Жануарлар саны неге азаяды? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау Жаратылыстану пәні 3 сынып 2 тарау 7 сабақ Сабақ тақырыбы: Жануарлар саны неге азаяды? «Аралас. Жұптас. Пікірлес» стратегиясы арқылы сұрақтар бойынша ой бөліседі. Сұрақтар тізбегін оқушылардың қолына таратуға немесе плакатқа жазып, тақтаға іліп қоюға болады. Бейнематериал көрсету. Азайып немесе мүлдем жойылуға таяп қалған жануарлар https://www.youtube.com/watch?v=yczK0Ym19Hg Зертте. Топтық жұмыс. Оқушылар «Адамның қандай әрекеті жануар санының азайып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін?» деген тақырыпта топта ақпарат көздерін пайдаланып, өз білімдері мен өмірде көргендерін жинақтап кластер құрастырады. Маңызды тақырыпты сызба түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастырады және ары қарай тармақтармен толықтырады (аңдарды терісі мен еті үшін аулайды, ормандарды жойып, далалы, таулы жерлерді өзгерту жануарларды мекен ету ортасынан ығыстырады, зауыт, фабрикалардың түтіндері жануарлардың тыныс алуына әсер етеді, қолданылған кір суларды су қоймаларына ағызса суқоймасы жануарларына әсер етеді, қатты дыбыстар үрей тудырады тб). Топ мүшелері өз жұмыстарын қорғайды. Суретпен жұмыс. 1-топ: Өрт; 2-топ: Құрғату мен кесу; 3-топ: Аңшылық Қорытынды: Табиғат апаттары мен адам әрекетінен жануарлар тіршілік ортасын өзгертіп, саны азаюы мүмкін. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінмен танысады. Мәтін бойынша туындаған сұрақтармен жұмыс жасалады. Сен білесің бе? Амазонканың тропикалық ормандары туралы бейнематериал немесе сурет көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=IOvp9O1cNK0 Адамдар әрекетінен ормандағы сирек кездесетін жануар мен өсімдік түрлері жойылып бара жатқаны айтылады. Бағалауға арналған тапсырма. Жеке жазба жұмысы. «Жануарларды қорғау шаралары» тақырыбында шағын жазба жұмысын (эссе) жазу. Өз еріктерімен «Автор орындығына» отырып, жазба жұмыстарын сынып алдында оқиды. Сынып оқушылары бағалайды. Жазба жұмысын аяқтамаған оқушыларға үйде аяқтауға мүмкіндік беріледі. Үйге тапсырма: «Жануарларды қорғау» тақырыбында парақшалар (листовкалар), хабарламалар дайындау.
|
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру