Дыбыс қайда тарайды? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Ғылымға кіріспе

4 В бөлім «Дыбыс»

Тақырып: Дыбыс қайда тарайды?

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

4 тоқсан 1 Сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.8.2.1.

Дыбыс барлық бағыттарға таралатынын білу. Ғылыми зерттеуді жоспарлау;

1.1.2.1. Дыбыстарды тындап бақылау арқылы сұрақтарға қалай жауап іздеу керектігін талқылау.

1.1.2.3. Топ болып пайда болған ғылыми сұрақтарға жауап беру жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

Оқушылар әр түрлі ортада дыбыстың таралуын анықтауды үйренеді

Оқушылар әртүрлі ортада: сұйықтықта, қатты денелерде, ауада қалай таралуын біледі.

Көпшілігі:

Оқушылар дыбыстың барлық бағытқа таралатынын біледі.

Кейбір оқушылар:

Зерттеу нәтижелерін айтады,түсіндіреді, талдайды.

Алдыңғы сабақта

Табиғи, жасанды дыбыс көздерімен және дыбыстың қалай тарайтыны туралы білген.

Тілдік мақсаты

дыбыс

 жақын, алыс

 табиғи, жасанды

 қаттырақ, бәсең

Сенің ойыңша, дыбыс жақын немесе алыс

жерден шықты ма? Сол дыбыс қатты ма,

әлде бәсең бе?

 Сен қандай дыбыстар естідің?

 Бұл дыбыстар табиғи немесе жасанды ма?

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

7 минут

Негізгі бөлім

23 минут

Қорытынды бөлім

10 минут

) Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ далада мектеп алаңында басталады.

Топқа бөлу үшін оқушыларға

сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және жаңа сабаққа жетелеу, сыни ойлау және қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында жоғарыда көрсетілген (әр оқушы берілген 4 суреттің біреуін таңдау арқылы) дене мүшелерінің суреттері салынған карточкалар беріледі. Суреттегі дене мүшесінің бірін таңдағаноқушылар нұсқауды тыңдайды.

Нұсқау: әр оқушы таңдалған суреттегі дене мүшесі арқылы зерделеуге болатын үш түрлі затты айналадағы табиғат аясынан таңдайды. Мысалы: құлақ: көліктің дыбысы, құстың сайрағаны, судың сылдыры. Көз арқылы: өсіп тұрған ағаш, гүл, қабатты үйлер, спорт алаңы. Мұрын арқылы: гүлдің иісі, т.б.

,Ұ, ОТ) Әр топ 2 мин ішінде айналамызға қарап, зерттеу арқылы кем дегенде 4 түрлі заттың атауын тауып айтулары керек.

,Ұ, ОТ) Сынып оқушылары қатарға теріс қарап, тұрады. 4 топқа 4 түрлі заттың дыбысын шығару арқылы ненің дыбысы екенін анықтап айту, табу тапсырмасы беріледі.

  • Бұл қай заттың дыбысы?

(камертон, барабан, сылдырмақ, флейта)

  • Дыбысы қалай естіледі? (қатты,ақырын, орта)
  • Дыбыс қалай таралады деп ойлайсың?
  • Дыбыс қайда тарайды?

Бүгінгі сабағымызда дыбыс қайда таралатын білетін боласыңдар. Сабағымызды ары қарай сынып бөлмесінде жалғастырамыз. Оқушылардың дыбысың қалай таралатынын нақтырақ көрсету және өткен сабақты пысықтау үшін тақтаға қарауларын ұсынамын.

(МК) Тақтада 1 – слайд, 2 – слайд бойынша жұмыс.

Судағы толқындар лақтырылған немесе құлаған объекттен шеңбер бойынша таралады.

Дыбыс барлық бағыттарға дыбыс толқындары арқылы тарайды. Олар су бетіндегі шеңбер тәрізді таралады.

деген болатынбыз.

Бүгінгі сабақтағы дыбыстың қайда тарайтынын білу, көру, оқушылырдың тәжирибе жүзінде көз жеткізулері мақсатында келесі тәжирибелерді сынып болып бірге орындауды ұсынамын.

(Ұ,ОТ) 1 – тәжірибе.

Музыкалық үшбұрышты соғып көру. Содан соң оны суы бар ыдысқа салып тағы соғып көру.

Оқулықтағы суретке қарау.

Қорытынды: Дыбыс суда да тарайды. Дыбыстың суда таралуы ауаға қарағанда төрт есе жылдам болады екен.

2 – тәжірибе.

Дыбыс ауада жақсы тарайды. Ол қатты дене мен сұйықтық арқылы тарайды.

«Зертте» айдары.

Сақтану ережелері:

  • пакетті қатты басуға болмайды.
  • ұқыпты болу керек.

Үш ілгегі бар полиэтиленді пакет дайындаңыз. Бірінші пакеттің жартысын құммен толтырамыз қалған ауаны шығарып, жабу керек.(Егер пакетте ілгегі болмаса, байлау керек). Екінші пакетті сумен толтыру керек, ауасын шығарып қатты байлаймыз. Ең әуелі құм салынған пакетті үстел үстіне қоямыз. Бір оқушыға тиынмен үстелді тарсылдатып көруін, екіншісіне құмы бар пакетке құлағын тосып тыңдауын өтінемін.

Қорытынды: Дыбыс ауада жақсы тарайды.

3 – тәжірибе

  • Суға сүңгіп көрдіңдер ме?
  • Судың астында дыбыстар қалай естіледі? (қатты,анық, нақты)
  • Балық аулауға барып көрдіңдер ме?

(Т) Ойын «Балық аулау» этюды.

балық аулауға қайсыларың бардың деп сұраңыз. Өзін қалай ұстауғанын естеріне салыңыз. Енді балық аулауға барғанда неге оқушылар өздерін тыныш ұстау керектігі жайлы сұраңыз. (Су астында барлық дыбыстар естіледі). «Балық аулау» этюдін көрсетулерін ұсыныңыз.

) Тірек сөздерді үш тілде айту.

4 тәжірибе

Эврика тиынның сылдырын естиді ме? Бұл тапсырмады оқушылар дыбыстың қатты денелер арқылы қалай таралатынымен танысады, әсіресе, металл арқылы. Оқушылар назарын суретке аударыңыз. Маңызды! Ең әуелі трубаның біркелкі екенін түсіндіріңіз. Сурет бойынша металл дыбыс өткізгіштігі жайлы әңгімелесіңіз. Кім труба арқылы дыбыс тыңдап көрді? Дыбыс қандай? (қатты). Назарыңызды екінші суретке аударыңыз. Енді қыз бала қандай дыбыс естіді деп ойлайсыңдар? (жоқ, ақырындау,қатты емес)

Қорытынды: Дыбыс таралу үшін арнайы орта қажет-ауа, су, металл т.б.

(Ұ,Ж, ОТ) «Телефон жаса»

Бұл тапсырмаларды тез орындағандарға пластик стақандардан телефон жасауды ұсыныңыз. Екі пластик стақанды алу керек. Стақандарға тесік жасап ұзын жіпті өткізіп, ішкі жағын сіреңкеге байлаймыз.

Тарту кезінде сіріңке стақанның түбіне қысыңыз, ерекше бір телефон тұтқасы пайда болады. Осындай бтұтқаны жіптің келесі ұшына да жасау қажет. Мүмкіндігінше жіп ұзын болуы қерек, өйткені алыс қашықтықта сөйлегенде дыбыс қабылдаушыға жақсы естілетін болады. Екі шартты қатаң сақта: жіп кріліп тұру керек және жіптің бойымен басқа денеге тимеуі қажет.

Оқушылардың сабақ бойы алған білімдерін пысықтау мақсатында жұмыс парағындағы тапсырмалардыорындауды ұсынамын.

) 115 - 116 Жұмыс парағы. 118 – 119 бет

Рефлексия.

1 – баспалдақ: Еш нәрсе түсінбедім, орындай алмаймын.

2 – баспалдақ: Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.

3 – баспалдақ: Жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын.

Дене мүшелері бейнеленген карточкалар, әр түрлі музыкалық аспаптар

https://www.youtube.com/watch?v=KS5GhPhymqk

Ыдыста құйылған су, музыкалық үшбұрыш, банка, металл қасықтар.

құм, полиэтилен пакет, су, тиын.

Ортасы ашық екі металл труба, тиын.

Пластмасса стакандар, жіп, сіріңке.

Қосымша ақпарат.

Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Жұмыс парағында берілген келесі беттегі тапсырмаларды орындауды тапсырамын.

Дыбыстың қайда тарайтынын біледі.

Тәжірибе орындау барысында қорытындылай алу дағдыларын, жұмыс парағында тапсырмалар орындау барысында түртіп алу, басбармақ арқылы бағалауды қолданамын.

Музыка пәнімен байланысты музыкалық аспаптарды тыңдату арқылы, сауат ашу, дүниетану пәндерімен байланысты мектеп алаңында сабақтың кіріспе бөлімінде дене мүшелері арқылы табиғат аясында зерделеуді қолданғанда қарастырдым. Зерттеу жұмыстары барысында тәжірибе орындау барысында денсаулық және қауіпсіздікті сақтауды ескердім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу