Жарық қайдан шығады? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пәні: Жаратылыстану Тақырыбы: 3Д бөлім «Жарық қайдан шығады?» | Мектеп: №11 МФММ | |
Мерзімі: 22.02.2016 | Оқытушының аты-жөні: Жексенбаева Лейла | |
Сынып: 1 Д ІІІ тоқсан | Қатысқан оқушылар саны: 21 | Қатыспағандар саны: 0 |
Оқу бағдарламасына сәйкес осы сабақтың оқу мақсаттары: | 1.5.2.1. Жарықтың жасанды және табиғи көздерін ажырату. | |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздерін атайды.Жарық көздерін таниды. Оқушылардың көпшілігі: Жарық энергия екендігін айтады. Табиғи және жасанды жарықты айырады.Қай жарық көздері көбірек жарық беретінін анықтай алады.Тәжірибе ақпарат көзі екендігін түсінеді. Кейбір оқушылар: Жарық қасиеттерін атайды. Сабақ тақырыбы бойынша ақпаратты есіне сақтайды. | |
Жетістік критерийлері: | Табиғи және жасанды жарық көздеріне мысалдар келтіре алады. Табиғи және жасанды жарық көздерін сипаттай алады.Күнделікті өмірде қолданылатын жасанды жарық көздеріне мысалдар келтіре алады. Жасанды жарық көзін анықтайды және оның қажеттілігін түсіндіре алады. | |
Тілдік мақсаттар: | Жарықтың не екенін түсіндіру, ғылыми терминдерді қолдана отырып, толық жауап беру. Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Жарық, энергия, жарық көздері, табиғи және жасанды жарық көздері,қараңғы. Көптілділік: свет – жарық - light Сабақ барысында сөйлесу / жазу үшін қолданылатын тіл: Талқыланатын сұрақтар:
| |
Құндылықтарды дарыту: | Ақиқат, дұрыс әрекет ету және топтық жұмыстарда уақытқа бағыну. Тыныштық. Топтық жұмыстарда өзара көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар: | Дүниетану | |
АКТ қолдану дағдылары: | Интербелсенді тақта | |
Бұған дейінгі меңгерілген білім: | Табиға жарық көздерін білу – күн, ай. Қарапайым тәжірибелерді өткізе алу. |
Жоспар
Жоспарлан ған уақыт мөлшері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | |||
Сабақтың басы. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату 0-2 мин | Мұғалім сабақта жұмыс жасау үшін жағымды ортаны ұйымдастырады. - Мен мектепте сабақтамын.
барлығын байқаймын.
| Презентация. | |||
Сабақтың ортасы. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 5 мин. | Мұғалім тесігі бар қорапты қолданып, сұрақтар қояды. -Қорапта не жатыр? -Неге көрінбейді? -Ал оны көру үшін не қажет?/жарық/ Қорапты аштық, ішіне жарық түсті.Балалар қолшамын көреді. Балалардан біз қорапты ашпай тұрып, ішіндегісін көру үшін не істеуіміз керек?/қолшамын жағып, қорапқа қайта салу./Балалар қораптағы тесік арқылы қораптағы суретті көреді. -Енді сурет неге көрінді?/Қораптың іші жарық болды/ -Ендеше, біз бүгін нені зерттейміз?/Жарық/ -Ендеше, бүгінгі зерттеу тақырыбы анықталды – ЖАРЫҚ. Мақсатымыз - Табиғи және жасанды жарық көздерін айыру. | Тесігі бар қорап, қолшам,смайлик, презентация. | |||
Тақырып бойынша жұмыс. 5 мин. Мұғалімнің түсіндірмесі. 2 мин. | Мұғалім жарықтың не екендігі туралы ойлануды ұсынады. Ойлан! 1.Жарықтың не екенін білеміз бе? 2.Күндізгі негізгі жарық көздері қандай? 3.Жарықтандырудың жасанды түрлерін білеміз бе? 4. Жарықтың қасиеттерін білесің бе? Балалар қорытынды айтады. Мұғалім интертақтадан жарық түрлерін, олардың жасанды және табиғи түрлері болатынын түсіндіреді. | презентация презентация | |||
Сабақ тақыры бы бойынша жұмыс. 3 мин. Динамика лық үзіліс. 1 мин. Тәжірибе өткізу. 9 мин. | Оқушыларға суреттер таратып беру. «Жарық әртүрлі болады» постерін безендіру. Оқушылар өз таңдауларын түсіндіреді. Мұғалім қолшам мен майшамның жарықтылығын салыстыруды ұсынады. Қорытынды жасау.
Мұғалім қолшаммен алыстан суретке жарық түсіріп, бейнені анықтау керек.Анықтайды. Бейнені дұрыстап қарау үшін біз қолшамды жақындатуымыз керек.Майшаммен де жұмыс жасау. Балалар өз қорытындыларын айтады. Жарықтандыру көзіне байланысты: ол жақын және күщтірек болса, онда жарық та көбірек болады және керісінше. | Суреттер: күн, ай, жұлдыз, шам, қолшам, от, жарық қоңыз. Қолшам, майшам сіріңке. | |||
Дәптермен жұмыс 6мин. | 1.Жасанды жарық көздерін бояу. 2.Тек табиғи жарық көздерін боя. 3.Әр қатардағы артық затты тап. Оны қорша. | Дәптер, түрлі түсті қарындаштар. | |||
Сабақтың соңы. Рефлек сия. 3 мин. | Баспалдақ арқылы кері байланыс жасау. Күн – сабақты толық түсіндім, түсіндіре аламын. Күн мен бұлт – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. Бұлт – ештеңе түсінбедім. | Баспалдақ, күн,бұлт арасындағы күн, бұлт. | |||
Қосымша мағлұматтар: | |||||
Дифференциация. Оқушыларға көмектесуді қалай жоспарлаймын?Қабілеті жоғары балаларға қандай тапсырмалар беремін? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеремін? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||
Мен балалар жұмысын бақылаймын, қажет болса бағыттаймын. Ал қабілеті жоғары балаларға өз бетінше ғаламтор желісінен электр шамдарын ойлап тапқан адамдар туралы ақпаратты іздеуге тапсырамын. | Оқушылардың топтағы және өз бетіндік жұмыс жасауын бақылаймын. Сабақ барысында сұрақтар қоямын.Оқушылардың дәптердегі жұмыстарын қараймын, дер кезінде жұлдызшалармен мадақтаймын.Оқушылардың рефлексия нәтижелерін талдаймын. | Күн көзіне тіке қарамау. Майшамды қолданғанда абай болу. Қолшамның жарығын көзге тіке түсірмеу. | |||
Сабақ бойынша рефлексия. | Бүгінгі сабағымның оқу мақсаттары дұрыс қойылған. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді. Олар жарықтың қайдан шығатынын, олардың түрлері туралы толық мағлұмат алды. Тәжірибе жақсы жүргізіліп, мақсатына жетті. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.Балалар сабаққа қызығушылықпен қатысты. | ||||
Қорытынды бағалар: | Сабақ барысында сәтті өткені: «Тесігі бар қорапты қолданып, оның ішіндегі нәрсені неге көре алмағаны, оны көру үшін жарық керек екені» деген тұстар сәтті болды. Сабақ жақсартуға әсер еткен сәттер: топтастыру. Тәжірибе жасау. Сынып жаңа нәрсені білуге құштар.Тәжірибе арқылы көп нәрсені білуге болатынына көз жеткізді. Бүгінгі сабақ келесі сабақтың жалғасы болады. «Оқушыларға үйден шамды не үшін ойлап тапты?» деген сұраққа жауап іздеуге тапсырма берілді. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру