Экология | Жергілікті жердің планы
1. Жергілікті жердің планы. 16-суретті мұқият қарап шық. Ондағы көк түсті ирек сызық - өзен; ағаштың суреті салынып қоршалған алқап - орман; ұсақ қоңыр нүктелер - құм; көп қорапшалар - селодағы үйлер; үстіне ұсақ дөңгелекшелер салынып, жасыл түске боялған жер - жеміс бағы. Олардың бәрінің де мөлшері барынша кішірейтіліп көрсетілген. Жер бетінің қағазға осылайша кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды (латынша планус - жалпақ, тегіс).
Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір-бірінен ара қашықтығын дәл анықтауға болады.
Планда заттардың пішіні оның төбесінен қарағандағымен бірдей болады. Сондықтан онда бір, екі және одан да көп қабатты үйлер бірдей болып шығады, өйткені қағазға олардың тек қана алып жатқан орны сызылады.
2. Шартты белгілер. Пландағы заттарды бір-бірінен ажыратып тану үшін, олардың үстіне жазып қою қажеттігі туады. Бірақ онда бүкіл сызбаны жазу басып кетер еді де, мұндай сызбаны түсініп оқу өте қиын болар еді. Сондықтан пландағы жер бетінің сипатын оңай елестету үшін оған шартты белгілер қолданылады.
Шартты белгілердің суреті немесе түсі көп жағдайда планда бейнеленетін заттардың ерекшелігін көрсетеді. Мәселен, жеке-дара ағаштың, жел диірменнің, жол көрсеткішінің және басқа да сол сияқты көптеген заттардың белгілері олардың нақты кескінін елестетеді. Жер бетін бірыңғай жауып жататын немесе бір-бірімен тығыз байланысты объектілер тобы бірыңғай бояу арқылы көрсетіледі. Мәселен, су айдындары - көгілдір, орман - жасыл, бұта өсімдігі қаулап өскен жер үстіне белгі қойылған солғын жасыл, т.с.с. бояумен боялады.
3. Абсолют және салыстырма биіктіктер. Планда жер бедерін бейнелеу үшін жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін білу қажет.
Жер бетінде таулар, қыраттар, ойпаттар бар. Олардың қаншалықты биік немесе аласа екендігін бірдей деңгейден есептеп қана білуге болады.
Ондай бастапқы деңгей ретінде мұхит немесе оның бөлігі болып табылатын теңіз беті алынады.
Жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелінетін биіктігі абсолют биіктік деп аталады (латынша абсолют - толық, сөзсіз).
Бұрынғы Кеңес Одағы аумағында жер бетінің абсолют биіктігі Балтық теңізі деңгейінен бастап есептелінеді. Ол жерде биіктік 0 м.
Теңіз деңгейінен жоғары жатқан нүктелердің биіктігі - оң, төмен жатқандарынікі теріс (-) деп еселтелінеді.
Жер бетіндегі кез келген нүктенің басқа бір нүктеден биіктік айырмасы салыстырма биіктік деп аталады. Мәселен, төбенің басы етегінен 20 м биік десек, бұл салыстырма биіктік болады.
Жер бетінде салыстырма биіктіктер деңгейлегіш құралдың көмегімен анықталады.
4. Горизонтальдар. Жергілікті жердің планында және топографиялық картада жер бетінің ой-қыры горизонталь сызықтармен бейнеленеді (грекше горизон - шектеуші). Горизонтальдар деп биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтарды айтады.
Горизонтальдар топографиялық картада белгілі бір биіктік сайын жүргізіледі (1 м, 2,5м, 5м, 10 м, т.с.с.). Бұл мөлшер картаның масштабына және жер бедерінің ыңғайына қарай белгіленеді. Мәселен, 1:10 000 масштабтағы топографиялық картада горизонтальдар тегіс жазықта 2,5 м сайын, ал қыратты жерде 5,0 м сайын жүргізіледі.
Жер бедерінің сипатын анықтауды оңайлату үшін картада кейбір горизонтальдардың және нүктелердің биіктігі жазылып қойылады. Цифрдың жоғарғы жағы әрқашанда өрге, аяғылдиға қарап тұрады. Сонымен бірге ылдидың бағытын горизонтальдарға кесе-көлденең қойылған сызықша - бергштрих (немісше берг — тау, штрих - сызық) көрсетеді.
Жер бетінің кейбір горизонтальдармен түсіруге келмейтін бедері (жарқабақ, жыра, т.с.с.) қосымша шартты белгілер қолдану арқылы бейнеленеді.
5. Адамның іс-әрекеті үшін планның маңызы. План күнделікті өмірде өте қажет. Кез келген ірі құрылыс - зауыт, фабрика және су электр станцияларын салудан бұрын сол жерлердің планын сызады. Жол салу, ғимараттар тұрғызу үшін де план керек. Ауыл шаруашылық маманы егісті планға қарап жоспарлайды. Туристік жорық, саяхат кездерінде жол тауып жүруге планның көмегі тиеді. Сондықтан планды ажыратып оқудың, қажетті жағдайда оны түсіре білудің үлкен пайдасы бар.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Жергілікті жердің планы туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы экология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жергілікті жердің планы