Қатты және бәсең дыбыстар. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімдіжоспар
Сабақжоспары
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: 4В бөлім – Дыбыс | Мектеп: ФМБ-дағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қатты және бәсең дыбыстар | ||||
Оқу мақсаттары | 1.8.2.3 Әр түрлі дыбыс көздері түрлі қуаттағы дыбыстарды шығаратынын зерттеу Дағдылар Мәлімет алу және ұсыну 1.1.2.1. Ғылыми сұрақтарға жауаптарды дайындау жолдарын жоспарлау (топ болып) Нәтижелерді түсіндіру 1.1.4.1.Бақылауларды сипаттау мен түсіндіру үшін өте қарапайым ғылыми сөз қорын қолдану | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі. | ||||
Бағалау критерийлері | Дыбыс қуатының әр түрлі болатынын біледі және оны сипаттай алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Дыбыс көздері мен олардың атауларын, қатты бәсең дыбыс сөздерін қолданады. | ||||
Құндылықтардыдарыту | еңбек және шығармашылық | ||||
Пәнаралықбайланыстар | Дүниетану, физика. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Дыбыс көздері мен дыбыстардың таралу жолдарын біледі. | ||||
Сабақбарысы | |||||
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері | Сабақтажоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | (МК) Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!» Кел, жаныма тұр, сыныптас. Өз алақаныңды маған аш. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос! /оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді, рахмет айтады/ -Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық. Терең ғылым сананың, Тегі дөп ой саламын. Маңыз беріп оқимыз, Ғылымға кіріспе сабағын. -Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар? (Т)аспаптар туралы жұмбақтар жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу 1/ Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан, Сылдырап әр буыны үнін қосқан. Он адам жолдас болып еңбек етсе, Аралап он екі үйге қонақ болған. (Домбыра) 2/ Ағаш , темір, қағаз, желім, Бұлардың басын қосқан көрдім жерін, Шырқырап неше түрлі ән салады, Ішіне толтырып ап барлық жемін. (Гармонь) 3/ Саусақ батпас түтіктен,Сандуғаш құс сайрайды. (Сыбызғы) 4/ Иiр-иiр құбыр,Үрлесең бұлбұл. (Керней) 5/ Ұзын мойны,Екі ішек,Қатар-қатар тепкішек.Басып көрсең бір-бірлеп,Үн шығады күмбірлеп. (Домбыра) -Балалар, жұмбақтың шешуі не болды? -Бұл музыкалық аспаптардың қандай ортақ қасиеті бар деп ойлайсыңдар? /бәрі де үн, дыбыс шығарады/ -Ал қандай айырмашылығы бар? Олардың дыбысы туралы не айтуға болады? /кейбір аспаптардың дыбысы қатты, кейбіреулерінің бәсең болады/ -Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту. | Интерактивті тақта Тақтада жазылған жұмбақтар Тақтада жазылған сабақтың тақырыбы мен мақсаты | |||
(МК)Суретпен жұмыс Оқушыларға музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, атауын сұрау. -Балалар, мына аспап қалай аталады? -Кім домбырада ойнай алады? -Мынау қай аспап? -Оны қай жерде көрдіңдер? -Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер? -Шертпелі аспаптар, үрмелі аспаптар, ішекті аспаптар және ...... /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Т, Қ)Музыкалық аспаптармен жұмыс Оқушылар топта отырып, кейбір музыкалық аспаптарды көріп, олардың атын жазады. Оларда ойнап, қандай және қалай дыбыс шығаратынын анықтайды. Қалыптастырушы бағалау- оқушылар аспапта қатты және жай дыбыстар ойнап көрсете алады. (Ұ,ОТ,Қ)Тәжірибе жасау Тапсырма: Барабанның үстіне күріш дәнін қойып, барабанды қағыңыз –жай және қатты қағылған кезде күрішке қандай әсері болатынын бақылаңыз. Қалыптастырушы бағалау- оқушылар дыбыстың қалай пайда болатынын айтып бере алады. -Балалар, не байқадыңдар? -Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ (Ұ,ОТ,Қ) Тәжірибені жалғастыру Тапсырма:Күрішті дыбыс ұлғайтқыш бетіне қойып, дыбыс күшін өзгертіңіз – дыбыс қуатын өзгерткендегі әсерін бақылаңыз! Қалыптастырушы бағалау- оқушылардыбыстың қалай пайда болатынын айтып бере алады. -Балалар, не байқадыңдар? -Қандай қорытынды жасаймыз? (Ұ,МК) Камертон көмегімен дыбыстың су бетіне әсерін көрсетіңіз, шымырлаған дірілді бақылаңыз, оларды дыбыс толқындарын түсіндіру үшін қолданыңыз. (Ө,ҚБ)Карточкалармен жеке жұмыс Оқушыларға жүргізілген тәжірибеден кейін дыбыстың қуатын анықтаулары керектігін ескертіңіз. Оқушыларға әр түрлі қаттылықтағы дыбыстар шығара алатын бірқатар заттарды (мысалы, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар) ұсынып, олардан дыбыс шығаруды және шығатын дыбыстардың қуатын сипаттауды өтініңіз. Мысалы, дыбыс қатты/әлсіз/жуан/жіңішке,т.б. Сонымен қатар естіген дыбыстардың қуатын салыстыруды талап етуге болады. Оқушылардың дыбстың қуатын сипаттай алу дағдысын бағалаңыз. Тапсырма: Музыкалық аспаптар дыбыстарының қуатын сипатта. Мысалы: қатты/әлсіз, жуан/жіңішке. | Музыкалық аспаптардың суреттері Аудио, https://www.youtube.com/watch?v=ZwnRU45Y0sA Музыкалық аспаптар, А 4 парағы, кесте Музыкалық аспаптар: барабан камертон, дыбыс ұлғайтқыш пен күріш. ҚБ карточкалары | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия: -Қане, балалар! Оқыдық, салыстырдық. Тәжірибе де жасадық, Соныменен сабақта Не білдік, неүйрендік? Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп, сұрақтарға жауап береді: - Нені білдім, нені үйрендім? - Нені толық түсінбедім? - Қандай жұмысты жалғастыру қажет? -Сабақтың басында аталған мақсаттарға қол жеткіздік пе? | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Оқушылар бірге тәжірибе жұмыстарды жасайды, қорытынды шығара алады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Дыбыстардың түрлеріне өз бетінше мысалдар келтіре алады. | Қалыптастырушы бағалау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру