Заттардың балқу және қайнау температуралары. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация. 1 - сабақ.


-Берілген заттың ерекшеліктерін еске түсіре отырып, сипаттап көріңдер

Жұптық жұмыс – Сынып форматы

- Заттарға қандай қасиеттер тән?

Заттардың қасиеттері:

түсі, агрегаттық күйі, тығыздығы, аққыштығы, тапталғыштығы, иілімділігі, жылу және электрөткізгіштігі, балқу және қайнау температуралары

Бөлім 6.2А Заттар және материалдар. Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Заттардың балқу және қайнау температуралары (1-сабақ)

Оқу мақсаты:

6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттайды

Мәтін «Физикалық күйдің өзгеруі»

Жеке жұмыс – сынып форматы

- Мәтінді (қосымша 1) оқып, төмендегі кілт сөздер мен сөз тіркестерді қолдана отырып, дәптерлеріңе 4-5 сөйлем құрып жаз.

Балқу температурасы, қайнау температурасы, қатты, сұйық, газ тәрізді, бөлшектер, бөлшектер арасындағы ара-қашықтық, ішкі энергия, қоршаған орта температурасы

«Қайнау» және «Балқу» бейнекөріністерін көргеннен кейін мына сұраққа жауап бер:

Дененің балқуы/қайнауы кезінде қандай өзгерістер байқалады?

Бейнекөріністі көргеннен кейін мына сұраққа жауап бер:

Дененің балқуы кезінде қандай өзгерістер байқалады?

Жауабы:

Молекулалар жылдамдығы артады

Дененің ішкі энергиясы артады

Дене балқу температурасына дейін қызғанда оның кристалдық торы бұзыла бастайды

Қыздыру энергиясы тордың бұзылуына жұмсалады

ҚАТТЫ ДЕНЕ СҰЙЫҚ

өзгерістерді анықта

Заттардың қатты күйден сұйық күйге ауысу процесі балқу (Melting) деп аталады

Белгілі бір сыртқы қысымда қатты заттың сұйық күйге ауысу температурасы балқу температурасы деп, ал тұрақты қысымда қатты затты толықтай сұйық күйге ауыстыруға қажет жылу мөлшері балқу жылуы деп аталады

Зерттеу сұрағы:

Таза су мен қоспасы бар судың қайнау температураларында өзгешелік бар ма?

Рефлексия

Мұғалім оқушылардан сабақта алған білім мен түсіну деңгейін бағалауды ұсынады:

Сабақта мен....

білдім _________________________

түсіндім_________________________

үйрендім__________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.