Педагогика | БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІ
Білім, іскерлік пен дағды ата-аналармен, құрбы-құрдастар мен қарым-қатынаста, ойындар үстінде, кітаптар оқығанда және т. б. игеріледі. Еңбек процесінде адам бай тәжірибе жинақтайды. Затында оқу қызметінен туындайтын игерудің өзіндік ерекшелігі неде? Бәрінен бұрын оның толық жүзеге асуы үшін жағдайлар тек кана мектепте жасалатынын есте ұстау керек, онда балаларға ғылым негіздері оқытылады, онда олардың ғылыми дүние-танымы қалыптасады. Оқу ісі мазмұнының ерекше өзгешеліктері болады: оның негізгі бөлігін ғылыми ұғымдар, ғылым заңдары және соларға сүйенетін практикалық міндеттерді шешудің жалпы тәсілдері құрайды. Қызметтің басқа түрлерінде игеру жанама нәтиже түрінде көрінеді. Мысалы, ойын үстінде бала өзі алған белгілі бір ролді жақсы ойлануға тырысады. Бұл ретте мінез-құлық нормаларын игеру тек негізгі ұмтылысты қанағаттандыру үшін ғана қызмет етеді. Еңбектің негізгі мақсаты — бұйымдар өндіру. Дағдыларды молайту бұл жерде маңызды, бір-ақ жұмыстың жанама нәтижесі ретінде көрінеді. Тек оқу қызметінде ғылыми білімдерді және соларға сәйкес іскерліктерді игеру негізгі мақсат және Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Онын құрамдас бөліктері мыналар: 1) оқу ситуациялары (немесе міндеттері), 2) оқу әрекеті, 3) бақылау, 4) бағалау.
Оқу ситуацияларының ерекшеліктері. Оқу ситуациялары бір қатар ерекшеліктермен сипатталады. Біріншіден, мұнда оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы-практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді. (Ұғымдардың қасиеттерін бөліп алу нақтылы міндеттерді шешу жайлы ғана сөз болады. Екіншіден, осы тәсілдердің бейнелерін қайта жасау оқу жұмысының негізгі мақсаты ретінде көрінеді. Нақтылы-практикалық міндеттердің тікелей өмірлік мазмұны болады және олардың шешімі соншалықты өмірлік мәнді нәтижелерге жеткізеді. Мұндай міндеттерге оқып жаздыратын жазу (жазу орфографиялық жағынан дұрыс болуын талап етеді), математикалық текстік есептерге жауап іздеу (өндірістің қандай да бір ситуацияларына сай келетін қажетті есептеулер), қағаздан ұсақ-түйек жасау (елка ойыншықтары үшін қорапша керек) т. б. жатады. Осы сияқты әр алуан міндеттерді қайсыбір саланың (грамматикалық, математикалық, практикалық) әрбір жекелеген міндетін орындаудың ұзақ тәжірибесін жинақтау жолымен шешіп үйренуге болады. Оның үстіне біртіндеп мұндай міндеттер жағдайында бағдар алу тәсілдері туралы түсінік жинақтала бастайды. Алайда ішкі оқу ситуацияларында нақтылы-практикалық міндеттерді шеше білу басқаша игеріледі. Мұғалім алдымен бастауыш класс оқушысын сол кластағы барлық нақтылы-практикалық міндеттерді шешудің ортақ тәсілін іздеу қажет болатын жағдаймен бетпе-бет қояды. Одан кейін мұғалімнің басшылығымен балалар бұл әдісті тауып, қалыптастырады. Оның жекелеген операцияларын қайта жасау және осы әдісті қолдану жөніндегі шарттар жүйесін игеру — оқушылар жұмысының келесі кезеңі. Сонынан тиісті нақтылы-практикалық міндеттерге кездесе отырып, оларды шешудін игерілген жалпы әдісін бірден қолданып, оқу ситуациясы жағдайында алдын ала қалыптасқан іскерлікті байқайды.
Шынында, оқып жаздыратын жазудан бұрын жұмыс жүргізіледі оның барысында балалар сөздердің құрамын және олардағы әріптердің үйлесу заңдылықтарын оқып үйренеді, дұрыс жазудың жалпы талаптарын қалыптастырды. Математикадан текстік есептерді шығарудан бұрын шамалардың жалпы қасиеттері мен байланыстарын, оларды тексте көрсету жолдарын және олаолы математикалық амалдармен бейнелеу тәсілдерін өтеді.
Осы жағдаилардың бәрінде оалалар оқу ситуациялары жүйесінде жұмыс істейді, олардың негізінде балалар, бір жағынан, берілген материалды үйрену мотивін (сөздердің құрамын немесе шамалардың байланысын не үшін оқып үйрену керек), екінші жағынан, сол кластағы нақтылы міндеттерді шешудің ортақ тәсілдерінің үлгісін алады. Ортақ тәсілдердіңосы арнайы бөлінген үлгілерін қайта жасау меңгерудің басқа түрлерінен оқу жұмысын өзгеше сипаттайды. Мұндай жұмыс нақтылы-практикалық міндеттерді шешуден және ұғымдарды практикалық қолданудан бұрын жүреді. Егер балалар міндеттерді шешу процесінің өзінде осы тәсілдерді игерсе, онда мұндай игеру тек оқу іс - әрекетінің формаларына ғана ие болып қоймай, басқа да заңдылықтар арқылы өтеді. Оқу сптуацияларының мазмұны мен формасы педагогикалық психологияның дидактикалық және жеке методиканың бірлескен құралдарымен анықталады. Зерттеу көрсетіп отырғандай, көпшілік жағдайда сол кластың нақтылы-практикалық міндеттерін шешудің тек жалпы тәсілін үлгі түрінде табу және беру өте қиын. Ұстаздық етудің нақты тәжірибесінде балаларды кейде оқу ситуацияларымен таныстырмайды. Оқушылар іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін жекелеген нақтылы міндеттерді ұзақ уақыт шешудің кезінде стихиялы түрде аңғарады. Бұл жағдайда көптеген және жайлап жойылатын қателіктер байқалады, ал игеру нәтижелері, әдетте жеткілікті түрде қорытындыланбайды және жете түсінілмейді, сол кластың басқа міндеттеріне қиындықпен ауыстырылады, кептеген жеке-дара өзіндік түрлері болады. Егер іскерлік оқу ситуациясы үстінде қалыптасатын болса, онда оқушылар және мұғалім оны алдын ала бөліп, кейбір кластың міндеттерін шешудің жалпы тәсілін үлгі түрінде игеруге арнайы қалыптастырған кезде бұл кемшіліктер орын алмайды. Сондықтан психологияның негізгі талаптарының бірі — бастапқы оқытуды программаның көпшілік тақырыптары мен бөлімдерін балаларды кейбір ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе белгілі бір кластың міндеттерін шешудің жалпы тәсілдерін игеруге бірден бағдарлайтын оқу ситуацнялары негізінде ұйымдастыру.
Оқу әрекеттерінің ерекшеліктері. Оқу ситуацияларында балалар жұмысы түрлі типті іс-әрекеттерден құралады. Олардың арасынан оқу әрекеттері ерекше орын алады. Солар арқылы оқушылар міндеттерді шешудің жалпы әдістерінің үлгілерін және оларды қолдану шарттарын анықтаудың жалпы тәсілдерін қайта жаңғыртып, игереді. Бұл әрекеттер пәндік те, ақыл-ой
шеңберінде де орындалады. Олардың құрамы бір текті емес.
Кейбір оқу іс-әрекеттеріне кез келген оқу материалдарын игеру, екіншілеріне берілген оқу материалының көлемінде жұмыс істеу, үшіншілеріне жекелеген кейбір үлгілерді қайта жаңғырту тән.
Ерекше оқу әрекеттері қайсыбір оқу пәнінің күрделі ұғымдарын игеруге сай келеді.
Арнайы зерттеулерде белгіленгендей сөздердің құрылымы морфемалардың маңызы туралы грамматикалық ұғымдарды толық игеру үшін бастауыш класс оқушылары бірқатар оқу жаттығуларын орындаулары тиіс: 1) бастапқы сөзді өзгерту және оның әр вариантты формаларын немесе туыс сөздерді табу, 2) бастапқы сөздің мағынасын салыстыру және морфемаларды бөліп көрсету, 3) бастапқы сөздің формаларын салыстыру және морфемаларын бөліп көрсету, 4) берілген сөздің морфемаларының функционалды мағынасын белгілеу және т. б. Грамматиканы оқудың алғашқы кезеңдерінде өзгерту және салыстыру әрекеттері ерекше маңызды, бұлар балаларға сөздің мағынасы мен формасының арасындағы қатынасты анықтауға мүмкіндік берді. Осы оқу әрекеттерін меңгермей балалар оны саналы түрде анықтай алмайды, ал одан кейін аталған қатынасты және оның қасиетін кең талдай алмайды. Мектеп тәжірибесінде әр түрлі себептермен балалар аталған іс-әрекеттерді нашар меңгеретін жағдайлардың жиі кездесетіні белгілі. Нәтижесінде олардың сөздердің морфологиясымен таныстығы грамматикаға дейінгі, үйреншікті деңгейде қалып қояды. Бұл ана тілін үйренуді қиындататын басты себептердің бірі (Д. Н. Богоявленскийдің, С. Ф. Жуйковтың және басқалардың зерттеулері).
Сан ұғымдарын игеруде бала бірқатар оқу әрекеттерін, ал олардың ішінен мыналарды: 1) заттық әрекетті (өлшеу бірлігі етіп алынған бір шаманың екіншісіне реттік қатынасын анықтау), 2) ауызша әрекетті (өлшем шамаларын есептеп шығу),3) ақыл-ой әрекетін (алынған нәтижені барлық есептелетін объектілерге жатқызу) орындауы керек.
Сабақ беру процесінде мұғалім жалпы да, жеке де оқу әрекеттерінің бәрінің жиынтығын анық білуі керек, оларды орындауда балалар белгілі бір ұғымды немесе есептерді шешу жолдарын, оқу пәнінің белгілі бір тарауын толық меңгереді. Бастауыш класс оқушыларында талап етілетін оқу әрекеттерінің жүйесін арнайы және табанды түрде қалыптастыру қажет. Оларсыз материалды игеру оқу ісінің шеңберінен тыс өтеді, ал бұл немқұрайды, ұғымдардың таза ауызша сипаттамаларын немесе есептерін шешу жолдарын жаттату жолымен жүреді деген сөз.
Бірақ мұғалім оқу ісінің өз шегінен шығып кететін стихиялы талпынысты тоқтатуға және ерекше оқу ситуациялары ішінде балаларды материалды шын мәнінде игеруге бастайтын іс-әрекеттерді жүйелі қалыптастыруға міндетті. Басында бұл оқуды баяулатады. Бірақ жақсы игерілген оқу әрекеттері негізінде ғана оқушылар алдағы уақытта әр түрлі пәндердің көлемі жағынан айтарлықтай материалдйрын дәл және толық жаңғырта алады. Жекелеген ұғымдарды және есептерді шешу тәсілдерін меңгерудегі бірқатар елеулі кемшіліктер бұл ұғымдарды және есептерді шешу тәсілдерін қалыптастыруда балаларға барлық қажетті оқу амалдары үйретілмегеңдігімен байланысты екендігін зерттеу керсетіпш отыр.
Бақылау әрекетінің ерекшеліктері. Оқу ситуацкяларында толық жарамды жұмыс әрекеттердің тағы да бір типін — бақылау әрекетін орындауды талап етеді. Бала өзінің оку әрекеттерін және олардың нәтижелерін берілген үлгілермен салыстырып бұл нәтижелердің сапасын орындалған оқу әрекетінің деңгейімен және толықтығымен байланыстыруы қажет талқылаудын арқасында оқушы нашар тіпті жаман үлгі мен өзінің оқу іс-әрекеттерінің кемшіліктері арасындағы байланысты сапалы түрде орнатады. Бұл кемшіліктерді жою (жаңа іс-әрекеттер немесе олардың операцияларын енгізу, оларды мейлінше ұқыпты орындау т. б. жолдармен) игеру нәтижелерін жақсартуға және оларды талап етілетін нормаларға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Алғашында бақылауды ұйымдастырудағы негізгі роль мұғалімге жүктеледі. Балалар біртіндеп өз істерінің нәтижесін үлгімен салыстырады, мүмкім болатын алшақтықтардың себептерін таба және оқу әрекеттерін өзгерте отырып, оларды жоя бастайды. Бұл жағдайларда игеру процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы қалыптасады.
Бақылау түрлері сан алуан. Оныц екі формасы ерекше маңызды: 1) шын мәнінде орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижелерін талдау негізінде жасалатын бақылау, 2) ойлау бойынша орындалған әрекеттердің көзделген нәтижелері негізінде болатын бақылау. Бақылаудың қажеттігін және оның іске асу тәсілдерін алғаш мұғалім көрсетеді. Мысалы, бірінші класс оқушысы қандай да бір әріпті жазды, делік. Мұғалім оны элементтерге бөлшектеп, балаға олардың кейбіреулерінің үлгіден алшақтап кеткенін көрсетеді («Мына бөлігі жеткілікті дөңгеленбеген»), алшақтықты оқу әрекеттерінің кемшіліктерімен салыстырады («Мына жерде сен сызықтан бос жер қалдырмадың, мұнда бұрылыс нүктесін тастап кеттің»), Осыған ұқсас жұмыс басқа сабақтарда да әрдайым өткізіледі. Барлық жағдайларда мұғалім балаларды нәтижелерді элементтерге бөлшектеу схемасын меңгертуге және осы нәтижелерді үлгілермен де, әрекеттің шын мәнінде орындалу ерекшеліктерімен де салыстыруды үйретуге тырысады. Мұғалімнің бақылаудың формасын өзгертуге жағдай жасауы ерекше маңызды: балалардың ақыл-ой шеңберінде ғана орындалатын әрекеттердің мүмкін болатын нәтижелерін айқын ұғынатындай іскерліктерін қалыптастыру керек. мысалы, талдаудың «ойша» ғана орындалу кезіндегі берілген сөздің морфемалар құрамы туралы ұғым) Бұл үшін ерекше оқу жұмысын жүргізу дұрыс, оның процесінің қандай да бір әрекеттің заттармен, схемалармен сырттай орындалуы немесе әрекеттің ауызша дауыстап айтылған кездегі орындалуы оның тыныш айтылу (сыбырмен) жолымен орындалуымен, ал одан кейін іштей айту түрінде (алғанша толық, ал одан кейін неғұрлым қысқартлып) алмасып отырады. Балалардың әрекеттерді ойша орындау формасының болуы бақылаудың да көзделген оқу әрекеттері негізінде ғана жүргізілуіне алғы шарт жасайды. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІ туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІ на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Педагогика жоспарымен, казакша реферат жоспар, БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІ