Биология | Дәрумендер

Биология | Дәрумендер

Дәрумендер
Дәрумендер және олардың маңызы. Дәрумендер — ерекше органикалык, заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады.
Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық -түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады.
Дәрумендер латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріп термен белгіленеді.
А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жаңсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз ала-бүғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі.
В дәруменінің түрлері өте көп, В1, В2, В6, В12, В15 . Сондың-
тан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда,
жемістерде және әсіресе ашытңыда болады. В дәрумендерінің'
тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді.
Бүл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдыға-
ды, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады. Ві2
дәрумені жілік майында ңызыл қан түйіршіктерінің жетіліп,
қанға түсіп, оттегін тасымалдауға әсер етеді. Бүл дәрумен
жетіспесе, ңан аздық ауруының тууына себеп болады. ВІБ
дәрумені жүрек қан тамырларының жүмысына және бауыр-
дың серрозит ауруына әсер етеді.
С дәрумені ағзаның түрлі жүңпалы ауруларға қарсы тұ-руыи арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсар-тады. Ол ағзаға қыста және көктемде көбірек қажет. Бүл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістер-ді, ашыған орамжапыраңты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
Д дәрумені денемізде күн сәулесінің әсерімен түзіледі. Бүл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруы мен ауырғанда ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспай, аяң сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бүл аурудан сақтану үшін баланың таза ауада, күншуақта көбірек болуы және ішетін тамаң қүрамында ңажетті дәрумендері жеткілікті мөлшерде болу керек.
Біздің дәрі-дәрмек жасайтын өндірістеріміз тәттімен қап-талған дайын дәрумендер жасайды. Бірақ дәрумендерді- дә-рігердің рұңсатынсыз өз бетімен ауру және дені сау адам-дардың ішуіне болмайды. Дәруменді дұрыс пайдаланбай, оны көп мөлшерде пайдаланса, ңатты ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келуі мүмкін.
К дәрумені қанның құрамындағы қан құюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондыңтан, бұл дәрумен жетіспегенде жараңаттанған адамның қаны ұйымай, қан көп кетеді. К дәрумені орамжапырақта, қызанда, бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру