Педагогика | Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.

Педагогика | Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.

Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы.
(1790-1866)

Дистервегтің педагогикалық қызметі мен
ғұмырнамалық деректері.

Немістің ғұлама педагогі Адольф Дистервег ХІХ ғасырдың орта кезіндегі герман буржуазиялық-демократиялық педагогикасының көрнекті прогрессивті өкілі болып табылады. Ол шағын келген өндірістік қала Зиген Вестералияда чиновник-заңгердің жанұясында дүниеге келді. Дистервег оқыған орта мектепте догматикалық оқыту жүйесіне жеккөрушілікпен қарады. 1808 жылы ол Гербон университетіне оқуға түседі, онда математика, философия және история ғылымдарын оқып, одан кейін Тюбинген университетіне ауысып, 1811 жылы толық курсын бітірді және кейінірек философия докторы ғылыми дәрежесін алды.
Студенттік кезінде Дистерверг Руссоның және Песталоццидің педагогикалық идеяларымен танысты, оның прогрессивтік педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шешуші әсер еткен Франкфург-Майнадағы үлгілі мектепте 1813-1818 ж.ж. жұмыс еткен жылдары болды. Онда Песталоццидің шәкірттері мен ізбасарлары жұмыс істеді.
Песталоццидің демократиялық көзқарасына қалай болса, солай қараған Гербарттан Дистервегтің айырмашылығы алдыңғы қатарлы швейцар педагогінің алдыңғы қатарлы әлеуметтік-педагогикалық көзқарасын өте қызу жақтаушылардың бірі болды.
Бірнеше жылдан кейін мұғалімдер семинарларының біріне директор болып тағайындалған. Дистервег өзінің тәжірибесінің негізінде қайта қарай отырып, Песталоциидің дидактикалық қағидаларын бірізді насизаттай бастады.
1827 жылы Дистервег "Тәрбие және білім беру үшін Рейн бетшелері” атты демократиялық журнал шығара бастады. Онда 400 ден аса мақалалар жариялады.
1832 жылы Дистервег мұғалімдер семинариясының директоры болып, Берлинге ауыстырылды. Онда "Педагогикалық қоғамды” негіздеді. Дистервегтің неміс мұғалімдерін біріктірудегі қызметі осылай басталды. Оның осы қызметі, сонымен қатар оның дін мәселесіндегі еркіндігі (бірақ ол атеист болмады), қарапайым халықты қолдады пруссия өкіметі тарапынан Дистервегті қуғындауға себепші болды.
Өзінің мақалаларында сол қоғамдағы байлармен кедейлердің қарама-қайшылығын көрсете білді және еңбекшілерді ізгіліктің және адамдарға деген сүйіспеншіліктің негізінде өзара көмектесу үшін бірігуге шақырды. Өзінің қызметі және "чиновниктерге сүйкімсіз” танылған мақалалары үшін Дистервегке сөгіс берілді.
1835 жылы өз тәжірибесін жинақтаған "Неміс мұғалімдерін ұйымдастыруға басшылық” атты көрнекті еңбегін жариялады. Бұл еңбек екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірніші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелері мен дидактиканың негізгі ережелеріне арналған, екінші бөлімі- жеке пәндерді оқыту әдістемесіне. Бұл бөлім белгілі неміс мұғалімдері әдіскерлерінің қатысуымен жазылды. Дистервегтің белгілі еңбегі көптеген жылдар бойы алдыңғы қатарлы неміс мұғалімдерін халыққа білім беру үшін күресте қаруландырды. Бұл кітаптан оның байқалған Дистервегтің көзқарасы ресми педагогиканың ұстанымымен сәйкес келмеді: ол өзбетімен ойлай білетін, белсенді азаматтарды тәрбиелеуді талап етті. Оның барлық кейінгі жарық көрген еңбектері (мақалалары, әдістемелік басшылықтары, халық мектебі үшін оқулықтары) осы көзқарасты айқын білдіреді.
ХІХ ғасырдың орта кезінде педагог-демократтың пруссия өкіметі тарапынан оның ізіне түсу бірден бірге күшие түсті. 1847 жылы мұғалімдер семинариясы директоры қызметінен босатты.
1848 жылы революция кезінде Дистервег жаңадан ұйымдасқан "Барлық жалпы неміс мұғалімдері одағының” төрағасы болады және мектепті реформалау бойынша ұсыныстар жасайды. Ол мектепті шіркеуден бөлуді және балаларды жалпыға бірдей оқытумен қамтамасыз етуді, "жалыпадамзаттық”, азаматтың және ұлттық тәрбиені іске асыруды талап етті.
Революция басылғаннан кейін Дистервегті біржола шығарып жіберді. Бірақ Дистервег өз мақалаларында мектепті шіркеудің бақылауынан азат етуді талап етті, ол мұғалімдерді жалған беделге бағынудан адам етуге шақырды. Ол "тек ғана ерікті, дербес адам басқаны еркіндік және дербестік үшін тәрюиелей алады” деп дәлелдеді.
Дистервег халық мектептері мен мұғалімдер семинарлыра туралы 1854 жылы реакциялық заңдар-ережелер бастауыш білім беру мен мұғалім даярлаудың жалпы ғылыми, жалып білім беретін деңгейін біршама шектегендігін, шіркеулердің ролін арттырғанын, алдыңғы қатарлы әдістемеге тиым салғандығын дәлелдеді. Нағыз реакцияның күшейген кезінде осылай тікелей және ашық қарсылық білдіру орасан зор азаматтық қажырлықты қажет етті.
Халықтың арасында Дистервегтің беделі арта түсті. 1858 жылы ол депутаттар палатасына сайланды және онда өзінің белсенді күресін әрі қарай жалғастырды: өзінің кейбір парламенттік сөздерінде ол "ережелердің” зияндылығын дәлелдеді, діни тестілерді құрғақ жаттау балаларды топастыққа алып келетіндігін атап көрсетті.
Дистервегтің сөйлеген сөздері неміс мұғалімдеріне ерекше әсер етіп ғана қойған жоқ, сонымен қатар оны орыстың алдыңғы қатарлы қайраткерлері де қолдап, ерекше үн қосты.
"Неміс мұғалімдерінің мұғалімі” атанған ғұлама педагог-демократ 1866 жылы қайтыс болды.


Дистервегтің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидалары.


Дистервег жалыпадамзаттың тәрбе идеясын жоқтады. Ол педагогикалық проблемаларды шешуде сословиялық және шивинистік көзқарасқа қарсы күресті. Бұл талаптың дерексіздік сипатына қарамастан, бұл идея сол кезде өте қажет болды, себебі пруссия өкіметі дін мен монархизмге негізделген тар көлемдегі ескі сословиялық тәрбиені насихаттады.
Мектептің міндеті, деп көрсетті Дистервег, ізгілікті адамдарды және саналы азаматтарды тәрбиелеу, ал "нағыз пруссиялықтар” емес. Адамзатқа және өз халықына сүйіспеншілік адамдарда тығыз бірлікте дамуы қажет деп көрсетті. "Адам – менің атым, неміс- менің есімім”, - деп жазды.
Тәрбиенің негізгі қағидасы Песталоцциден кейін Дистервег табиғатқа сәйкестік деп көрсетті. Оның қарастыруына тәрбиенің табиғатқа сәйкестігі - бұл адамның шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескеріп отыруды айтады. Ол мұғалімдерді баланың зейінінің, есінің, ойлауының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп отыруға шақырды; ол психологияда "тәрбие туралы ғылымның негізін” көре білді. Дистервегтің ерекше еңбегінің бірі педагогиканың дамуының қайнар көзі болып табылатын педагогикалық тәжірибеге оның қатынасы. Дистервег балаларды тәрбилеу тәжірибесін және педагогикалық еңбектің шеберлерінің жұмысын зерттеудің қажеттігіне ерекше көңіл бөліп отырады.
Табиғатқа сәйкестік қағидасына қосымша ретінде Дистервег тәрбие мәдени сипатқа сәйкес болу керек деген талаптар қойды. Ол "тәрбиеде адамның туған және өмір сүретін орны мен жағдайы еске алыну қажет, бір сөзбен айтқанда, сөздің кең мағынасында, бүкіл қазіргі мәдениет,”- деп жазды.
Негізгі міндет- балада адамдық қасиеттерді дамыту.
Ол тәрбиенің ең жоғарғы мақсаты "дербестікті дамыту, ол шындыққа, сұлулыққа және жақсылыққа жұмыс істеуі қажет” деп көрсетті. Сонымен қатар оның Гербарттан айырмашылығы ол шындық, жақсылық және сұлулық тарихи өзгеріп отыратын ұғымдар болып табылады деді. "Шындық,- Дистервегтің айтуынша,- адамзатпен бірге мәңгілік қозғалыста болады”.
Адамның дамуында Дистервег үш сатыны көре білді: біріншіден, түйсіктердің үстемдік ету сатысы; екіншіден, ес сатысы немесе елестетулердің жиынтығы; үшіншіден, ақылдың сатысы. Дистервег балалардың жас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқытуды дұрыс ұйымдастыруға ұмтылу "баланың табиғи нышандарын” асыра бағалаумен, оның пікірінше, табиғатынан қаланған ұштасып келеді.
Оның баланың дамуы туралы ойлары прогрессивтік педагогикалық теорияға қосылған елеулі үлес болып табылады.


Дистервег еңбектеріндегі дидактика мәселелері.

Дистервегтің елеулі еңбегі оқытудың дамытушылық, тәрбиелік және білімділік идеяларын талдауы және негіздеуі болып табылады. Осы негізде ол өзінің дидактикалық қағидалары мен ережелерін құра білді, мұғалім өз шәкіртін, оның ерекшелігін, даму деңгейін, оның елестетулері мен ұғымдарының көлемін жақсы білуі қажет. Тек ғана осындай жағдайда қиындықты бірте-бірте және бірізді жеңе отырып, сабақты "табиғи жолмен” жүргізуге болады деді.
Оқушылардың пәнді терең түсінуі меңгерудің міндетті алғышарттары болып табылады. Оқулықтар мен сабақты материалмен асыра жүктеугеқарсылық білдіруі өзекті мәселе болып табылады. Бірден-бір кемшіліктің бірі жас мұғалімдер өздерінің не білетіндігінің барлығын оқушыларды үйретуге ұмтылады, шын мәнінде тек ғана оқушыларға негізгісін, мәндісін хабарлауы қажеттігін ол баса айтты. Осымен қатар Дистервег оқушылардың білімін бекітуде қиын жерлерді дер кезінде қайталап отырудың роліне ерекше мән береді. Ол жаттау мәселесіне ерекше мән береді. Мәселенің негізгісін ғана жаттау керек, оны бүкіл өмір бойы еске алуға болады. Меңгерген білімнің беріктігі есті нығайта түседі.
Дистервег оқытудың көрнекілігіне ерекше мән берді. Оқытудың негізне тікелей көрнекілік, нақтылы қабылдау жататындығына тоқталды. Көрнекілік қағидасы, Дистервегтің түсіндіруінше, көрнекіліктен ой қорытындысына жекешеден жалпыға, нақтыдан абстракцияға көшуді талап етеді.
Дистервег жоғарыда айтылғандарды оқытуда қарапайымнан күрделіге, жақыннан алысқа, өте жеңілден өте қиынға, белгіліден белгісізге көшу туралы жалпы белгілі ережелермен байланыстырады. Бірақ ол бұл ережелерді механикалық қолдаудан сақтандырады. Тек ғана оқытуды қызықты өткізгенде ғана нақтылы ақыл-ой іс-әрекетіне қол жеткізуге болады. Мұғалімнің алдында тұрған бұл қиын да, әрі күрделі міндет, егер мұғалім сабақты жақсы бере білсе және балалармен жұмыс істей білген ғана іске алады. Тек ғана өз пәнін жақсы білетін, балалардың ғылыми қызығуымен өмір сүретін, сонымен қатыр педагогикалық даярлығы жоғары мұғалім шәкірттерінің пәнге деген қызығуын сендіре алады.
Песталоции сияқты Дистервег оқытудың басты міндеті балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттіктерін дамыту деп түсінді. Ол Песталоцциге қарағанда алға бір қадам артық жасады, себебі Дистервег формальдық білім беру материалдық білім берумен бөлінбейтін байланысты деген болатынды. Дистервег таза күйінде формальды білім беру болмайды, құнды болып есептелетін оқушылардың өз бетімен меңгерілетін тек ғана білімдері мен дағдылары әрбір оқу пәні оның білімділік құндылығымен қатар адамгершілік мәні ерекше.
Дистервег балаларға білім беруде отандық тарих пен жағырафияға, ана тіліне және әдебиетке ерекше мән береді. Әсіресе, ол жаратылыстану және математика ғылымдарын жоғары бағалады, ол ғылымдардың балалардың дамуында негізгі құрал екендігін көре білді, бұл ғылымдар жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлеріне оқытылуы тиіс деді.
Дистервег дамыта оқытудың дидактикасын жасады, оның негізгі талаптарын ол оқытудың 33 заңдары мен ережелері түрінде көрсете білді.
Дистервег мұғалімнің ролін жоғары бағалады. Мұғалім көпшіліктің көңіл-күйінің құлы емес, деп түсіндірді, ол белгілі бір принципті бағытты жүргізуші, моральдық үлгісі. Мұғалімнің міндеті – жастарды шындық өмірге бағыттау, шындыққа және жақсылыққа ұмтылысты ояту, балалардың күштері мен қабілеттіліктерін дамыту және әркім өзі бұл жағдайда қажетті сапаларды меңгерген адам болу керек. Осы тамаша ойларды Дистервег бүкіл өмір бойы насихаттады. "Көздің кең мағынасында, өзінің тәрбиеленген болуың керек,- деп жазды, - мұғалімдерге арналған үндеуінде, - сонда ғана сөздің шын мәнінде тәрбиеші бола аласың”.
Дистервег әруақытта да жоғары, жалпы, арнаулы, ғылыми және педагогикалық мәдениеттің 81 нағыз мұғалімге қажеттігін көрсетіп отырды. Мұғалім әруақытта өзінің жеке басын жетілдіруде жұмыс істеп отыруы керек; егер ол сәл тоқтап қалатын болса, ол қалып қояды және сонымен қатар алдыңғы қатарлы мұғалімдердің, жас өспірімдердің тәлімгерлері қатарынан шығып қалады.
Дистервег мұғалімдерді педагогикалық шеберлікті меңгеруге шақырды, ол оқытудың ескі тәсілдерінен арылуға кеңес берді. Ол мұғалімдерді ақыл-ой дербестігіне шақырды, оның айтуынша, әрбір мұғалімнің борышы халқы үшін өмір сүру деп білді.
Дистервег халық мұғалімдерін даярлауға ерекше мән берді. Өзі басқарған семинариялар үлгілі болды. Ол теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра білді, көп уақытты боашақ мұғалімдердің мектептегі тәжірибелік жұмысы үшін арнады. Дистервегтің өзі әруақытта да мектепте сабақ берді, ал мұғалімдер семинариясында педагогикадан, әдістемеден, неміс тілінен сабақ берді. Дистервегтің сабақтары жоғары педагогикалық шеберліктің үлгісі бола білді.


Дистервегтің педагогикалық жүйесінің маңызы.

Дистервег қоғамдық дамудың жолдарын түсінбеді және революционер болмады, бірақ ол педагог-демократ болды, реакцияға, шіркеудің езгісіне, демократиялық мектеп үшін күресті. Оның пруссия ұлтшылдығы мен шовонизміне оның қарсы күресінің қоғамдық мәні орасан зор болды.
Ал Песталоццидің ізбасары ретінде оның мұрасын жақтай отырып, ал оқыту мен тәрбие мәселелерін өзінше шеше білді және дидактиканы шығармашылықпен қайта-қайта қарауға ұмтылды. Дистервег балалардың дербестігінің мәнін жоғары қоя білді. Ол шәкірттердің ойлау қызметін оятуға, оларды берік, табанды азамат етіп тәрбиелеуге кеңес берді.
Дистервегтің теориялық педагогиканы дамытудағы орны ол өзінен бұрынғы педагогтардың ойларын одан әрі дамыта және жинақтай отырып, бірізді дидактикалық жүйеге енгізумен анықталады.
Ол, әсіресе, бастауыш мектеп педагогикасына белгілі үлес қосты, оны көпшілік мұғалімдердің жетістігіне айналдыра білді. Мұғалімдерді ол ескіге қарсы күреске шақыра білді. Оның неміс мұғалімдеріне ықпалы ХІХ ғасырдың ортасында ерекше болды, оны "Германия мұғалімі”, "неміс Песталоцциі” деп атауы кездейсоқ емес.
Дистервегтің дамыта оқытудың дидактикасы және оның оқулықтары бастауыш мектепті одан әрі дамытуда ерекше әсер етті. Оның прогрессивтік идеялары ХІХ ғасыр ортасында Ресейде кеңінен тарады. Бірақ Германияның өзінде педагог-демократ Дистервегтің педагогикалық мұрасы жеткіліксіз мойындалды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру