Жануарлар қайда тіршілік етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық.

  •  «Доптың сұрағы» ойынында оқушыларға доп лақтырып сұрақ қою ұсынылады. Сұрақ қою барысында өсімдіктерді қандай топтарға бөліп қарастыруға болатынын, оларды қандай белгілерге сүйеніп топтастыратынын, өсімдіктер қайда өмір сүре алатыны, олардың өмір сүруі үшін не қажет екендігі, өсімдікке қажетті жағдайлардың жануарларға да қажет екендігін, жануарларды қалай және қандай белгілері бойынша топтастыруға болатынын талқылау.
  •  Топқа біріктіру. Оқушыларды «Қарақұйрық, аю, бүркіт, дуадақ, кәмшат, ақтүлкі, піл, итбалық, шегіртке» сөздері жазылған қима қағаздар арқылы топқа біріктіру.
  •  Алуан түрлі жануарлар. Оқулықтағы сурет саны бойынша құрылған 9 топтың атауына сәйкес берілген суреттегі мекен туралы сипаттама жасау. Сипаттама жасауда төмендегі сұрақтарға жауап беру.
  • Ол қандай мекен?
  • Өсімдіктер бар ма?
  • Алыстағы көкжиек көріне ме әлде кедергі жасайтын нәрсе бар ма?
  • Топырағы қандай?
  • Осындай жерлерде болып көрдіңдер ме?
  • Ол жердің атауы қандай?
  • Басқа қандай жерлерде жануарлар тіршілік ете алады?

 Жауаптары: 1. Шөл. 2. Аралас орман. 3. Тау. 4. Дала. 5. Өзен. 6. Арктика. 7. Саванна. 8. Теңіз. 9. Шалғындық.

  •  Зертте. Зерттеу жұмысы арнайы үлестірме парақшалары бойынша жүргізіледі. Әр оқушы үлестірме парақшадағы мәліметпен танысу. Сипаттамасына сәйкес суреті мен атауын тауып, біріктіріп қою. Құралған «үштікті» мұқият қарап шығып, ортақ белгілерді анықтап, төрт топқа топтастыру. «Үштікті» парақтағы сәйкес бөлікке жапсыру. Топтастыруларын нақты дәлелдермен түсіндіру. Басқа топтың плакаттарымен салыстырып, бірге талдау.

 Жауаптары:

Бірінші топ – орман: джунгли, аралас орман.

Екінші топ – суқойма: өзен, теңіз, көл.

Үшінші топ – тау.

Төртінші топ – ашық кеңістік: дала, шөл, шалғындық, саванна).

  •  Қосымша ақпарат. Жануарлардың тіршілік ортасы .Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т.б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит құрттар мен кенелер жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді; ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала тышқандарын аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы.

 Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы, бақалар – суда да, құрлықта да; ал дала тышқандары топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы, мұнда оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.

 Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың  мекен ортасы дейді. Мысалы, ормандағы қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен ортасы болады. Бұл мекенде тиіннің сүйікті азығы – бүр жеткілікті, саңырауқұлақ та көп; тоңса – паналайтын, қорықса – тығылатын, ағаш діңіндегі қуыстар – баспана болып табылады. Әрбір мекен ортаны жануарлардың көптеген түрлері қоныстанады.

 Сілтеме: http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/biologija/zhanuarlardy_t/11-1-0-2925

 

  •  Тест тапсырмалары.1. Сүтқоректілерді белгіле.А) Балық, құсӘ) сиыр, бұғы

2. Жыртқыш аңдарды тап.А) Арқар, құлан, түйеӘ) Қасқыр, түлкі, аю

3. Тиіннің қорегін белгіле.А) Бидай, арпа, сұлыӘ) Саңырауқұлақ, жаңғақ

4. Балықтардың тіршілік ортасы.А) суӘ) орман

5. Бауырмен жорғалаушыларды көрсет.А) жылан, кесірткеӘ) Қоңыз, көбелек

6. Бақа жануардың қай түріне жатады?А) қосмекендіӘ) бауырмен жорғалаушы

Жауаптары: 1 – ә; 2 – ә; 3 – ә; 4 – а; 5 – а; 6 – а.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу