Психология | Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
Жеке адам өзін-өзі анғара алатын, тек өзіне тән биологиялық және әлеуметтік қасиеттері мен сипаттары қалыптасқан нақтылы қоғамның жеке мүшесі болып саналады. Психикалық құрылысы мен физикалық ерекшелігі жағынан бір-біріне ұқсайтын екі адам болмайды. Осыған байланысты дәрігер жалпы ауруды емес, нақтылы сырқатты, жеке адамды емдеуі керек. Жеке адам туралы айтқанда, әрине, оның физикалық және психикалық құрылысы ерекше еске алынады.
Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері оның әр түрлі жағдайларына байланысты. Бұл екі ұғым бір-бірімен байлайысты және өзара тәуелді, яғни адам әрі қоғамдық-әлеуметтік, әрі биологиялық табиғи тұлға. Жеке адам қасиеттеріне: темперамент, мінез, бағыттылық, қабілет жатады.
Темперамент— жеке адамның биологиялық іргетасы, тікелей жүйке саласынан туындайтын тума қасиеті. Темперамент термині Гиппократ заманынан бері бар. Оның түсінігі бойынша, адам темпераменті организмдегі араласатын бір сұйықтың басымдылығына байланысты. Мысалы, қан (сангиус), денеден бөлінетін шырыш (флегма), бауырдан бөлінетін ет (холе) және көк бауырда (талақтан) бөлінетін өт (мелане холе). И. П. Павлов тәжірибе жүзінде темпераменттің физиологиялық негіздерін зерттеді. Оның пікірінше, темперамент — әрбір жеке адамның, жалпы қасиеті және оның қызмет ерекшелігін туғызатын жүйке жүйесінің негізгі сипаттамасы.
Темперамент төртке бөлінеді. Холерик жігерімен, эмоциялық дағдарысқа жиі ұшырауымен, аумалы-төкпелі мінезімен, ұшқалақтығымен көзге түседі. Сангвиник—көңіл күйі көтеріңкі әрі құбылмалы, ширақ, қиыншылық пен сәтсіздікті қиналмай жеңетін жылы жүзді, көпшіл адам, Флегматик — баяу және байсалды кісі, қайғысын сыртқа білдіре бермейді. Көңіл күйінің ауысуы босец. И, П. Павловтың айтуынша, бұлар «өмірдің қажымайтын еңбекқорлары». Меланхолик — белсенділігі төмен, тез шаршағыш, сезімі ауыр, сырт көзге байсалды, ұялшақ, қорқақ, батылсыз, көңіл күй ауысуы өте баяу адам.
Гпппократ темпераментінің төрт типі адамдар мен жануарлардың жоғары жүйке қызметінің типтерімен ұқсас. Павлов орталық жүйке жүйесінің типтерін бөлгенде ми қыртысындағы қозу мен тежеу процестерінің үш қасиетіне сүйенген. Адамдарды жүйке саласының ерекшеліктеріне қарай төрт типке, яғни төрт темпераментке бөледі. Бірақ бір адамныц өзінде әр темпераменттің белгілері білінуі мүмкін. Мысалы, тақта жанында тұрып, сабақ білмеген баланы меланхолик, ал стадионда өз командасының, мықты жанкүйері болған баланы холерик деуге келеді. Әйтсе де адамның әр жақты болуына байланысты, оны жүйке саласының нақты бір типіне сыйғызу қиын. Жануарларға, адамдарға жүргізген байқаулар темпераменттің жағдайға, жасқа байланысты өзгеріп отыратынын көрсетті. Жүйке жүйесінің нақты типін, темпераменттердің таза түрлерін тек арнаулы лабораториялық жағдайларда аспаптардың көмегімен зерттеуге болады. Темперамент адамның сыртқы кескінінде өз белгісін қалдырып отырады. Бірақ темперамент адамның әлеуметтік тұрпатын анықтай алмайды. Мысалы, Крылов пен Кутузов — флегматик, I Петр, Пушкин, Суворов пен Павлов — холерик, Герцен, Лермонтов, Наполеон — сангвиник, Гоголь мен Чайковский — меланхолик т. б. Кез келгеп темпераменттегі адам ақылды не ақымақ, адал не арам, мейірімді не мейірімсіз, талантты не талантсыз болуы мүмкін. Сондай-ақ адамның мамандық таңдаудағы іс-әрекетіне темпераменттің қатысы бар. Мысалы, жүйке жүйесі әлсіз меланхолик адамнан ұшқыш, ғарышкер шығуы екіталай.
Адам мен жануарларға тән жүйке жүйесінің осы типтерінен басқа академик Павлов сигналдық жүйелер (бірінші және екінші сигнал) туралы ілімді жарыққа шығарып, адамды үш типке бөлді. Мұндай типтерді сипаттау негізіне ол сигналдық жүйелердің басымдығын алды. Мәселен, бірінші сигналды жүйесі басым адамдарды «суретші» типіне жатқызады. Олардың психологиясының басты ерекшелігі — сыртқы дүниені тікелей сезіп, бейнелеу мүмкіндігі. Бұл адамдардың киялы бай, айналадағы ортаны көркем-эстетикалық бояумен қабылдайды (Л. Н. Толстой, В. А. Моцарт, И. В. Гете т. б.) Павлов екінші сигнал жүйесі сәл басыңқы адамды «ойшыл» типке жатқызды. Мұндай адамдар талқылауға, талдауға, абстракті ойлауға ерекше қабілетті келеді. Павлов осымен қатар адамдардың жүйке саласының аралық типінің болатынын айтты. Айналадағы орта (отбасы, ұжым, тәлім-тәрбие т. б.) бұл типтердің қалыптасуына, өзін-өзі жетілдіруге үлкен ықпал етеді.
Неміс психиатры Э. Кречмер «Дене құрылысы және мінез» атты кітабында: «Темперамент дене құрылысымен тығыз байланысты» деді. Оның ойынша, дене құрылысы нәсіл (ген) арқылы берілетін бейімділік жиынтығы бола тұра, адамның конституциясын құрайды. Басқаша айтқанда, дене құрылысы — ішкі биологиялық қатынастардың сыртқы пішіні. Ол темпераментті шизотимдік және циклотимдік деп екіге бөледі. Қалыпты жағдай мен патологияның, психикалық денсаулық пен психоздың арасындағы айырмашылықтармен қатар, адамдарда кездесетін циркулярлық (маниакальді-депрессиялы) психозды циклотимиктердің ауру жағдайындағы темпераменттік ерекшелігі деп есептеді. Шизофрениялық психозды Кречмер шизотимдік темпераменттердің қалыптағы шеңберінің бір түрі деп, ал қалыпты жағдай мен психопатиялық аурудың арасындағы циклондты-шизоидты тип деп ажыратты. Ол сонымен қатар циклотимдік және шизотимдік конституцияны, яғни циклондты психопатия мен циркулярлық психозды, шизотимия мен шизоидтық психопатияны, шизофренияны бір қатарға қойып қарастыруды дұрыс деп санады. Кречмердің пікірінше, дене құрылысына байланысты темпераменттің негізгі екі түріне: цнклотимдікке — пикникалык, ал шизотимдікке — астеникалық темперамент сәйкес келеді. Осы типтер схема түрінде дидактикалық қажеттілікке байланысты ғана алынған еді. Өмірде бұл типтер айтылғаннан басқаша кездесіп отырады.
Циклотимдік конституциялы адамның бойы аласа, аяғы мен қолы қысқа; орта жасқа келгенде мойны жуандап, беті жалпайып кетеді. Циклотимдік темперамент айшаладағылардың қайғысы мен қуанышын бөлісетін қайырымды, сыпайы адам болып келеді. Мұндайлар көбіне ширақ және көңілді болады, кейде көңіл күйі төмендеуі де мүмкін.
Шизотимдік констнтуциялы адамның бойы биік, денесі ұзын, аяқ-қолы жіңішке және арық, кеудесі қушық келеді. Шизотимдік адамдар кісіге салқын, парықсыз, селқос және өзімшіл болады. Оларда қайсарлық, фанатиктік және әдепсіздік те жоқ емес, көбінесе өздерімен-өздері болып, айналадағы тіршілікке немқұрайды қарайды.
Кречмер жоғарыда аталған кітабы мен «Медициналық психология» атты еңбегінде қалыпты конституция мен психопатияның (циклондтік, шизоидтік), психоздардың (циркулярлық, маниакті-ауытқыма) және шизофренияның арасына шек қоймайды. Ғалым темперамент адамның жалпы мінездемесі екенін, ол адамныц туа пайда болған биологиялық сапасына негізделгендігін әрі жеке адамды егжей-тегжейлі анықтай алмайтынын, тек адамныц бойындағы көп қасиеттердің бірі екенін айтады.
Кісінің бірсыдырғы тұрақты және тұрлаулы қасиеті өмір сүру барысында жүре-бара пайда болып, қалыптасатын адамның жеке-дара ерекшелігі мінез деп аталады. Мінез бітістері тарихи-әлеуметтік, қоғамдық жағдайдағы әсерімен адамның айналасына, өзіне, іс-әрекетке, жиһаз, дүние-мүлікке қатынасына қарай өзін-өзі басқару, тәрбиелеу мәселелерімен астарласып жатады. Мінез бітістері сан алуан (жаман, жақсы, қыз мінезді, ит, шошқа мінезді т. б.).
Адамның мінезі нақты ісі, жақсы-жаман қылығы, тәртібі арқылы білінеді. Мінездің қалыптасуында ерік-жігер елеулі орын алады. Күш-қайраты берік адамның мінезі де берік болады. Мінез тәрбиесінің педагогикалық практикада мәні зор. Батыл адамның ісі де батыл, адамгершілігі күшті адамның ісі де игілікті. Мінез кездейсоқ қылықпен емес, ол адамның жалпы өмірлік ұстанымымен анықталады. Адам туралы сөз болғанда, алдымен оның басқа адамдарға, қоғамға қарым-қатынасының қандай екендігіне назар аударады. Осыған орай, мінездің ұжымдық, дербестік, адамгершілік, шыншылдық, кішіпейілділік, сондай-ақ мейірімсіздік, қатыгездік тәкаппарлық, жалғандық сияқты бітістері көзге түседі. Мәсслен, еңбекке байланысты еңбек сүйгіштік немесе жалқаулық, жинақылық, ұқыптылык пен салақтық т. б. мінез бітістері көрінетін болса, адамның өзіне өзінің қатынасының талап етушілік, жайбарақаттылық, өзін сыилаушылық не дәріптеушілік, сыпайылық пен менмендік сияқты бітістері туындайды.
Жас балалардла өзімшілдік, эксцентристік бітістер байқалады, өйткені оларда ұжымдық сезім әлі қалыптаса қоймайды. Мәселен, көп жағдайларда 2—3 жастағы бала ойыншықтарын бөліспей, жалғыз ойнайды. Осы жағдай кейіннен ересек болғанда көрініс тапса, онда олардың мінез бітістерінің қалыптасуы бұрыс жолға түскенін байқауға болады.
Медициналық психология тұрғысынан ауру адамның өз дертіне көзкарасының маңызы зор. Өз дертін елемеушілік не оған мән бермеушілік, орынсыз батырсыну, не оған ерекше мән берушілік т. б. жайттар өмірде жиі кездеседі. Профессор В. II. Мясищев айтқандай, «дәрігердің ең басты мақсаты — ауру адамның өз дертіне дұрыс көзбен қарауына мәжбүр ету».
Жеке адамның бағыттылығына оның қажеті мен қалауы, тілегі мен құштарлығы, бейімділігі мен қызығушылығы, оған негізделген пікірі, арман-тілегі мен сенімі, мұраты мен талғамы жатады. Бағыттылықтың қоғамдық маңызы, сондай-ақ мінездің белсенділігі бұл жерде негізгі көрсеткіш болып есептеледі.
Адамның талап-тілегі мен мақсат-мүддесі жасына, біліміне, тәрбиесіне қарай үнемі өзгеріп отырады. Мәселен, 3—5 жастағы балалардың білуге деген тілегі «неге», «не үшін», «бұл не» деген сұрақтар арқылы көрінеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың көңілі ойыншықтары жалпы ойын атаулыға, сурет салуға, табиғатқа, ертегі, әңгімелерге, қызықты оқиғаларға ауа бастайды. Мектепке барған соң оқуға, жеке сабақтарға ықыласы, қызығушылығы артады. Бала әуелгі кезде ертегілерді, кеннен шытырман оқиғалы фантастикалық кітаптарды, есейген шақта адамдар арасындағы қарым-қатынастарды баяндайтын кітаптарды оқуға құмарланады. 16—20 жастарда дүниетарну, пәлсапа, психология, қоғамдық қызмет және өмірдің сан алуан құбылыстарына байланысты ынта ықылас пайда болады. Жеке адамның талаптануы мен ұмтылысының, тілегінің, ынта-ықыласының негізгі мақсаты — кісі болып көрінудің асыл армандары.
Жеке адамның психологиялық құрылымына қабілет, дарындылық, талант сияқты ұғымдар да кіреді.
Қабілет — адамның бір жұмысты нәтижелі, үздік орындауынан көрінетін жеке-дара психикалық қасиет. Қабілеттер жалпы, арнаулы, практикалық болып бөлінеді. Мәселен, арнаулы қабілетке спорттық, эстетикалық, математикалық т. б. жеке қабілеттер жатады. Қабілетсіз адам болмайды, ал жөнді дамымаған қабілет іске аспайды. Қабілетті дамытудың ең негізгі көзі — қиын да қызықты творчестволық еңбек.
Дарындылық— адамның балалық шағында көрінетін қабілеттің жоғары түрі. Дарындылық — адамның іштен туатын қабілеті, ол жүйке саласына, талдағыштарына анализаторына қатысты нышандардың жиынтығымен байланысты.
Талант. Бұл адамның есейіп ер жетіп. кемелге келген кездегі жоғары қабілеті. Талант шығармашылықпен егіз. Талантты адам бұрынды-соңды болмаған іс-әрекеттің кез келген саласында өзіндік жаңалық жасайды. Мәселен, суретті айнытпай көшірген адам талантты емес. Оның салған суреті бұрын-соңды кездеспеген дүние болғанда ғана, ол талантты деген атаққа ие болуы мүмкін. Психологияда данышпандық деген ұғым кездеседі. Ондай адам қоғам үшін тарихи және зор маңызы бар жаңалықтар ашып, адамзат өркениетін дамытуда тұтас бір дәуірді қамтуы мүмкін. Психология ғылымында осы ұғымдардың (дарындылық, талапт, данышпандық) мәні әлі жөнді ашылмай отыр.
Бала қабілетін дамыту — тәрбиенің маңызды мақсатының бірі. Қабілеттіліктік өрісін тану балалар бақшасы мен мектептегі әр түрлі істермен шектелмеуі керек. Қабілеттің жан-жақты дамуына үйде де, түзде де жағдай жасау қажет. Қабілетті дамытуда арнаулы орта мектептердің (лицей, гнмназия, колледж, медресе т. б.) маңызы зор.
АУРУ АДАМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Бақылау— психологияда ерте заманнан қолданылып келе жатқан әдіс. Медициналық психологияда дәрігер сырқат адамды ауруханада, үйде байқауға алады. Психологиялық бақылаудың нақты мақсаты, бағыт-бағдары болады. Бақылау дәрігердің байқағыштық қасиетін, тәжірибесін қажет етеді. Дәрігер ауру адамның тәртібін, оның белсенділік дәрежесін, айналасындағылармен қарым-қатынасын, ұйықтау, демалу ерекшелігін, тамақтану, шешініп-киіну мүмкіншілігін, тазалық дәрежесін анықтауға бағытталады. Бақылаудың арқасында ауру адамның көңіл күйін, жүріс-тұрысын, денсаулығының өзгерісін білуге болады.
Дәрігердің мұқият қорытындысы аурудың жауабы арқылы анықталады. Мысалы, көңіл күйің қалай? деген сұраққа ауру адам «жақсы» деп жауап береді. Ал, бақылаудан дәрігер ауру адамның көңіл күйінің төмендігін, ешкіммен сөйлеспейтінін, жөнді тамак ішпейтінін анықтап, оның диапозын толықтырады. Бақылау кезінде ауру адамның төңірегіндегілерге ықыласы, оқуға, радио тыңдауға, теледидар көруге мүмкіншілігі қандай екендігі анықталады.
Психологиялық тұрғыдағы әңгіме дәрігердің сұрақтарына жауап алу үшін белгілі бір жоспармен жүргізіледі. Әңгімелеу әдісінде де ауру адамның назарын керекті бағытқа аударып, оның емін-еркін өтуіне жағдай жасалады.
Мәселен, дәрігердің сұрақтарында ауру кісіні сендіру элементтері болуы тиіс. Тікелей сұрақ қою тергеу сипатында емес, әңгімелесу түрінде жүргізілгені абзал. Дәрігер практикасында психологиялық әңгіме өткізу барысында тексерілушінің сау кезіндегі психологиялық ерекшеліктері, өмірбаяндық мәліметтері мен ауруының дамуы туралы дерек-мәліметтерімен толықтырылғаны дұрыс.
Мұндай мәліметтерге науқастың мектеп жасына дейінгі мекемелерде болғаны, мектептегі оқуы мен тәртібі, түрлі оқу орындарындағы оқуы, еңбек жолының басталуы, мамандығы, отбасы жағдайы, мінез-құлық ерекшеліктері, өмір өзгерістері жатады. Әсіресе науқас адамның психикалық ерекшелігі мен оның қалыптасу жолдары туралы мәліметтер жинастырудың психиатриялық практикада маңызы зор. Медициналық практикада аурудың өзін-өзі бақылауы, өзі туралы күнделік мәліметтерді пайдалану әдісі де диагноз қоюға көмектеседі. Өйткені көп ретте пациент ауызекі әңгімеде өзінің жағдайларын, айта бермейді, осындай кезде дәрігер оның күнделіктерінен құнды мәлімет ала алады. Сондай-ақ диагноз қою мен емдеуде ауру адамның суреттерін, өлеңдерін, хаттарын т. б. шығармашылықтарын пайдалануға да болады.
Бұру мен жалпылау процестерін зерттеу. Түсінікті жалпылау. Мұнда тексерілуші ұсынылған суреттің жалпы түсінігі мен заттардың атын атап беруі керек. Түсініктердің жіктелуі, тексерілушіге жануарлардың бейнесі, көкөністердің және осы секілді заттардың суреттері салынған карточкалар ұсынылады. Кейбір карточкаларда зат суретінің орнына оның аты жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырма күрделі болады (әсіресе балалар үшін). Тексерілуші карточкалардағы заттарды ұйқасына және сөзбен айтылуына қарай топқа бөлуі керек. Сау адамдар заттар топқа бөлу кезінде әмірлік тәжірибеде қалыптсқан шартты рефлекстік байланыстарды пайдаланады.
Түсініктерді бөлу. Мұнда тексерілуші өзіне белгілі үйдің, жануарлардың, ағаштардың атын айтуы керек. Түсініктерді анықтау мен айыру. Мұнда кісі сараңдық пен үнемшілдіктің, ағаш пен бөрененің айырмасын айтуы керек. Түсінікті айқындау — ұқсас бір топ заттардың ішінен оларға жатпайтындарын бөлу. Тексерілуші төрт заттан ұқсамайтынын алып тастауы керек. Мақалдар мен астарлы сөздердің ауыспалы мәнін түсіну. Осы сынақта тексерілуші адам мақал мен мәтелдердің ауыспалы мәнін түсіндіруі керек («Темірді қызған кезде соқ», жылтырағанның бәрі алтын емес»). Ойлау бұзылған кезде сөздің ауыспалы түсінігінің орнына дәл түсінік беріледі. Ұғынуды зерттеу үшін келесі әдістер ұсынылады: суреттің мағынасын, суреттер бойынша оның мәнін біртіндеп түсіну, мағынасыз суреттер мен текстті ұғынуды тексеру.
«Қиыстыру» дағдылары мен әрекеттерін тексеру. Мұнда конструкциялық әрекет және конструкциялы ойлау әдісі қолданылады. Конструкциялық ойлау дегеніміз мәселені іс-қимылсыз ой арқылы шешу, ал конструкциялық әрекет — есептерді іс-қимылмен шығару. Оған қоса әріптерден мағыналы сөздерді құрау, қалып қойған әріптерді толықтыру, суретті жеке бөліктерден құрау, суреттің жетіспеген бөліктерін толтыру т. б. Типологиялық және дербес ерекшеліктерді тексеру арқылы жоғары жүйке қызметіне байланысты психиканың, жеке адамның ерекшеліктері тексеріледі. Типологиялық сұрау. Мұнда жоғарғы жүйке қызметінің типтері жүйке процестерінің (қозу, тежелу) күшіне, тепе-теңдігіне және жылжымалылығына қарай бөлініп, арнайы лабораториялық тексерулерде анықталады. Пациенттің ауырғанына дейінгі (преморбидті) жағдайын шамалап, түсіну үшін дәрігер жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттеріне байланысты жеке адамның кейбір қасиеттерімен (мінез, темперамент) танысады. Жеке адамның ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдағы арнайы әңгімеден, жақындарымен сөйлесуден байқауға болады.
Жеке адамның ерекшеліктерін тексергенде әр түрлі авторлар ұсынған сұраулар қолданылады (Айзенк, Векслер, А. Е. Личко, Л. А. Булахова). Мәселен, адамдарды мінез ерекшеліктері бойынша (И. Юнг) экстраверт және ннтраверт деп бөледі, Алғашқысына көпшіл, қайырымды, еркін, шат-шадыман, өзіне сенімді, аңқылдақ адам жатады. Екіншісіне тыныш, салмақты, сақ, ұстамды адамдар жатады. Олардың жолдастары тұрақты, адамгершіліктері жоғары болып келеді.
Талаптану деңгейін тексеру (Хоппе, Б. Е. Бежанишвили). Талаптанудың объективті (принципті) және субъективті (дербес) түрлері бар. Мәселен, талаптанудың субъективті (дербес) түрі өзін асыра бағалау, өзін мақұлдау, өзінің жақсы жағын көрсетумен ерекшеленеді.
Мұнда тексерілушіге сұрақтары біртіндеп қиындатылған жүйелі түрде нөмірленген 12 жұп карточка береді. Тексерілуші кез келген карточканы алып, оған жауап беруі керек (тексеруші уақытты ұзартуы не қысқартуы мүмкін). Жауапты бағалаған кезде оның уақытқа байланысты табысты не табыссыз болуына орай, тексерілушінің сынақ үстіндегі мінез-құлық ерекшеліктері, тапсырманы қиындатудың керек-керек еместігі ескеріледі. Алынған мәліметтер бойынша жеке адамның ар-намысын, өзін-өзі бағалауын, талаптану деңгейін т. б. ерекшеліктерді анықтауға болады.
Өзін-өзі бағалауды тексеру (I. В. Дембо, С. Я. Рубинштейн). Тексерілуші ұсынылған төрт тік сызықтан («басқыштар») кісініц денсаулығы, мінезі, ақыл деңгейі көрсетілуі тиіс. Артынан әңгіме кезінде тексерілушінің денсаулық пен ауру, бақыт пен бақытсыздық, жақсы не жаман мінез, ақылды не ақымақ туралы түсінігі анықталады. Дені сау адамдар өзін-өзі бағалауға қарамай, өмірлік объективті жағдайға байланысты «өз орнын» сызықтың ортасынан көрсетеді. Олар өздерін денсаулықтың, ақылдылықтың, мінез бітістерінің орташа деңгейінде көрсетуге тырысады.
Өмірінің алғашқы сөйлемейтін кезеңінде сәби қарым-қатынасы жаялығын ауыстыратын, тамақтандыратын (емізетін), жылы үнмен тіл қатып, жуып шайындыратын, құшағына қысып, мейірімділік танытқан анасымен (не оның орнындағы адаммен) болады. Есіту (анасының әні, жылы сөйлеуі), жанасу (емізу), иіс және көру (анасының не оның орнындағы адамның иісі мен түсі) арқылы ұнамды сенсорлық тітіркендірулер сәбиге қолайлы, емеурінді жағдай тудырады. Нәрестеге алғашқы күннен ана тарапынан эмоциялық жылылық жеткіліксіз болса, не мұндай жағдай орын алмаса, онда сәби депривацияға (айырылу) душар болады. Бұл көбіне жетімдер үйіндегі «тастанды» балаларда жиі кездеседі. Осындай эмоциялық әсерлерді уақытша тоқтатуды сепарация дейді. Бұл жайт сәбиде шешесі ауруханаға жатқанда" не жолаушы кеткенде жиі байқалады. Дүниеге келген күннен бастап 1—5 жасқа дейін депривация мен сепарация өз зардабын өмір бойы шектіреді. Жас шағында не есейген шағында балаларды сепарациялау, яғни баланы үйреншікті ортасынан бөлу оның жан дүниесін жарақаттайды. Ал есейген балаларды уақытша ата-анасынан айыру оншама зиянды әсер етпейді. Мәселен, жетекші саяхатқа не демалысқа кеткенде, бұл олардың дербестігінің қалыптасуына ықпал жасап, қолайлы әсер етеді.
Жасөспірімнің ауруханада сарылып жатуы эмоциялық депрессияның екінші бір түрі — госпитализмді тудырады. Бұл әсіресе сүйек туберкулезі, жүйке және созылмалы ауруға ұшыраған адамдарда байқалады.
ЖЕКЕ АДАМНЫҢ, ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОЛАЙСЫЗ ӘСЕР ЕТЕТІН ОТБАСЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР
Сәбидің қалыпты тәрбиеленуі үшін от басы-ошақ қасының түгендігіне не жетсін. Әкесі мен шешесі жоқ жағдайда балага тәрбие берілмейтіні белгілі. Көп балалы отбасыларда сәбидің жан дүниесінің дұрыс дамуына қолайлы жағдай (аға, іні, апа, сіңлілердің өзара жарасымды қатынасы) туатыны өмір тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондай-ақ толық емес отбасы (әке-шешесініц біреуі жоқ жерде) жағдайында эмоциялық депривация туып, баланы қолайлы психикалық әсерден айырады. Әсіресе ер баланың жан-жақты дамуы үшін әкенің ықпалы ауадай қажет.
От басындағы бұрыс тәрбие түрлері. Ерекше қамқорлық (гиперолека) —балаға оның тәуелсіздігін, жігерін, белсенділігін шектейтін қамқорлық, ерекше назар аудару. Кемшін қамқорлық — балалар тәрбиесінің назардан тыс қалуы, яғни балалардың бақылаусыз өсуі. Отбасының «табынушысы» — бұл баланың шын, жалған, болашақ артықшылықтарын дәріптеу («ол бәрінен де жақсы», «ол өте сұлу», «ең ақылды» деп келетін уағыздар).
Отбасындағы жасанды жетімдік. Бұл баланың бойындағы ұнамды қасиеттерді көре тұра, жақсы қасиеттерді кеміту, оны бағаламау, тәрбиеде қаталдық, орынды жаза қолдану, тіпті ұрып-соғу т. б. болып табылады. Отбасындағы ырың-жырың — бала тәрбиесіндегі өзара келіспеушілік, орынсыз кикілжің, маскүнемдік, мінез сәйкессіздігі. Осындай қолайсыз жағдайлар, яғни отбасылық ақуалдың бұзылуы бүлдіршіннің мектеп жасына дейінгі тәрбиесіне өте зиянды әсер етеді.
Жасөспірімдердің психологиялық және патопсихологиялық өзгерістеріне әр түрлі наразылық реакциялар — өтем және гиперөтем, тәуелсіздену жатады. Бұлар қалыпты физиологпялық және патологиялық болып бөлінеді.
Физиологиялық наразылық бұл айтылған сын көзге не қолданған жазаға қарсылық көрсету ниетімен бала үйден не мектептен қашып кетеді. Ол жасөспірімнің сана-сезімінің қалыптасуына, өзімшілдігініц пайда болуына байланысты. Мұндай реакциялар бәсең және белсенді түрде білінеді. Бәсең түрі үйден, мектептеп кетіп қалу, сөйлеспей қою, сабақта жауап бермеу т. б, түрінде байқалады. Белсенділік түрі кейде ызақорлық әрекеттерге итермелейді (мысалы, жасөспірім шешесінің көйлегін жыртуы, жиһазды қиратуы мүмкін). Наразылық әрекеттері қайталануы да, басқа жағдайларға байланысты жиіленуі де ықтимал. Мысалы, үйден қашып кеткен жасөспірім мектептен де кетеді. Бұл біртіндеп әдетке айналып, психиканың зақымдалу себептерінее тыс, даму механизмі «қарлы кесек» типіне айналады. Отбасынан және мектептен жиі кету бірте-бірте үйреншікті іске (дезадаптацияға) айналады. Үйдегі дезадаптация отбасындағы жағдайды шиеленістірсе, мектептегі және қызметтегі дезадаптация оқу мен тәртіпті нашарлатып, баланы жұмыс қабілетінен айырады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері