Экология | Алматы қаласының экологиялық болмысы

Экология | Алматы қаласының экологиялық болмысы

Алматының қазіргі экологиялық болмысы ілкідегідей көрініс байқата алмай отыр. Кезінде бүкіл Кеңес Одағы бойынша ең жасыл қалалардың бірі саналған. Кейін келе Алматының сол сұлулығы мен әдемілігі уысымыздан қалай сырғытып алғанымызды өзіміз де байқамай қалған сияқтымыз. «Себепсіз салдар жоқ ». Олай болса, қала экологиясының күрт төмендеуінің себептері де жоқ емес. Бірінші, қала көшелеріндегі көліктерінің жыл санап ұлғаюы, ал бұл көліктерден бөлінген лас заттар қоршаған ортаға өз деңгейінде зиянын тигізеді. Сондай – ақ қалаға жылу тарататын ірі орталықтардың да бөліп жатқан түтіндері “тақияға тар келмейді“. Мұның сыртында кез келген қиылыстағы жанар жағар май станцияларының іс - әрекеттері өз алдына. Мысалы қазір жерден “тас алып лақтырсаң “ жанар май станцияларына тиеді. Қала ішіндегі алаңқайларға орналасқан ірі демалыс бақтарының тал теректеріне көптеген зиян келтіріп жатырмыз. Осының өзі экологияның бір қадам ілгері басуына әкеліп соғылды. Жалпы осылай тізбектей берсең көптеген мәселені айтуға болады. Қоғамның көлеңкелі тұстарнын суреттеуге шетімізден шеберміз. Он сын айтып аузыңды ауыртқанша нақты бір іс атқарып, нәтижеге қол жеткізгенге жетпейді ғой. Мұндай жүйелі жұмыстарды басталды және қоршаған ортаны қорғауға тек тиісті орындар ғана емес қаланың «еңкейген қарты мен еңбектеген баласына» дейін ат салысу қажет.
Жалпы, Алматы – адамдардың еркін өмір сүруіне жағдайы мол жер. Экономикалық өмірдің өзгеруі, қалалардың ұлғаюы – дүние жүзілік тенденсия. Сондықтан соңғы кездері қаламыз үлкейіп, көліктер саны өсуде. Мысалы, 90-жылдармен салыстырғанда үш есе көбейген. Осы жағдайларға және қоршаған орта мәселесіне алаңдаушылық танытып Елбасымыз 1998 жылдың қарашы айында қала активтерімен кездесті. Соның негізінде қала әкімі В.Храпунов мырза өзі бас болып Алматы экологиясына байлансты «таза ауа – жанға дауа». деген ұзақ мерзімді бағдарлама жасаған болатын.
Қаладағы 70-ке жуық ғылыми орталықтар мен басқа да бақылау органдарының өзара кеңесуінен туындаған бұл бағдарламаның мерзімі 2015 жылға дейін жоспарланған, яғни белгіленген мерзім ішінде Алматының экологиялық жағдайы бір ретке келіп қалар деген ойдамыз.
Бұл бағдарламаның негізгі қаланып жеке – жеке бөлімдерге бөлінген. Атап – атап айтуға да болады.
1. Автокөлік мәселесі. Жоғарыда айттым қала көшелеріндегі автокөліктерде бөлінген зиянды заттар, қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде.
2. Қалаға жылу беретін кәсіпорындардан бөлінетін зиянды қалдықтардың алдын алу.
Мысалы, Алматы 1 –ЖЭО, 2 –ЖЭО, сол секілді ГРэс, бұдан басқа 140-тан аса ірілі – ұсақты қазандықтар бар екен. Осылардың жиынтығы, бағдарламаның екінші факторы болып табылады.
3. Қаладғы тұрғын үйлерден, жылу орталықтарынан бөлінетін тұрмыстық қалдықтар мәселесі. Негізінен қаладан бөлінген күл – қоқыстар Қаскелең бағытына кететін жолдың бойындағы арнайы жерлерге апарып төгіледі. Кейінгі кездері қоқыс таситын көнергеніне байланысты, тағы басқа себептер бар, осы жағынан біраз қиындықтар туындауда.
4. Су мәселесі. Осы күні қала тұрғындары ішіп отырған ауыз суы 120 метр тереңдіктен алынып отыр. Соншама тереңнен алып тұрғанның өзінде ауыз судың құрамында әртүрлі органикалық заттардың бар екені байқалуда. Сол секілді жер асты сумен бірге, жер үсті суының да көптеген шешілмеген түйіндері бар. Бұл бағытта да атқаратын жұмыстар шаш – етектен.
5. Жасыл желек мәселесі. Расында біздің тұрып жатқаг аймақтың жер – жағдай, климаты өте керемет десек мақтанғандық емес. Оның үстінде біздің алдымыздағы аға ұрпақтың өз қолдарымен жасап кеткен демалыс орындары өз алдында. Мысалы, «Бауым бағы» Орталық демалыс бағы, 28-панфиловшылар бағы ауаның тазарып тұруына белгілі мөлшерде пайдалы әсерін тигізеді.
Жасыл желек мәселесіне ағаш тұрғызу да кіреді. Ағашта қартаяды, дауылдан құлайтыны бар . Сәт сайын қадағалап , осылардың орнын тотырып отыру керек. Сонымен бірге кейінгі кездері бой көтерген «Ақсай», «Мамыр», «Жетісу» секілді ықшам аудандарын жасыл желекпен қамтамасыз ету, сол маңайларға әдемі демалыс бақтарының бой көтеруіне ықпал ету.
6. Қала салу мәселесі. Бұл мәселені сөз еткенде қала сыртынан қала салу
деген сөз емес. Жыл сайын жаңа ықшам аудандар бой көтеруде. Сондағы салынған көп қабатты кешендердің талапқа сай болуын қадағалау. Себебі, Алматыдағы бұрынырақ сәулетті құрылыстарда біраз қателіктерге жол берілген. Мысалы, Абай даңғылының бойындағы Республикалық Ұлттық кітапхана тау жақтан келетін самал желдің алдына көлденең салынған. Осы сияқты басқа да құрылыс ғимараттары аз емес. Былай қарағанда күлкілі көрінуі мүмкін, бірақ осыны өзі үлкен мәселе. Осыған байланысты қазіргі күні қаланың ұлғаюына орай үлкен жаспар жасалынап жатыр. Осыған жоғарыдағы жәйттарды кіргізу қажет.
7. Қоршаған ортаны қорғау өз үлестерін қосқан шағын және орта бизнеспен айналысушыларға жеңілдіктер мен көмек қол созу
8. Мониторинг және қадастр, яғни үздіксіз бақылау жұргізіп отыру. Қоршаған ортаның сапасын үздіксіз електен өткізіп тұру қажет. Мұның да өзінің әртүрлі методологиясы бар. Осы бағытта қазір Халықаралық герман көмек көрсету қоғамымен жұмыс жүргізіп жатыр, олардың өздерінің бөлген гранты бар. Сондай – ақ немістің «Консалтинг инженеринг» фирмасы жұмыс істеуде. Осындай жұмыстарды атқарылуымен мониторинг, кадастрдің негізі салынуда.
9. Оқу – білім, ағартушылық арқылы экологиялық мәдениет қалыптастыру. Жалпы, мұндай өтпелі кезеңде қаржы тапшылығына байланысты «экология» деген ұғымға әр адам өз тарапына үңілуі қажет. Сол секілді бала – бақшадағыларға қоршаған ортаны қорғау тақырыбында қызықты үйірме – сабақтар өткізу, тіпті теледидардан фильмдер де көрсетуге болады. Осының бәрі жинақталып, келіп эколошиялық мәдениет дегенді құрайды.
- Осы күні Алматыда нақты емес деректер бойынша 230 – 240 мыңға жуық автокөліктер бар көрінеді. Мұны былай деп екі категорияға бөлуге болады: Кене кезіндегі шығарудан ескі көліктер, қалғандары шет елдік көліктер. Шынын айтқанда бұлардың қай – қайсысы болмасын айналаға орасан зор апат әкелуде. Ол көліктердің шығарған түнінінде ғалымдардың зерттеу бойынша 200 – дей химиялық заттар бар екен. Оның үстіне көптеген көліктер қорғасын қосылған жанар маймен жүретін көрінеді. Зиян заттарды бөлетінін былай алып – қойғанда адам өміріне де әкелетін қалып аз емес.
Тіпті кейде көшеде жүрудің мұң болып етеді. Осындай
себептердің жиынтығы мынаған әкеліп тіреуде:

1. Көлітерге арнайы түтін сорғыштар (католизатор) орнату яғни химиялық заттарды бейтараптандырады яғни ұстап қалады. Қаладағы 6 автопарктегі 300-дей «Икарус» автобустарына арнайы аспаптар орнату туралы нұсқау берілмек.
2. Ерекше қорға алатын аймақтарға автокөліктерді аз жіберу.
3. Қала ішіндегі көліктердің жүру ережесін қайта қарау.
Ал егер жанар – жағар май станцияларының жағдайын айтсақ, қала әкімі бұл жағына да қатты көңіл бөліп отыр. 1998 жылдың қазан экология мәселесімен айналысатын кешендік комиссия құрылған. Бұл комиссия сондай-ақ жанар – жағар май сапасымен де айналысады. Қазір қалада 400-ге жуық контейнерлі жанар май станциялары бар. Енді солардың санын ары кеткенде 140-қа дейін қысқартып, дүниежүзілік талапқа сәйкестендірілген “Texaco”, “Chevron”, “Mobil” секілді тұрақты станцияларға айналдыру жөнінде жұмыстар атқарылуда. Талаптағыдай жұмыс істемегені үшін біраз жанармай станциялары жабылды, көпшілігіне ақылы айып төленді.
Қала ауасын табиғи түрде желдетудің жетімдісіздігінен және тұрақты, жылжымалы көздер сананың жылдан-жылға ұлғаюы салдарынан, қоршаған ортаның ластануы аса қауіп төндіруде. Ең бастысы ауаның ластануы адам деп саулығына қатер төндіріп, ауру түрлерін көбейтіп, жағдайда қиындатып отыр. Жылжымалы көздер ауаға таратын зиянды заттардың азаюына қол жеткізілгенімен, экологиялық жағдай онша жақсарған жоқ. Оның үстіне автокөліктердің көбеюі ауаның жақсаруына кері әсер ету сондықтан қоршаған ортаның ластануы жөнінен Алматы республикадағы ең қауіпті қалаға айналып отыр.
Экологияға кері әсер етіп отырған жағдайлардың бірі-өндірістік және тұрмыстық қатты қалдықтарды қала сыртына шығару, оны арнайы қоқыс төгетін орындарға төгу болып саналады. Тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін және оны көметін жалғыз арнайы алаң Алматы облысының Қарасай ауданына орналасқан. Оның жыл сайын 1млн. текше метр қалдықтарды орналастыруға мүмкіндігі бар. Бірақ, қалалық арнайы қалдықтарды көметін алаңға тұрмыстық қатты қалдықтарды қабылдау тарифы күрт өсіп кеткеніне байланысты, жақын орналасқан мамандандырылмаған кіші алаңдарға қоқыс апару көбейіп барады. Оның үстіне қалада зиянды қалдықтарды көметін арнайы алаңдар болмай отыр.
Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі етіп, онда өткен жылдың қорытындылары және биылғы жылы алда тұрған міндеттер талқыланды. Оған Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министірі А.Самақова, вице-министр Н.Ысқақов, қалалық әкімшілік пен мәслихат, табиғат қорғау ведомствасы, прокуратура қызметкерлері , табиғат пайдаланушылар және баспасөз өкілдері қатысты. Алқа мәжілісінде қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Е.Шатанов, оңтүстік астананың бас инспекторы М.Батырбаев қала экологиясының барған сайын ауырлап бара жатқанын нақты мысалдар келтіре отырып, айтып береді.
-Алматы қаласында, - деді Е.Шатов, - 1132,8 мың адам тұрады. Жер көлемі 287,6 шаршы километрді құрайды. Қалада 7,5 мыңнан аса өндірістік мекемелер, оның ішінде 164 ірі кәсіпорын жұмыс ітейді. Шаруашылық түрінен қала мекемелерінің 90 проценті жекеменшік, қалғанын мемлекеттік мекемелер құрайды. Бүгінгі күні қалада жалпы республика көлемінің өндірістік өнімдерінің 5 пайызы өндіріледі. Қалада құрылыс жылдам дамып келеді. Мұнда 170-тен астам құрылыс компаниясы бір жылда 28,2 млн теңгенің инвестициясын жүзеге асырады. Тек өткен жылдың өзінде дүниежүзінің 97 елімен сауда қарым – қатынасы жүзеге асырылады. Қалада екі мыңнан аса біріккен және шетелдік мекемелер бар. Тек қана 2001 жылы сыртқы сауда айналымы 2,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Алматы – тоғыз жолдың торабы. Мұнда екі темір жол вокзалы, әуежай, үлкен екі автовокзал бар. Қалада еліміздің коммерциялық банктердің 75 проценті , 25 сақтандыру компаниялары, товарлы және қорлар биржалары орналасқан.
Алматы қаласы соңғы жылдары табиғат ерекшеліктері мен және индустриалдық, сорттың тез дамуына туристтерді өзіне көптен тартуда. Мұнда 1000-ға жуық әртүрлі спорт құрылымдары, бассейн, теннис корты, спорт залдарым мен клубтары бар. Казинолармен түрлі мәдени орталықтар да жақсы дамып келеді. Қала ірі қаржы денары болып қала береді. Себебі барлық жиналған салықтардың 68,8 проценті республикалық бюджетке аударылады. Жергілікті бюджеттің қиындығына қарамастан әлеуметтік жағдайларға көп көңіл бөлінеді, қала тұрғындарының 17,6 проценті – зейнеткерлер. Олар қажетті әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген, тұрмысы ауыр отбасыларына да түрлі көмек көрсетіліп отырылады.
Бұл күндері Алматыда 250 мың автокөлік бар. Қалаға келіп кететіндерін қоссақ 320 мыңнан асады. Оған үлкенді кішілі жылу жүйелерінің құбырлары мен өндіріс орындарының мұржаларынан будақтаған қою түтін улы газдар қосыңыз. Алматыда соңғы жылдары жанар май құю станциялары да көбейіп кетті. Мәселен, бір ғана Алматы мен Қаскелеңнің арасында 40 шақты жанар жағар май құю станциясы бар. Үлкен жолдың бойында немесе тұрғын үйлерден тысырақ, қауіпсіз жерге салынуы тиіс. Мұндай шамалардан ауып мықты, ақшалылар белден алып, кез – келген бос жерге орнатып алатыны екінің біріне аян. Егер бір автокөлік күніне 7-10 текше метрге дейін улы газ шығарады десек, жоғарыда айтқан бензин мен дизель отынымен жүретін 250 мыңдай автокөлік қала арқылы өтетін 70 мыңдай көліктің ауаға қанша тонна улы қоспалар шығарып жатқаны белгілі болар.
Біздің қолда бар деректер бойынша Алматы қаласының ластану деңгей; өзінің шырқау шегінде (ИЗА – 13,1) жеткен. Көбінесе Алматы ауысын ластайтындар: көмірқышқылгазы, көмір оксиді, азоттың оксиді мен түтіншаңдар. Ал тұрақты жылу көздерінің қатарына жататын НПК, ТЭЦ-1 жүйесі 8253 тонна зиянды қалдықтар ауада химиялық реакцияға түсіп, бұрынғыдан да қауіпті жаңа қосылыстар түзеді.
Сұлу Алатаудың бауырында жатқан көркем қала шұңқырда орналасқандықтан ауа алмасуы қиын. Оңтүстік астананың ауасының нашарлай түсуіне ең басты техникалық ақаулары бар автокөліктер кінәлі. Ал мамандар автокөліктердің моторларына жанармай толық жана алмағандықтан көмірсу жиелерінің басым бөлігі қара күйеге айналатынын, әсіресе техникалық ақаулы автокөліктерден қара түтін көп бөлініп, қандай түтіндерге өте улы бензапирин деген көмірсутегі болатынын, егер ауа осы затпен ластанса, адамдардың өкпедегі қатерлі ісікпен аурулары жиілейтіні айтады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру