Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 9 сабақ.
1-тапсырма. Ж. Мәтінді мұқият оқыңыз
Шал теңіздің жасыл тасбақасын жақсы көретін, мұны түсінің әдемілігі, қозғалысының ширақтығы үшін және бағасының қымбаттығы үшін ұнататын; ал, физалияны көзін жұмып тұрып жалмайтын, әңгілеу, қимылы ебедейсіз, бисса деп аталатын, үсті сары сауытпен қапталған дүңкиген сарғылт тасбақаны ол онша тәуір көрмейтін-ді. Теңіз тасбақасын аулаушылармен бірге көп жыл қатарынан кәсіп қылған кісі болса да, бұ шал теңіз тасбақасына өш емес еді. Ол бұларды аяйтын; тіпті ұзындығы қайыққа пара-пар келетін, салмағы бір тоннаға жететін, терісі қалың, теңіздің лут деп аталатын ірі тасбақаларына да жаны ашитын.
Жұрттың көбі теңіз тасбақасын аямайды, тасбақаны өлтіріп, етін парша-парша ғып тастағанда да оның жүрегі көпке дейін соғып жататынын біле бермейді сол жұрт. "Менің де жүрегім сол тасбақаның жүрегіндей ғой, - деп ойлады шал, - қол-аяғым да тасбақаның аяғындай". Шал өзіне әл бітіру үшін теңіз тасбақасының аппақ жұмыртқасын жейтін ылғи. Ірі жайындардың суда көп жөңкілетін кезі – қыркүйек, қазан айларында қуатты болу үшін бүкіл мамыр айының өн бойында жейтіні - сол жұмыртқа болатын. Және балықшылардың құрал-сайманы сақталатын сарайдағы үлкен бөшкеде тұратын сұйық майдан – акуланың ертілген бауыр майынан күнде бір шәшкесін ішіп алатын-ды шал. Бұл майдан балықшының қайқайсысы болса да, тәбеті шапса, барып ішуіне болатын. Балықшылардың көбі майдың дәмін ұнатпайтын еді, бірақ, ыдысқа құйып алып ішкен кезде, дәмі онша жаман да көрінбейтін: суықтан, көздің ауыруынан сақтауға бұл майдың себі көп.
Шал аспанға көз салып еді, фрегаттың теңіз үстінде қайғадан үйіріліп жүргенін көрді. –
Балықты аңдыды, - деп үн қатты шал Су беті тыныш еді, ыршып секірген қанатты балық көрінбеді, маңайдан ұсақ балықтар да байқалмады.
Мәтінге сүйене отырып, сұрақтарға өз
сөздеріңізбен жауап беріңіз.Дескрипторлар:
Сұрақтарға өз көзқарасы тұрғысынан жауап береді
1. Шал теңіз тасбақасын не үшін ұнататын? 1
2. Шал өзін тасбақаға қалай ұқсатады? 1
3. Шал су бетінің тыныштығын неден байқады? 1
4. Сарайда тұратын сұйық майдың қандай пайдасы бар? 1
5. Фрегаттың теңіз үстінде жүруін шал неге жорыды? 1
2-тапсырма. Ж
Мақсатты аудиторияға арналған жазылым тапсырмасыЭ.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасындағы мұхит игілігі тақырыбы» тақырыбына шағын мақала жаз. Сөз саны 150.
Дескрипторлар:
Сөз таптарын орнымен пайдалана алады; Көркемдік тіл құралдарын тиімді қолданады;
Жазба жұмысының стилі мен жанрын сақтап жазады.
Кері байланыс: «3Қ»
Сабақтың қиын тұсыСабақтың қызық тұсыСабақтың қажет тұсыҮйге тапсырма: «Шал мен теңіз» кинофильмін көру.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.