ешқандай мақсатты көздемей, өз тілектерін ескермей, шешім жасау әрекеттері уағыздалады. Мұндай күйді практикада йога мектебінде кездестіруге болады. Йогтардың мақсаттары - өз денелерінен рухты босату, Атмана-Брахма күйіне ұмтылу, яғни, әлемдік біртұтастықпен бірігу. Йог (уода - байланыс, ойды жинақтау, терең ой) - көне және ортағасыр үнді философиясының жүйесі. Йога жанды дүние құбылыстары әсерінен азат етуді көздейді. Ондағы мақсат - санадан, өзін-өзі танудан арылып, абсолюттік тыныштыққа жету немесе жеке жанды абсолюттікке, құдайға жақындату.

Веда әдебиетінің аяқтаушы кезеңін упанишадтар құрайды. "Упанишада" сөзін аударғанда ұстаздың қасында отыру, ұстазды тыңдап отыру деген мағына береді. Шығыс дәстүрінде ұстаздың рөлі аса маңызды болған. Упанишадтар - Ведалардың төртінші және соңғы бөлігі. Онда ведалық әнұрандардардың философиялық мағынасы ашып көрсетілген. Упанишадтардың ең көнесі ежелгі б.з.д. VII ғасырға жатады. Упанишадтарда пайғамбарлардың Құдай, рух және космос туралы түсініктемелері берілген. Барша заттардың қайдан пайда болғандығы, қалай өмір сүретіндігі және олардың жойылып біткеннен кейін қайда кететіндігі, рухтың мазмұны, рухтың туып-өлу тамұғынан (сансарадан) арылу жолы, карма және т.б. мәселелер упанишадтардың негізгі мазмұнын қарастырады. Упанишадтардың барлық-108. Оның 16-ға жуығы "ұлы упанишадтар" деп аталады.
Упанишадтардағы негізгі идея - жалпы тұтастықты мойындау, әлемнің негізінде абсолютті бастау бар екенін мойындау. Бұл бастау - Брахман. Брахманның мынадай екі бейнесі болады: денелі және денесіз. Брахман - бұл дүниенің рухани бастауы, ол адамның рухани мәні - Атманмен бара-бар. Жердегі жаңадан туып-өліп жататын тұйықталған тамұқтан арылу үшін адам, упанишадтар бойынша, өзінің жан-дүниесінің (атман) даралығы туралы брахманмен бірлікте ой тұңғиығына шомуы керек.
Жайнизм және буддизм кең тараған діни-философиялық доктриналар. Жайнизмнің негізін қалаған ("джина" - жеңімпаз) Махавира Вардхамана (б.з.б. VІІІғ.). Жайнизм жеңіс деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл дүниені ме? Жоқ, бұл дүниедегі шынайы жеңіс – ол адамның өзін-өзі жеңуі.
Жайнизмнің "үш маржаны" - олар: дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс. Адам зұлымдық пен жақсылықты ажыратуды өзі шеше, Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар: 1.Апариграха - дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау; Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту; 3) Астея ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап алу; Ахимса - ешнәрсеге, ешкімге зәбірлік жасамау, өйткені, барлық тіршіліктің жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар өтсе де, жайнизмнің адам алдына қойған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жоқ. Уақытында Үнді елінің XX ғасырдағы ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса қағидасына сүйе отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың бодандығынан алып шыққан болатын. Ал, бүгінгі танда ахимсаның рөлі бұрынғыдан да жоғары болып отыр. Мысалы, бүгінгі таңдағы аңшыларға келетін болсақ, ол күннен күнге әлсіреп келе жатқан табиғатқа қаншалықты теріс әсерін тигізіп жатыр! Жануарды өлтірген адам бір қадам адам өлтіруге де жақын, ал адам өлтірген жағдайда соғыстың да бітпейтіні хақ. Сондықтан, аң аулау жануарлық инстинктерді оятқанша, табиғатқа тек фотоаулауға шығу — бүгінгі күннің талабы.
Үнді елінде пайда болып, дүниежүзілік үшінші дінге айналған философиялык ілімі - ол буддизм. Буддизм жайнизммен қатар пайда болған. Кейін келе буддизм мәдениет тарихында орасан зор маңызды рөлге ие болды. Христиан және ислам діндерімен беделін бөлісе келе, әлемдік діннің бір айналады. Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартха (б.ғ.д. 563-483 жж.).
Будда - санскрит сөзі, көзі ашылған, сергектенген деген мағынаны береді. Буддизм Үндістанда б.з.б. VI-V ғасырларда этикалық тұрғыдағы көптеген ілімдердің бірі ретінде дүниеге келді. Буддизмнің шығуы - касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғындардың брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі.
Буддизмнің қай варианты болмасын, болмысты бірнеше сатыға бөліп қарастырады. Бұл сатыларда уақытша түрлі заттар, құбылыстар өмір сүреді. Тозақта құмарлыққа, бұзылуға бой ұрушылық басым болады. Кұдайлар сатысында тыныштыққа, рахатқа батады. Брахмандар сатысында танып білуге құмартады. Тек қана Будданың ең биік сатысында ғана жоғарғы даналықты қабылдау мүмкіндігі туады. Бұл сатыда гармония тараған. Буддизмнің трактаттарында бұл космологиялық сурет пирамида түрінде бейнеленеді.
Карма - бұл іс-әрекеттерің үшін алған алғысың немесе қарғысың. Жақсы тірліктерің үшін - жақсы карма, жаман тірліктерің үшін - жаман карма тағайындалады, қылығына қарай құрметтеу, не жазалау.
Будданың ашқан "төрт ақиқаты" мыналар:
1-ші ақикат - өмір - азап шегу, қайғы-қасірет;
2-ші ақиқат - азап шегудің себептері бар;
3-ші ақиқат - азап шегуден құтылу бар;

Дариан ұғымының аудармасы “көзқарас” деген мағынаны білдіреді. Ежелгі гректердегі философия терминіне эквивалент ұғым ежелгі үнді тілінде “даршан” деп аталған. Ежелгі Үндістанда алты даршандар болды. Олар 1. санкхья, 2.йога, 3. вайшишика, 4. ньяя, 5.миманса, 6.веданта. Кейде бұлардың қатарына чарвака, жайнизм және буддзимнің де дүниетанымдық философиялық аспектілерін қосады.
Қорыта келе, біз Көне Үнді философиясынан тамаша ойлар кездестірдік. Оолардың көбі біздің қазіргі заманға лайық, бүгін өмір сүріп жатқан адамдарға өзінің зор әсерін тигізеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру