Мәдениеттану | Ежелгі Қытай мәдениеті

Мәдениеттану | Ежелгі Қытай мәдениеті

Ежелгі Қытай мәдениеті.

Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа философиялық - дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне көтерілді. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы (Европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций б.э.д 551 жылы туылып, 407 жылы қайтыс болған. Конфуцидің тоғыз кітап аталатын жинағының барлығы бірдей оның туындылары емес. Оның ішінде ғұламалардың шәкірттерінің де қосқан үлестері бар. Бұл аса көлемді еңбектердің бірінші сериясы бес кітаптан турады:
Өзгерістер кітабы. Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалары, өсиет сөздері топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрылыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.
Көне тарих кітабы. Ол көне уақыттарда жасаған императордың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді; Діни өлеңдер кітабы. Жинаққа әлемнің жаратылуы мен құрылуы туралы мифтер, діни мадақ өлеңдері енгізілген; Салтанатты рәсімдер кітабы. Күн - Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу княздығының тарихы баяндалады.
Дао - Сюэ (Ұлы ілім), Чжун - юн (тепе - теңдік туралы), Лун - юй (әңгімелер мен толғаулар) және Күн - Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн - Цзының атымен аталған еңбек - екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.
Конфуций ілімі - тұтасымен дерлік адамшылдық, адамгершілік туралы ілім. Мұнда Кұдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді. Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмаған.
Дін деуден гөрі әлеуметтік - этикалық жүйеге жуық тұрған бұл ілім бойынша ең маңызды нәрсе - рәсімділік. Яғни, конфуцидегі құлшылық объектісі - көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Оның өмірі - осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша үш мың ереже мен жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды үнаткан. Кун - Цзы тұрмыста мейлінше талғампаз, кінэмшіл болған. Ол, мэселен уақыты келмей ешқашан асқа отырмаған, дұрыс дайындалмаған, тіптен дұрыс і туралмаған тамақты ешқашан татпаған.
Конфуцилік Қытайда тәлім көрген адам атанудың толып жатқан ережелері болды. Үлкендермен, өзінен жасы кішімен амандасу, дұрыс отырып - тұру, төсекке дұрыс жату, үйге табалдырықтан дұрыс ену, дұрыс киініп, тарану, дастархан басында өзін - өзі ұстай білу сияқты бәрі айрықша маңызды саналады. Конфуций қытайларды сыпайыгершілікке, сезімталдылыққа тәрбиелейді. Адамның ішкі ниетін тереңге жасыра білуге үйретеді. Кун - Цзы осындай жоғары адамшылықты насихаттай отырып, бұл жолмен жүрмегендерді мүлдем адам қатарына қосқысы келмеді. Оның ойынша, қоғамның толық мүшесі болу үшін әр адам ескіден келе жатқан ғұрыптарды сақтауға және сыйлауға міндетті.
Конфуций ізгіліктің мынадай бес жолын уағыздады:
1. Даналық жолы;
2. Қайырымдылық жолы;
3. Адалдық жолы;
4. Үлкендерді құрметтеу жолы;
5. Қайраттылык жолы.
Оның айтуынша, осы жолдармен жүргенде ғана тұрмыс ретті әрі үйлесімді болмақ..
Қытай эстетикасында сурет өнерін бағалауда каллиграфиямен қатар философия ғылымы да ерекше рөл атқарады. «Өнер өнер үшін» деген қағидадан бас тартқан Қытай суретшілері өздерінің табиғи дарындалақтарын адам бойындағы адамгершілік, ізқгілік қасиеттерді баса көрсетуге бағыттады. Сондықтан да болар конфуцийлік мәдениеттің ғасырлар бойғы бай тәжірибесі, дәлірек айтқанда, өнердің сан саласы арқылы табиғат сұлулығын жан -жақты көрсетуі аркылы адамдардың бұл өмірге деген шынайы көзқарасының қалыптастыруда ерекше орын алып отыр.
Конфуцилік мәдениет шеңберіндегі білімнің сипаты білімді атыс еуропалық тұрғыдан үсінуден мүлде басқаша болып келеді. XX ғасырда Еуропа ойшылары Қытай халқы мен Қытай даналарының рухани және интеллектуалдық жетістіктеріне немқұрайлы менсінбеушілік тұрғысынан қарап келді. Атақы Гегельдің өзі де Қытай философиясының еңбектерін жете бағаламаған. Ол Конфуций жайында былай деп мәлімдеді: «Оның ілімі философиялық тұжырымдардан жұрдай ал оның шығармаларына баға беретін болсам автордың беделін сақтау үшін оларды шет тілдерінде аудармай ақ қойған жөн болар еді». Бұл мәселе төңірегінде көптеген ғалыми зерттеулер жүргізген Батыс Еуропалық ғалым М. Карьер былай жазды: «Әрине, Қытай халықтарының еуропалықтардан бұрын талай жаңалықтар ашқандығына ешкім шүбә келтірмей, бірақ олар тек өз пайдаларын ғана көздеді, сондықтан да бұл жетістіктер нағыз ғылым дәрежесіне көтеріле алмақ емес».
Бүгінгі танда Конфуций идеялары Қытай мәдениетінде кеңінен орын алып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Талай жантүршігерлік қоғамдық саяси күйзелістерді бастарынан кешірген Қытай, Корея, Жапония, Оңтүстік - шығыс халықтары даостік - конфуцилік мәдениетінен рухани азық алуда. Жапонияның, Қытайдың, Тайваньның, Оңтүстік Кореяның қазіргі заманғы таңқаларлық мәдени жетістіктерінің сыры осында болса керек. Керек десе, Қытай елінде Конфуций ілімі тағы да елдің рухани өмірінін негізі деп жарияланып отыр. Олай болса, конфуций мәдениетінің тамыры теренде жатыр, ол қоғамның шығармашылық мүмкіндіктерінің қозғаушы ұлы факторына айналып отыр. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру