Биология | Автотрофты және гетеротрофты ағзалардың ерекшеліктері және түрлері
Автотрофты және гетеротрофты ағзалардың ерекшеліктері және түрлері
Автотрофты ағзалар (гр. autos — өзі және trophй — қорек) аутотрофты организмдер — қоршалған ортадағы бейорганикалық заттардан фотосинтез немесе хемосинтез процесі нәтижесінде тіршілігіне қажетті органикалық зат түзетін организмдер; химиялық реакциялар барысында босайтын энергияларды немесе сәуле энергиясын пайдалана отыра органикалық емес қоспалардан органикалық заттарды синтездеуші ағзалар. Автотрофты ағзаларға кез-келген жасыл өсімдіктер жатады. Автотрофты ағзалар гетеротрофты ағзаларға қарама-қайшы. Автотрофты ағзаларға жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады. Автотрофты бактериялар минералды заттардан ( H2S NaNO2 NH4 OH ) органикалық қосылыстар түзеді. Бұл процесс химиялық реакциялар (хемосинтез) нәтижесінде атқарылады. Мысалы, топырақтағы нитросомонас және нитробактериялар аммиакты тотықтырып, азот қышқылының тұзына айналдырады да, одан босаған қуатты өз денесінің құрамына енетін заттарды түзуге пайдаланады. Кейбір микроорганизмдерденесінде хлорофилл тектес пигменттер болады, сондықтан олар синтездік процестерге қажет қуатты күн сәулесінен алады. Оларды фотосинтездеушіавтотрофты микроорганизмдер деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар да денесінде хлорофилл болғандықтан қарапайым қосылыстардан — көмір қышқыл газдан — күрделі органикалық заттар түзу процесінде күн сәулесінің қуатын пайдаланады. Кейбір Автотрофты ағзалар витаминдер мен өсуіне қажетті өзге де заттарды қоршаған ортадан алып отырады. Автотрофты ағзалардың басым көпшілігі СО2-ні қалыптастырғыш пентозофосфаттық жол арқылы, ал бактериялардың кейбір түрлері (мысалы, метан түзушілер) СО2-ні басқа жолмен сіңіреді. Автотрофты бактериялар (хемосинтездеуші хемоавтотрофты) хемосинтез, фоторедукция және фотосинтез процестер есебінен өздері органикалық заттар қалыптастыра алатын микро ағазалардың кеңейтілген тобы. Аммиаккүкіртті сутек және темір сияқты органикалық емес заттардың тотығу жолымен өздеріне қажетті энергияны алатын бактериялар. Гетеротрофты ағзалар (грек. heteros – басқа, жат, trophe – қорек) – негізінен дайын органик. заттармен қоректенетінорганизмдер. Олар өз денесінің құрамын бейорганик. заттардан түзе алмайды. Гетеротрофты ағзаларге адам және барлық жануарлар, паразиттік жолмен тіршілік ететін өсімдіктер, саңырауқұлақтар, көптеген микроазғалар жатады. Гетеротрофты ағзалар энергияны органик. заттардың биол. тотығуының арқасында алады. Гетеротрофты ағзалардің қоректенуіне қарай үш түрі болады: сапрофитті немесе осмотрофты Гетеротрофты ағзалар – түрлі ағзалардың тіршілік әрекеті нәтижесінде ыдыраған немесе бөлінген өнімдермен қоректенетін азғалар (ашытқылар, зең микробтары, көптеген бактериялар); голозойлы немесе анимальды Гетеротрофты ағзалар – басқа ағза денесімен қоректенетіндер; паразиттік Гетеротрофты ағзалар – басқа ағза денесіндегі сөлдермен қоректенетін азғалар. Табиғатта аралас қоректенетін түрлері де бар, мыс., арам шырмауық басқа өсімдікке жабысып тіршілік етеді. Жасыл евглена денесінде жасыл пигменттер (хлорофилл) болғандықтан жарық кезде ол автотрофқа, ал қараңғыда – гетеротрофқа айналады. Кейбір өсімдіктер (қырықбуынның спора түзетін бұтақтары, дәнінің өніп келе жатқан тұқымдары) дамудың белгілі бір сатыларында гетеротрофтар болады. Гетеротрофты ағзалар табиғатта синтезделу процесі нәтижесінде аз мөлшерде болса да органик. заттар (мыс., көміртектің 10%-ы) түзеді. Құрамында жасыл пигменттер клеткалардың СО2 сіңіретін қабілеті хемосинтез және фотосинтез процестерінің эволюциясында шешуші рөл атқарды. Қазіргі кезде жануарлар тіндерінің де СО2-ні сіңіре алатын қабілеті бар екені анықталған. Осыған байланысты ағзаларды автотрофтар мен гетеротрофтарға жіктеу – олардың көміртекті сіңіру қабілетіне емес, пайдаланатын энергия көзіне негізделген. Сондықтан Гетеротрофты ағзаларге көміртек көзі ретінде күрделі органик. қосылыстар (көмірсулар, майлар, белоктар) тотығуынан бөлінген көміртекті пайдаланатын азғалар;фотоавтотрофты ағзаларға – фотохим. әрекеттесуді пайдаланатын азғалар; ал хемоавтотрофтарға – органик. емес заттардың тотығуы кезінде бөлінген энергияны пайдаланатын азғалар жатады. Гетеротрофты ағзалар күрделі органик. заттарды ыдыратып және минералдандырып отыратын табиғаттағы зат алмасуда маңызды рөл атқарады. Гетеротрофты ағзалар автотрофты азғалармен бірігіп, табиғатта біртұтас биол. жүйені құрайды.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Автотрофты және гетеротрофты ағзалардың ерекшеліктері және түрлері туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Автотрофты және гетеротрофты ағзалардың ерекшеліктері және түрлері на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat