Жануарлар туралы не білеміз? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Ғылымға кіріспе

4А бөлім Жануарлар

Тақырып: Жануарлар туралы не білеміз?

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

4 тоқсан Сынып 1

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.1. Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата білу,сұрақ қоя білу;

1.3.1.4.Үй жануарларынан алынатын өнімдер тізімін білу

1.1.3.5. Бақылауларды сызбамен көрсету. 1.3.2.2 Жыл мезгілінің ауысуына қарай жануарлардың қалай дайындалатындығын түсіндіре алу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

Жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырата біледі.Үй жануарларынан алынатын өнімдердің тізімін айта алады.

Көпшілігі:

Жануарлар түрлерін топтастыра алады.

Кейбір оқушылар:

Мәтіндегі негізгі ойды анықтай

Жыл мезгілінің ауысуына қарай жануарлардың қалай дайындалатындығын түсіндіре алады.

Алдыңғы сабақта

Жануарларға қалай қамқорлық жасау керектігі туралы білді.

Тілдік мақсаты

жабайы, үй жануары,тамақ,маусым, жыл мезгілдері,қысқы ұйқы;

Жануарлар бізге не береді?

Айтып бере аласыз ба неге…?

…кейбір жануарлар қыc мезгілінде ұйқыға кетеді?

…кейбір құстар күз мезгілінде оңтүстікке қарай ұшып кетеді

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

25 минут

Қорытынды бөлім

5 минут

(Ұ)Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

(МК,Ұ) Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында сынып бөлмесі кілемше үстінде шеңбер құрып тұруға шақырамын..

Оқушыларға «Данышпан мен адам» атты аңызды әңгімелеп беремін.

«Данышпан мен адам»

 Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «бәрі сенің қолыңда» депті. Аңызда айтылғандай сендердің де бүгінгі сабақта өздеріңді табысты, алғыр сезінулеріңнің бәрі өздеріңнің қолдарыңда екен.

(Оқушыларды мақтау, қолдау арқылы бағалаймын)

Оқушылардың жаңа сабақтың тақырыбын айту, мұқият тыңдау, ажырата алу дағдыларын байқау үшін бірнеше дыбыстарды тыңдатамын.

- Балалар қазір біз сендермен әртүрлі дыбыстарды тыңдаймыз

(Табиғаттағы құстар жан-жануарлар дауысын естиді)

-Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабақ не туралы болмақ? (Жануарлар турралы)

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту мақсатында зат жасырып, жетелеу сұрақтарын қоямын.

-Енді мен қазір сендерден бір зат жасырамын.

-Сендердің ойларыңша ол не болуы мүмкін? Сендерге бағыт берейін.

Мен жасырынған зат бүгінгі біздің сабағымызбен байланысты.

Оны барлық бала жақсы көреді.Оның дәмі тұзды болуы мүмкін. Оны әжелеріміз, аналарымыз жасайды. Қазіргі кезде ол дүкендерде де сатылады.Мен не жасырып отырмын? (құрт)

Қалай ойлайсыңдар олай болса, бүгінгі сабағымызда не туралы айтамыз.

Жануарлар туралы не білеміз? Сабақта жануарлар тіршілігі туралы айтатын боламыз.

(Жасырнған затты тапқан оқушыны қол шапалақтау, қошемет көрсету арқылы бағалаймыз)

(МК,Ұ) Слайд арқылы сабақтың мақсатын көрсетемін:

Бүгінгі сабақта біз:

жабайы жануарлар мен үй жануарларын айырмашылығын білеміз;

үй жануарларынан алатын өнімдерді атаймыз, жазамыз;

жыл мезгілінің ауысуына орай, жануарлардың қалай дайындалатынын түсіндіріп айтамыз.

Балалар, кәне  бәріміз еске түсіріп көрейікші.

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді.

  • Үй жануарлары;
  • жабайы жануарлар;
  • балықтар;
  • қосмекенділер;
  • жорғалаушылар;
  • құстар.

Оқушыларды топқа бөліп отырғызу үшін суреттер беремін. (жануарлар суретін беру)

) Топпен жұмыс. Топқа бөлу барысы (жеке бағалау) Енді осы суретке байланысты топ тасыңдар. Оқушылар қолдарындағы сурет бойынша 4 топқа бөлінеді.

1 топ: Үй жануарлары

2 топ: Жабайы аңдар

3 топ: Қосмекенділер

4 топ: Құстар

Сынып төрт топқа бөлініп отырады. Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптаытыру, жаңа сабақпен таныстыру мақсатында топпен жұмыс ұйымдастырамын.

Тапсырма 1. Мазайка құрастыру

Сендердің үстелдеріңнің үстінде қағаз қиқымы жатыр. Егер сендер осы қиқымдарды біріктіріп желімдесеңдер, бір жануардың суреті шығады. Сол жануар туралы не білетіндеріңді айтасыңдар.

1 топ: Сиыр суреті

2 топ: Тауық суреті

3 топ: Аю суреті

4топ: Тасбақа суреті

) Топпен жұмыс.

(Оқушылар топпен жұмыстар орындау барысында түртіп алу, топтық бағалауды пайдаланамын)

Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі. Топпен тапсырмалар орындау барысында берілген сілтемемен «Жануарлар әлемі» тақырыбына бейнекөріністі қоямын.

1 топ. Cөйлемді ретімен орналастырып, мәтін құрастыр:

Оқушыларға қасқыр, түлкі, қоян, аюдың суреті және әр аңға қатысты жазылған сөйлем беріледі. Оқушылар әр сөйлемнің ретін анықтап, мәтін құрастырып айтады.

Қасқыр ұсақ аңдармен қоректенеді.

Түлкі аңдармен, тышқандармен қоректенеді.

Қоян шөптермен қоректенеді. Оның сүйікті тағамы – сәбіз.

Аю жазда жидектерді жейді. Ол қыста ұйықтайды.

2 топ. Оқушылар ермексаздан жануарлар әлемінің әр тобынан бір – бір жануар түрін мүсіндеу керек.

3 топ. Құстарды топтастыр. Құстардың ұқсастығы мен айырмашылығын, ортақ қасиеті туралы айт. Оқушыларға құстардың суреті беріледі. Оқушылар құстарды үй және дала құстары деп екі топқа топтайды. Олардың аталу себебін, қорегі, тіршілігі, оларды қорғау керектігі туралы білетіндерін айтады. Ортақ қасиетін табады.

4топ. Үй жануарларының төлдерін дұрыс тауып қос. Оқушыларға төрт түлік малдардың және оның төлдернің суреттері араластырылып беріледі. Оқушылар оларды төлдерімен дұрыс қосып, аттарын жазу қажет.

(ОТ) Тәжірибе орындау

«Құстың қауырсыны неге суланбайды?»

Нұсқау

1. Қағазды ал, стакандағы суға сал

2. Қағаз алып шетін стакандағы майға сал

3. Екі қағазды кезекпен суға салып көр

Не байқағаныңды түсіндіріп айт.

Қорытынды:

Құстың қауырсыны үнемі түбінен майланып тұрғандықтан, суға түскенде су жұқпайды

Балалар,өздерің айтып өткендей жануарлар бірнеше топқа бөлінеді.Үй жануарының да тіпті жыртқыш жануарлардың да пайдасы бар.Оларды қорғау керекпіз.

(Қ) Оқушылармен қалыптастырушы бағалау жұмысын ұйымдастырамын.

Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарды қоямын.

1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

2. Киелі құс

3. Қандай құстың құйрығы айыр?

4. Жыл құстары дегеніміз не?

5. Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

Кері байланыс:

«Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - сабақ ұнаса белгілейді.

«Минус» - түсініксіз болса, белгілейді.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады.

АКТ, жануарлар суреттері, ыдыстың ішінде салынған құрт

http://ololo.fm/search

Слайд

Жануарлар суреттері

Желім, жануарлар суреті

https://www.youtube.com/watch?v=VQcNZUdN5qU

Суреттер, үлестірмелі карточкалар

Ермексаз, тақтайша

Венн диаграммасы,

постер, түсті қарындаш,

суреттер

Қағаз, 1 сткан су, 1 стакан сұйық май, құстың қауырыны

Қалыптасырушы бағалау жұмысын Қосымша 2 көре аласыз

стикер

Қосымша ақпарат.

Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Тәжірибе орындау кезінді қорытындылауды тапсыру, топтық жұмыс барысында қосымша сұрақтар қою арқылы тапсырма беремін.

Бақылау, түртіп алу, топтық бағалау, қошемет көрсету арқылы ,мадақау сонымен қатар жетістік критерийлері арқылы бағалаймын.

Дүниетану пәнімен байланыс сабақ бойы жүргізілді. Сауат ашу пәнімен байланысты топтық жұмыстарды орындау барысында аттарын жазу, сөйлем құрау арқылы байланнысырдым. Өнер пәнімен байланысы ермексаздан жануарларды мүсіндеу жұмысарын орындау арқылы жүргіздім. Табиғатқа,табиғаттағы жануарларға қамқорлықпен қарауды қарасырдым.

Рефлексия

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?Сабақ негізінен жоспар бойынша өтті.

Оқу мақсаттарына негізделіп алған жұмыстарымды орындадым

Сабақта оқуышлар жабайы жануарлар өз бетімен тіршілік ететіндігін, үй жануарларын адамдар қамқорлыққа алатындығын үйренді.

Үй жануарларынан алынатын өнімдер тізімін жазды.

Жыл мезгілінің ауысуына қарай жануарлардың қалай дайындалатындығын түсіндіріп айтып берді.

Ынтымақтастық атмосферасы жақсы болды, оны топтық және жұптық жұмыс барысында байқадым, өйткені бір-бірін тыңдап, бір бағытта, бір мақсатта жұмыс жасады.

Оқушылар арасындағы дифферециациялауға арналған тапсырма ұсынылған жоқ. Себебі, бекіту сабағында дифферециация қажет деп есептемедім. Өйткені мақсатқа толық жетуді көздедім.

Жоспарланған уақытты ұстана алмадым. Топтық тапсырма барысында әр оқушының жауабын тыңдап, уақытты өткізіп алдым.

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1: Жануарлар түрлерінің топтасуын жақсы меңгерді. Дала және үй құстарының айырмашылығы мен ұқсастығын және ортақ қасиетін түсінді. Үй жануарларынан алынатын өнім түрлерінің тізімін жазды.

2: Топтық жұмыс барысында тапсырманы орындап, қарым-қатынас жасай білді.

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті.

АҚТ арқылы жануарлар дыбысын естіді. Тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындап өз ойларын ортаға салып, бүгінгі сабақтың не жайында болатындығын айтты.

Топтық жұмысқа ұсынылған тапсырманың әр түрлілігі.

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?

топтық жұмыс барысында әр оқуышының жауабын тыңдауды жоспарламай, топ арасынан бір-екі оқушының жауабын тыңдаумен шектелу.

сабақ жүргізу барысында белгіленген уақытқа сай жұмыс істеуді басшылыққа алу.

оқушылардың толық жауап берулерін талап ету;

тапсырманы шектен тыс алмау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.