Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулық.

  •  Топқа біріктіру. Оқушыларды «Омыртқалы жануарлар» және «Омыртқасыз жануарлар» сөздері жазылған қима қағаздар бойынша шағын топтарға біріктіру.
  •  Жануарлардың топтары. Әр топқа түрлі жануарлардың суреттері бейнеленген парақтарды таратып, оларды белгілеріне қарай топтастыру.
  •  Жұмбақ. Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды анықтау. Омыртқаның кейбір жануарларда болатынын, ал кейбіреулерінде болмайтынын айтып, өз ойларымен бөлісу.

Неліктен жоғарғы сөреде төртінші жануардың қаңқасы жоқ?

Қаңқаның қызыл сызықпен көрсетілген бөлігі қалай аталатынын білесің бе?

  •  Сөзді тап.«Поле чудес» ойыны арқылы суреттегі жануарлардың атауларын табу. Ұлуды, қоңызды, араны, көбелекті, шегірткені омыртқасыздарға жатқызуға болатынын анықтайды. Омыртқалыларға балықтар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер, құстарды жатқызатынын айтады. Омыртқасыздарға бунақденелілер, құрттар, теңізді мекендеушілер жататынын айтады.
  •  Зертте. Зерттеу жұмысын саябақта немесе мектеп алаңында жүргізу ұсынылады. Егер күн райы зерттеу жұмысын жүргізуге кедергі келтірсе, онда оны сыныпта жүргізіңіз. Әр оқушы алаңнан неғұрлым көбірек жануарларды табуы қажет. Тапқан жануардың атын зерттеуші күнделігіне жазуы керек немесе суретін салып қоюы тиіс.

Оларды омыртқалылар немесе омыртқасыздар тобына бөлуі керек.

 Сыныпта зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылау қажет. Оқушылардың бақылау жасау жоспарын толық жүргізгенін нақтылаңыз.

Әртүрлі жануарлардың суреттері мен фотосуреттерін таратыңыз.

Оларды омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөліңіздер.

 Олардың арасынан саябақтан немесе мектеп алаңынан кездестіруге болатын жануарды бөліп алыңыздар.

Аттарын күнделікке жазып қойыңыздар.

Нәтижесін бағандық диаграмма түрінде көрсетуі керек.

  •  Қосымша ақпарат. Балықтардың суда тіршілік ететіні бәрімізге белгі сондықтан оның су ішінде қозғалу мүшелері мен мүшелер жүйесі жақсы жетілген. Балықтардың дене пішіні суда жүзуге ыңғайлы бас жағы сүйірлене бітіп, тұлғаға қарай дөңестеніп жуандайды, құйрығына қарай жіңішкереді. Екі бүйірі сәл қысыңқы болады, денесі сүйекті қабыршақпен қапталған. Әр қабыршақтың артқы жиегі алдыңғы жиегіне келесі қабыршақтың жиегіне жапсарласа орналасады. Балықта құйрық жүзбе қанаты, жұп көкірек қанаты, бір жұп құрсақ жүзбе қанаттары бар. Ал құйрық немесе екі арқа және бір құрсақ асты (аналь) жүзбе қанаттары болады. Сонымен қатар балықта жақсы қозғалуына әсер ететін торсылдақ болады. Торсылдақтың атқаратын қызметі су түбіне бату және су бетіне жеңіл көтерілу, балықтардың кейбір түрлерінде дыбыс толқынын күшейтетін резонатор, ал кейбір балықтарда дыбыс шығаратын мүше.

 Қосмекенділер - құрлықта тіршілік етуге бейімделген алғашқы омыртқалы жануарлар осыған байланысты көптеген түрлерінде екі жұп аяғы бар, артқы аяқтары ұзын болады, сондықтан секіріп қозғалады. Аяқтары негізінен үш бөлімнен тұрады. Алдыңғы аяқта қар, білек, алақан сүйектерінен, артқы аяқта сан, сирақ, табан сүйектерінен тұрады. Алақаны төрт саусақты, табан бес саусақты.

 Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған. Қанаттың қалақшасын түзетін ұзын қауырсындар - қанатты қағушы қауырсындар деп аталады. Қанаттың үстіндегі ірі қағушы қауырсындар денені ауада ұстайтын қалықтау бетін құрайды. Құйрықтағы ірі қауырсындар құстың ұшу бағытын өзгертуге және қонған кезде ұшуды баяулатуға жәрдемдесетін бағыттаушы қауырсындар.

 Құстың беломыртқалары сегізкөз бен құйрықтың алдыңғы омыртқалары бірігіп жамбас сүйектері тұтасып қозғалмайтындай болып байланысады. Оларда дене артқы аяқтарға берік мықты тірек болып табылады.

 Сүтқоректілердің тірек қимыл жүйесінің құрылысы қосмекенділер мен жорғалаушыларға ұқсас. Әрине әр түрдің қозғалуы соған байланысты тірек - қимыл жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

 Омыртқасыздар (Іnvertebrata) – жануарлар әлеміндегі ең үлкен топ. Бұлардың омыртқасы болмайды. Омыртқасыздардың қай кезде пайда болғаны туралы дәл дерек жоқ, бірақ қарапайымдылар кембрийге дейін, бір клеткалы организмдерден көпклеткалылардың осыдан 1 млрд. жыл бұрын пайда болғаны белгілі.

 Жануарлар патшалығын бір жүйеге келтіруде Ж.Б.Ламарктың еңбегі зор. Ол 19 ғ-дың басында жануарларды: Омыртқасыздар және омыртқалылар деп 2 топқа бөліп, оларды сатылай орналастырды. Тірі организмдер құрылысының күрделілене түсуін Ламарк градация (жоғары көтерілу) деп атап, мұны олардың іштей прогреске ұмтылушылық қабілетінен болады деп түсіндірді.

 Қазіргі кезде омыртқасыздардың 2 млн-нан астам түрі 22 типке бірігеді: саркомастигофоралар, споралылар, микроспоридиялар, инфузориялар, тақталылар, губкалар, ішекқуыстылар, ескектілер, жалпақ құрттар, немертиндер, жұмыр құрттар, скребнилер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар, моллюскалар, қармалауыштылар, тікентерілілер, погонофоралар, қылтанжақтылар, жартылай хордалылар және книдоспоридиялар немесе миксоспоридиялар (Myxosporіdіa). Бұлардың 1 мыңға жуық түрі белгілі, бұлар тіндік және қуыс аралық паразиттер болып табылады.

Сілтеме: http://el.kz/kz/news/archive/content-5126

  •  Қосымша әдебиеттер тізімі.

1. Қ.Б.Олжабекова, Б.Е.Есжанов. Омыртқалылар зоологиясы. Алматы 2007 ж. т1. 2. К.Ә.Дәуітбаева. Омыртқалылар зоологиясы. ҚазМУ Алматы – 1986ж. 3. С.М.Махмұтов. Зоология, ІІ бөлім. Алматы – 1995ж. 4. Қ.С.Қайым, Р.Б.Сәтімбекұлы. Жануартану. Алматы – 1998ж. 5. К.А.Жаңабердиева. Қысқаша анықтамалық. Алматы, «Алматыкітап» – 2004ж. 6. Қ.Қайымов. Қызықты зоология. Алматы – 1995ж.

Сілтеме: http://asyl-bilim.kz/load/p_nder/biologija/omyrt_aly_zhanuarlardy_damuy/5-1-0-289



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу