Қазақ әдебиеті | Үмбет би Ғалиев

Қазақ әдебиеті | Үмбет би Ғалиев

Үмбет Ғалиев 1818-ші жылдары туылып кейбір жазбаларда 1888 жылы, ал басқа мақалаларда шамасы 1893-94 жылдары қайтыс болған деп айтылады. Арал бойының халқы биді "Үмбет молда" атап кеткен. Себебі ол діни имандылық жолында біраз еңбек еткен. Заман ағымына қарай ел басқару ісіне қарай бет бұрыпты. Ол әділ билігімен бірде шешендік сөзімен айналасындағы дау-жанжалдарды шешіп көзі тірі кезінде «Пірлі би» аталған.
Үмбет бидің есімі Қазалы уезінің түрлі бөлімдеріне арналған құжаттарда 1865-1866 жылдарда кездеседі. Бұл кезең әлі болыстық басқаруға көшірілмеген кез болатын. 1866-67 жылдардың бірнеше құжаттарыда "Зауряд хорунжий Үмбет Ғалиев" деп қол қойған жерлері бар. 1868 жылы алғашқы Ақторғай болысын Үмбет Ғалиұлы басқарған. Болыстықтың негізін Төртқара руының адамдары құрған.
1875 жылдың мамыр айындағы Қазалы уезі бастығының бүйрығымен 66 адам әр түрлі сыйлықтармен марапатталады. Солардың 57 тізімінде Үмбет Ғалиұлының 3 санатпен мерепатталған.
Қазалы уездік кеңесінде бітімгер сот болған И.Аничковтың 1897 жылдың 12 ақпаында жазған «Поездка на киргизские поминки в 1892 году» деген мақаласында зауряд хорунжий молда Үмбет Ғалиев асты басқарған үш бидің арасында көрсетілген.
Үмбет бидің ата-тегі: Әлім – Төртқара – Қараш – Сейтқұл би – Матай. Матайдан тараған ұрпақтары келе-келе оның Үмбет сияқты белгілі ұрпақтары баба есімімен Матай Үмбет болып аталады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру