Заттардың балқу және қайнау температуралары. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация. 2 - сабақ.


Өзін-өзі бағалау

«Сөйлемдерді толықтыр» тапсырмасының

дұрыс жауаптары:

1) Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы балқу деп аталады.

2) Заттың балқуы жүретін температура балқу температурасы деп аталады.

3) Заттың сұйық күйден қаттыға ауысуы қату немесе кристалдану деп аталады.

4) Заттың кристалдануы жүретін температура кристалдану температурасы деп аталады.

5) Заттар бір температурада балқиды және қатады.

6) Сұйықтықтың буға айналу процессі бу түзілу деп аталады.

7) Сұйықтықтың бетінде жүретін бу түзілу процесі булану деп аталады.

8) Будың сұйықтыққа айналу процесі конденсация деп аталады.

9) Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.

10) Егер булану тек сұйықтық бетінде ғана емес, сонымен қатар оның барлық көлемінде қарқынды бу көпіршіктерінің бөлінуімен жүрсе, бұл процесс қайнау деп аталады.  

Бөлім 6.2А Заттар және материалдар. Заттардың құрылысы мен қасиеттері

Заттардың балқу және қайнау температуралары (2-сабақ)

Оқу мақсаты:

6.3.1.3 заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттайды

Бағалау критерийлері

- Заттардың балқу/қайнау температуралары арқылы заттың тазалығын анықтайды

Заттың фазалық ауысу шарттарын сипаттайды (қатты =>сұйық, сұйық=> газ).

Қыздыру қисығының аймақтарын зерттейді

Қайнау мен булану арасындағы айырмашылықты анықтайды

Бейнекөрініс «Қорғасынның балқу және салқындау қисығы», «Балауызшамның балқуы»

1.Заттың балқуы қай уақытта басталады?

2.Қай уақытта зат кристалданады(қатады)?

3.Заттың балқу және қату температуралары нешеге тең?

4.Балқу қандай процеске жататынын түсіндір.

Графикпен жұмыс

Жеке – жұптық жұмыс

Графикпен жұмыс Жеке – жұптық жұмыс

1) Ордината осьтерінде заттың балқу және қайнау температурасын белгіле.

2) Бөлшектер теориясы тұрғысынан не себепті АВ аймағында температура өзгермейтінін түсіндір.

Рефлексия

Мұғалім оқушылардан сабақта алған білім мен түсіну деңгейін бағалауды ұсынады:

Сабақта мен....

білдім _________________________

түсіндім_________________________

үйрендім__________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.