Жануарлар қалай көбейеді. Жаратылыстану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Тірі табиғат. Жануарлар

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:18

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жануарлар қалай көбейеді

Оқу мақсаты

2.3. Жануарлар.

 Сабақтың мақсаттары

2.2.2.4 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру

 Бағалау критерийлері

Жануарлардың төлдеу, жұмыртқалау, уылдырық шашу арқылы көбею жолдарын түсіндіреді

 Тілдік мақсат

Оқушылар таныс емес «уылдырық», «төлдейтіндер», «жұмыртқалайтындар», «уылдырық шашатындар» тірек сөздерді меңгереді. Сөздерді қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Жануарларға  қамқорлық  жасау керектігін ұғындыру

Алдыңғы білімдер

Жануарлардың негізгі сипаттамаларын біледі, үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізу.

Өткен тақырыпты қайталау. Суреттерді ұсынып, омыртқалы және омыртқасыз жануарларды анықтату. (Көртышқан, шегіртке, бүркіт, шұбалшаң, медуза, қоян, піл, жылқы, құмырсқа.) Жануарлардың ішінен үй жануарларын атату. Сабақтың мақсатын қою

Сабақтың ортасы

(Ұ) -Үй жануарлары адамға не береді?

Ойын ұйымдастыру: сүттің суретін көрсетіп, оны қандай жануардан алуға болатыны туралы сұрау. Үй жануарларының пайда болуы туралы баяндап беру. Үй жануарларының туралы бейне материалды ұсыну. Тағы да қандай жануарларды үй жағдайына үйретуге болатыны жайлы сұрау. Болашақта тіршілікті сақтап қалу үшін адамдарға не қажет екендігі туралы ойланып көруге ұсыныс жасау.

Ойлан. Оқушыларға екі суретті салыстырту. «Ұшып бара жатқан құс пен ұшақтың арасында қандай ұқсастық бар? (Дене қалпы, сүйірлігі.)

- Шегіртке мен тікұшақ бір-біріне ұқсай ма? (Сыртқы түрі, қанаттары пропеллерге ұқсас.)

- Жолбарыс жемтігін ұзақ уақыт бойы торуылдап, шап беріп ұстап алады. Адам баласы мұндай тәсілді қайда қолданады?

- Жабайы жануарлардың пайдасы бар ма?

- Қандай жануарлардың адам баласының жаңалық ашуына түрткі болғаны туралы ойлануға тапсырма беру. Ежелгі дәуірде адамдар өмір сүру үшін аң аулауға мұқтаж болғандығын айту.

-Қазіргі кезде аң аулаудың қажеттілігі бар ма?

(Ұ,МК)

- Қалай ойлайсыңдар, уылдырықтан не шығуы мүмкін? (Балық.)

- Уылдырық шашатын жануарлар туралы не білесіңдер?

- Уылдырық неге ұқсас?

Жануарлардың төлдеуі.

  • - Суреттегі төлдердің қайсысы аталған жоқ? (Бұзау мен лақ.)
  • -Олар қалай туылады?
  • - Тағы қандай жануарлар төлдейді?

(Т) Әр топқа жануарлардың суретін тарату (сиыр, ат, үйректұмсық, мысық, ит, қолтырауын, түлкі), А3 пішінді парақ (екі бөлікке бөлінген, бірінші жартысында «жұмыртқасалушылар», ал екіншісінде «төлдейтіндер» деген сөздер жазылған) желім.

Оқушылар кезектесіп жануарлардың суреті бар үлестірме парақшаларды А3 пішінді парақтың тиісті жағына орналастырады. Себебін түсіндіреді. Өз пікірін айтады, талқылайды. Зерттеу нәтижелерін зерттеушінің дәптеріне жазады.

• Әр топтың нәтижелерін салыстырып, талдап, ұсынған нұсқамен салыстырады қажет.

(Ж)

- Балықтар қай жерде тіршілік етеді, олар уылдырығын қай жерде сақтайды? (Уылдырықтың қараусыз қалатыны және оларды толқын жағаға шығарып тастайтыны, жыртқыш балықтардың жеп қоятыны туралы қорытынды жасау. Сондықтан балықтар тұқымын қалдыру үшін уылдырықтар көп болуы қажет екеніне назар аударту..

(Ө)

Төлдейтіндер және жұмыртқалайтын жануарларды топтастыр. Оқушылардан барлық тірі ағзаларды екі топқа бөлуін сұрау – төлдейтіндер және жұмыртқа немесе уылдырық салатындар (кейбір оқушыларға суреттердің жанындағы дөңгелектерді бояуды, ал қалғандарына кестеге жануарлардың аттарын жазуды ұсыну).

Төлдейтіндер – сәби, түлкі, қой, қасқыр, жылқы, аю.

Жұмыртқалайтындар, уылдырық шашатындар – қолтырауын, бақа, тауық, тасбақа, қаз, балық.

Шешіп көр! Оқушылар бұл тапсырмада жұмбақтарды дұрыс жауабы көрсетілген суреттермен байланыстырады. Осыдан кейін олар жұмбақ нөмірлерін жануарлар топтарына қарай кестеге жазады.

1) қолтырауын;

2) ешкі;

3) түйеқұс;

4) тасбақа;

5) аю;

6) жылан;

7) шортан;

8) жылқы.

https://www.youtube.com/watch?v=jua89snhBgw

Сабақтың соңы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Төлдейтіндер және жұмыртқалайтын жануарларды топтастыруды ұсынғанда кейбір оқушыларға суреттердің жанындағы дөңгелектерді бояуды, ал қалғандарына кестеге жануарлардың аттарын жазуды ұсынамын.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу