Абай Құнанбайұлы

 Абай Құнанбайұлы

Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!

Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта.

Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма!

Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң — Алланың сүйген құлының бірі боласың.

Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы.

Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің.

Өлейін деп өлмейді өлерлік жан.

Сұлуды сүймектік — пайғамбар сүннеті.

Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел.

Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді.

Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.

Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.

Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма.

Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.

Жақсы дос білген сырын сыртқа жаймас.

«Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.

Серт бұзғанның орны шоқ.

Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек.

Арлану ақылдының ісі.

Әйтеуiр анадан тәуiрмiн ғой деме. Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жаман болады-дағы.

Жұрт — жас бала, жылатып тартып алма...

Есебі жоқ ант ішпе.

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас,
Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.

Бір қылығың жағып күнде жақсы болмайсың.

Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.

Пендеде бiр iс бар — жалығу деген. Ол —тағдырда адаммен бiрге жаратылған нәрсе, оны өзi тапқан емес. Оған егер бiр iлiксе, адам баласы құтылмағы қиын.

Елдi билеуден адамның өзiн-өзi билеуi қиын. Жағдайы келгенде бақ көтерiп, таққа отыру бола бередi. Бiрақ соның буымен өзiн-өзi ұстай алмай, абыройын ашатындар көп.

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркiм бiр ит сақтап жүр ырылдатып.

Кей адам бүгiн тату, ертең қату
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.

Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек.

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкiм қалап.
Терең ой, терең ғылым iздемейдi,
Өтiрiк пен өсектi жүндей сабап.

Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды.

Егерде мал керек болса — қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегiн сатқан қолөнерлi — қазақтың әулиесi сол.

Ненiң қызығын көп iздесең, соның азабын бiр тартарсың.

Қайғы келсе, қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан-шын асыл, тастай көрме

Арсыз болмай атақ жоқ,
Алдамшы болмай бақ қайда.

Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманды жаман күйлемек,
Замана оны илемек.

Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бәрi болды аларман.

Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн,
Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн.
Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда
Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.

Жүрегімнің түбіне терең бойла.

Сағаттың шықылдағы емес ермек, һәмиша өмір өтпек — ол білдірмек.

Өткен өмір қу соқпақ,
Қыдырады талайды.

Көкірегі - сезімді, көңілі - ойлыға бәрі анық.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.

Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да.
Дүниеде маған сендей жар жоқ сірә,
Саған жар менен артық табылса да.

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.

Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың.

Ғылым - Алланың бір сипаты.

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Жастықтан бір күлгенің, мың қаралық.

Мал жұтайды, өнер жұтамайды.

Еңбек қылмай тапқан мал, дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.

Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың.

Сұлуды сүю - пайғамбар сүннәті.

Сен асыққан екен деп — Алла өмірін өзгертпес.

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

Алланың өзі де - рас, сөзі де - рас.

...ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі - зор билік, екіншісі - есепсіз байлық.

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол.

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!

Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет біліп қой.

Кейбір адамдар ішсем, жесем деп дүниеге келеді, ал кейбіреулері білсем, көрсем деп келеді.

Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге.

Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы.

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.

Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.

Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл.
Шәкіртсіз ғалым-тұл.

Ақыл - жан қуаты.

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады.

Пейілі кедей байдан сақта.

Пайда, мақтан, әуесқой — шайтан ісі.

Кейбіреулерге қанша мал бітсе де, байлық бітпейді.

Жақсылық - ұмыт, жаңылыс - кек.

Мен егер Закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.

Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.

Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге.

Зерек ақыл - суық мұз.

Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол.

Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ақыретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рахатың - бәрі бірдей екен.

Досыңа достық — қарыз іс.

Бір жерде бірге жүрсең басын қосып,
Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып.

Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.

Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.

Серт бұзғанның орны шоқ.

Жаныңа жаққанның соңына еруге жалқауланба.

Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.

Пенде өлмейді арманнан.

Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

Сынық қанат көбелек – ол да өмір іздемек.

Распенен таласпа.

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

Қайғысыздың бәрі асау.

Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады.

Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды.

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.

Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды.

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?..

Ұят деген - адамның өз бойындағы адамшылдығы...

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес

Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.

Дүниеде жалғыз қалған адам — адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында.

Атымды адам қойған соң,
Қайтып надан болайын.

Егер ісім өнсін десең – ретін тап

Әйел адам - гүлмен тең.

Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.

Досыңмын деп жүріп, дұшпандығын оздырар жамандар болады.

Асығыс түбі - өкініш.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық.

Нәпсінің қу мінезін - тіл де үйренеді.

Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар.

Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық

Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.

Адал жүріп, адал тұр.

Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.

Адам баласының ең жаманы – талапсыз.

Шешеннің тілі
Шебердің бізі.

Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек.

Пайда ойлама, ар ойла

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен:
- Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған:
- Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді.

Жасанды кішіпейілділік — жақсы қасиет емес.

Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау.

Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап.

Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

Жастықта көкірек зор, уайым жоқ

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл.

Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.

Өзімшілдік — адамды бұзатын пиғыл.

Тіл өнері дертпен тең.

Сөзіне қарай кісі ал, Кісіге қарап сөз алма

Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру