Жануарлар қайда тіршілік етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, презентация.
2-бөлім “Жанды табиғат Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен ”
ЖАНУАРЛАР ҚАЙДА ТІРШІЛІК ЕТЕДІ?
Сен:
• жануарлардың қайда тіршілік ете алатынын білесің;
• мекендейтін жеріне қарай жануарларды топқа бөлесің.
Сабақ мақсаты:
Сұрақтар:
Өсімдіктерді қандай топтарға бөліп қарастыруға болады?
Қандай белгілерге сүйеніп топтастырамыз?
Өсімдіктер қайда өмір сүре алады?
Олардың өмір сүруі үшін не қажет?
Дәл сол жағдайлар жануарларға да қажет пе?
Олар кез-келген жерлерде өмір сүре алады ма?
Жануарларды қалай және қандай белгілері бойынша топтастыруға болады?
Саванна. Шалғындық.
Саванна – Оңтүстік ғаламшарда орналасқан. Шөптесін өсімдіктер өсетін ашық далалы жерлерде ағаштар мен бұталар сирек кездеседі. Арыстан, қарақұйрық, алақұлан, қо рқау қасқыр, гепард, керіктер және т.б. көптеген аңдар тіршілік етеді.
Шалғындық – әртүрлі шөптесін өсімдіктер өсетін ормансыз жер. Ұсақ жануарлар мен бунақденелілер көп кездеседі. Олар: шегіртке, көбелек, көртышқан, ара мен бал арасы.
Джунгли
Джунгли – шырмауықтармен шырмалған бұталы-ағашты тоғай. Әдетте, маймыл, піл, қысқа мойынды керік, тотықұстар мекендейді. Азияда орналасқан.
Көл. Өзен. Теңіз.
Көл – құрлықтағы сумен толтырылған терең тұйық шұңқыр.
Өзен – үлкен су ағыны. Онда балық, шаян, ұлу, құндыз, кәмшаттар тіршілік етеді.
Теңіз – бір немесе бірнеше жағынан құрлықпен қоршалған мұхиттың бөлігі. Балық, дельфин, кит, сегізаяқ, медузалар және басқа да көптеген жануарлар тіршілік етеді.
Дала. Шөл.
Дала – шөптесін өсімдіктер өскен жазықтық. Далада сарышұнақ, суыр, дуадақ, атжалман, киік, қарсақ, бизон, бозторғай, күшіген тіршілік етеді.
Шөл – жер бетінің өте құрғақ және ыстық жері. Өсімдік өте аз өседі. Жылан мен кесірткелер көп. Қосаяқ, қарақұйрық, бөкендер тіршілік етеді.
Аралас орман
Аралас орман – қылқанды және жапырақты ағаштар өседі. Мұндай ормандар Еуразия мен Солтүстік Америкада бар. Олар жануарлардың алуантүрлілігімен ерекшеленеді, бұлан, қасқыр, аю, тиін, кірпі, қоян, жорғаторғай, сауысқан және басқа да жануарлардың түрі кездеседі.
Тау
Тау – Жердің басқа бөліктерінен биік тұратын бөлігі. Барыс, арқар, қодас және көптеген жәндік, гризли, сусар мекендейді.
Кері байланыс
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Эссе парағы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру