Өмір
Өмір — теңіз, тағдыр — кеме, ал кемең суға батпас үшін өзің капитан болуың керек.
Тағдырдың қожасы тағдыр ғана, адам оның құлы.
Бір жақсы қасиетіңді толық көрсетуге жақсы қасиеттің көптігі кедергі келтіреді.
Өзінде болғанды өзгелерге бере алмайтындар, өзгелерде болғанды көре де алмайды.
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Ештеңені жүрекке жақын қабылдама, жақын қабылдасаң, жадыңда ұстағың келеді, жадыңда ұстаған жаныңа ауыр тиеді.
Уақытты өлтіру үшін көздеудің де қажеті жоқ.
Өзгелерге пайдалы адам мәндірек, өзіне пайдалы адам ұзағырақ өмір сүреді.
Әр адамның өмірде бақытты және бақытсыз болуы, табысты және табыссыз болуы өз қолында.
Өткен өмірдің берер сабағы, үлгі-өнегесі көп-ақ, бірақ оған қорытынды жасап ойланбаймыз.
Өмірде әр нәрседен хабарың болса да, адамның мінез-құлқын білмей кетесің.
Тіршіліктің әр күні ләззат, шаттық, оны кей пенде сезінеді, кей пенде сезінбейді. Тіршіліктің әр күнін бақыт деп сана.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: омир туралы накыл создер, омир туралы жайлы канатты создер, өмір туралы нақыл сөздер, өмір туралы қанатты сөздер, өмірдің мәні туралы нақыл сөздер, өмір туралы ұлағатты сөздер, өмір туралы афоризмдер