ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ әдебиеті
Жер жүзі әдебиетінің тарихына көз салсақ, мәдени-рухани дамуында белгілі бір белі, елеулі кезеңдері болады. Әр елдің әлеумет өміріндегі әр алуан тартыс, тап күресі, қоғам өмірінің жалпы даму процесі таптың немесе топтың ой-пікір, тілек, мүддесін жыр етіп жоғары көтеретін адамдарды да дүниеге ала келеді. Олардың кейбіреулері ескінің шырмауынан шыға алмай, өткеннің күнгейін, жаңа заманның көлеңке жағын көрсе, кейбіреулері ескіліктің сыншысы, жаңалықтың жаршысы дәрежесіне көтеріледі. Олар тарихты даттамай да, мақтамай да әділ бағалап, үмітті алдан, жарықты келешектен күтеді. Өз кезіндегі әр алуан мәселелерді терең толғап, кеңінен шолиды. Айналасына көз тігіп, ел қамы, жұрт пайдасы деген нысананы алға қояды да, тарихтың үлкен сахнасында бой көрсетеді. Сөйтіп, олар өз дәуірінің ұраншысы, келешектің жыршысы болады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әлеумет қайраткерлеріне, оқымысты, ақын, жазушыларына, олардан қалған мұраларға біз осы тұрғыдан келсек, өмірде екі түрлі көзқарас, екі түрлі тілек, екі түрлі мүддені аңсаушылардың болғандығын көреміз. Бұны әдеби нұсқалардан айқын аңғарамыз. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттің идеялық мазмұнына, стиль ерекшеліктеріне қарап, біріншісін регресшіл романтизм бағытындағы әдебиет те, екіншісін реалистік және прогресшіл романтизм бағытындағы әдебиет деп бөліп қараймыз. Бірінші бағыттың басты өкілдері: Шортанбай, Әубәкір (Әбубәкір), Мұрат, Нұржан т.б. Бұл ақындардың әрқайсысы Қазақстанның әр түкпірінде өмір сүрді. Көбінің бір-бірімен қарым-қатыс, байланыстары болған жоқ. Бірақ олардан қалған мұраларды алсақ, барлығына ортақ, барлығының шығармаларына тән бірнеше ерекшеліктерді көреміз, яғни өмірге торыға қарау, заманына риза болмау, қазақ даласына жайыла бастаған капитализм элементтеріне, олармен байланысты туа бастаған жаңалықтарға қарсы болу, Қазақстанның Россияға қосылуына наразылық білдіру, өткен заманды, хандық-феодалдық құрылысты мадақтау, бар жанымен ескі өмір, көне заманға қайта бұрылу, өмірден торығу, дінге сену, бұл дүниеден безіп, ол дүниені іздеу.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ қоғам өміріндегі әр алуан болған өзгешеліктерді суреттей келіп, Кердері Әубәкір ақын:
Қарадан туып хан болды,
Құлдан туып паң болды,
Сары - азамат, сардар - бек,
Сары сулар - ас болды...
Халық ұстаған хандары,
Тағынан түсіп көлбеді,
Ақсақалдар жығылып,
Жас балалар тергеді.
Не жамандар түзеліп,
Жоғары қарап өрледі, -
десе, Шортанбай:
Ақсақалдан әл кетті,
Алмайды оның кеңесін.
Старшын қойған болыпты
Қайда пысықсыған немесін.
Шұнақ бидің тұсында,
Жауға қалқан ер кетіп,
Би қалмады шүйделі, -
деді. Әрине, ХІХ ғасырдың екінші жарымында «құлдан туып» теңдік алып, кедейден шыққандар ел билеп, «сарысы» әкім, сардары - «бек» болған қазақ жоқ. Оны қазақ тарихы білмейді. Әубәкір, Шортанбайдың бұл айтып отырғандары шын мәніндегі құл, кедейлер емес, ХІХ ғасырдың екінші жартысында сауда арқылы байыған қазақ даласындағы байлар, яғни, аталы сойдан шықпаса да, байлықтың арқасында ел тізгініне жармасушылар еді. Қазақтың әлеумет өміріндегі үстемдік хандар мен сұлтан, ірі феодалдардың қолына көшуі Шортанбай, Әубәкірлердің жандарына ауыр тиеді. Сондықтан да олар өтіп бара жатқан хандық дәуірді көксеп күңіренеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақтың Россияға үзілді-кесілді қосылуымен, 1861 жылғы реформамен, қазақ даласына орыс шаруаларының орналасуымен, 1868 жылы «Жаңа низамның» нәтижесімен, қазақ даласына жайыла бастаған капитализм элементімен байланысты әр алуан жаңалықтардың да төбесі көріне бастады. Бұл жаңалық, өзгерістердің бәрі де Шортанбай, Әубәкір, Мұраттарға жан түршіктірерлік нәрсе болып көрінді, олар «заман азды, ел тозды» деп жырлай бастады. Аз-мұз өзгерістердің өзін адам айтқысыз үлкейтіп көрсетті:
Заман кетті қырынға,
Бұрынғы, шіркін, заманның,
Исі де келмес мұрынға.
Биттей нәрсе қалсайшы,
Бұрынғы заңнан ырымға, -
дейді Шортанбай. Бұл кездегі өзгеріс, жаңалықтардың егжей-тегжейін Шортанбайдан гөрі құлдилата суреттеген - Әубәкір ақын. Әубәкірдің қай мәселе жөніндегі өлеңін алсақ та, ол кездегі өмір шындығын пессимистік сарынмен шектен шығара суреттегенін көруге болады. Бұл бағыттағы ақындардың қай-қайсысы да заман азды, ел тозды деген қорытындыға келіп:
Ақыл сұрасаң азбас ең,
Көпті көрген көнеден.
Қасиет кетті төреден,
Әділдік кетті билерден,
Абырой кетті енеден,
Мейір кетті пендеден.
«Тар заманға» душар боп,
Жаздым, тәңірім, мен неден, -
дейді.
Ғасырлар бойы үстемдік етіп келген хандықтың жойылуы, феодалдық құрылыстың іргесінің босай бастауы сол таптың идеолог жыршысы болған ақындардың бәрінің торығуына себеп болды. Олар қоғам өмірінің даму процесін даттау, ескіні дәріптеу арқылы тоқтатпақшы болды. Заманның ешбір өзгермей өз қалпында қалуын аңсады. Ел азып, жұрт тозбайтын заң да, жақсылық та, ескілік те көне заманда - деп, келешекке ұсынған өсиеті осы ескілік болды.
Бұл кезге шейін өзінің үстемдігін өмірдің барлық саласында толық жүргізіп келген қазақтың феодал табы, оның идеология майданындағы ақын, жыршылары жаңалыққа қарсы әр алуан жолдармен күрес ашты. Сол кезде орыс мектептерінде білім алып, ел билеу жұмысына араласқан бірен-саран оқымыстыларды, қазақ салтына ене бастаған кейбір жаңалықтарды, ескішіл феодал ақындарын өлтіре сынап, Әубәкір:
Тар шалбар, бешпет шықты қынамалы,
Жігітке шапан киген ұнамады.
Сары жез самауырын тағы шықты,
Машина шүмегі бар бұрамалы.
Төсектен ерте тұрып, басы ауырса,
Бөтен ем шайдан басқа сұрамады.
Сол болды ауруының жаққан емі,
Халықтың бәрекелді тапқан емі, -
десе, тап осы пікірді Мұрат сөзбе-сөз қайталап:
Киім кисе жеңі жоқ,
Етегі бар да, белі жоқ.
Бармақ сыяр жері жоқ,
Қатпа болған түйедей,
Киеңкі болған биедей
Ел билейді бір сымпыс,
Екі бұты таралған, -
деді.
Феодал қоғам құрылысының қаймағын бұзғысы келмеген феодал табы жыршыларының жаңалыққа қарсы күресте күшті құралдарының бірі дін мәселесі болды. Олар діннің кертартпалық әсерін түсінді. Сондықтан ислам дінінің әр алуан шарттарын өлеңге айналдырып, халыққа таратуға тырысты.
Бұл кезде ислам діні қазақ даласына екі түрлі жолмен тарады. Бірінші жолы қазақтың әр облысында, әр ауданында ресми түрде ашылған мектеп, медресе болса, екіншісі түрік, татар тілінде басылған кітаптар еді. Мектеп, медреселердегі схоластикалық діни оқуды өзі жақсы білмейтін дүмше, надан молдалар жастарға қараңғылық, кертартпалықтың ұрығын септі. Тәңірге апаратын тура жол деп, дінге шәк келтірмей, бас июді уағыздады, жұрттан осыны талап етті. Әйтсе де схоластикалық оқу, діни үгіт арқылы таратпақшы болған идеалистік көзқарас жалпы көпшілікті түгел ертіп кете алмады. Араб, иран, түрік елдеріндегі діни фанатизм қазақта болмауы былай тұрсын, өзіміздің көршілес Қазан татарларымен салыстырғанның өзінде, қазақтың діншілдігі арасында айырма болды. Діншілдер әр алуан жолдармен, қалай да болса, қазақ даласында дінді мол таратуға, діншілдіктің ең жоғарғы сатысы фанатик халге жеткізуге әрекеттер жасады. Әптиек, құраннан бастап, Мұхаммедтің 40 парызын үйрететін «Қырық хадис», «Шортсала» кітаптарының әрбір шартын қазақшылап оқыту, үйрету әдісіне көшті. Діншілдердің бұл әрекеттері де олардың өздері ойлағандай нәтиже бере алмады. Ислам дінін ресми түрде алса да, оған бағынса да, иланудың ішкі мағынасына толық түсінуден не түсінбесе де оған түгел берілуден халық көпшілігі бас тарта бастады.
ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында қазақ елінің көп жерлерін аралап, олардың әдебиетін, салтын, ғұрпын, дінін, тілін зерттеуші атақты ғалым, тюрколог В.В.Радлов бұл жөнінде былай деп жазады: «Халықтың (қазақтың) көпшілігі ислам жолын сыртқы әдет-ғұрып жөнінде ғана қолданады: шаш алдыру, мұрт қағу әдеттері қатты сақталынады. Намаз оқу, ораза ұстау дегендерді Мұхаммед дініндегі отырықшылар, олардың маңында тұратын қырғыздар болмаса, одан басқа халықтың көпшілігі оразаны берік ұстай бермейді. Дәретті теріс алады, дәреттің орнына таямамды (ташбиық) жақсы көреді. Мал бауыздауда ғана құран сөздері қатты ескеріліп, қырғыздардың (қазақтардың), әсіресе қарттар жағы, құран сөздерінен үзінді келтіруді ұнатады. Бірақ иланудың ішкі мағынасын толық білу олардың арасында сирек кездеседі»,1 - дейді. Радловтың бұл айтқандары - шындық. Қазақ өзімен көршілес түрік тектес халықтармен салыстырғанда, ислам дінінің зәрімен түгел улану дәрежесіне жеткен жоқ. «Оразаны күзге, намазды жазға қалдыруға» не намаздың орнына «Ақ қойдың келдесі, қара қойдың келдесі, мен Құдайдың пендесі», -деп баса беруге олар әрдайым әзір болатын. Молда мен қожа, хазірет пен ишан «ясин», «тәбәрәкті» өлердей мүлгітіп, мақамын келтіріп қанша оқыса да, араб, парсы тілін білмейтін қазақтар үшін олардың аяты, қадистері аңғыры бар, мандыры жоқ, үні бар, ұғынары жоқ жай сөз, жалаң әуеннің дәрежесінен аса бермейтін. Осындай жағдайда қазақ даласына дін әсерін күшейту жолының мықты құралы ретінде түрік, өзбек, татар баспаларынан шыққан «көркем» әдебиет нұсқалары келіп араласты.
Діншілдік идеяға әбден суарылған, әулие-әмбие, пайғамбар, сақабалардың іс-әрекеттерін асыра дәріптейтін, тәңірді, оған құлшылық етуді жырлайтын бұл әдебиеттің ұясы мен ойнағы түрік мемлекеті болды. Сол кездің өзінде-ақ азған ой-пікірдің жылымы болған түрік милеті өздерінің пантюркистік көзқарасын түрік тектес басқа елдерге тарату саясатын әр алуан жолдармен жүргізуге тырысты. Соның бірі дін және діншілдік моральді үгіттейтін кітаптар болды.
Бұл діншілдікті үгіттеуде 1801 жылдан бастап, ХХ ғасырдың алғашқы жылдарына шейінгі Қазан, Уфа т.б. татар баспа орындарында басылып шығып, қазақ даласына тараған жыр, өлең, бәйіт, қисса деп аталатын кітапшалардың көпшілігінде-ақ дін, діншілдік мәселесі қозғалды. Бұл кітаптардың идеялық мазмұнын айқындай келіп, атақты тюрколог проф. С.Е.Малов: «Дін және діни мораль - барлығының мазмұны осы ғана», - деді.
Дін және діни моральді насихаттаған бұл кітаптар қазақтың феодал табы және олардың жыршысы болған кертартпа көзқарастағы ақын, жазушылардың көкейіне қона кетті. Олардың бәрі де өз домбыраларының перне, күйлерін сол кітаптардың сазына сала бұрады. Бұл кездердегі түрік, татар баспаларында шыққан кітаптардың, оның діншіл авторларының алға қойған негізгі мақсат, тілектері - жұртты ислам дініне әбден бағындыру, уландыру, фанатик халге жеткізу. Екінші сөзбен айтқанда, бұл панисламдық, пантюркистік идеяның торына әбден
________________
1В.В.Радлов. Түрік жынысты елдердің халық әдебиеті үлгілері, ІІІ бөлім, С.П. 1870, 17-бет.
емес, туысқан қырғыз елдерінің атышулы Манас эпосын жариялаған, тюркология әлеміне алғаш рет таныстырған да Шоқан. Сонымен қатар, сол өмір сүрген дәуірді менменсіген Европа теоретиксымақтарының шығыс халқының мәдениетін жоққа шығарғанына шығыс филологтарынан бірінші рет соққы берген де Шоқан Уәлиханов болатын.
Фольклор, әдебиет тарихын жоғарғы оқу орындарында әдебиет сыны да, фольклор зерттейтін фольклористика ғылымы да жеке курс қатарында пән ретінде өтіледі. Мәдениеті алдағы орыс халқының әдебиет тарихын жасау әдістері - бізге үлгі. Олар әдебиет пен фольклорды зерттеушілерді әдебиет тарихымен байланысты айтса, сын тарихы пән ретінде жеке оқылады. Сонымен бірге, олардың ішінен ең озық шыққандарына (Белинский, Добролюбов, Писарев) монографиялық тараулар да береді.
Революцияға дейінгі қазақ әдебиетін жинаушы да, зерттеуші де, сын-пікірлер айтқан бірінші қазақ та Шоқан ғана. Кейінгі зерттеушілер үшін оның еңбектерінің бағасы зор.
ХІХ ғасыр әдебиет нұсқаларынан бізге жеткен бай материалдарды туғызушы халық таланттарының бірқатарын көзімен көріп, тілдескен, көрмегендерінің туындыларымен жақсы таныс, кейбіреулерін жыршылардың аузынан өзі жазып алған Шоқан тәрізді толық мағынасында европалық білімді, ойшыл ғалым адамның өткен әдебиет туралы айтқандары таптырмас тарихи мәлімет болып табылады. Ондай зерттеуші-сыншылардың еңбектері арқылы біз сол кездегі әдебиеттің көркемдік дәрежесін, атқарған міндетін, әлеумет өмірімен байланысты мәселелерге көзқарасын, стильдік ерекшеліктерін аңғарамыз және әдебиетіміздің даму жолдарын зерттеуімізге көмектеседі.
Міне, осы жағдайлардың жиынтығында, Шоқан Уәлихановтың әдебиет тарихына енуі де, оған жеке тарау беріліп, оның еңбегінің зерттелуі - заңды да орынды.
Ақын-жазушыларды жалпы әдебиет тарихына, әсіресе әдебиет тарихынан орта, жоғары мектептерге арналған оқулықтарға енгізу қалай болса солай емес, оған авторлар екшелеп, зор талғаммен алынады. Әрбір ақын, жазушы, сыншылардың өмірі мен творчествосы тәрбиелік мәні тұрғысынан қаралады.
Әдебиет тарихынан білім беру, даму жолдарын таныту, өмірбаяндарын білгізу мәселенің бір жағы болса, студенттердің эстетикалық талғамдарын күшейту, ой еңбегіне тәрбиелеу, өз беттерімен жұмыс істеуге, зерттей білуге үйрету - мәселенің екінші жағы. Тәлім мен тәрбиені бірлестіру, байланыстыру деген сөз - жоғарғы айтылған екі мәселенің басын қоса білу. Программа да, оқулық та, оқытушылық та осы мақсатты көздеуге тиісті. Әсіресе тәрбиелік мәселелерді іске асыруда әдебиет тарихына енгізілген авторлардың өмірі мен еңбектерінің орындары бөлек.
Егер біз Шоқанға осы жағынан келсек, жастар үшін Шоқанның өмірін ең үлгілі өмір деп айта аламыз. Ол небәрі 30-ақ жыл өмір сүрді. Оның еңбектерін оқып, ол туралы естеліктерді еске алсақ, оның еңбеккерлігіне, аз жылдарда соншама білім алғандығына таңғалмасқа болмайды. Шоқанның өмірі мен еңбектерін оқыған адам жас болсын, кәрі болсын таңданады, тіпті өзінің соншама аз білетіндігіне ұялғандай, қорынғандай болады. Демек, осындай сезімнің тууы оқырмандарын алға сүйреп, көп оқу, көп білуге, өнеге-үлгіге, жазу жұмысына машықтандырып, тәрбиелейді. Демек, Шоқан сықылды адамдардың әдебиет тарихына енуінің айрықша мәні осында.
Шоқан Уәлиханов бізде көп зерттелді, әлі де творчествосының зерттелетін қырлары көп. Шоқан туындыларын тарихшы, философ, этнограф, географ, әдебиетшілер де зерттеп жүр. Олардың кейбіреулері өз мамандықтарында монографиялық зерттеулер жазып, ғылымдар кандидаты дәрежесін алды. Кейбір ғалымдар басқа жағдайлармен байланысты зерттеулер жазды. Сондықтан біз оқулықта Шоқан Уәлихановтың өмірі мен творчествосына қысқаша мәлімет беріп, кейбір көзқарастарына шолулар жасаумен ғана шектеліп, олжөнінде кеңірек жазылған арнаулы зерттеу-еңбектерге сілтеулер жасауды дұрыс көрдік. Өйткені жоғары мектептерде қолданылып жүрген қазіргі күрделі әдістердің бірі - студенттердің өз беттерімен даярлану әдісі. Осы жағдайларды еске алып, академик С.Мұқановтың «Жарқын жұлдыздар»1 атты кітабының Шоқан Уәлихановқа арналған бөлімін, академик Ә.Марғұланның Шоқан Уәлиханов таңдамалы шығармаларына жазған «Жизнь и деятельность Чокана Валиханова»2 деп аталатын мақаласын және филология ғылымдарының кандидаты марқұм А.Нұрқатовтың «Шоқан Уәлиханов»3 атты мақала-зерттеулерін атауға болады.
1С.Мұқанов. Жарқын жұлдыздар, М-Б, 1964.
2А.Маргулан. Чокан Валиханов, Избр. произ., КИХЛ, 1958.
3А.Нұрқатов. Қаз. әдебиетінің тарихы, ІІ том, 1-кітап, ҚҒАБ., 1961, 215-247-беттер
Шоқан Уәлихановты көп жылдар зерттеген және үлкен тарихшы ғалымдарымыздың бірі Әлкей Кахановичті ғылыми талдауларының тереңдігіне, фактілерінің әрі бай, әрі дәл болуына қатты көңіл бөлетін ғалым десек, Сәбит Мұқанович Мұқанов та Шоқан Уәлихановтың өмірі мен творчествосын терең біледі, ол жөнінде бірнеше томдық роман да жазып жүр. Әйтсе де Сәбит Мұқановичтің ғылыми зерттеулеріне тән бір жайт: халық арасынан жинаған әңгіме, аңыз, әдеби нұсқалар мен архивтен алынған фактілерді шебер құрастырады. Екеуі екі басқа қайнардан құйылған фактілер С.Мұқанов еңбектерінде зерттемек объектісінің айналасында бірлік, бүтіндік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі. Соның үстіне Сәбит Мұқанович үлкен жазушы болғандықтан, керекті жерлерінде жалаң фактілерді жазушылық әдісімен мәнерлеп, оқырмандары қызыға оқығандай тартымды етіп береді.
Айқын Нұрқатов қазіргі жастар арасынан шыққан, әсіресе соңғы жылдарда бұрынғы және қазіргі әдебиетіміз туралы әрі әділ, әрі батыл пікірлер айтқан, әдебиетке өз көзқарасы қалыптасқан талантты ғалымның бірі болатын. Оның Шоқан Уәлиханов туралы жазған мақала-зерттеуі де ғылыми жағынан бағалы еңбектердің бірі.
Студенттер бұл зерттеулерге зер салса, қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан туралы көптеген мәліметтер де, білім де алады деген сеніміміз мол. Сондықтан да Шоқан туралы тарау шағын көлемде берілді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ әдебиеті, 19 ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ әдебиеті, қазақ әдебиет туралы реферат, казак адебиет туралы реферат казакша