Қазақ әдебиеті | Асылбек Сүйіндікұлы
Асылбек Сүйіндікұлы (т.-ө. ж. б.), Абайдың замандасы, ақынның ғашығы Тоғжанның туған ағасы. Тобықты руының бөкөнші табынан шыққан би, кезінде болыс болған. Абайдан біраз жас үлкен. Ол Абайды аса қадір тұтқан. Өзінің қайын жұрты сыбан Сабырбай ақынның ауылына қонаққа ертіп барған. Сол жылы Абай Қуандық, Сабырбай қызымен танысады. Бұл оқиға Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында барынша қанық суреттелген. Асылбек пен Абай екеуара өлеңмен хат жазысып тұрған. Кейіннен ру арасындағы қырғи қабақ жайларға байланысты аралары суып кеткен. Оған Зағипа Әбдіқызының оқиғасы себеп болған. Зағипа өзінің сүйген жігітін менсінбей, басына бостандық сұраған. Абай ояз арқылы қызға еркіндік алып береді. Алайда бұл істің соңы үлкен дауға ұласып, ел арасында іріткі туып, жаугершілікке ұшыратады, біраз адам Итжеккенге айдалады. Зағипа құса болып, екі жылдан кейін дүниеден өтеді. Бұл жәйт «Абай жолы» эпопеясында Мәкен-Дәрмен арасындағы махаббат желісіне арқау болған.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Асылбек Сүйіндікұлы туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Асылбек Сүйіндікұлы