Экономика | Банктегі қаржылық есеп қисап

Экономика | Банктегі қаржылық есеп қисап

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналсатын субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерінің есебі
Несие- бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие- бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және субъектінің банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім-шарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін оюъекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның өтеленетін мерзімі, міндеттемесі, өзара қамтамасыз ету түрі, проценттік өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.
Банк мекемелері несиелерінің есебі
Несиенің бұндай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітетін «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру» ережелеріне сай жүргізіледі. Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімдік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде беріледі. Несие алу үшін шаруашылық суъектілері банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес жоспар және тағы басқадай құжаттар табыс етуі тиіс. Банктен бірінші рет несие алайын деп отырған кәсіп- орындар мен ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы басқа құжаттарды табыс етуі керек.
Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі
Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие алуына құқығы болмады. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы тәртәптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға, яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде қабылданған бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында пассивті 602-«банктен тыс мекемелердің несиелері» -деп аталатын шот қарастырылған. Бұл шоттағы банктен тыс мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін операцияларға жазылатын бухгалтерлік жазулар, банк несиелері бойынша операцияларға жазылатын жазумен ұқсас болып келеді.

“КАЗКОММЕРЦБАНК”
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
2005 жəне 2004 жылдардың
31 желтоқсанында аяқталған жылдардағы
Шоғырландырылған қаржы есептілігі
жəне Тəуелсіз аудиторлар есебі


«Казкоммерцбанк» А. (бұдан әрі – “Банк”, «Казкоммерцбанк») акционерлік банк болып табылады және 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыруда.Банктің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі № 48лицензияға сәйкес реттейді. Банктің негізгі қызметі коммерциялық банктік қызмет, бағалы қағаздармен, шетелдік валютамен және туынды құралдармен операцияларды жүзеге асыру, несиелер мен кепілдіктер беру болып табылады.Банктің Қазақстан Республикасында 22 филиалы және Лондонда (Ұлыбританияда) өкілдігі бар.Банк банктік топтың (“Топ”) бас компаниясы болып табылады, оған қаржыесептілігінде шоғырландырылған мынадай компаниялар кіреді:
Банктің капиталға қатысу үлесі
Атауы қызмет жүргізілетін ел 2005 2004 қызметтері
«Казкоммерц Секьюритиз» А. Қазақстан Республикасы 100%
Бағалы қағаздар рыногындағы операциялар «Казкоммерц-Полис» СК А. .Қазақстан Республикасы 65% 65%
Сақтандыру «Процессинговая компания» ЖШС
Қазақстан Республикасы 100% 100%
Карточкалардың төлемдік
және басқа да түрлері бойынша операцияларды жүзеге асыру «Каzkоmmеrts International B.V.»
Нидерланды Корольдігі 100% 100% Банк үшін халықаралық ақша рыноктарындағы капиталды тарту “Каzkоmmеrts Financt II B.V.»
Нидерланды Корольдігі 100%
Банк үшін халықаралық ақша рыноктарындағы капиталды тарту
«Казкоммерцбанк Қыргызстан» АА. Қырғыз Республикасы 93.58%
Коммерциялық банк «ABN AMRO Asset Management» ООИУПА
Қазақстан Республикасы 100%
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару “ABN AMRO КаспийМ.найГаз НПФ” А. Қазақстан Республикасы 80.01%
Зейнетақы қоры 10
“Москоммерцбанк” ЖШ. (бұдан әрі “МКБ”), Ресей Федерациясының коммерциялық банкінің акционерлік капиталында Казкоммерцбанктің қандай да бір үлесінің болмауына қарамастан, МКБ Топтың шоғырландырылған қаржы есептілігіне енгізілді, өйткені оның қызметіне тиімді бақылау жасауға Банктің мүмкіндігі болды және оны жүзеге асырды. 2003 жылы МКБ мен, Казкоммерцбанк акционерлерінің арасында МКБ акционерлік капиталында 60.04% үлесті сенімгерлік басқару шарттары жасалды. Сонымен қатар, жиынтығында МКБ акционерлік капиталында 39.96% үлесті иеленген МКБ акционерлері мен Казкоммерцбанктің арасында осы акционерлердің Казкоммкерцбанк белгілеген МКБ қызмет саясатына араласпауын көздейтін МКБ басқаруға қатысты жауапкершілікті шектеу туралы келісім жасалды. «Казкоммерц Секьюритиз» А. акционерлік қоғам болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1997 жылдан бастап жүзеге асырады. Компанияның негізгі қызметі делдалдық және дилингілік операцияларды қоса алғанда, бағалы қағаздармен операциялар, инвестициялар бойынша және корпорациялық қаржылар бойынша кеңестер беру, бағалы қағаздар шығаруды ұйымдастыру, тарату және андеррайтинг, агентретінде бағалы қағаздар сатып алу және өткізу болып табылады. Компанияның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2000 жылғы 27 қарашадағы № 0401200324 лицензиясы бар. 2005 жылы компания 30.09.2005ж. №0403200363 инвестициялық қоржынды басқаруға лицензия алды. «Казкоммерц-Полис» Сақтандыру Компаниясы А. акционерлік қоғам болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1996 жылдан бастап жүзеге асырады. Компанияның негізгі қызметі мүлікті, жүктерді, автокаско сақтандыру, автоазаматтық жауапкершілікті сақтандыру, басқа да азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және қайта сақтандыру болып табылады. Компанияның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2005 жылғы 1 шілдедегі №13-8/1 ДОС ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетуге және 2005 жыл.ы 1 шілдедегі №13-8/1 ОС міндетті сақтандыру бойынша қызмет көрсетуге лицензиялары бар.
«Казкоммерцбанк Қырғызстан» А. акционерлік банк болып табылады және өз қызметін 1991 жылдан бастап Қырғыз Республикасында жүзеге асырады. Банктің қызметін Қырғыз Республиасының Ұлттық банкі №010 лицензияға сәйкес жүзеге асыруда. Банктің негізгі қызметі коммерциялық банктік қызмет, жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау, төлемдер аудару, несиелер беру, шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыру, бағалы қағаздарменжәне туынды құралдармен операцияларды жүзеге асыру, несиелер мен кепілдіктер беру болып табылады. «Процессинговая компания» ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2004 жылғы 9 шілдеден бастап жүзеге асырады. Компания Қазақстан Республикасының әділет министрлігінде №64313- 1910-ТОО болып тіркелген. Компанияның негізгі қызметі қаржы қызметін көрсету болып табылады.және басқа да бағалы қағаздар шығаруды қоса алғанда, несиелер мен қаржыларды тартады. Kazkommerts International BV компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестік (В.V.) болып табылады және өз қызметін Нидерланды Корольдігінің 1997 жылғы 1 қазандағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Компанияның негізгі қызметі шетелдік капитал рыноктарында қаржы ресурстарын тарту болып табылады.

2. ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІН ҰСЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері
Топтың осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Халыаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес әзірленді. Аталған шоғырландырылған қаржы есептілігі, акцияға келетiн пайда көрсеткіштерін қоспағанда, мың Қазақстан теңгесімен (бұдан әрі“мың теңге”) ұсынылды. Осы қаржы есептілігі кейбір активтер мен қаржы құралдарының құнын қайта бағалауды қоспағанда, есептеу әдісінің және “тарихи құн” принципінің негізінде әзірленген. Казкоммерцбанк және оның Қазақстан Республикасындағы еншілес компаниялары қаржы есептілігін ХҚЕС-на сәйкес әзірлейді. Оның шетелдік еншілес компаниялар есептілікті өздерінің қызмет істейтін елдер талаптарына сәйкес әзірлейді. Осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Казкоммерцбанк пен оның еншілес компанияларының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша әзірленген және оны ХҚЕС-мен сәйкестендіру мақсатымен тиісінше түзетілген. ХҚЕС сәйкес қаржы есептілігін әзірлеу Банк басшылығынан есептілікте келтірілген Топтың активтері мен міндеттемелерінің сомасына ықпал ететін бағалар мен жол берулерді талдап әзірлеуді, есепті күнгі жағдай бойынша шартты активтер мен міндеттемелерді ж.не есептілікте келтірілген есепті кезе.дегі кірістер мен шы.ыстар сомасын ашып к.рсетуді талап етеді. Нақты нәтижелер бұл бағалардан өзгеше болуы мүмкін. Алшақтығы нақты нәтижелерден неғұрлым мүмкін болатын бағалар құнсыздандыруға резервтер қалыптастырумен және қаржы құралдарының әділ құнын анықтаумен байланысты болмақ.
3. ЕСЕП САЯСАТЫНЫ. НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Шоғырландыру принциптері
Шоғырландырылған қаржы есептілігі Казкоммерцбанктің және Банк бақылау жасайтын компаниялардың 31 желтоқсанда аяқталатын кезең ішінде жыл сайынғы негізде ұсынылатын есептілігін қамтиды. Егер компанияның қызметінен пайда алу үшін оның қаржы және шаруашылық саясатын айқындауға Банк басшылығының мүмкіндігі болса, ол Банк бақылау жасайтын компания болып есептеледі. Еншілес компаниялар сатып алған кезде олардың активтері, міндеттемелері мен шартты міндеттемелері сатып алынған күнгі әділ құн бойынша бағаланады. Сатып алу құнының сатып алынған сәйкестендірілетін таза активтердің әділ құнынан асып түсуі есепте іскерлік бедел ретінде бағаланады. Сатып алынған сәйкестендірілетін активтердің әділ құнының сатып алу құнынан асып түсуі (сатып ал.ан кездегі дисконт) сатып алу кезіндегі пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетіледі. Азшылық үлесі активтер мен міндеттемелердің әділ құнымен осындай үлеске барабар көрсетіледі. Бұдан әрі азшылық үлесінен асып түсетін залалдар бас компанияның залалдары ретінде көрсетіледі. Еншілес компаниялардың жыл ішіндегі сатып алу немесе шығып қалу нәтижелері, тиісінше сатып алынған күннен бастап немесе нақты сатылатын күнге дейін пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есептілікке енгізіледі. Қажет болған жағдайда еншілес компаниялардың қаржы есептілігіне олар пайдаланатын есеп саясаты принциптерін Банк пайдаланатын есеп саясаты принциптеріне сәйкес келтіру мақсатымен түзетулер енгізіледі. Шетелдік еншілес компанияның қаржы есептілігіндегі деректерді шоғырландырылған қаржы есептілігіне енгізу үшін ұсынылған валютаға аударған кезде Банк № 21 “Валюталық бағамдарды өзгертудің ықпалы” Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес аудару саясатын, сондай-ақ мынадай тәсілдемені басшылыққа алады.
• шетелдік компанияның активтері мен міндеттемелері (ақшалай да, ақшалай емес те) бағам бойынша есепті кезеңнің соңына аударылады;
• шетелдік компанияның кірістері мен шығыстарының баптары кезең ішіндегі орташа бағам бойынша аударылады;
• туындайтын бағамдық айырмалардың барлығы инвестиция шығып қалатын кезге дейін меншікті капитал ретінде сыныпталады;
• инвестициялар шетелдік компанияларға шығып қалған жағдайда тиісті бағамды. айырмалар пайдалар мен залалдар туралы есепте көрсетіледі.
Шоғырландырылған қаржы есептілігін әзірлеген кезде Топ ішіндегі есептеулер мен операциялар бойынша барлық қалдықтар, сондай-ақ осы операциялардың нәтижесінде туындайтын кірістер мен шығыстар алып тасталады.
ЕСЕПТІ САРАЛАНЫМДАР БОЙЫНША АҚПАРАТ
Операциялық сараланымдар
Топ өз қызметін негізгі үш операциялық сараланымда жүзеге асырады:
• Жеке клиенттермен жұмыс – жеке клиенттерге банк қызметтерін көрсету, жеке клиенттердің ағымдағы шоттарын жүргізу, жинақ салымдары мен депозиттерін қабылдау, инвестициялық жинақ өнімдерін беру, жауапты сақтау қызметін көрсету, кредиттік және дебеттік карталарға қызмет көрсету, тұтынушылың несиелер және жылжымайтын мүлікті кепілге салып несие
беру.
• Корпорациялық клиенттерге қызмет көрсету – есеп айырысу шоттарын жүргізу, салымдар қабылдау, овердрафтар, несиелер беру және кредиттеу жөнінде басқа қызметтер көрсету, құжаттамалық операциялар, шетелдік валютамен және туынды қаржы құралдарымен операциялар.
• Инвестициялық қызмет – қаржы құралдарымен сауда жасау, құрылымдалған қаржыландыру, қосылған және жойылған жағдайда кеңес беру.
Операциялық сараланымдардың арасындағы мәмілелер әдеттегі коммерциялық талаптар негізінде жүзеге асырылады. Қаржылар сараланымдар арасында қайта бөлінеді, бұл операциялық кірісті есептеген кезде ескерілетін қаржыландыру шығындарын қайта бөлуге
әкеп соқтырады. Осы қаржыларға есептелетін пайыздар Топтың тартылған қаржыларының құны негізінде есептеледі. Операциялық сараланымдардың арасындағы операциялар бойынша басқа елеулі кірістер немесе шығыстар. Сараланымдардың активтері мен міндеттемелері бухгалтерлік баланстың көп бөлігін құрайтын активтер мен міндеттемелер болып табылады, бұған салық салу және несиелік қаржылар сияқты баптар кірмейді. Әрбір сараланымның
қызмет нәтижелерінде ішкі төлемдер және трансферттік баға белгілеуді түзету көрсетілген. Сыртқы клиенттерден алынған кірістерді ойдағыдай бөлу үшін сараланымдардың арасында кірістерді бөлу туралы келісімдер пайдаланылады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру