Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет
Нарықтық қатынас кәсіпкерлік міндетті істі орындайтын, нарықтық шаруашылықты жүргізетін субъектілердің қызметін ұйғарады.Дәстүрлі кәсіпкерлік қызмет тек пайда алу үшін ғана өндіріс факторларын жүйелі пайдаланып келді. Өтпелі кезеңді бастан кешіріп отырған қоғамның нақты жағдайына сәйкес нарықтық экономиканың тиімді құрылымын қалыптастырудың қажеттілігі мен осы өтпелі нақты жағдайына сәйкес келетін стандарттарды, әдет-дағдыны қалыптастыру қажеттілігін ұштастыруы тиіс күрделі де ұзақ уақытты керек ететін міндетті шешім алу қажет.
Кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайда:
-алдымен жаңа экономикалық қатынастар мен жаңа экономикалық құрылым пайда болады, содан кейін осы қатынас пен құрылымға араласатын адамдар жаңа әлеуметтік сапаны иеленеді.
-кәсіпкерлер пайда болуы үшін кәсіпкерлік заң тұрғысынан реттеліп , белгілі бір іспен айналысуына қажетті тауашасын алуы керек;
-реформа стратегиясын саналы түрде таңдау кәсіпкерліктің айрықша жолмен қалыптасуына әсер етеді.Кәсіпкерліктің айрықша қалыптасуына тән бір нәрсе – бұл айрықшалықтардың стратегиялық мінез- тәртібі шектеулі күйінде қалған. Бұл мінез (яғни, айрықшалық) кәсіпкерлікті қалыптастыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен ғана анықталып қоймай, сонымен бірге осы заманғы экономикалық ахуалдың өзіндік ерекшелігіне де қатысты болады;
- кәсіпкерлікке тән мінез өндірістік секторлармен айналысатын көптеген кәскерлер үшін қысқа мерзімді мақсаттарының шамадан артық көрсетілетін әсері болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет – мүлікті пайдаланудан, тауарларды сатудан және қызмет көрсетуден жүйелі түрде пайда алуға бағытталған қызметін өз тәуекелімен дербес жүзеге асырады. Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгілері:
1. нарықтық экономика субъектілерінің дербестігі. Ешкім де басқа біреуді кәсіпкерлік қызметтің ана түрін істейсің немесе мына түрімен айналысасың деп мәжбүрлей алмайды;
2. өндіріс факторларын қиындастыруға, инновацияға, жаңа еңгізулерге негізделген бастамашылдығы;
3. тәуекелділік;
4. пайданы жүйелі алуға бағытталғандығы;
5. шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіби қызметі.
Кәсіпкер терминін XVIII ғасырдың басында өмір сүрген француз экономисі Ришар Контальон енгізген болатын.Контальон кәсіпкерлікті жүйелі сипаттаған алғашқы бизнес теоретигі. Ол кәсіпкерлікті ерекше түрдегі қызмет ретінде ұғып, кәсіпкерлік қызметте әрдайым ұштастыратын тәуекелділік элементін айтып кетті.
Кәсіпкер сөзі жаңа кәсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.
Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қиындастыруларды, жаңа нарықтағы әрекетті, жаңа өнімдерді жасауды және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.
Кәсіпкер және менеджер ұғымдары синоним болып табылмайтынын тусіну аса маңызды.Америкалық индустрияның негізін XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы батыл, саусақпен санарлық кәсіпкерлер қалады.Олардың аттары: Джон Д. Рокфеллер (мұнай), Дж. П. Морган (болат және банк ісі), Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд (автокөлік).
Әр жыл сайын жаңа бизнесті қолға алатын жүз мыңдаған адамдар да кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші рольді ойнайды.Кәсіпкерлік сипатына ие шағын бизнес АҚШ экономикасында маңызды орын алады.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлерді былайғы жұрт «өзгерістердің бегзадалары» деп атауы әдетке айналған. Кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мақсаттарын қалыптастыруға белсенді қатысып, осы ұйымдар қызметінің бастапқы кезінде өздері бас-көз болатын барлық кәсіпкерлерді менеджер деп атауға болады.Олардың кейбіреуі кәсіпорынды дамытудағы өзінің қызметін тек бастапқы кезінде ғана емес, сондай-ақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, қызметін жалғастыра береді. Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау сияқты басқару қызметін тиімді орындауға қабілет- бейімі бола бермейді.Егер аса көрнекті кәсіпкердің менеджерлік қабілеті төмен болып жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ. Белгілі болғандай, менеджменттің бірыңғай тұжырымдамасы жоқ. Тіпті, менеджердің еңбегіне қатысты көзқарастарда да бірауыздылық жоқ. Бұл өзінің жеке ісің болса да, немесе компаниядағы қалыптасқан құрылымда істесең де кәсіпкер болу оңай емес. Ұйымдар да, қоғамда қаншалықты пайдалы болатынына қарамастан қандай да бір өзгерістерге қарсыласып бағады.Сондықтан да кәсіпкерліктің философиясы танымға және мәселелерді жете ұғынуға бағытталған. Мысалы, АҚШ-та шағын және ұсақ кәсіпкерліктің үлесіне жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 40%-ы және шамамен 40% жұмысшы күшінің жиынтығы тиеді екен. Кәсіпкерлік бастама (инициатива) алдын ала болжанған нәтиженің логикалық салдары болып табылады. Кәсіпкерлік бастамасыз ұтқыр идея мен «ең жоғарғы технология» автоматты тұрғыдан экономикалық жетістікке жеткізбейді. Маркус Валленберг (Швецияның банкирі, фабриканты және менеджері) «кәсіпкерлік- жаңа техниканың пайдалануына қойылатын негізгі талап» деген ойды айтыпты. Дамушы елдердегі ең үлкен қиындықты табиғи ресурстардың жеткіліксіздігі немесе техникалық-технологиялық ноу-хау деңгейінің төмендігі емес (бұлар сөзсіз шешуші роль ойнайды), капиталдың жетіспеушілігі тудырып отыр. Бастапқы кезеңде кәсіпкерлікті дамытуға септігін тмгізетін дәстүр мен саяси жүйенің жағдай тудыратын қолайлы атмосферасының болмауы да бұл істің бірден өркен жайып кетуіне кедергі болады. Мақсаттарды анықтап алу- мол табыстың көзі. Мақсаттарды анықтаудың маңыздылығын кезінде Аристотель де былай деп атап кетіпті: «игілік барлық жерде екі шарттың сақталуына қарай болады: 1.қандай да бір қызметтің түпкі мақсатын дұрыс белгілеу және
2.түпкі мақсатқа жеткізетін тиісті құралды іздеп табу». Спиноза Барух (XVII ғ. нидерланд философы) мақсаттың ролін «Мақсат әлемді билейді» деп қысқа да нұсқа анықтап берді. Кәсіпкерлік қызметке мына сипаттар тән: - Шектеу- қоршаған ортаны өзгерту қабілеті. Әр түрлі тәртіп тәсілдерін қабылдай алатын қабілет. - Көтермелеу және өндіріп алу жүйесі- шығармашылықты, бастаманы көтермелеу. Бастама болмаған жағдайда өндіріп алу. - Мәселе- қайталанбайтын, жаңа. -Басшылық стилі- қатерлі әрекетті ұйғарады.Өзгерістерді жатырқамауы үшін адамдарды жігерлендіру. -Ұйымдық құрылым- икемді, құрылымы да өзгере алатындай болады.Қызмет мәселелерге қарай ұйымдастырылады. -Баламаларды (альтернатив) бағалау – баламалар жиынынан ең жақсысы таңдап алынады. -Тәуекелділікке қатынас- жасампаз тәуекелдік. Тәуекелдік нұсқалардың жиынтығын теңгерімдеу.
Жалдамалы еңбек негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет кәсірорын ретінде тіркеледі.
Барлық нарықтық экономикалы елдерде сан және сапа параметірлері бойынша айрықшаланатын сан алуан кәсіпкерлік фирмалар бар.
Негізгі сапалы параметрлерге фирма сүйенетін мұндай шектеудегі меншік типі жатады.
Кәсіпкерлік фирмалар меншік типтері бойынша ара жіктері ажыратылып көрсетіледі:
-жеке фирмалар;
-жауапкершілігі шектеулі емес ұжымдық кәсіпорын;
-кәсіпорындардың бірлестігі;
-фирманың филиалдары мен өкілдіктері.
Сонымен бірге, кәсіпкерлік фирмалар басқа да сапа параметрлері бойынша айрықшаланады. Мысалы:
-қызмет сипаты мен мазмұны бойынша;
-шығарылатын өнімдердің көлемімен және ассортиментінің әр түрлілігімен;
-әр түрлі фирмалық одақтарға кіру тәсілдері бойынша;
-бәсекелестік күресті жүргізудің әдістері мен тәсілдері бойынша және т.б.
Кәсіпкерлік фирманы шектеудің негізгі сандық параметрлеріне мыналар жатады:
-қызметкерлердің саны;
-капиталдың жылдық айналымы.
АҚШ-та қызметкерлердің сандық өлшеміне сәйкес мыналар бөліп көрсетіледі:
-өте ұсақ кәсіпорын (10 адамнан көп емес);
-ұсақ кәсіпорын (20 адамнан көп болмайды);
-шағын кәсіпорын (99 адамнан артық болмайды);
-орташа кәсіпорын (500 адамнан көп емес);
-ірі кәсіпорын (500 адамнан көп).
Капиталдың жылдық айналымының өлшемі бойынша, мысалы, Германияда кәсіпорындар былайша бөлінеді:
-ұсақ(жылдық айналым 25000 маркіден көп емес)
-орташа және ірі (айналымы 25000 маркіден де көп).
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды міндеті объектінің тиімді іс-әрекет жасауын қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпкерлік дербес қызмет ретінде субъектілердің қызметін өз бетінше, еркін жүзеге асыруын ұйғарды;
-кәсіпкерлік қызмет түрлері мен салаларын таңдау арқылы;
-осы қызметтердің бағыттары мен әдістерін таңдау арқылы;
-шаруашылық шешімдерді қабылдау мен және оларды жүзеге асыратын құралдарды таңдау арқылы;
-өндірістік бағдарламаны қалыптастырумен , өнім мен қызмет көздерін және еңбек ресурстарын алатын көздерді таңдау арқылы;
-өткізудің арналары мен әдістерін таңдаумен;
-еңбекақы жүйесін және мөлшерін белгілеу арқылы;
-өнім мен көрсетілетін қызметтің тарифтері мен баға деңгейін белгілеумен;
-салықтың төлемін және басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын кәсіпкерлік қызметтен түскен пайданы иеленумен.
Кәсіпкерлерге мыналар тән:
-қызмет салаларын кәсіби тұрғыдан меңгеру;
-нақты басқару білімдеріне ие және өндіріс, өткізу мен маркетингтік қызмен тәжірибесі болады;
-ресурстар мен қаржылық қаражатты қажет ететін нарықтағы жағдайды және өз мүмкіндіктерін дәл бағалай алады;
-экономикалық тұрғыдан тұжырым жасай білуі құзіреттілігі, іскерлік мәдениеті, нақты әдет-дағдысының болуы;
-өндірісті ұйымдастыра білуі және мақсатқа жетіп,пайда алу үшін тәуекелге бел буып, әрекет ету;
-нарықтың мүмкіндіктері мен жаңашыл идеяларды талдап, пайдалана білуі.
Түйіндеме.Кәсіпкерліктің мәні нарықтағы болжауға келмейтін белгісіз жағдайында капитал, мүлік, патенттік құқық және басқа ресурстар түріндегі меншікті тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін тауып,осы мүмкіндіктерді нақты іс жүзіне асыруға қол жеткізу болып табылады.
Бұл ең алдымен өз мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерлік фирмалардың жетістік деңгейін бейнелейтін объективті категория. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлер жетістікке жеткізетін кепілдеме бермесе де, соған үміттендіретін шешімдерді жиі қабылдауына тура келеді.
Кәсіпкерлер қатер кәсіпкерлік фирмаға қатысы бойынша сыртқы ортадағы болжауға келмейтін белгісіздікке орай объективті негізге ие. Сыртқы орта фирма өз қызметін асыратын объективті экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайларды қамтиды.
Ахуалдың болжамсыздығы былайша анықталады: фирманың қызметі мінез-құлықтары шамамен дәл анықтала бермейтін көптеген өзгерістерге, контрагенттерге және тұлғаларға тәуелді.
Кәсіпкерлік қатерді әр түрлі белгілер бойынша былай жіктеуге болады:
1. Тәуекелділік пайда болу табиғаты бойынша былай жіктелмек:
а) меншік шаруашылығы;
б) кәсіпкерліктің жеке тұлғасына байланысты;
в) табиғи факторлармен себептес.
2. Пайда болу себебі бойынша тәуекелділікті мынадай салдармен бөліп көрсету мақсатқа лайықты:
а) болашақтың болжауға келмейтіні;
б) серіктестіктің мінезінің жұмсақ болуы;
в) ақпараттың жеткіліксіздігі.
3. Сақтандырылу мүмкіндігі бойынша кәсіпкерлік тәуекелділікті былай жіктеуге болады:
а) сақтандырылатын;
б) сақтандырылмайтын.
4. Кәсіпкерлік мәселені шешу кезеңдеріне қарай қатер мыналарда пайда болады:
а) шешім қабылдауда;
б) шешімді жүзеге асыруда.
5. Фирмаға ықпал ететін әсердің ұзақтығы бойынша:
а) қысқа мерзімді;
б) ұзақ мерзімді.
6. Болжамды нәтижелер бойынша тәуекелдік былай жіктеледі:
а) алыпсатарлық;
б) жай.
7. Пайда болу саласы бойынша:
а) сыртқы;
б) ішкі.
8. Ауқымы бойынша:
а) қысқа;
б) ғаламдық.
9. Ұйғарылу деңгейі бойынша:
а) ұйғарынды;
б) қиын;
в) апатты.
Тәуекелділіктің түрлері:
- саяси;
- экономикалық;
- техникалық.
Экономикалық қатер мына тәуекелділіктерді қамтиды: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, кредиттік, инвестициялық, ақпараттық және т.б.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік ұйымдардың үш формасы бар: жекеше шаруашылық, серіктестік, корпорация.
Жекеше шаруашылық- бір меншік иесі шешімді өзі жекеше қабылдап, барлық істің жауапкершілігін өз мойнына алады.
Бірқатар бағалаулар бойынша, АҚШ-та 1980-ші жылдардың ортасында фермерлік шаруашылықтарды қоспағанда 7 млн. жекеше шаруашылық болған екен.
Жекеше шаруашылықтың артықшылығы меншік иесі істің барысына толық бақылау жүргізеді.
Кемшілігі- капитал мөлшері мардымсыз болады; меншік иесі залал, зиян, ысырап, қарыз үшін жалғыз өзі ғана жауап береді.
Серіктестік- екі немесе одан да көп кәсіпкерлер шешімді бірігіп қабылдайды әрі барлық іс үшін жеке жауап беретін кәсіпкерліктің ұйымдық формасы, АҚШ-та олардың саны 1 млн.-ға жетті.
Серіктестік жекеше шаруашылыққа тән алғашқы кемшілікті жеңуді көздейді.Барлық серіктестіктер, меншік иелері залал, ысырап және т.б. орын алған жағдайда бірдей жауап береді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген болады. Бұл жағдайда ортақ иеленушілер белгілі бір шектеулі мөлшерде капитал қосуға құқылы болады және кәсіпорын атынан басқару ісіне немесе келісімге қатыспайды. Серіктестік көбінесе құқықтану, медицина, брокерлік салаларында тараған.
Корпорация- әдетте кәсіпкер меншік иесі мен меншіктен бөлек, қаржылық жауапкершілігі де шектеулі болатын акционерлік меншік негізіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық формасы.
Артықшылықтары:
- ол акцияларды сату жолымен елеулі капиталды өз жағына тарта алады;
- корпорацияның меншік иелері, акционерлер фирманың міндеттемелері бойынша материалдық тұрғыдан жауап бермейді, олар банкрот бола қалған жағдайда тек акцияларының құнын ғана жоғалтады;
- корпаративтік форма тәуекелдік деңгейі жоғары аса үлкен ауқымдағы өндіріске ірі капитал қажет болатын жағдайда іс жүзінде өзінің ұтымды әрекет ететінін дәлелдеген.
Корпоративтік кәсіпкерліктің кемшіліктеріне жататындар:
- корпорацияны басқару ісіне барлық акция иеленушілердің қатысу мүмкіндіктері болмайды;
- фирманың қызметіне бақылау жүргізеді;
- акционерлерге екі жақты салық салынады; пайдаға салынатын салық- дивидендтің шамасын кемітеді;
- дивидендке салық салу.
XX ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында АҚШ- тағы корпорациялардың саны 2 млн.- ға жетті.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Экономика жоспарымен, казакша реферат жоспар, Экономикалық басқарудағы кәсіпкерлік қызмет