Тарих | Есенғали Раушанов
ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ
Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты.
Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жаб¬дығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған Есенғали Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Бұл сөзімізге дәлелді оның әр жырынан, әр шумағынан, әр тіркесінен келтіре аламыз. Ақынның тереңнен тамырланған қаламгерлік тұлғасын "Пе¬ріштелер мен құстар” жыр кітабы ай¬ғақтай түседі.
Кезі келгенде жырауларша кесек толғайтын, сөйте тұрып қат-қабат жан әлеміндегі қалтарыс-бұлтарыстарды нәзік сезімталдықпен тұспалдай жырлайтын Есенғали – бүгінгі поэзияның дамуына өзіндік үлкен үлесін қосқан дара стильді, ерекше болмысты ақын.
Кітаптың "Бозаңға біткен боз жусан” аталатын бірінші бөлімі, яғни, жалпы жинақ "Еркек” деген өлеңмен ашылған. Бұл өлең — ақынның адамдық жолда ұстанған өмірлік қағидасындай. Ой мен сезімді бір-бірімен қабыстыра отырып жыр толғағанда айтарын еш іркіліссіз өрнекті сөзбен еркін төкпелете айтатын ақынның мінезі осы өлеңде толығымен танылған:
Батырша күліп түрегеп,
Отырдым жылап ақынша.
Жонымды тостым "міне” деп,
Жолбарыс-тағдыр атылса.
...Қасқайып өстім шыңымда
Қара да беріш қайың боп.
Ендігі қалған ғұмырда
Езілетұғын жайым жоқ.
Өлеңге ең әуелі керегі – мінез. Міне, сол мінез. Қайсарлық пен нәзіктік қатар сіңген жан болмысы осындай тегеурінді де салмақты сөздермен жыр болып өріледі.
Ақын өлеңдерінен халық басынан кешірген тарих мол орын алған. Алмағайып заман суретін өлеңіне өзек ете отырып, адам тағдырына, оның жан-дүниесіндегі қасіретке үңілу – ақынның ұстанымы. Небары екі шумақтан ғана тұратын "1932 жыл. Қазақстан” өлеңіне қасіреті мен зары төгілген кезең шындығы тұтасымен сыйып кеткен:
"Ел қырылған деседі мына дөңде,
Не деймін мен осынау тұл әлемге?
Кәрі аспан...
Кәдімгі дөң...
Қараша айы...
Түк те жоқ көз тоқтайтын бұдан өңге.
Өлең шөп барқын қара мақпал сынды,
Мақпалды сусыма құм жапқан сынды, —
Құм басып өлген қыздың қолаң шашы
Бұрқырап сыртқа шығып жатқан сынды,
Өлең шөп, өлең шөп — Қазақстан...
ХХ ғасыр басындағы алмағайып заманда халық басынан кешкен ауыр қайғы, сұмдық зобалаңды бұдан артық қалай бейнелеуге болады! Поэзия баян¬даудан, әңгімелеуден іргесін аулақ са¬лып, көрікті де астарлы сөзбен бей¬нелеуге бой ұрғанда ғана түйсікке әсер етіп, жүректі қозғайтыны хақ. Ақынның ақындық тегеуріні мен дарын қуаты екшеп шығарған өлең жолдары заман шындығын айна-қатесіз көз алдымызға әкелген. Қазаққа қоныс болған маң даланың көрмеген құқайы жоқ. Енді бірде ақын сол оқиғаларды болған қал¬пында жырына арқау етеді. Сөйте оты¬рып замананың салған лаңын жайып салады. "Қазақ ауылы” сюжетті өлеңінде тарихи кезеңнің нағыз шындығы бейне¬ленген. Өлеңнің "Сәскеде” атты бөлімін¬де қазақ ауылына шапқан ақ әскердің іс-әрекеті соншалық әпербақан оспадарлы¬ғымен көрінеді.
Селеудің кімді күтіп сарғайды өңі,
Ителгі үркіп ұшты самғай бері,
Ит үрді,
Қой маңырап,
Түйе боздап,
Кепкен шал қырға қарап "Алла-ай” деді.
Атының басын ауылға бұрған ата¬ман¬ның әскері салған лаң ауылды осылай азан-қазан етіп шулатады. Кеп¬кен шал¬дың кескен теректей құлауы, сауға сұра¬ған би ағаның бишік жеуі, бәйбішенің таяқ¬қа жығылуы, "қамысты сүйрігінен айырғандай” тағы бір үннің шығып жатуы – ақынның тілінде шы¬найылықпен өлең болып өрілген сурет. Басына қазан киіп, жау кеткен соң бой көрсеткен қорқақтың тірлігі де оқиғаны шынайыландыра түскен.
Бармысың, тірімісің, жарығым-ай,
Не жаздық, неден жаздық тағы Құдай.
— Болғанда ағы мұндай бұл итіңнің,
Қызылы қандай болмақ, Тәңірім-ай!
Қазақ ауылы текке сескенбеген екен. Ақтардың салған ойранынан соң ауылға ат басын қызылдар бұрған. "Кешке” деп аталатын өлеңнің екінші бөлімінде сол қызыл әскердің қылығы көрсетіледі:
Селеудің кімді күтіп сарғайды өңі,
Ителгі үркіп ұшты самғай бері,
Ит үрді шабаланып.
Бұл не тағы?
Кепкен шал қырға қарап "Алла-ай” деді.
Тұтастай бір шумақты қайталай отырып, ақын ақтар салған ойранның тағы қайталанатынын аңғартады. Тек үшінші жолдағы сәл өзгеріс ендігі келген әскердің аңысын аңдап, сыпайы болып, шын содырлықтарын ішке бүге келген алдамшы қалпын көрсетеді:
Жүрісі "жау емеспіз” дегенді айтып,
Көрінді қырық қаралы атты кісі.
Қонақжай қазақ ауылы бейбіт қалып¬пен келгендерді ақ дастарханын жайып қарсы алады. Бірақ, ақ ниетпен жайылған дастархан, қонақжайлық ізетті қызыл командир басқаша қабылдап, құм ішінде отырған қазақ ауылына күдікпен қарайды. Ақыры, өзін қонақ етіп отырған ауылды ойрандауға бұйрық береді. Қызылдардың сұмдығы ақтардың әрекетінен де асып түседі. Ақын бұл оқиғаларды тілге тиек ете отырып, замананың бет пердесін сыпырып, шынайы бет-бейнесін танытады. Өзіміз сезген, сезінген, бірақ, айта алмай пұшай¬ман болған саясаттың сұмдық астары осы бір оқиға арқылы ашылады.
Дамудың күре тамыры – дәстүр жал¬ғас¬тығы екені белгілі. Ұлттық поэзиямыз¬дағы алтын арқау үзілмей көне дәуірден бүгінге дейін жеткені, ертеңгі күнге де жол тартары ақиқат. Есенғали лирикасында сонау көне түркі поэзиясынан тамыр тар¬тып, кешегі жыраулар поэзиясынан сусы¬нын қандырып, жаңа жазба поэзиядағы нәзік сыршылдық тұмасына бас қойған, асқақтық пен терең¬дікті, өрлік пен нәзік¬тікті шебер үйлестірген ерекше бітім, кең тыныс, өзгеше өрнек бар. Әрбір тіркес пен әрбір жолдың балталасаң бөлінбес тұтас¬тығы, шашауы шықпас жинақылығы, терең астары, бай мазмұны, салмақты мәні — ақын поэзиясының таби¬ғаты. "Біздің ауыл” топтамасында өзі тірші¬лік кешіп отырған бүгінгі ауылдың тыныс-тіршілігінің суретін әр қырынан көрсетеді. Бұйығы ауылда тіршіл¬ік етіп жатқан қара¬пайым адамдар¬дың ой-арманы, мақсат-мүддесі, іс-әрекеті назарға алына отырып, кішкентай оқи¬ғамен үлкен адамзаттық мәсе¬лені айта ал¬ғанына аталмыш топтамадағы "Генетика”, "Әңгіме”, "Қанағат шофер куәлі¬гінен айры¬лып қалды”, "Көкем-ай”, "Той. Рейім шал. Өлең” туындылары дәлел. Туған жерге деген риясыз махаббат пен сағыныш, ата-баба салтына деген шексіз құрмет, адам атты жаратылыстың қат-қабат жан әлеміне тереңдей бойлау өлеңді нәрлендіріп, құ¬нарлы да бай поэтикалық тілмен төрт аяғын тең басқан жорғадай төгіліп кеткен. Бір кезеңде заман зауалы қыспаққа алып, басына екі талай күн туғанда қазақ ата мекенінен амалсыз ажырап, зар шекті. Жан-жаққа босып кеткен ел күні туғанда ата мекенге, ақынша айтсақ, "Жеке боп, ауыл болып, халық болып// Хат болып, хабар болып, табыт болып” оралды. Өйт¬кені ата мекен – ештемеге айырбастал¬мас киелі мекен.
Менің ата мекенім – менің жаным,
Жаныма жара түссе, көңіл жарым.
Жеткізіп бір кісідей айта алмадым
Білсем де мың кісідей оның зарын –
Халық тағдырына бей-жай қарай алмау – мазасыз жанды ақынның бір ерекшелігі. Тарихқа назар сала отырып, оны қуатты, терең мағыналы өлеңге айналдыру, көр¬кемдік сапасы биік поэтикалық туындыны дүниеге әкелу ақыннан аз нәрсені талап етпесе керек. Шынайы шеберлік сезімтал¬дық пен аңғарымпаздық, сыршыл сурет¬кер-лік, биік талғам мен бай тілдік қор тұтасып, үйлесім тапқанда ғана танылады. Осы талап тұрғысынан келгенде Е.Рауша¬новтың әрбір өлеңін шеберліктің хас үлгісі деуге болады.
"Бір қайың бар – ақ қайың, нәзік қайың” өлеңіндегі тұнып тұрған сыршыл¬дық оқырманының жүрек қылын шертіп, терең ойға шомдырады. Мұңлы қайыңның желдің жұлмалауына амалсыз көніп тұрған шарасыз халіне жан-жүрегі сыздай отырып:
Жұбатар ем, хал-жайын сұрар едім,
Тілі жұмбақ әлі күн бірақ оның.
Жапырақтар жерге емес, ерте үзілсе
Жүрегіме құлайды мына менің –
деп мұңаяды. Жапырақтың жүрекке құлауы — тосын да ғажап сәтті бейнелеу. Ақын лирикасында жапырақ қорғансыз да нәзік, сезімтал да мұңлы жан дүние бейнесі іспетті. Бір өлеңінде "Жапыраққа айналып кетсем мен деп // Жасырындым күн ауа топ шеңгел кеп” десе, тағы бір өлеңінде: "Сен қалтырамашы, жалғыз жапырақ // Менің жанымды ауыртып”, "Сен қалтыра¬машы, жалғыз жапырақ //...Менің де жалғыз қарындасым бар” дейді. Іңір суре¬тін сөзбен салған, жазбен, күзбен, жұмбақ сырлы түнмен, желмен сырласындай тіл табысып, олардың әрқайсысын персонаж (бейне) дәрежесіне дейін көтерген ақын үшін уақыттың әрбір мезеті мен мезгілі, әрбір құбылысы терең сырға, үлкен мәнге ие. Табиғатты назарға ала отырып, ақын тың сипатты, поэтикалық қуаты аса жоғары кейіптеулердің тамаша үлгісін жасайды. Мысал керек пе? "Түннің көз жасы”, "Қаңтардың келуі”, "Сүйдім мен Іңір деген пері қызын”, "Еркем Тамыз”, "Ерте кетіп барасың, сары күз”, "Жаз не деп еді”, т.б. өлеңдерін оқып қараңыз. Желді, түнді, т.б. табиғат құбылыстарын бейне дәрежесіне дейін көтере отырып, адам жанының сырын шебер де шешен тілмен аңдату – Есенғалидың негізгі ұстанымы. Табиғат атты ұлы ұғым адам өмірінен бір сәтке де тыс қалмақ емес. Ақын адамды табиғат әлеміне сіңіре бейнелегенде осы фәлсаф¬аны әсте естен шығармайды. Желдің сыршыл да мұңлы қалпы (Бақты аралап баяу ғана жүреді // Жел бүгінде суып біткен бәрі¬нен), "қара шашты”, "меңсіз қара ат мінген” түннің таяныш, сүйеніш іздеп, шерге бөккен жан түріндегі бейнесі (Өксиді үнсіз кеудеме басын сүйеп // жұбатуға жаралғам мен о бастан) жан жү¬йе¬ні қозғап, терең ойға қалдырады.
Лирикалық өлеңдерінде түрлі өзекті мәселелерді, адам тағ¬ды¬рын көтере білген ақын соқталы дүниелері – поэмаларында да терең мәнді, тарихи-фило¬со¬фиялық ой-толғамдарды биік те терең поэтикалық қуатпен жырлайды. "Сарыөзен”, "Ғайша-бибі” поэмалары со¬ның айғағы. Халықтық дастан-жырлардағы қара сөзді араластыра, өлеңмен жырлау тәсілін асқан шеберлікпен жаңғырта оты¬рып, өткен күн оқиғасының мән-маңызына үңіледі. "Сарыөзен” поэмасының орталық тұлғасы Мұхаммед-Салық Бабажанов арқылы халық тарихы мен тағдырын танытып, ақын үлкен міндетті орындаған. Поэма прологы қара сөз түрінде өріліп, белгілі бір заманда болған уақиға қара обаның түсі болып баяндалады. Сармат көсемі мен алан патшасы Батразд арасын¬дағы әңгіме, сарматтардың қырғын табуы, Батраздтың жалғандық әрекеті, "бұлардың салтында моланы қазуға да, жаңғыртуға да болмайды” деген сөзі тарихи оқиғаның нағыз шындығын танытады (Бұл сөз поэма финалында генерал-губернатор аузынан қайталай айтылады). Сол түсті көріп жатқан қара обаның үстінен қара көз сотник – Мұхаммед-Салық мінген фаэтон өтіп бара жатыр... Бұл бейнелі желі поэма¬ның идеялық мазмұны мен тақырыптық мәнін аңғартып өтеді. Түс көріп жатқан қара оба – тұмшаланып қалған тарих. Сондай-ақ, қазақ даласының патшалық Ресей қолындағы халі генерал-губернатор Крыжановскийдің әрекеті мен ішкі ойынан айқын танылады. Ақын баяндаудан гөрі тұспалдау мен ишаралауды негізгі тәсіл ете отырып, қазақ даласына жүргізіліп отырған саясаттың қитұрқылығын тайға таңба басқандай етіп көрсетеді.
...Қарайды маңдайшадан дала жаққа
Суреті самұрықтың түйіліп бір.
...Желкеде самұрық тұр, сәл қозғалсаң,
Жарқ ете түсетіндей жасын болып.
Осы жолдардың өзі көп нәрсені аңғар¬тады. Алдына келген Салықтың мақсаты мен тілегін білген соң генерал-губернатор оның ісін құптағандай жауап берсе, іштей:
"Да-а, сөз жоқ, батыл ұлан, батыл ұлан,
Көз жазбау керек болды заты бұдан.
...Қазақта қарғыс атқыр тағы бір ұл
Қағынып туған екен жатырынан...” —
деп, сөзіне мүлде қарама-қайшы ой ойлайды. Поэмадағы табиғат суреті, адам ойы мен сезімі, орданың сән-салтанаты, кейіпкерлер характері ақындық зор қуатпен құйылып түскен, астары қалың бояу, ара¬сына сына кірмес тіркестер, жігі білінбес ұйқастармен жырланған. Ордаға қонаққа келген генерал-губернатордың көздеген мақсаты мен мұраты шағын ғана эпизод – бір-екі шумаққа сыйып кеткен:
Шылымның түтінінен оймақ жасап,
Мырс етті губернатор – нені білді?
Сол түтін босаға емес, төрден өріп,
Тұрды да сақина боп дөңгеленіп,
Ақырын саф ауаға тарап жатты,
Гүлдердің жапырағын желмен өбіп.
Білген жоқ қырдың нәзік гүлі бүгін
Тамырға сіңетінін түбі мұның.
Гүлдің бойына сіңген шылым түтіні үстем елдің далалық азат халықты қалай бұғаулайтынының тұспалы. Мұндай ұтым¬ды да тапқыр тұспалдар күллі поэманың құндылығын арттырған. Жылы сөйлеп, жымия күлген генерал-губернатордың сұм¬ды¬ғы мен аярлығы, екі жүзділігі Салыққа өз қолымен у беріп, оның өліміне аһ ұра қайғырғандай кейіп көрсету әрекетімен барынша ашылған.
Е.Раушановтың "Періштелер мен құстар” жыр кітабы — мазмұны мен тілі келіскен, қазіргі қазақ поэзиясының шыр¬қау биікке жеткенін, өлеңнің көркемдік мүмкіндігін барынша танытқан маңызды жинақ. "Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын” келістіре алған ақынға "шырқау биікке жеткенді” деген сөзді әбден елеп-екшеп, ойланып барып-ақ айтып отырмыз. Мына қос шумаққа қараңызшы:
Шыжыған күннен қорынбақ болып,
Көлеңке іздеп жан-дене,
Шыршықты бетке ап шомылмақ болып,
Шыққанда қыздар сәндене.
Шыршық ағатын, ыршып ағатын,
Жыршы болатын бар ағын.
Шыршық ағатын, шымшып ағатын,
Ақ қайраң санын жағаның.
Не деген сурет, не деген сөз саздылығы! Әр жолы әндетіп тұрған жоқ па?!
Осындай өлеңдері бар жинақтың қандай биік бағаға да лайықтылығын айтып жатудың өзі артық сияқты.
:

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Есенғали Раушанов туралы реферат тарих казакша на казахском, реферат Есенғали Раушанов на казахском языке история скачать бесплатно, тарих пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар тарих казакстан дуниежузи тарихы