Психология | Жалпы психологияның даму тарихы

Психология | Жалпы психологияның даму тарихы

Психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент - XXV ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. ОЛ адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше баланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы қозғалыштылығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.
Темпераменттер жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері - Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша адамдар төрт "дене шырышдарының" - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқа ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (қан), флегматик (шырыш), холерик (өт), меланхолик (запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне көп ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы мен физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, темперамент қасиеттеріне негізделген - конститутционалдық типология. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психологиялық ерекшклікке ие. Дене мүшелерінің (қол, айқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конститутйионалды психикалық тип белгіленген:
1. Лептосматик - бойшаң, нәзік денелі, көкірек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2. Пикник - мығым, семізшең, кіші немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.
3. Атлетик - бұлшық еттері дамыған, денесі мығым, берік; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4. Диспластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелік зақым сырқаттарға ұшырығындар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемістер).
Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: Шизотомик - дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, қоршаған ортаға икемдесуі қиын. Иксотомик - денесі мығым, мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик - семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыщ, көзқарастары шындықтан аумайды.
Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден ақ белгілі болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелігіне тәуелді келуі И.П.Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде экспераминтальды дәлелденген.
Ол иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық әрекеттеріндегі даралық өзгешеліктердің пайда болуына назар аударды. Жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер - қозу және тежелуге байланысты екендігі жөніндегі эксперементтермен дәлелденген. Қозу күші жүйке жасушаларының әрекетшеңдік қабілетінің белгісі. Осы күшке орай жүйке төзімді, ұзақ не қысқа мерзімді әсерлі қозуды сақтай алады, тежелуге бейімделеді. Ал тежелу күші жүйке жүйесіндегі күшті әсерлерді басып, сөну және біріктіру шартты реакцияларын іске асыру қызметін атқарады.
И.П.Павлов жүйке процесінің күшіне орай және күшті тип пен әлсіз типті айыра, дәстүрлі Гиппократ типологиясына жақын жүйке жүйесінің төрт негізгі типін ажыратады:
• күшті, қозу мен тежелу теңдей, қозғалмалы - сангвиник;
• күшті, қозу мен тежелу теңдей, салғырт - флегматик;
• күшті, қозуы басым - холерик;
• әлсіз тип - меланхолик.
Темперамент адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Адам ежелден-ақ әрқилы тұдғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелр бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған.
Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстарды, сезәмде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде байқалады.Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:
Сезімталдық - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекетінің туындау шапшандығы.
Жауап әрекетке келу - бірдей ықпалды сыртқы немесе ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау).
Жауап әрекетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам.
Икемділік - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.
Жауап - әрекет қарқыны - әрқилы психикалық процестер мен әрекеттер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшандығы.
Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы:
Сангвиник - жоғары дәрежелі әрекетшіл адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең. Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қаоып, мұңаяды. Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынас білініп тұрады.
Холерик - әрекетшең және белсенді, бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділектен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыру қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкілдеп жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да салбырлығы мен байсалдылығын жоймайды. Жаңарған жағдайдағы икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді.Бар білгені ішінде - интерверт.
Меланхолик - өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Боламыш нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болмысыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз.
Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтықсыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасуы проблемасы - әлі ғылыми шешімін таппаған.
Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, ол нәтижеге желу жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірбие, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан - оқу тәрбие мен кәсіби тәжірбиеге тәуелді. Мысалы, тәжірбиелі ұшқыштың, боксердің, жүргізушінің әрекет шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің нәтижесі. Ал сол әрекеттердің іске асу шегі жүйке жүйесінің мүмкіндіктерімен анықталады.
Адам іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу қажет болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетте салбыр, енжар көрінгенімен, жай, бірқалыпты, тұрақты бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап-шалдықпайды. Ал қызмет бабы мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде - сангвиник пен холерик типті де шыдамайды.
Адамның қай мазмұнында болмасын өз іс-әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекітужылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап береді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру