Дыбыстар қандай болады? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4B бөлім: Дыбыс

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Дыбыстар қандай болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.8.2.3 Дыбыс көздері әртүрлі қаттылықтағы дауыс шығаратынын анықтау

1.1.2.1 Таңдалған сұраққа жауап табу жолдарын (топ ішінде) талқылау

1.1.4.1 Өткізілген бақылауды сипаттау және түсіндіру үшін өте қарапайым ғылыми терминологияны қолдану

 Сабатың мақсаттары

әр түрлі дыбыс көздерінен түрлі қарқынмн дыбыс шығатынын түсіну;

қатты және бәсең дыбыстар шығатын ортаны білу.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар қатты және ақырын дыбысьарды ажрата біледі.

Олар әр түрлі қаттылықта дыбыстарды шығаратын әртүрлі дыбыс көздерінің суретін жұмыс дәптеріне сала алады.

 Сөздік қор

қатты дыбыс, бәсең дыбыс

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Мектептегі мінез -құлық ережесі.

Дене шынықтыру.Стадион.

Өнер. Музыкалық аспап.

Алдыңғы меңгерілген білім

Дыбыстар қайда тарайды?

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

ОМ таныстыру

  • Дыбыстардың қандай болатынын;
  • Қатты және бәсең дыбыстардың қайда қажет екенін білетін боласың.

музыкалық аспаптар;

Бос қорапшалар, кепкен бұршақ, күріш, сурет салуға қажетті заттар.

30 минут

(Ұ.Ө) «Қимылмен көрсет» ойыны

Қане, ойнайық, Айтып көрсетіңдер:

Кім шегіртке сияқты шырылдайды?

Кім жылан ияқты ысылдайды?

Кім шыбын сияқты ызылдайды?

кім маса сияқты ызыңдайды?

Кім мысық сияқты мияулайды?

Кім есек сияқты ақырады?

Кім сиыр сияқты мөңірейді?

-Кімге қанай дыбыс ұнады?

-Қандай дыбыс құлаққа жағымды?

-Неге?

-Барлық дыбыс бірдей ме?

Кім футбол матчында болып көрді?

Онда қандай дыбыстар естіледі?

Ол жерде қатты дыбыстауға бола ма?

Ол жерде неге айқайлауға болады?

Стадионның суретіне қара.

Стадионда, көше қиылысында, дискотекада қатты дыбыстар естіледі.

«Қатты- бәсең» -ойыны

Қатты дыбысты сипаттағанда оқушылар құлағын жабады, бәсең дыбыстар болса, сұқ саусақтарын аузына апарады.

тыңдалатын дыбыстар: кітаптың беттерін ашу, сағаттығ сыртылы,қоңыраудығ сылдыры,балғаның тықылы, өтіп бара жатқан машинаның гүрілі, ұшақтың ұшуы, қол шапалақтау, өзен ағысы,әтештің шақыруы, сылдырмақ сылдыры,үстел үстінде соғылған қарындаш тықылы.

Суретке қара.

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Бұл жерлерде қатты сөйлеу керек пе?

Неге?

Екі суретті салыстырып көрейік.

Қандай ұқсастығы мен айырмашылығы бар?

Ойлан!

Сен қалай ойлайсың?

Театрда, емханада орманда қалай сөйлеу керек?

(Қ,Ө,Қ) музыкалық аспаптарды ойнап олардың қандай дыбыс шығаратындығын анықтайық

Қалыптастырушы бағалау- оқушылар аспапта қатты және жай дыбыстар ойнап көрсете алады.

(Ұ,Ж,Ө,қ) Музыкалық аспаптар жасайық– сылдырмақ, барабан. Қалыптастырушы бағалау- оқушылар өздерінің аспаптарын қолданып түрлі дыбыстарды шығара алады.

(Ұ,ОТ,Қ) Барабанның үстіне күріш дәнін қойып, барабанды қағыңдар –жай және қатты қағылған кезде күрішке қандай әсері болатынын бақылап өз пікіріңді айт. Қалыптастырушы бағалау- оқушылар дыбыстың қалай пайда болатынын айтып бере алады.

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды:

Есте сақта! Дыбыстар қатты және бәсең болады.

Оңтүстік Америка ормандарында сартылдаған дыбыс естіледі. Бұл- бәр бәрәне соқтығысып жатқан зеңбірек ағаштары жемістерінің дыбыстары.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

дыбыстың қандай болатындығын ажыратуда қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.

қатты және бәсең дыбыстарды ажыратып үйренеді.

сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу