Педагогика | Әдептілік негіздері

Педагогика | Әдептілік негіздері

Педагогика теориялық ғылым және өнер сипатында
Педагогиканың дамуы мен оның мән-мағынасына зер сала отырып, оның ғылым ретінде де көрініс беретін ерекше өзіндік сипатына көңіл аудармай болмайды.
К.Д.Ушинскийдің пікірінше педагогиканың басқа ғылымдарға ұқсамайтын ерекшелігі: ол теориялық жағынан, біріншіден, оз зерттеулерінің нәтижелерін, қорытындыларын пайдаланады, екіншіден, адам жөніндегі ғылымдардың теориялық идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сонымен қатар, педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті болған ептіліктер, дағдылар мен қабілеттер жүйесін қамтиды. Бұл тараптан ол тәрбиелік шеберлік, өнермен ұштасып жатады. Педагогиканың міне осы ғылымдық әрі өнерлік ерекше сипатына кейбір үстірт ойлайтын адамдар, оны аса қажет теориялық құндылық деп бағаламай, тәрбие ісіндегі ептіліктер мен икемділіктерге бұра салады. К.Д.Ушинский "Тәрбие ісі біршама жеңілдеу көрінеді. Тәрбиеге шыдамдылық керек екені баршаға аян, кейбіреулер ол үшін тума даруы қажет деп ойлайды, тек аздаған механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп, орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланыстарын талдауға сала отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
- басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен қорытындыларының педагогикада пайдалану;
- бұл ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерін шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
- психология, жоғары жүйке қызметі физиологиясы, әлеуметтану және басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нәтижелерін педагогикада қолдану;
- адамды жан-жақты және көптарапты зерттеуде педагогиканың қатысуы.
Жекеленген әдістемелер - окудың жалпы заңдылықтарын және-пәндерді оқытуда қолдану ерекшеліктерін зерттеуші пән дидактикасы.
Педагогика тарихы - әрқилы тарихи дәуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тәжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика, әлеуметтік педагогика ж.т.б.
Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде біздің республикалардағы да әдептілікке мән бермеу, оның бағзы заманнан бері қасиет тұтылып, қастерленіп келе жатқан қағидаларын тәрк ету жаппай әдетке айналып, адамдар қарым-қатынасының бұл аса мәнді саласында жүтаңдық, сұрықсыздық, бел алды. 1990 жылғы тамызда Нөкіс ауданында жүргізген зерттеулерге қатыстырылған 256 адамның 61,1 процента әдеп-инабат нормаларын сақтамайтынын көрсетті.
Әдеп-инабаттылыққа басқарудың әкімшіл-бюрократтық жүйесі, содан туындаған сорақы әділетсіздіктер жаман әсер етті. „Балық басынан шіриді" дегендей, алдымен беделді, басшы коммунистер ата-бабадан келе жатқан халық дәстүрімен және діни нанымымен бекіген инабат, иба, ізет үрдістерін белінен басып жүре беретін болды.
Әдеп-инабаттылық нормаларының бұзылуы көргенділіктің ел арасында әспеттеліп, жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты жоғары, істің көзін білетін та¬лант иелерін даярлауға және оларды ұлттық байлыққа айналдыруға айтарлықтай кері әсерін тигізді.
Парықсыздық, рухани жүдеулік және ізет-инабаттағы кемістік қоғамның өркендеуі мен дамып-нығаюына негіз қалап, жол сілтейтін білімнің беделін түсіріп, оған деген қызығушылықты қатты зақымдады.
Ол жылдардың ең үлкен кесапаты — ұлттық дәстүрлерді насихаттаудың айып санауы еді. Ұлттық әдеп-ізет дәстүрі коммунистік ақылақпен алмастырылды. Сөйтіп, адамдардың бойынан ұлттық сипат атаулы бірте-бірте аластала берді. Дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, соның ішінде білім көзі— ескі кітаптарға дейін социализмге жат нәрсе, ескіліктің қалдығы деп жарияланды. Елдің кәсіби мүмкіндігін өсіріп, өнерін дамытудың орнына халықты - өзінің тарихи-рухани, материалдық-мәдени мұрасынан айыруға күш салынды.
Адам адамға дос, жолдас, бауыр делінгенімен, бұл ұран адамдар арасындағы қарым-қатынастаң орын алмай, шындық өмірдің сыртында қалды. Себебі достық пен туысқандық, салтанат құрарлық тұрмыстық негіз жоқ еді. Қалт-құлт күн көрген адамдарда өздерінің арман-үміттерін жүзеге асыруға деген мүдделілік айтарлықтай сезілмеді және соған деген зәрулік те болмады.
Бізде кеңестік патриотизм (отаншылдық) дейтін социалистік ақылақ (мораль) толық қалыптасқан жоқ және қалыптаса да алмайтын еді. Себебі оның да түбі шикі, қолдан жасалған жалған ұран болатын. Өйткені „Отан от басынан басталады" дейтін ұлы шындық тәрк етілген еді.
Өкінішке орай оны енді ғана, көзіміздің ескі идеологиялық кіреукесі алынған кезде ғана ашық мойындай бастадық.
Сөйтіп, ғасырлар бойы қалыптасып, уақыт сынынан өтіп, екшелген әдеп нормаларын жинап қойып, оның орнына шындық болмыстан қол үзген ақылақ ирициптерін күшпен сіңіруге әрекет етуден түк шықпайтынын өмірдің өзі дәлелдеп берді.
Әдептанудьің негізгі мақсаты адамға жамандықтың зияндылығын түсіндіріп, одан бойын аулақ салуға үйретіп, тура жолды — әдептілік, адамгершілік жолын сілтеуі. Өйткені қоғамдағы ең бағалы адам — ол әдепті адам. Әдепті адамдар — қоғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы да бақуатты. Егер қоғамда тіпті бір адам әдепсіз, яғни өтірікші, екіжүзді, жалақор, ұятсыз, ата-ананы сыйламайтын болса, оның бұл жаман қасиеттері айналасына күйедей жұғып, қоғамға зор зиян келтіреді. Халықтың „Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді" — дейтіні сондықтан. Әдепсіз, дұрыс жолдан тайған адамда жақсылыққа ұмтылдыратын ынта өнгіп, жаманшыдықтың ми батпағына бата беру мүмкіншілігі арта түседі.
Қазақ данышпаны Абайдың: «Қолымда билік күші болса, адам мінезін жөндеуге болмайды" деген кісінің тілін кесер едім» деген сөзінің мәні де соған саяды. Әдеп адамның өмір сүру тәсілі мен өмір жолына байланысты. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі жаттығудың рөлі зор", —де¬ген ежелгі грек философы Демокрит.
Данышпан философ Аристотель: «Барлық өнер атаулы және соның ішінде тәрбие өнері адамға табиғаттан жетіспеген толықтыру мақсатын көздейді», —дейді.
Демек, бұдан әдептілікті танудың әлеуметтік рөлі жоғары екенін аңғарамыз. Әдептілік ережелерін мансұқ көрген қоғам, сөз жоқ, өзінің түбіне жетеді. Әдептілік: турашылдық, азғыруға қарсы тұру, ізеттілік талаптарының бұзылуына, өзін-өзі орынсыз аяқтауға қарсы түру тілегі һәм ұялу сезімі, адамдарға қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігі, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет қылу тілеті, қайырлы іс істеуге, жамандыққа қарсы тұруға ұмтылу, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік, өзінің ғана емес, өзгелердің де тілектерін құрметтеу, ұқыптылық, тазалық т.б. сияқты ұғымдарды қамтиды. Әдептанудың түпкі мақсаты — адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, оның шырмауынан құтылуға үйрету, жас буынға тура жолды — әдептілік жолын көрсету қоғамдағы ең жақсы адам — әдепті одан, әдепті адамдар — қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі екенін ұғындыру. Әдептілік заңы — салтанат құрған қоғамыың абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру