Педагогикалық зерттеу әдістері

Педагогикалық зерттеу әдістері

Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археалоглиялық деректерді пайдаланады. Эгнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда оқу мен тәрбиенің мақсаты, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формациядағы халыктардың мәдениеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылымн еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады. Әсіресе, мұнда жинақталған материалдар алғашқы қауымдағы тәрбиенің шығуын және оның кейбір жақтарын дәлелдеуге көмектеседі.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқару өнері деген мағына береді. Кибернетика жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика — күрделі машиналардардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибериетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.
Педагогикалық әдебиет беттерінде кибернетикалық педагогика деген ұғым жиі жазылып жүр. Оның себебі — кибернетика бірте-бірте педагогикалық құбылыстарға еніп, оларды зерттеуде зор тірекке айнала бастады.
Педагогикалық процесс үнемі кері байланыс арқылы іске асырылады. Педагогикалық процесті ойдағыдай басқару және жетілдіру үшін кибернетиканың бағдарламалап оқыту теориясына сүйеніп, мектеп жұмысында оқыту және бақылау машиналарын, техникалық құралдарды кеңінен пайдалану қажет.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері
Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, эерттеу әдістерін жасайды, Педагогикалық да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білу мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес. Ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан-жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттік нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу тәрб ие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Бақылау әдісі. Бұл педагогикалық мәселелерді зерттеуде жиі қолданылып жүрген әдістердің бірі. Бақылау деп әдеттегі жағдайда педагог икалык, құбылыстарды қабылдау арқылы тануды айтады. Ғылыми бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен техникасы дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау эерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс және шын дәлдікпен жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылайдың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және оның жоғары дәрежелі сауаттылығына байланысты.
Педагогикалық бакылау — бұл белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеудің таным әдісі. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие процесінде жалпы мәселелерді зерттеу үшін (сабақ үстіндегі оқушылардың таным іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалар ұжымының іс-әрекеті және т.б.) жаппай бақылау әдісі пайдаланады. Жеке мәселелерді (кейбір оқушылардың кітаппен, картамен істейтін жұмыстарын, жеке оқушының мінез-құлқын бақылау) зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулаларды, кестелерді, фотосуреттерді, схемаларды, әсіресе техникалық құралдарды, қиноға түсіру, магнитофонға жазу және т.б. кеңінен пайдаланылады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хатнамаға жазылады.
Кейде педагогикалық бақылау материялдарын зерттеуші сауалдама мәліметтерімен толықтырады. Оқушылардың мектеп қызметкерлерінің, ата-аналардың сұрақтарға берген жауалтары эерттеліп отырған проблемаға қортынды жасау үшіи зор тірек. Бақылау әдісі зерттеу жұмысының алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Бақылау әдісі арқылы педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық сенімді мәліметтерді алуға болмайды. Бақылау әдісіне сүйеніп, оқушылардың сырттай мінез-құлқын, түрлі іс-әрекеттерін, сұрақтарға берген жауаптарын зерттеп жазып алуға болады. Осы жағдайлар ескеріліп, бақылау әдістерімен ұштастырылып жүргізіледі.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтерін әңгіме әдісі арқылы түскен материалдармен толықтырады. Әңгіме әдісін дұрыс қолдану үшін арнайы жоспар жасап, онда негізгі сұрақтар мен жанама сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен тәсілдерінің нақты көрсетілгені жөн.
Педагогикалық құбылыстарды анықтау үшін әңгіме мұғалімдер мен сынып жетекшілері, мектеп басшылары мен ата-аналар және басқа да қажетті адамдармен жүргізіледі. Әңгіме барысында зерттеуші жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін еске алады. Кейде әңгімеге қатысушы шәкірттер зерттеушінің сұрақтарына ойдағыдай жауап бере бермейді, керек десе, олар сақтанып, өздерінің ойын шын мағынада айтып беруден де баС тартады. Сондықтан әңгіме зерттеушіден үлкен дайындықты, зор шеберлікті, зейінділікті талап етеді.
Әңгіменің барасы хатнамаға жазылады. Кейде зерттеушілер ге елеусіз жағдайда әңгімені магнитофон арқылы жазып алуға да болады. Әңгіме әдісі эксперимент және бақылау әдісімен байланыстырылып жүргіэілгенде ғана нәтиже береді.
Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық экспериментгерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі — экспериментті, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады. Эксперименттік объектіде, мысалы, эксперимент зерттеушінің ғылыми жаэба ұсынбасы бойынша, ал бақылау объектісінде — әдеттегі оқу бағдарламалары мен оқулықтарға сәйкес жүргізіледі. Мектеп жағдайында бір топ оқушыларды немесе толық сынып ұжымын, мектептен тыс жағдайда өндірістік звено немесе бригаданы эксперимент объектісі етіп, ал екінші бір топ оқушылардың немесе толық сынып ұжымын, сол сияқты өндірістік звеноны немесе бригаданы объектісі етіп алуға болады.
Зерттеу жұмысы нәтижелі болу үшін экспериментті және бақылау топтарындағы, сыныптардағы, бригадалардағы оқушылардың сан және сапа жағынан теңдестіріліп алынған жөн.
Сонымен бірге мұғалімдердің қабілетінің, білімі мен стажының да шамалас болғаны шарт.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиет терде экспернменттің бірнеше түрлері қолданылып келеді. Олардың бірі — табиғи эксперимент — бұл сыныпты, бүкіл ұжымда оқу тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда жүргізіледі.
Мектептердегі озат тәжірибелерді зерттеу барысында пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан жасалған оқулықтардың немесе оқу бағдарламаларының тиімділігін арнаулы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді.
Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперимент деп атайды.
Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің мұндай түрін лабораториялық зксперимент деп атайды.
Әрбір эксперименттің мақсаты зерттелетін тақырыптық сипаты мен мазмұнына, ал мерзімі — мақсатына байланысты.
Эксперимент басқа ғылыми-зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді. Бірақ эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып жннақтау үшін бақылау, әңгіме, құжатгармен танысу сияқты зерттеу әдістері де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық құралдардың да кеңінен пайдаланылғаны жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде математикалық және кибернетикалық зерттеу әдістерін пайдалану мәселелері сөз етіле бастады. Бұл әдістерді қолданудың кейбір тәсілдері. Ительсонның кітабында көрсетілген. Математикалық және кибернетикалық әдістер техника мен жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданыла бастады. Осы әдістерге сүйеніп, кибернетиканың математикалық статистиканың, ықтималдықтар теориясының жетістіктерін педагогикалық зерттеулерде пайдалануға болады, бірақ педагогикалық ғылымда бұл әдістерді қолдану мәселелері әлі өз дәрежесінде шешілген жоқ. Өйткені, педагогикалық құбылыстардан, сапалық өзгерістері мен өзара сандық байланыстарын арнайы өлшеу арқылы анықтау өте күрделі проблемалардың бірі. Мысалы, оқушылардың сабақ процесіндегі қабілетін, белсенділігін немесе құлықтық сапасы (патриотизм мен и нтернационалиэм, адалдық пен шындық) сияқты педагогикалық құбылыстарды өлшеуге болар ма еді? Әрине, бұл сұраққа бірден болады деп жауап беру мүмкін емес. Себебі, баланың іс-әрекеті. мінез құлқын, оның әлі де толық танылмағаны психикасына байланысты.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болмай, барлық мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет, Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізде меңгеріп, социология және психология ғылимдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін жан-жақты зерттей алатын болады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру