Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасының композициялық құрылымы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация.


Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру) - көркем шығарманың құрылысы.

Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.

Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.

Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.

Сюжеттің басталуы (латынша-дәйектеме) оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.

     Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы; тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.

Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.

Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.

Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»,адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.

Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тарих тағылымы

Сабақ тақырыбы:

Ж.Бөдеш

«Жалғыз» поэмасының композициялық құрылымы

Оқу мақсаты:

Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні.

Сабақ мақсаты:

Поэманың негізгі идеясын түсіну, сюжеттік-композициялық талдау жасау;

Шығармадағы оқиғалар тізбегіне, жазылу мақсатына баға беру.

Бағалау критерийлері:

Шығарманың мазмұнын түсінеді, идеясын анықтайды;

Сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

Шығармадағы оқиғалар тізбегіне баға береді.

Т/Ж1.Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.

Топқа бөлу. Композиция кезеңдері арқылы сыныпты 5-ке бөлу.

1-топ. Шығарманың басы мен байланысы (экспозиция )

2-топ: Дамуы (ситуация)

3-топ: Шиеленісі (завязка)

4-топ: Шарықтау шегі (кульминация)

5-топ: Шешімі (развязка)

1-тапсырма. Топтық жұмыс. Сюжеттік-композициялық кесте.

Тақтадағы флипчартқа әр топ өз атына сай, шығарманың композициялық құрылымына кіретін оқиғалар тізбегін жазып шығады. Сюжеттік-композициялық кесте толтырылады.

Дескрипторлар:

Шығарманың негізгі идеясын түсінеді;

Шығармаға құрылымдық талдау жасайды;

Пролог, эпилог ұғымдарын ажырата алады;

Шығармадн нақты дәлел келтіреді.

 

Бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар өз-өздерін бағалайды.

2-тапсырма. ТЖ. «Сараптама алаңы» әдісі бойынша сабақта өтілген ақпараттарды қорыту үшін «Жалғыз» поэмасының

жазылу мақсатына, (1-топ)

идеясына, (2-топ)

көтерген проблемасына, (3-топ)

кейіпкерлер әлемінің ерекшелігіне, (4-топ)

оқырманға әсер ету принципіне (5-топ) баға береді.

Дескрипторлар:

- Шығарманың жазылу мақсатына, идеясына баға береді;

- Көтерілген проблеманы талдайды;

- Өзіндік көзқарас тұрғысынан талдап, пікір білдіреді.

Бағалау. «Мадақтама сэндвичі» әдісі арқылы топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалап, позитивті пікірі, сындарлы сын, келешекке ұсыныс білдіреді.

Рефлексия.

«Рефлексия пирамидасы» әдісі бойынша сабақтағы маңызды әрі көбірек білгісі келетін мәліметтерді, үйренген нәрселерді жазып, сабаққа кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу