Дыбыс қайда тарайды? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4B бөлім Дыбыс | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: 5.05. 2016 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Cарыева А.Т. | |||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Дыбыс қайда тарайды? | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.8.2.1.Дыбыс барлық бағыттарға таралатынын білу | |||||||
Сабақтың мақсаттары | Әртүрлі ортада дыбыстың таралуын анықтауға үйрету. | |||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар әртүрлі ортада: сұйықтықта, қатты денелерде, ауада дыбыстың таралу ерекшелігін біледі. | |||||||
Сөздік қор
| Ауа, қатты денелер, сұйықтық. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Тәжірибе барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу. «Ойлан!» тапсырмасы арқылы көршілермен сыйластықта тұра білуге үйрету. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика. Салыстырмалы талдауды өткізу. Өнер. Музыкалық үшбұрышпен жұмыс. | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Дыбыстарды естіп жүр. Музыкалық аспаптар дыбыс шығаратынын, дыбыс жай және қатты болуы мүмкін екендігін біледі. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Өткенді еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар ұсыну:
| |||||||
Сабақтың ортасы
| (Ұ, МК, Ө) Кіріспе тапсырма. Сабақты практикалық жұмыстан бастау. Оқушыларға музыкалық үшбұрышты/металл қасықтарды соғып көруге мүмкіндік беру. Содан соң оны суы бар ыдысқа салып соғып көруді ұсыну. Дыбыстарды салыстырту. Дыбыс судың ішінде де тарайтыны туралы қорытынды жасауға жетелеу.
Оқушыларға суреттерді көрсете отырып, сұрақтар қою: - Суға сүңгіп көрдіңдер ме? - Сол кезде қандай сезімде болдыңдар? - Су астында қандай да дыбыстар естілді ме? - Қалай естілді? Мәлімет беру. Су астында естілген дыбыстар қатты және нақты болады.
Қорытынды. Балық аулауға барғанда тыныштық сақтау керек. Себебі судың астында барлық дыбыстар естіледі. Балық үркиді Қосымша мәлімет беру. Балық тербеліске өте сезімтал, сондықтан қауіпті сезгенде, тез қашып кетеді. Зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Қауіпсіздік шарасын өткізу. Тәжірибе барысында пакетті қатты басуға болмайтынын ескерту. Ұқыпты болуды айту. Екі ілгіші бар полиэтилен пакетін дайындау. Бірінші пакеттің жартысын құммен толтыру, қалған ауасын шығарып, жабу. Екінші пакет сумен толтыру, ауасын шығарып, аузын байлау. Алдымен құм салынған пакетті үстел үстіне қою. Бір оқушыға тиынмен үстелді тарсылдатып көруін, екіншісіне құмы бар пакетке құлағын тосып тыңдауын өтіну. Содан соң «Тиынның тарсылын естідің бе?» деп сұрау.
Бұл тәжірибені бірнеше жұп оқушылармен өткізу. Енді үстелдің үстіне су құйылған пакетті қою. Бір оқушыға тиынмен үстелді тарсылдатып көруін, екіншісіне суы бар пакетке құлағын тосып тыңдауын өтіну. Дыбыстарды салыстырту.
«Дыбыс қатты денеде де, сұйықтықта да таралады» деген қорытындыға жетелеп алып келу. Оқулықтағы тапсырманы орындауды ұсыну. «Эврика тиынның дыбысын ести ме?» Оқулықтағы суретке назарларын аудару. Трубка біркелкі екенін түсіндіру. Сурет бойынша металдың дыбыс өткізгіштігі жайлы әңгімелесу.
Екінші суретте қыз бала қандай дыбыс естіді деп ойлайсыңдар? «Дыбыс қатты денеде таралады» деген қорытындыға келеді. Оқушыларға «Ойлан!» тапсырмасын ұсынып, сұрақтар қою:
Практикалық жұмыс. Пластик стақандардан телефон жасауды тапсыру. Екі пластик стақанды қолдарына алуды сұрау. Олардың түбінен тесік жасап, ұзын жіп өткізіп, ішкі жағын сіріңкеге байлауды ұсыну.Тарту кезінде сіріңкені стақанның түбіне қысу. Телефон тұтқасы пайда болды. Осындай тұтқаны жіптің келесі ұшына да жасауды ұсыну. Жіпті ұзынырақ алуды сұрау. Шарты: жіп керіліп тұру керек. Бойына басқа дене жанаспауы қажет. | Пластик стақан; біз; сіріңке; тиындар; екі ілгіші бар полиэтилен пакет; құм, су; су құйылған құты; музыкалық үшбұрыш (металл қасықтар). | ||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында өзіндік жұмысын ұсыну. -Біз бүгін не үйрендік? - Дыбыс қайда тарайды? - Дыбыс қатты дене арқылы тарай ма? - Дыбыс сұйықтық арқылы тарай ма? | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету. | Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау. | Сергіту сәтін өткізу. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру