Экономика | Вексельдер

Экономика | Вексельдер

Вексельдер
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы,яғни өнімді өндіру,оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде өндіруші-жабдықтаушы көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады.Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырусыды кейінге қалдырады.Демек өнім несиеге сатылады.Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бірі түрі-вексель пайда болады.
Вексель- қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.Ол- бағалы қағаз.Вексельді борышқор,яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға,яғни вексель иемденушіге береді.Вексельдің мәні- несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының(вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие-қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді.Себебі,вексельдің мәні-тек қарызды қайтару кепілі ғана емес,сонымен бірге,саудалық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы- ресурстардың айналымын жеделдету.Сондықтан вексель иемденуші төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін,ия болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыныіздестіреді.Әлбетте,вексельді банк сатып алады.
Вексель- тауар- ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бірі басты қаржылық құрал.Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады.Қазіргі кезде электронды несие жүйесінің кез келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар (мысалы,германияда вексель ақша айналымының 20-25% құрайды).
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса,оған айналым қаржысының уақытша жетіспестігін вексельмен толтыру онша қиын емес.Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді.Қазақстан Республикасында қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде,төлем құралдарының жетіспеушілігі,өндірістің құлдырауы,шаруашылық байланыстарының үзіліп және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде векселге деген ынта арта түсуде.Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде.Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыры ереже-құжаттар пайда болды.
Вексель төлем дағдарысын реттеп,заттық қорлардың айналысқа түсуін жеделдетіп,кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтардың қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді.Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі- қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу.Вексель айналамының негізі- серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім.Вексельді шығару мен оны айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады.Егер вексель беруші тауардың сапасын,құнын,уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақылыса,ал вексель иемденушінің серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес,сонымен қатар,ол өте маңызды,оның төлемуақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды.Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі,олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
- біріншіден,векселдің дерексіздігі,яғни қарызды қандай жағдайға,не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
- екіншіден,оның даусыздығы,яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
- үшіншіден,вексельдің айналмалылығы,яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады.Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді.Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды.
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы вексель,немесе тратта болып екіге бөлінеді.Жай вексельді төлеуші,яғни вексель беруші жазады.Онда вексельді жазған жер,берген уақыты,қандай сомаға толтырылады,қай уақытта және қай жерде өтеу керектігі көрсетіліп,вексель иемденушіге береді.Сонымен бірге,вексель берушінің аты-жөні жазылып,қолы қойылады.
Жай вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды,яғни вексель беруші өзі делдалды қатыстырмай-ақ белгіленген уақытта вексель иемденушіге қарызын өтейді.Егер аудармалы вексель пайдаланылса,онда вексель айналысында бірнеше заңды немесе жеке тұлғалар қатысады- әлбетте үш,төрт және одан да көп контрагенттер қатысуы мүмкні.
Аудармалы вексель деп вексель берушінің қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін айтады.Трассат тратта бойынша акцепт берген жағдайда ғана қарыздар болып есептеледі.
Акцепт деген – есеп айырысуда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі.Демек,акцепт есеп айырысудың бір түрі.
Вексель беруші төлеушіге яғни қарыздарға тауарды және траттаны береді;
Акцепт деген - есеп айырусыда төлеушінің өз қарызын төлеуге жазбаша берген келісімі.Демек,акцепт есеп айырысудың бір түрі
1 Вексель беруші(трассант) төлеушіге,яғни қарыздарға тауарды және траттаны(аудармалы вексельді) береді;
2 Төлеуші (трассат) вексель бойынша акцепт беріп,оны вексель берушіге қайтарады;
3 Вексель беруші акцептелген вексельді ремитентке – аудармалы вексель бойынша ақша алушыға жіберіледі;
4 Ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
5 Трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
6 Ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7 Несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың банкіне жібереді;
8 Ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі,аударғаны туралы белгі жазып,несие берушіге берген өзінің міндеттемесін жояды.
Вексельді басқа біреуге пайдлануға берген жағдайда "индоссамент" деген белгі жазылады.Оны вексель иемденуші,яғни индоссант жазады,ал индосаментті алған адам индоссат деп аталады.Вексельді өтеу үшін екінші,үшінші адамдарға аудару процесі индосссция деп аталады.Вексельді төлеуде басқа вексель иемденуші адамдармен қатар индоссат та міндетті.
Біздің мысалда келтірілгендей ремитент вексельді екі түрлі пайдалануы мүмкін:
1 төлеу үшін трассатқа ұсынуы
2 ия болмаса вексельдің сырт жағына аудару туралы белгі қойып,басқа адамға төлеу құқығын беруі мүмкін.
Бұл жағдайда вексель иемденуші:
Біріншіден, төлем уақыты келгенше вексельді өзідн сақтап,ал төлем уақыты келгенде оны өтеуге ұсынуы керек;
Екіншіден,төлемді өтеу үшін вексельді үшінші адамға беруіне болады;
Үшіншіден,вексельді кепілге беріп,банктен несие алуына болады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтері қол қояды.Егер вексельді жеке адам берсе,онда ол өзі қол қояды.Вексельде қажетті реквизиттер болуы шарт:
1 Вексельдік таңба,яғни вексель деген құжаттың аты құжат толтырылған тілде көрсетілуі керек,
2 Төлемнің уақыты көрсетілуі керек,
3 Міндеттеме бойынша келісілген соманы төлеу керек,
4 Төлем өтейтін жер көрсетілуі керек,
5 Кімге және кімнің үкімі бойынша төлем төленді,
6 вексельді толтырған жері және уақыты,
7 Вексель берушінің қолы.
Осы айтылған мәліметтердің тек біреуі ғана көрсетілмеген жағдайда вексельдің құқықтық күші жойылыды.Төлем уақыты көрсетілмесе ондай вексельді ұсынған уақытта өтелетін деп қарау керек.Аудармалы вексель вексель Берушінің үкімімен берілуі мүмкін.Ол сонымен қатар вексель берушінің өзіне беріліп,үшінші адамның есебіне жазылуы мүмкін.
Вексельдің қолдану аясына,келісім жағдайына және олардың тауарлармен немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық,қаржылық және жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды сату және сатып алу келісімдерінің негізінде айналысқа түседі.Бұндай вексель нақты тауар кепілдігіне беріледі,яғни ол сату операцияларын несиелеу мақсатында беріледі.Келісім шарты жасалған шақта сатып алушының қажетті мөлшерде бос ақшасы болмаса оның орнына сатушыға басқа төлем құралы – вексельді ұсынады.Ол өзінікі болумен қатар,басқанікі де,яғни индоссацияланған болуы мүмкін.Әлбетте,вексель айналысының негізі – коммерциялық вексельдер.
Несие келісімдерінің ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып есептеледі.Оған банктік,қазыналық,траст және басқа банк емес несие ұйымдарының вексельднрі жатады.Бұған,мысалы,қаржы нарығында өзіне қаржы тарту мақсатымен бір банктің басқа банкке берген тратталары дәлел бола алады.
Ал қазыналық вексельдер деп мемлекеттік қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері айтады.Қазіргі уақытта вексельдің бұл түрі кең өріс алуда.Траст компаниялары ақша салушылардың өздеріне сенімін арттыру мақсатында олардың салымдары бойынша қарыз міндеттемелерін беруде.Әрине қазыналық және басқа да қаржылық вексельдерді пайдаланғанда ол үшін өсім ақы төленеді.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық,не ақша құндылықтарының қозғалысымен байланысты емес.Оларға достық,қола,яғни құр-қуыс және қарсы жүретін вексельдер жатады.Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте есепте болу мақсатымен беріледі.Демек,жалған вексельдер ештеңемен қамтамасыз етілмеген құжат.
Вексель айналысы жүйесінің негізгі элементі – вексельдің сенімділігі.Оны арттырудың жолдары қарастырылған.Оның біреуі – акцепт-авальді операциялар.
Вексельдің акцепті – деген төлеушінің вексельді төлеуге берген келісімі.Сол сияқты,акцептант өтеуге келісім берген заңды мекеме немесе жеке тұлға болуы мүмкін.Егер акцептанттың ролін банк атқарса,онда вексель бірінші класты міндеттеме құқығын алады.Вексельдің акцепті міндетті емес,бірақ ол нарықта вексельдің еркін айналуына жағдай жасайды.
Вексельдік аваль – вексель бойынша кепілдік.Аваль беруші банк вексель беруші немесе акцептант тарапынан төлем төленбеген жағдайда оны төлеу жауапкершілігін өщіне алады.Төлеу мерзімі келген кезде вексель төлеу үшін тікелей банкке жіберіледі.Аваль бойынша есептелсін деген сөзді вексельдің бет жағына немесе қосымша қағазға жазады.Вексельді өтеудің бұл түрі- аваль акцептке қарағанда сиректеу қолданылады.Банктер вексель бойынша бұдан да басқа бірсыпыра операциялар жүргізеді.Мысалы,айналымдағы вексельдерді есептеуді коммерциялық банктер жүргізсе,оларды қайта есептеумен мемлекеттің Орталық банкі шұғылданады.Сол сияқты банк вексельді кепілдікке алып,несие береді және вексельдермен комиссиялық операциялар да жүргізеді.
Вексельдерді есептеу және оны кепілдікке алу операцияларының негізінде коммерциялық несие банктік несиеге айналады,яғни несиенің бір формаснфң оның екінші формасы пайда болады.Шын мәнінде банктің клиенті қолындағы вексельді банкке сатып,оның орнына қолма-қол ақша алады.Сөйтіп,индоссамент деген белгісі вексель банктің меншігіне айналады.
Қорыта айтқанда,банктер вексель бойынша бірнеше түрлі операция жүргізіп,бір жағынан олардың айналым жылдамдығын шапшаңдатса,екінші жағынан өздеріне пайда түсіреді. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру