Экономика | Жастар ортасындағы нашақорлық мәні түрлері
Кіріспе........................................................................ 3
1. Жастар ортасындағы нашақорлық, мәні, түрлері...........................................................................7
2. Жастар ортасындағы нашақорлану факторлары................9
3. Жастар нашақорлығын профилактикалауда отбасының, оқу орындарының рөлі..............................................................................13
4. Қазақстан Республикасында жас нашақорларды азайту мақсатындағы шаралар........................................................................17
Қорытынды........................................................ .......... 20
Қосымша.........................................................................2
Пайдаланылған әдебиеттер.............................................27
Кіріспе
Осыдан бірер жыл бұрын есірткілер экзотика сияқты естілген,егер баспасөз бетінде ол туралы жазылса, ол буржуазиялық қоғамның « шіруінің » белгісі ретінде қабылданды. Қазір бұл қасірет қазақ жеріне де келіп жетті. Батыс елдерінде есірткімен күрес бағдарламалары үшін мол қаржы бөлінеді де , олардағы жағдай біршама тұрақтанған, кейбір жерлерде нашақорлардың « қартаюы » байқалып та қалады. Ал Қазақстанда, басқа да ТМД елдерінде керісінше сияқты, нашақорлыққа жастарды тарту, соның ішінде жасөспірімдерді тарту процесі өріс алып келеді.
Нашақорлық XXI ғасырдың қатерлі дертіне айналып отыр. Ол кәрі, жас демейді. Қоғамды іштен ірітіп, дамуына тұсау салады, қылмысты, зорлық пен жемқорлықты тудырады. Мұның бәрі мемлекеттің болашағы – жастардың өміріне сызат түсіреді, елдің өсіп-өркендеуін тежейді. Сондықтан мұндай кеселдің алдын алу және оған қарсы күрес мемлекеттік іс болып табылады.
Нашақорлық қоғамдық дертке айналып бара жатқанын қазірден мойындамасақ, ертең кеш болады. Өйткені, ауруын жасырған өліп тынады деген сөз бар. Айталық, биылғы жылы қала мектептерінің бірінде жасы небәрі жетідегі оқушының нашақор екендігі анықталған. Ал енді соған көз жұма қарау, мұндай қасіреттің себебіне үңілмеу баршамыз үшін қылмыс деп білеміз.
50 пайыздай нашақорлар - 18- ден 35 жас аралығындағы жастар. Есірткі қолданушылардың жас табалдырығы төмендеп барады: егер бірнеше жыл бұрын ол 15-16 жасты құраса, қазір ол -11-13 жаста. Қазақстанның социологтары мен саясаттанушылардың Ассоциациясы мәліметтері бойынша қазіргі уақытта жасөспірімдердің, бозбала мен бойжеткендердің 5-6 % есірткі қабылдаса, 9-10% оны өмірінде бір рет болсын татып көрген. Жастар нашақорлығы республиканың барлық қалаларын қамтып отыр, ол ең алдымен : Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Қарағанды , Теміртау, Тараз, Өскемен, Орал қалалары. Республиканың Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары осы мәселе бойынша алаңдатушылық туғызып отыр.
Болашақты болжасақ оның еш қуанарлығы жоқ. Оның ең қиыны ТМД елдерінің әлемдік наркобизнес жүйесіне тартылуы. Қазақстан есірткіні Ауғаныстан мен Пәкістаннан Ресей мен Батыс Еуропаға тасудың таптырмас көпірі болып отыр. Ауғаныстанда дайындалатын есірткінің 60% осы Қазақстан арқылы өтеді. ТМД елдері, соның ішінде Ресей әлемдік наркобизнес үшін пайдалы өткізу нарығы: Ресейде кокаинның бір граммы АҚШ-тың «қара нарығымен» салыстырғанда 30 есеге қымбатқа сатылады. Қазақстан наркобизнес үшін өзінің табиғи-климаттық жағдайымен қызықтырады : егер Ауғаныстандағы есірткі өсімдіктерін егу 50 мың га қамтыса, бізде бұл көрсеткіш 258 мың га-ды қамтиды. Аграриялардың мәліметтері бойынша республикада 850 мың га жер көкнәр өсіруге өте қолайлы. 1.2 мың гектар жерде сора «жайқалып тұр». Осы бір «есірткі жазығын»бақылау өте күрделі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен және БҰҰ есірткілерді бақылау бойынша бағдарлама негізінде 1999 жылы Республикада нашақорлықпен күресудің 3 бағдарламасын қаржыландыру және жүзеге асыру қолға алынды: нашақорлықтың медико-әлеуметтік проблема орталығын құру, есірткі өсіретін плантацияларды азайту азайту, есірткілерді іздеп табу үшін кинологиялық қызметтер құру және дамыту. Бұл үшін 300 мың доллардай қаржы бөледі. Қаралып отырған бұл құбылыс әлеуметтік қана емес, жеке тұлғалық аспектілерге ие. Сондықтан осы аспектідегі түсініктерге , терминдерге бөлген дұрыс. Ең алдымен «нашақорландыру» (халықты, әлеуметтік топтарды ) түсінігі арқылы , екінші түсінік «нашақорлық» арқылы анықтау.
Нашақорланудың әлеуметтік салдары өте ауыр. Нашақорлар қоғамдық өмірден- еңбектен, саясаттан, отбасынан және т.б. алшақтайды. Ол жеке бастың дене, әлеуметтік деградациясы кесірінен болады. Есірткілерге құлша тәуелді болу оларды аморальдық қылықтарды, қылмыстарды жасауға итермелейді. Есірткілерді шектен тыс қабылдау өлімнің өсуіне, соматикалық және психикалық аурулардың дамуына әкеледі. Нашақорлық жас ұрпаққа кері әсер етеді: балалар күрделі дене және психикалық ауытқуларымен туады, ол өз кезегінде отбасының айырылысып, елдің генофондына қауіп төндіреді.
Қазіргі уақытта нашақорландыру ұлттық қауіпсіздікке келтірілетін қауіп ретінде қарастырылып отыруы тегін емес, ал есірткіні қабылдау деңгейі, егер оны халықтың 5% қабылдай бастаса, ол ұлттың генофонына келетін зардап болып есептеледі.
Жастардың девиантты мінез-құлығының осы түрімен кәсіби түрде айналысатын әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагоготар үшін нашақорлану мен нашақорлық туралы жалпы біліп қана қою жеткіліксіз. Жастарды есірткіге апаратын ерекше себептерді де білу өте маңызды.
1. Жастар ортасындағы нашақорлық, мәні, түрлері
Нашақорлық – жастар ортасындағы девианттық мінез-құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі. Ғылыми деректердің қорытындысына қарағанда, адамдардың жұмыс қабілеті 110-120 жасқа дейін сақталып, жасы орта есеппен 140-160- қа жетуі керек екен. Өмірде аз да болса 110, 120, 140, 170 одан да көп жасап отырған адамдар бар екені барлығымызға да мәлім. Олай болса, адам баласының ұзақ өмір сүре алатынына бұл жағдайдың өзі де дәлел болады.
1795 жылы Токио қаласына, бірінші министірдің шақыруы бойынша Жапонияда ең ұзақ жасаған шаруа Мампэ келеді. Оның жасы 194- те екен, ал әйелі 173- те, баласы 153-те, немересі 105- те болған.
Англияда Фома Карне 207 жасқа келіп, он екі ағылшын королін көрген.
Әзірбайжанда өмір сүрген 168 жастағы Шерәлі баба Муслимов туралы газет журналдардың беттерінде жарияланғандағы мәлім.
Сондай-ақ, әлемге әйгілі ақын Жамбыл атамыз 100жыл өмір сүрген.
Жоғарыда айтқанымыздай, адам баласы ұзақ жасай алатынын дәлелдеп отырған болсақ, не себептен олар табиғи биологиялық 150 жасына жете алмайды ? Бұған көп жағдайда өзіміз кінәліміз. Өйткені бұған тұрмыс,әлеуметтік жағдай, табиғат апаттары, эпидемиялық аурулардан басқа, дене және мінез-құлық тәрбиелерінің дұрыс қалыптаспауы, сондай-ақ зиянды әдеттерге бой ұруымыз себепші болады.
Дұрыс өсіп, дамып келе жатқан ағзаның негізгі қасиеттерінің бірі-сыртқы және ішкі ортаға бейімделіп отыруы болып есептеледі. Сыртқы және ішкі ортаға ағза өз мүшелерінің қызметін жетілдіру кезінде белгілі шартты рефлекстерді қалыптастырып, бейімделіп отырады. Ағза бір жағдайға бейімделген соң сол ортаны қажет етіп тұрады. Мысалы, үнемі бір жерден сусын ішіп тұратын болса, о жерге келгенде шөлдемесе де су ішкісі келеді. Осындай әдеттену темекі мен шарапқа, көкнәр мен апиынға да пайда болады.
Ауғанстанда және Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы т.б. облыстарда және Орта Азия республикаларында тұратын азаматтар көкнәр мен апиынды шаймен ішуді әдетке айналдырған, оларды негізінен еркектер мен әйелдер ішеді екен. Көкнәр мен апиынға үйренген адамдарды көкнәрші немесе киавандар деп атайды. Нағыз
киавандардың маскүнемнен ешқандай айырмашылығы жоқ. Егер ол адамдардың көкнәр не апиын бір күн болмай қалса, ауырады да оны іздеп тапқанша, жұмыс орнын, үй-жайын , бала-шағасын ұмытып кетеді. Көкнәр шынымен қыштағанда, ондай адамдар бір жұтым көкнәр үшін бар дүниесін беруге және адамдық қасиетін де сатып жіберуге әзір.
Көкнәр (мак) қызғалдақтарға ұқсап өсетін, гүлдейтін және түйнектердің өсімдік. Бұл өсімдіктің үлкен түйнегі жұмыртқаның көлеміндей болады. Осы түйнектен көк кезінде жұқа пышақ арқылы тіліп, сүт түсті шырынын шығарады. Шырындары кепкен кезде, қоңыр тартып қалады. Бұны апиын дейді. Ал көкнәрдің түйнегі піскен уақытта оны үзіп, ішіндегі дәнін жарып алады. Қалған қабығының өзі де ащы болады. Көкнәршылар осы қабықты талқандап, майдалап, шүберек қалтаға салып, оны ыстық суға салып езеді. Одан шыққан қарақоңыр ерітіндіні ішеді. Бұл көкнәр ерітіндісі алкогольдің әсер етуіндей бірінші рет жүйке жүйеіне қатты әсер етеді. Оны ішкен адам еліріп, елітіп, есіріктеніп, ақырында ұйқыдан да айрылып қалады. Көкнәр ерітіндісінің әсері қаннан тазарғанша адам (24-48 сағатта) сыртқы дүниені онша сезбей, алданып, мең- зең болып жүреді.
Сонда көкнәрды аптасына 2-3 рет қабылдағанның өзінде де адам ағзасында оның уы сақталады. Бұл зиянды әдет келе-келе тұрақты ауруға айналады.
Героин – ақ түсті ұнтақ тәрізді химиялық зат.
1г героинді – 10-12 бөлшекке бөледі. Әрбір бөлекті, яғни чекті қағазға орап сатады. Көбіне «героин» сататын адамдар өздері оны қолданбайды. Себебі, өздері қолданса,былай айтқанда, тауары және ақшасы құриды.
Айта кететін бір жайт барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден өндіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріліп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының территориясында 500 мың гектар жерде конопля өседі.
Наркотикалық заттар үш жолмен пайдаланады.
1. Тарту;
2. ішу;
3. арнаулы инелер арқылы денеге инекция ретінде дарыту.
Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұғылданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді 25-
26 жасында өмірімен қоштаса береді. Ал бірінші және екінші тәсілмен айналысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс.
Нашақорлардың өздерінің есірткі қолдануға деген қатынастары негізінде 5 түрлі нашақорлар анықталды:
1. « гедонис »-нашақор, ләззаттануды жақсы көруші. Ол үшін есірткі кайфка апаратын жол. Оның орналасқан жері- республиканың оңтүстігі ( Алматы, Тараз) . Оның жасы 16-18 жас ( 80,6%), негізінен еркек жынысты ( 66,7%). Оның ортасы – арнаулы және жоғарғы оқу орындарының оқушылары ( 33,3%) немесе заң бұзушы жастар (30,6%). Сұранған әрбір үшінші нашақор ( 29,5%) осы түрге сәйкес келеді;
2. экстраверт, шулы және көңілді сауықты жақсы көреді. Ол үшін есірткі-бос уақытты өткізудің атрибуты, көңілсіздіктен арылу, өзін ерікті сезінудің жолы. Мұндайлар көбі Қазақстанның мұнайының астанасы Атырауда орналасқан. Оның да жасы 16-18 жаста ( 71,4%) . Еркек жынысты (71,4 %) . Оның ортасы – арнаулы және жоғарғы оқу орындарының оқушылары ( 42 %) және мектеп оқушылары ( 28,6%). Нашақорлардың бұл түріне есірткі қолданатын 5,7% нашақор жатады;
3. жан дүниесі « мүгедек » адам, ол үшін есірткі тірек үшін керекті « сүйек», өмірлік қажеттілік: допинг алмаса ол « зомбиге» айналып кетеді. Оның жасы 16-18 жаста (100 %). Ол жігіт (50%) немесе қыз (50%). Мұндайлар көбі Орал қаласында орналасқан. Бұл тип зерттеушілер үшін жабық. Оны полициялық рейдтер немесе әлеуметтік сауалнамалардың көмектері де таба алмайды, бұл жасырын нашақорлық. Сұранған нашақорлардың бұл типі 1,6 %;
4. « адасқан», есірткі оны тұйыққа тіреді, одан шығатын жолды таба алмайды. Оған тек қалғаны есірткі татып көргеніне өкіну. Бұл жастар арасында ең көп тараған түрі. Оны барлық жерде кездестіруге болады, бірақ ең жиі кездесетін жер-Алматы қаласы. Ол 16-18 жаста ( 79,2%). Ол бозбала (75%), жастардың заң бұзушы типтік өкілі (33,3%), бірақ оны кез-келген әлеуметтік топтан табуға болады. Бұл сұранған әрбір 5-ші нашақор;
5. есірткелік суицидтің клиникалық жағдайы. Ол- аурудың, тәуелділіктің құрбаны және ол өзінің душарлығын түсінген. Ол 16-18 жаста ( 97,7%). Ол –
жігіт ( 66,7%). Оның мекен-жайы – барлық 8 қала, бірақ ең көп кездесетіні – астана қаласы.Бұл тип барлық әлеуметтік топтарда бар. Оның нашақорлар тобындағы басымдылығы - 98%.
2. Жастар ортасындағы нашақорлану факторлары
Нашақорлық – жастар ортасындағы девианттық мінез – құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі.
Нашақорландыру – есірткілерді тарату процесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті заттарды қолдануға тарту. Нашақорландыру салдары нашақорлыққа әкеліп соғады. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының анықтауынша – бұл организмге есіркіні, яғни өсімдік тектес немесе синтетикалық заттарды бірнеше рет енгізу арқылы ауық – ауық немесе созылмалы түрде уландыру жағдайы, ол организмнің қалыпты қызметін өзгертеді, ал көп қолданған жағдайда оны психикалық немесе физикалық тәуелділікке әкеп соғады. Есірткілікке тәуелділіктің белгілері:
• Ерік күшін жеңе алмай, әрі қарайғы қабылдау қажеттілігі (тәуелділіктің дағдыланудан айырмашылығы);
• Жақсы эмоцияларды есірткісіз бастан өткізудің мүмкін еместігі;
• Абстиненттік синдром («ломка»), яғни организмнің есірткі физиологиялық тәуелділігі (барлық есірткі заттарына тән емес);
Шынайы өмірде нашақорландыру мен нашақорлық бір – бірімен
өзара байланысты және жинақтала келіп жеке адамға және бүтіндей қоғамға үлкен зиян келтіреді.
Нашақорландыру-есірткілерді тарату процесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті (есіркілік, таксикоманиялық) заттарды қолдануға тарату. Нашақорландырудың әлеуметтік салдары өте ауыр.
Есірткіге әуестіктің себебіне әр алуан жағдайларға: тұрмыстың жоқтығы; осы жағдайларды өзін көрсете алмау (жұмыстағы, оқудағы, шығармашылық немесе жеке өмірдегі келеңсіздіктер); жастарға бос уақытты өткізуде ең қажетті мүмкіндіктерді беретін әлеуметтік – мәдени салалардағы кемшіліктер; әлеуметтік әділетсіздіктер; адамдардан көңіл қалуға байланысты өмірге қанағаттанбау жатады.
Жастарды нашақорландырудың өзіне тән ерекшелігіне нашақорлардың тобын, бірлестігін қалыптастыру болып табылады. Олардың пайда болуы есірткілерді табу және қолданудың ерекше жағдайларына байланысты. Есірткілерді табу қиындығы мен оған төлейтін қаржыны табу қиындығына ұшыраған нашақор өзін алғаш бұған еліктіргендердің қасында жүруге және оған өз қоршағандарын да тәуелдеуге мәжбүр болады. Қазақстанда жүргізген зерттеулер нәтижесінде белгілі болғандай «Сені кім алғаш рет есірткі қабылдауды ұсынды, кімнен ең бірінші порцияны алдыңыз?» деген сұраққа сұранған нашақорлардың 53% өз достарын, жолдастарын, жақындары мен таныстарын көрсеткен, 26% -өзінің сыныптастарын және курстастарын көрсеткен, 11% ғана кездейсоқ адамдарды көрсеткен; сұранған нашақорлардың 57% оны жолдастарының. Таныстарының үйлерінде қабылдағанды жөн көреді екен.
Есірткі заттарды қолданатын жасөспірімдер мен жастар біраз уақыттан кейін белгілі-бір әлеуметтік топтарға айналады да, криминалдық мінез-
құлықты ортаны толтырады. Олар есірткіні сақтау және өткізу, оларды дайындауға байланысты қылмыстарға қатысушылар болды.
Өскелең ұрпақты нашақорландыру процесі қоғам мен мемлекет тарапынан, соның ішінде әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік педагогтардың адекватты жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Нашақорлыққа қарсы шараларды келесідей бөлуге болады:
1. Алдын –алу, ескерту;
2. Емдік – реабилитациялық;
3. Ұйымдастырушылық – басқарушылық;
4. Заңды.
Нашақорлықтың алдын – алу бүгіндері тереңінен бойлап кеткен
бірқатар теріс ұғымдармен кездесіп отыр.
Олардың біріншісі: егер баланы есірткінің зияны туралы қатты қорқытып тастаса, ол оны пайдалануға батылы бармайды. Мұндай қорқыту тиімсіздеу, тіпті бос сөз. Өйткені балаларда әлі де болса болашақты болжау туралы қалыптаспаған, дені сау немесе аз ауырған балалар аурудың не екенін білмейді және одан қорықпайды. Ауру мен өлім туралы қорқытуға жасөспірімнің қорғаныш механизмі бар: «менімен бұл ешқашан болмайды», «бұл менімен бүгін, не ертең болайын деп жатқан жоқ, әрі қарай не болатынын көрерміз», «әдетте үлкендер өсіріп айтады» және т.б.
Екіншісі теріс ұғым: балармен және жасөспірімдермен жұмыс істегенде есірткі туралы үндемеген дұрыс, өйткені ол турал білу олардың тартып көруге, эксперимент жасауға деген қызығушылықтарын оятады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай үндемей қалу ешқашан да проблеманы шешпейді, ол тек жауапкершілікті баланың өзіне артады да, оңтайлы жағдай туғанда оған өз бетімен әрекет етуге бостандық береді.
Үшінші теріс ұғым есіркі жеңуге келмейтін, қатерлі күш, ол кез – келгенді тәуелдеп алады деген. Бұл пікір аурудан шығудың жолы жоқ, ешкім көмектесе алмайды деген душар болу сезімін бетіте түседі.
Нашақорлықтың алдын – алу және нашақорлықтан емдеу салаларындағы әлеуметтік педагог пен әлеуметтік педагогтың әрекеттері қатал заң шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
Бұл саладағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына 1998 жылы шілдеде қабылданған «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымға түсуі мен шектен тыс қолданылуына қарсы шаралар туралы» Заңы мен басқа да нормативтік, құқықтық актілер, сондай – ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім – шарттар жатады.
Ұйымдастыра отырып басқаруды қамтамасыз ету жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы әлеуметтік жұмыстың бағыты ретінде мыналар тұрады:
Жастардың салауатты өмір салтының бағдарламаларын құру және енгізу, оның негізіне жастардың сеніміне ие болудың нашақорландырудың зияндығы туралы ақпараттар беру жатса, мақсатына жастар арасында әлеуметтік тиімді және жас адамның өзін-өзі көрсетте алу мүмкіндігін туғызатын өмір салтының стильдері мен модельдерін қалыптастыру болып табылады;
Жастарды нашақорландыру проблемаларын зерттеуде және шешуде кешенді тәртіп аралық тәсілді жүзеге асыру. Жастарды нашақорландырудың алдын алу мен оны жеңуге қатысы бар барлық: құқық қорғау, психологиялық, медициналық құрылымдарының күштерін біріктіру;
Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықпен күресудің профилактикалық және реабилитациялық кезеңдерінде әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құрылымдардың, жастарды әлеуметтік қолдау орталықтарының әлеуметтік педагогтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің, психологтарының және т.б., мемлекет пен қоғам тарапынан жастарға арналған әлеуметтік-реабилитациялық мекемелер желісінің дамуына барлық жақтан көмек көрсетуінің артықшылығы мен рөлін мойындау;
Есірткілерді жасөспірімдердің, жастардың қолдану проблемаларын жалпы мемлекеттік шаралары мен мемлекеттік жастар саясатының деңгейінде шешу: мемлекет тарапынан жастарды нашақорландыруды алдын-алу.
Есірткіге әуестенушілік себептерінің жастарға тәніне ВОЗ ( Әлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы) өзінің баяндамасында мыналарды көрсетеді:
1. есірткінің әсерін тексеруге деген қызығушылық;
2. белгілі бір топқа жататынын білдіретін белгі;
3. өзінің тәуелсіздігін, кейде қоршағандарға деген өшпенділігін білдіру;
4. жаңа, еліктендіретін, қауіп төндірумен қызықтыратын ләззат алуды сезіну;
5. ойлаудың анықтығын немесе «шығармашылық шарықтау»
6. түгелдей босаңсу сезіміне жету;
7. өзін толғандырып жүргендерден арылу.
Жастарға тән нашақорлық себептері барынша зерттелген. Батыстың дәрігерлері, психологтары мен социологтары оны екі топқа бөледі:
1. сана –сезімге жасалатын эксперимент, оның шегін кеңейтуге әрекет жасау;
2. өзінің ішкі проблемаларын шешуге әрекет жасау.
Бірінші себеп интелектуалды жастарға тән. Мұндай «эксперимент асаушылар» білімді адамдар, олар психоделикалық әдебиеттерді оқып зерттеген, психоделика туралы жаңалықтарды интернеттен тауып оқыған, олар тәуелділікке өту шегінен асып кетпеу үшін тиісті шаралар қолданады.
Бірақ бұл «қауісіздік техникасы » шартты ғана: сана-сезімге эксперимент жасай отырып жас «философтар» әлемдік дінде қабылданған рухани практикаларды да айырбастап алады. Ал бұл – ұшудың әртүрлі тәсілі сияқты: парапланды басқаруды ұзақ уақыт бойы үйрену немесе ұрланған парашютті пайдаланып шатырдан секіру ( оның ашылмауы да мүмкін).
Есірткіге елігудің екінші себебі одан да қауыпты. Жүйкесі тозған, өзіне сенімсіз жасөспірім немесе бозбала, «интеллектуалға » қарағанда, «косяк ұстайық» (анаша тарту) немесе «рахаттанайық » (тамырға есірткі салу) деген ұсыныстарды тез қабылдайды.
Әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, есірткі қабылдайтындарға тән ортақ белгілер болады екен, Олар :
1. өзін-өзі бақылаудың , өзіндік тәртіптіліктің нашар дамуы;
2. әр түрлі қолайсыз әсерлерге қарсы тұра алмаушылық;
3. қиындықтарды жеңе алмаушылық;
4. эмоционалды тұрақсыздық;
5. жағдайларға теріс баға беруге қабілеттілігі;
6. психиканы бұзатын жағдайлардан тиімді жол таба алмаушылық.
Нашақорлықтың таралуының факторларына талдау жасай отырып мыналарды еске сақтау керек:
• ондағы ешбір фактор шешуші, негізгі болмайды;
• факторлардың кейбір жиынтығы ештеңені де анықтамайды, өйткені бұл жағдайларды психотроптық заттардың қоданылуы да, қолданылмауы да мүмкін : күрделі өмірлік жағдайлар, отбасылық теріс тәрбие, қоршаған микросоциумның жалпы білім берудегі және мәдени деңгейінің төмен болуы сөз жоқ көп адамдарға әсер етеді, бірақ оның барлығы нашақор болмайды;
• қолайсыз психофизиологиялық алғы шарттар ( мінез- құлықтың басымдылығы, жеке бастың психоатологиялық дамуы, тұқым қуалаушылықтық салмақ салу ) негізі болып табылмайды және өзбеттерімен ( яғни, әлеуметтік факторларының үйлесімінсіз ) есірткіге тәуелділіктің негізгі детерминанты бола алмайды, өйткені фактілер көрсетіп отырғандай, көптеген жасөспірімдер, бозбалалар көрсетілген алғы шарттарға ие болғанымен кейіннен қалыпты түрде әлеуметтене алады екен
Бұл белгілер тек нашақорларға ғана емес, ол жалпы әлеуметтік бейімделе алмағандардың барлығына тән. Мұндай мінез-құлық көбіне жасөспірімдік шақта жиі кездеседі, әсірісе осы жас қиын, бала тәрбиесіндегі қиындықтар негізінде өтсе күрделене түседі.
3. Жастар нашақорлығын профилактикалауда отбасының, оқу орындарының рөлі
Мектеп оқушылары әлі пісіп жетіле қоймаған жеміс сияқты. Осы жемісті мезгіліне жеткізбей өзегіне құрт түсіретін дерттің бірі-есірткі Оңтүстік Қазақстан облысы Ауғаныстаннан келетін есірткінің қақпасында отыр. Жыл сайын мемлекетаралық жиын өткізетін, есірткі тасымалдайтын дәліздерді анықтаумен, сататын орындары және есірткі тұқымдас өсімдіктерді жоюмен айналысатын арнаулы орындардың мәліметіне қарағанда жасырын өткізілетін есірткінің 12 пайызына дейіні Қазақстанда қалады екен. Ақыл-есі бүтін , келешегіне үмітті аға буын арасынан жақтастарын таба алмаған соң есірткі сатушылар оң-солын әлі айыра қоймаған жастарды жағалауды дағдыларына айналдырған. Героинге олар көбінесе, олар жас балаларды тартады. Алдап түсіру әдісі. Мынаны көрсең, біріншіден , « ешкімге қарамай істегің келген нәсеңді істейсің, шаршамайсың, денең рахаттанып қалады » деп, бірінші бергенде тегін береді. Тегін берген нәрсеге , көбінде ешкім қарсы болмайды. Бір- екі рет қолданып көрген соң, оған ұнап қалады да, ол енді сатып ал деп, ақшаға береді. Оған үйреніп алған адамдар , әсіресе, жастар «героин» алу үшін, ақшаны барлық әдіс- айламен табуға әрекет жасайды. Яғни ұрлық жасайды, үйіндегі заттарды сатады, әке – шешесін алдайды және басқалардың үй – мүліктерін тонауға дейін барады.
Аптасына героинді 2-3 иіскеген адам, 1,5-2 айда онсыз тұра алмайтын күйге жетеді. Көбінесе, героинді қолдану « иіскеу жолы » арқылы басталады. Біртіндеп, уақыт өткен сайын, адамдар героинді пайдалану мөлшерін арттыра бастайды. Енді героин қымбатқа түсетіндіктен, оның 2-пайдалану жолы ( қанға егу) – арзан түріне көшеді. Егер иіскеп 1 пайдаланғанда 1-2 чек жұмсалса (ол 1200 тг) , қанға егуде, 1 чекті 2-3 рет бөліп пайдалануға болады.
Ал, инеге отырған адамдар да, бірте-бірте героинның мөлшерін көбейте береді. Осындай жағдай героиді пайдаланудың үшінші жолында да ( түтінін иіскеу ) болады. Сөйтіп, көбейте-көбейте ақырында, ол мөлшерге адам ағзасы, әсіресе, жүрегі шыдамай, әлсізденіп көз жұмады.
Басқалардың бақытсыздығына қарамай баюдың сұмдық амалдарынан тайынбайтын адамдар бар кезде наркомания бола береді. Ал ондай адамның қай кезде де болғанын және бола беретінін бәріміз білеміз. Демек, нашақорлықты түбірімен жоюға ұмтылу –иллюзия. Сондықтан бүгінгі таңда мәселені оның зардабын мейлінше азайту тұрғысынан қойған дұрыс.
Есірткі тарататындар алғашқы дозаны мектеп оқушыларына тегін тарататыны осыдан. Оларға : « бұны қолданғаннан кейін көз алдын тұманданып, басқа бір әлемге еніп кеткендей боласың. Аз ғана уақытта бүкіл проблемаларды ұмытып, сөйтіп жанын тыныштық табады. Ешкімге тәуелді болмайсың сияқты. » Осылайша адамдар қиындықтардан бойын аулақ салу,
аштықты ұмыту немесе өзінің күнделікті өмір тауқыметін басу үшін есірткілерге бой алдырады.
Кокаин мен героин сияқты кейбір есірткілер өзіне тез арада елітіп алады : адам оның дәмін тек бір рет байқаса болды, одан кейін оны қабылдай бергісі келетіндей сезінеді. Басқа есірткілерге үйрену үшін біршама ұзақ уақыт керек болады. Есірткіге бой үйрену-бұл қауіпті тұзақ, ол айықпас ауруға итермелейді.
Адам өзі үйренген есірткіден алғаш рет бас тартқан кезде ол өзін ауыр сезініп, тәртібі бүтіндей өзгереді. Бұл « бұзылу » деп аталады. Адам мейлінше күйгелек, еңсесі түсіп, ашушаң бола түседі. Ол өзін есірткісіз өмір сүре алмайтындай сезінеді.
Құл қылу үшін кедейдің баласын да нашамен уландырады. Балаңыз жұмыс істеп жүреді. Бірақ, жалақысын әке-шешесі де, өзі де көрмейді. Бір ошақтың басындағы күйеуін әйеліне, қызын шешесіне, ұлын әкесіне қарсы қойып тастайды. Енді біреулері дінге қарсы болады. Тіпті, оларға өлген адамды « мынаны сен өлтірдің » деп көрсетсеңіз сенеді. Жұмысқа алған соң, бір күннен кейін-ақ « сен маған бір миллион теңге қарызсың» десең иланады. Оларда ақша туралы түсінік жоқ. Олар үшін қалтаңыздағы мың доллар мен жүз теңгенін айырмашылығы жоқ. Бұл тәуелділік. Амалсыздан нені айтса, соны істейді. « Әке-шешеңді өлтіресің. Қарызды өтеу үшін үйіңді аламыз» - дейді. Ол амалсыз көнеді. Олар тұзаққа түскен бүлдіршіндердің енді ұзаққа кете алмайтынын жақсы біледі.
Бүгінде Алматы қалалық Нашақорлықтың алдын алу және оларды медициналық әлеуметтік бейімдеу орталығындағы есепте тұрған 300 (265) жасөспірімдердің ең жасы 11- ден 12- ге қадам басқан жас өрім.Орталыққа 6-9 жастағы балалардың иісқұмарлық дертіне ұшырап, үйдегі желім, аяқ киім майын және басқа да өткір иісті заттарға « жерік » болып жүргендерін байқаған ата- аналардың жиі хабарласатынын айтты. Иіске әуестенушілік дегенін нашақорлыққа ұрындырар төте жол екенін ескерте келе, нарколог дәрігерлер баланың әрнәрсеге деген құмарлығы мен қызығушылығы оянар кезеңдерде өте сақ болуды ескертті.
2006 жылы 18-29 жас аралығындағы 215 адам есірткіні мөлшерден тыс көп қолдану салдарынан көз жұмса, осы жылдың бес айында 74 жас ғұмырды қыршынынан қиған.
Есірткіге тәуелді нашақордың басын жазу үшін қажет героиннің күші бас ауруын жазатын дәрінің 350 түйіріне пара пар көрінеді.
Бүгін де Алматыда сегіз мың сегіз жүз он алты адам нашақорлық дерті бойынша есепте тұрады.
Оның 2 мың 159 – ы қыз – келіншектер, 265- і жастар.
Бес айда 704 қылмыстық іс қозғалған. Оның 498-і есірткі саудасына байланысты.
Жыл басынан бері 54 кг, 10 грам есірткі заттары тәркіленген.
Алматы қаласының ең жас нашақоры – 12 жаста, ал иіске жеріктерді 6 жастағы бүлдіршін бастап тұр.
Облыс көлемінде әскерге шақырылғандар дәрігерлік тексеруден өткенде 2500- ге жуық жасөспірімнің есірткі заттарды пайдаланғандары анықталған. Бір -екі рет жүргізілген рейд барысы облыс орталығындағы түнгі клубтарда жастардың есірткіге бой ұрып, елітіп кеткендерін байқатты.
Алматы қалалық наркологиялық орталықтың қызметкерлерінің пікіріне сүйенсек :
Жасөспірімдердің нашақорлыққа түсуіне тікелей ата- аналарды кінәлауға болады. Неге десеңіз, нарықтық қоғамда ақша табамын деп жүріп, олар баласына көңіл бөле алмайды. Бала сабағына барып келген соң, немен айналысарын білмей, босқа сандалып жүреді. Бұзық балаларға қосылып нашақорлыққа салынады. Біздің « Қалалық дәрігерлік әлеуметтік саулық наркологиялық орталығына » мынандай деректер тіркелді. « Family» паркінің маңында бір баланы қинап тамырына наша еккен. Сонымен қатар, он жастағы басқа балаға он алтылар шамасындағы жасөспірім қинап укол салған. Қарап тұрсаңыз, өрімдей жас балалар, рухани әлемдері әлсіз. Бұл орайда, олардың осы індетке шалдығуының басты себебі- зорлық зомбылық- деуге толық негіз бар. Зұлым адамдар қорқытқан соң, амалсыз осы жолға түседі. Екінші себебі – қызығушылық. Қазір мектептің ішінде болмаса да, сыртына келіп сіріңкенің қорабымен наша сататын көрінеді. Бала « бір көрейінші » деп қызығып, уланғанын білмей де қалады. Тағы бір қасіретті әңгімені айтатын болсақ, бізге он үш жастағы бір қыз түсті.Қырық жастағы бір еркекпен дос екен. Екеуі бірігіп ішетіндіктері, наша қолданатындықтарын айтты. Он жасында- ақ бұл індетке шалдыққан.
Статистикаға сүйенсек, қаладағы бес отбасына бір нашақор келеді. Бұл тек статистика, негізіне бұдан да көп болуы ықтимал.
Мектептер мен оқу орындарында « Есірткіге қарсы күрес » тірек пунктері құрылып, оқушылар өз замандастарын салауатты өмір сүруге үндеуде.
- «Семей қаласындағы студент жастардың бастамаларын дамыту және қолдау» - «Салауат» ЖҚБ (Семей қаласы);
- «Өскемен қаласындағы студент жастардың бастамаларын дамыту және қолдау» - Жастар және балалар ұйымдарының Қауымдастығы (Өскемен қаласы);
- «Жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау»-«Шемонаиха аудандық жастар және балалар ұйымдарының Қауымдастығы» (Шемонаиха ауданы);
-«Кәмелетке толмаған жастардың девианттық ұстанымдарының және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу» - «Жас Толқын» мектеп және балалар ұйымдарының қауымдастығы ҚБ (ШҚО);
- «Жұмысқа орналасу, білім алу және кәсіби дайындық, бос уақытты ұйымдастыру және спорт салаларындағы өз құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері туралы жастарды құқықтық насихаттау және
- ақпараттандыру» - «Қазақстанның болашағы үшін» ҚБ (ШҚО) танылды.
Есірткілерді пайдалану және оларға бой үйрену проблемаларын шешу үшін ең әуелі,қолдау көрсетіңіз.
Отбасы, мектептер мен медицина қызметкерлері жасөспірімдерге есірткінің қауіпі туралы айтып беруіңіз керек. Жастарға « өзін жақсы сезінудің », « ересек адам » болудың немесе қарсылық көрсетудің басқа да бұдан гөрі салауатты жолдары бар екенін білуге көмектесіңіз.
4. Қазақстан Республикасындағы нашақорлар санын азайтуға арналған шаралар
Бүкіләлемдік нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Күніне
арналған «Біз – есірткісіз болашақ үшін» іс-шараларын өткізу туралы 2005-2007 жылдары нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу туралы Қазақстан облысының әкімдігі бекіткен аймақтық Бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Осы Бағдарлама негізінде 2007 жылғы 26 маусымда Бүкіләлемдік нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Күні шеңберінде «Біз— есірткісіз болашақ үшін» ашық іс-шаралары болып өтті.
Іс-шаралардың мақсаты : балалар, жасөспірімдер және жастарды салауатты өмір салтын насихаттауға тарту, Қазақстан аймағында нашақорлықтың алдын алу, сүйіспеншілік сезіміне, өз Отанының, қаласының патриоттары болуға тәрбиелеу.
Аталған шаралар көлемінде плакаттар конкурсы, нашақорлыққа қарсы асфальтқа салынған суреттер конкурсы, психологиялық тренингілер өткізілді. Қатысқан балалардың ішінен көзге түскендері, футболкалар, бейсболкалар, арнайы белгілер, күнтізбелер, кітапшалармен марапатталды.
Өткен жылдар ішінде мемлекеттік басқару органдары, білім Департаменті, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі облыстық Басқармасының бірлесе күш салуының нәтижесінде, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен БАҚ –тың қатысуымен Қазақстан заңнамалары талаптарын орындауға деген көзқарас едәуір өзгерген.
2007 жылғы 26 маусымда жасөспірімдер Үйінде Бүкіләлемдік нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Күніне арналған дөңгелек стол отырысы болып өтті. Нашақорлыққа қарсы суреттердің көрмесі ұйымдастырылып, «Жастар және нашақорлық» атты фильм көрсетілді.
Жамбыл облысында үстіміздегі жылдың 5 айында нашақорлыққа байланысты 200 қылмыс анық¬талды. Оның 89 есірткілік заттар¬ды өткеруге байланысты болса, 12-і есірткі контрабандасына қатысты тіркелді.
Жамбыл облысы Қырғыз елі¬мен қойы — қоралас, малы — ара¬лас. Көрші елдердің арасындағы ше¬караның ұзындығы 90 шақы¬рым. Шекара белдеуі, негізінен таулы, қыратты жерлермен өтеді. Бұл есірткі тасымалының жолын кесуде едәуір қиындық туғызады. Мысалы, жылдың басынан бері облыс аумағына бір ғана Қырғыз елінен 150 мың адам келген. Оның үстіне Тәжікстан мен Өз¬бекстан елдерінен шығатын есірткі саудагерлерінің “сүрлеуі” де облыстың авто-темір жол қатынастары арқылы өтеді. Ізін жасырып, өтіп кеткісі келетіндер көп. Осындай арам пиғылды алыпсатарлардың жолын кесу мақ¬сатында мамыр айында “Ка-нал-2006” деп
аталатын кешенді жедел-профилактикалық операция өткізілді. Нәтижесі жаман емес: 18 қылмыс анықталды.
Жалпы, үстіміздегі жылдың 5 айында есірткілік заттарды шека¬радан жасырын алып өтумен және сатумен айналысқан 18 азамат ұс¬та¬лыпты. Оның көпшілігі Қырғыз Республикасының азаматтары болып табылды.
Атыраулық полицейлер есірт¬кінің таралуын тежеу бағытындағы жұмыстарын Ресейдің Астрахань облысындағы әріптестерімен бірге өткізу үрдісін қалыптастырды. Өйткені, екі елдің шекаралас ау¬дандары бір-бірімен аралас-құралас жатыр. Атыраудың Құрманғазы ауданы Астраханьның төрт бірдей ауданымен шекаралас, бір елден екіншісіне кеденшілердің, шекара¬шылардың көзіне түспей, оларды айналып өтетін жолдар жетерлік. Сондай жолдармен контрабан¬далық есірткі тасымалын өткізбеу үшін Атырау және Астрахань облыстарының полицейлері шек-аралас аудандарда кең көлемдегі рейдтік шара өткізіп жүр. Мамыр¬дың соңғы онкүндігінде Атырау облысында “Канал-2006” жедел-сауықтыру кешенді шарасының бірінші кезеңі өтті. Шара бары¬сында есірткінің заңсыз айналы¬мын айғақтайтын 14 қылмыс тіркеліп, 8 қылмыстық іс қозғалып отыр. Оның ішінде есірткі таратуға қатысты – 5, контрабандалық 2 факті анықталған. Бір апталық шара кезінде заңсыз айналымнан 72,95 грамм есірткі заттары (48,01 гр. марихуана, 24,94 гр. героин) тәркіленіпті.
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында (26 маусым) ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналы¬мын бақылау жөніндегі комитеті еліміздегі бұ¬қаралық ақпарат құралдары¬ның жетекшілері¬мен кездесу өткізді. Мұн¬да¬ғы негізгі мақсат — аталған дерттің ал¬дын алу жолында онымен тиімді жал¬пыхалықтық сипатта күрес жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын ортақ іске тартып мүмкіншіліктерін терең пайдалану және оның қызметін барынша жете жұмылдыру.
Біз Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні алдында осы медиа-форумды өткізуге бел будық. Алдын ала ақпарат құрал¬дары¬на өздеріміздің ұсынысымызды жолда¬дық. Ол негізінен телеарналарда нашақор¬лық¬қа қарсы насихат жүргізетін бей¬нетаспалар, радио-хабарларының уа¬қы¬¬тын ұзарту, басылымдарда жария¬ла¬ны쬬¬дар¬ды көбейту. Соңғы уақыттары есірткіге тәуелді жандардың саны артып отыр. Сұраным болмаса, ұсыныс та бол¬май¬ды де¬ген¬дей, бұқаралық ақпарат құрал¬дарының жетекшілерімен бас қосып, біздің салауатты өміріміз үшін осы мә¬се¬леде белгілі бір келі¬сімге келуді ұйғардық, — дейді Ішкі істер вице-министрі – Есірт¬кі бизнесіне қарсы күрес және заңсыз есірткі айналымын бақылау жөніндегі комитет төрағасы Анатолий Выборов.
Әрине, бұл салада бұқаралық ақпарат құралдарының қосып жатқан үлесі зор екендігі сөзсіз. Олар жас ұрпақтың бой¬ын¬да салауатты өмір сүру салтын қалып¬тастыруға барынша ат салысып келеді. Түрлі 53 БАҚ құ¬рал-дары есірткіге қарсы насихат жүргізу¬мен айналысуда. Дегенмен, дөңгелек үстел басында телеарналардан нашақорлыққа қарсы насихаттық бейнекөріністерді көр¬сетуге бөлінетін уақыттың өте қысқалығы айтылып өтті. Бүкіл ел болып,
қоғам болып жұмылып кірісіп жатқан шаруаның өрге басуы үшін оған ортақ іс ретінде қарау керек. Сондықтан жастарды қатерлі дерттен сақтандыратын, нашақорлықтың алдын алатын бейнекөрсетілімдерді телеарналар халыққа тегін жеткізуі тиіс. Өйткені, бұл шаруаның бәрі халық үшін, біздің келешек ұрпағымыз үшін керек нәрсе.
Қорытынды
Елбасы нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің 2014 жылға дейінгі стратегиясы мен 2008 жылға дейінгі іс - әрекет ету бағдарламасын бекіткені белгілі. Егер өткен жылы тіркеуде есіркіге тәуелді 48 мың адам тұрса, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 5 мыңға ұлғайды. Республика бойынша 280 адамға бір нашақордан келеді екен. Есірткінің ең көп тараған жері және нашақорлықпен көп ауыратындар Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарында көрінеді.
Нашақорлыққа қарсы шараларды келесідей бөлуге болады:
1. алдын-алу, ескерту;
2. емдік-реабилитациялық;
3. ұйымдастырушылық-басқарушылық;
4. заңды.
Бірнеше алдын-алу, насихаттау және ағартушылық-тәрбие беру сияқты нашақорлыққа қарсы концептуальдық модельдер бар.Морализация моделі діни қағидаттарға қайшы келетін , есеңгіреудің күнәлігі мен өнегесіздігін дәлелдеу негізінде құрылған.Қорқыту моделі есірткіні қолданудың қауіптілігі идеясын қолдану негізінде құрылған. Танымдық модель есірткінің әсері мен оны қолданудағы қауіптілік туралы объективті ақпарат беруді ұсынады. Мінез-құлық моделі әлеуметтік тренинг арқылы қиын жағдайларды, қарым-қатынас проблемаларын, қоршағандарының қысымына қарамастан есірткіні қолданудан бас тарту проблемаларын жеңуге бағытталған шешімдерді қабылдау дағдыларын үйретуге аса көңіл бөледі. Аффектілі-ағартушылық моделі білім алумен қатар, есірткіні пайдалануға деген сенім, бағалау, эмоционалды қатынастар қалыптасады, әлеуетті қолданушылар мен өзін құрметтеу сезімін, есірткіге орын жоқ жеке құндылықтардың жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Денсаулықты нығайту моделі денсаулыққа зиян келтіретін мінездерге кедергі жасайтын, есірткінің орнын « ауыстыратын » альтернативтік дағдылардың дамуын ( спорт, бос уақытты белсенді өткізу, салауатты өмір салты т.б.) қолдайды.
Нашақорлықтың алдын-алу бүгіндері тереңінен бойлап кеткен бірқатар теріс ұғымдармен кездесіп отыр.
Олардың біріншісі: егер баланы есірткінің зияны туралы қатты қорқытып тастаса, ол оны пайдалануға батылы бармайды. Мұндай қорқыту тиімсіздеу, тіпті бос сөз. Өйткені балаларда әлі де болса болашақты болжау туралы бағдар
қалыптаспаған, дені сау немесе аз ауырған балалар ауырғанның не екенін білмейді және одан қорықпайды. Ауру мен өлім туралы қорқытуға жасөспірімнің қорғаныш механизмі бар : « менімен бұл ешқашан болмайды », « менімен бұл бүгін, не ертең болайын деп жатқан жоқ, әрі қарай не болатынын көреміз » және т.б.
Екінші теріс ұғым: балалармен немесе жасөспірімдермен жұмыс істегенде есірткі туралы айтпау керек, өйткені ол туралы білім олардың татып көруге, эксперимент жасауға деген қызығушылықтарын оятады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай үндемей қалу ешқашан да проблеманы шешпейді, ол тек жауапкершілікті баланың өзіне артады да, оңтайлы жағдай туғанда оған өз бетімен әрекет етуге бостандық береді.
Үшінші теріс ұғым есірткі жеңуге келмейтін , қатерлі күш, ол кез-келгенді өзіне тәуелдеп алады деген пікірге негізделген . Бұл пікір аурудан шығудың жолы жоқ, ешкім көмектесе алмайды деген душар болу сезімін бекіте түседі.
Есірткіге қатысты осы және басқа да теріс ұғымдарды жеңу нашақорлықтың алдын-алудың бір ғана құрамдас бөлігі. Жалпы алдын-алу шаралары мыналардан тұрады:
• жасөспірімдер мен бозбалаларда нашақорлыққа деген адекватты қарым-қатынасты қалыптастыру;
• есірткіні қолдануға тарту мақсатындағы сыртқы қысымды жеңе білу дағдыларын жаттықтыру ( бөтеннің қысымына қарсы тұра біл, « жоқ » деп айт, тәуелсіз бол және т.б.) ;
• балада, жасөспірімде, бозбалада белгілі- жеке қасиеттерді дамыту ( өзін қадірлеу, өзінің қайталанбастығын сезіну, өзінің қиындықтары туралы айтып, көмек сұрай білу және т.б.) ;
• салауатты өмір салтын сүру дағдыларын қалыптастыру.
Нашақорлықпен күресудің халықаралық тәжірибесі нашақорлыққа қарсы саясаттың екі түрлі тұжырымдамасын ұсынады. Мысалы, АҚШ- та ұсынылып отырған дәстүрлі саясат « қауіпті азайту » тұжырымдамасына негізделген, онда есірткінің таралуын төмендету, олардың заңсыз таралуын , медициналық қолданудан басқа жағдайда мүлдем тоқтатуды қарастырады. Оған қол жетізу үшін оларға деген халық тарапынан « тапсырысты азайту » және « сұранысты төмендетуді » есірткілермен және оны қолданумен « күреске » бағытталған заңды шараларды, әкімшілік шешімдерді және дәрігерлік тәжірибеден тұратын қатал репрессивті- шектеулі әлеуметтік технологиялардың көмегімен шешу жодарын қолданады.Елдерде қолданылатын қазіргі саясат « есірткімен күресудің » табыссыз тәжірибесін сыни тұрғыдан қарастырып, « зияндылықты төмендету » тұжырымдамасын құрды, ол проблеманы шешуде тыйым салу-шектеу стратегиясын ғана қолдануға күдік туғызып, есірткінің оңай қолжетерлігіне шектеу жасаудың маңыздылығын мойындап, бірақ таза полициялық шаралардан гөрі жұмсақ, либералды шаралар қолдануды ұсынады.
« Зияндылықты азайту » тұжырымдамасы толықтай есіркіден бас тарту сияқты максимум мақсат қоймайды, ол халықтың әртүрлі категорияларына қолайлы және әртүрлі дәрежеде есірткіге тәуелділікпен ауыратын аурулар орындай алатын иерархиялық аралық мақсаттарды ұсынады.
Либералды саясат- есірткіні сатуға және қолдануға рұқсат беру саясаты. Мұндай саясат, мысалы Голландия мен Данияда жүргізіледі. Либералдық тәсілді қолданушылар ( олар Қазақстанда да бар ) оны былайша түсіндіреді: біріншіден, есірткіні легализациялау наркомафияны дәстүрлі табыс көзінен айырады, ал мемлекет есірткінің таралуын өз бақылауына алады да, бюджетке пайда келтіреді. Екіншіден, есірткіні легализациялау көшедегі қылмысты азайтуға әкеп соғады: есірткінің бағасы түседі, олар қол жетерлік жағдайға келеді де, нашақорлар есірткі сатып алу үшін қылмысқа бармайды. Үшіншіден, жеңіл есірткілер ( марихуаналар және т.б.) аса туелділікті туғызбайды. Төртіншіден, есірткіні қолануға тыйым салу адам құқығын бұзуға әкеліп соғады, ол өзінің өмірін, өз денсаулығын сақтауға ерікті. Бірақ, либералды саясатты қолданушылардың барлық аргументтерін тәжірибе теріске шығарып отыр, мерзімімен марихуана қолданушы біраз уақыттан кейін ауыр есірткілерді- опиум, кокаин, героиндерді қолдануға көшеді.
Репрессивті саясат есірткіні қолданушылардың ізін түсумен сипатталады. Мысалы, Пәкістан мен Сингапурде есірткіні қолданғандар абақтыға отырғызылады, ал есірткіні сатушыларға өлім жазасы кесіледі.
Рестриктивтік саясатты жүргізе отырып мемлекет есіткіні пайдаланғаны үшін жаза қолданбайды, тек ауруларға көмек көрсетеді. Сонымен қатар есірткінің айналымға түсуіне тыйым жасалады немесе қатал бақылауға алынады. Бұл саясаттың маңызды бөлшегіне нашақорлықтың зияндылығын түсіндіру бойынша қарқынды профилактикалық жұмыс жүргізу жатады. Мұндай саясат, мысалы Швецияда ұстанады.
Нашақорлықпен күрестегі тәжірибе көрсетіп отырғандай әзірге тек респрессивті саясат қана нәтиже беріп отыр. Қазақстан үшінші түрін- рестриктивті саясатты ұстанады, бірақ оларды таңдау туралы пікір сайыстар әлі де болса жалғасып келеді және белгілі бір нәтижеге келе алмай отыр.
Жазалау мен қатыгездік әрекеттерден гөрі жақындар мен достарының қолдау мен ізгілік әрекеттері жақсы нәтижелер береді.
Қосымша
Өлу себептерінің негізгі жіктелімі бойынша өлім – жітім
1000 адамға
Жылдар 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Барлық себептерден өлген адамдар саны
995.24
1005.33
1041.50
1014.12
1037.31
1056.3
1071.2
Қатерлі жаңа өскіндерден 19.1 18.9 18.7 18.4 18.4 18.4 18.3
Қан айналымы жүйесінің ауруларынан 495.28 508.91 538.01 518.62 535.49 523.4 518.2
Тыныс органдарының ауруларынан 65.48 66.13 69.11 58.30 58.69 59.0 59.2
Уланудан ( есірткі) және жарақаттанудан 146.17 140.90 143.02 147.39 147.90 150.0 153.1
Тұрғындардың ішімдік пен нашақорлық пен ауру деңгейі 1000 адамға шаққандағы
Жылдар
2002 2003 2004 2005 2006
Аурулардың бірінші белгіленген диагнозы бойынша саны 419.7 424.6 404.1 426.6 398.3
Психоактивті заттарды тұтыну нәтижесіндегі психикалық және іс әрекеттік ауыт қушылықтары барлығы 419.7 424.6 404.1 426.6 398.3
Соның ішінде.
Ішімдікті тұтыну нәтижесіндегі ауытқушылықтар 349.1 363.6 347.7 354.3 328.1
Опиоидтарды тұтыну негізіндегі ауытқушылықтар 39.2 32.7 28.8 34.5 37.1
Каннабиоидтарды тұтыну нәтижесіндегі ауытқушылықтар 17.1 13.4 12.0 16.9 15.4
Ұшпалық қасиетке ие ерітінділерді тұтыну негізіндегі ауытқушылықтар 4.3 5.1 6.0 6.0 5.3
Медициналық мекемелерде тіркеуде тұратын аурулар саны.Соның ішінде: 1921.8 1983.0 1994.7 1992.1 1961.6
Ішімдікті тұтыну нәтижесіндегі ауытқушылықтар 1587.2 1644.4 1651.3 1634.7 1603.3
Опиоидтарды тұтыну негізіндегі ауытқушылықтар 223.1 223.9 226.0 232.9 233.7
Каннабиоидтарды тұтыну нәтижесіндегі ауытқушылықтар 78.1 75.8 74.9 74.9 72.1
Ұшпалық қасиетке ие ерітінділерді тұтыну негізіндегі ауытқушылықтар 8.7 11.0 14.2 16.3 16.4
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар.А.Н.Агафонов, Қ.Н.Меңлібаев.
2. Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс. М.Т.Баймұқанова.
3. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнама 2006 Алматы.
4. Статистический ежегодник. Астана 2007.
5. Егемен Қазақстан. 27 маусым, 2006 жыл.
6. Зиянды әдеттердің ұрпақ тағдырына әсері және денсаулық. Е.Керімбек. Білім 2003.
7. Валеология. Ж.Б. Нілдібаева. 1999
8. Алматы Ақшамы. 2006 жыл.23 маусым.
9. Қазақстан-ZAMAN. 31 қаңтар, 2008 жыл.
10. Арын Р. Национальные интересы и национальная безопасность Казахстана. 1998.
11. Джаманбалаева.Ш.Е. Проблемы наркотизации и алкоголизации в республике. 1998.
12. Мирошниченко Л.Д. Проблемы антинаркотической профилактики в подростковой среде. 2000. №3.
13. Принцип активизации в социальной работе. Парслоу Ф. 1997.
14. Здравомыслова О. Молодежь:поведение отклоняющееся от нормы. 1999. № 9.
15. Социальная педагогика. М. А. Галазова. 2000.
16. Абдиров Н. Политика и стратегия Казахстана в борьбе с незаконным оборотом наркотиков. 1999. №7.
17. Джаманбалаева Ш.Е. Алкоголизация и наркотизация подростков в современном Казахстане: причины, тенденции , способы предупреждения. 2002. № 3-4.
18. Социальная работа: теория и технологии. А. Н. Агафонов. К.Н.Менлибаев.
19. Социальная работа: теория и практика. Учебное пособие. 2004.
20. Система социальной защиты населения и ее проблемы. Г.Н. Сансызбаева.
21. Социальная работа с молодежью. Учебное пособие. Москва 2007.
22. Интернет көздері: www google kz
23. www rambler ru
24. Жас алаш. 2004. 29 сәуір.
25. Түркістан. 2003 .19 Маусым.
26. Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. -1998 № 17-18
27. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы. 2003.№ 48
28. Жетісу. 2005.25 маусым. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Жастар ортасындағы нашақорлық мәні түрлері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жастар ортасындағы нашақорлық мәні түрлері