Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3


Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова М.М.

Сыныбы: 10 T1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Өлең - сөздің патшасы Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

10.3.3.1 - шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаты

Поэмадағы ұлттық даралық ерекшеліктерін автор идеясымен байланыстыра талдай отырып, әдеби эссе жазады.

Бағалау критерийлері

Құрылымы сақталған әдеби эссе жазады.

Шығармадағы даралықты танытуға қатысты талдау жасайды

Әдеби теориялық білімін көрсетеді.

Тілдік міндеттер

Білім алушылар істей алады.

Идея, автор көзқарасы, адамгершілік құндылықтар, даралық, болмыс, ерекшелік, жалғыздық концепциясы

Құндылықтарды қалыптастыру

Тіл мен мәдениет, тарихтың ортақтығы, ынтымақтастық, құрмет

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

АТҚ қолдануы

Таныстырылым

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта шығармадағы автор бейнесіне талдау жасады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:

Ақпарат көздері

Басы

4 мин

Қызығушылықты ояту

«Иә, бірақ» әдісі

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Бір оқушы жалғыздық туралы бір сөйлем айтады. Екінші оқушы ол пікірге қарсы пікір айтады, өз сөзін «иә, бірақ» деп бастауы шарт.

Ортасы

34 мин

Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады

Ой шақыру сұрақтары:

  • Қалай ойлайсыздар, жалғыздық концепциясы ақынның жеке өміріндегі мәселелеріне қатысты ой-толғаныстарымен бөлісуді мақсат ете ме?
  • Жалғыздық концепциясын даралық ұғымымен байланыстыруға бола ма?
  • Поэмада автор қазақ халқына тән қандай даралық болмысын танытады?
  • Шығармада көрініс тапқан қайталау (анафора) түрінің поэманың идеясын ашудағы қызметі қандай?

Тапсырма. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, 180-200 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Қосымша рестурстағы ақпараттарды эссе мазмұнында қолданыңыз.

1.Автор поэмада қазақ халқының өзіне тән даралығын қаншалықты әсерлі жеткізе алды? Шығармадан дәлелдер келтіре отырып, сыни көзқарасыңызды танытып, әдеби-сыни эссе жазыңыз.

2. Автордың поэмадағы қазақ халқының өзіне тән даралығын танытудағы қолданған тәсілдерін талдап, әдеби-талдау эссесін жазыңыз.

Қосымша ресурс

«Жалғыз» поэмасы – жалғыздық концепциясының шыңы. Жалпы, адам жанының жалқы, шын мәнінде, әр пенденің жалғыз екенін, ешкімнің қайталанбайтын жаратылыс екенін айқындай түседі. Өз замандастарына қойылған ескерткіш сияқты. Туған даласының әр аймағын, әр тасын, замандасының әрқайсысын жалғыз деу арқылы, олардың Жәркен үшін аса қымбат екенін көрсетеді. Өзін жалғыздау арқылы өз болмысын терең тани түседі. Жалғыз адам қашанда ой үстінде болады. Еркіндікке құлаш ұрады. «Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді» (Шопенгауэр). Мүмкін ақынды айналасындағылар шын түсінбегеннен жалғыз.

Жалпы, жалғыздықты кез келген шығармашылық иесі сезінеді. Білетіндердің сөзіне сенсек, адам санасы белгілі бір деңгейге өскенде өзін жалғыз сезіне бастайды. Сол жалғыздықтан қиналғанымен, рухы тынышталады. Баяғы замандағы ғұламалардың елден оқшауланып, бөлек ғұмыр кешулері де сондықтан болса керек.

Бұл поэма қазақы тәмсілмен басталады. «Ғұлама таулардың тұрғыны арқар, құлжаны кәнігі аңшылар күзде, тек қана күзде аулайды. …Қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы дөп тигенде былайғы аңдар сияқты бірден құлап түсіп, жантәсілім етпейтін көрінеді. …қорғасын оқтың уы денесіне жайылғанша, сағаттап, тәуліктеп жылжымай қарысып тұра береді екен. Мұны аңшылар қауымы «оққа сүйенген жалғыз арқардай» деген тәмсіл арқылы еске алады».

Жәркеннің де жүрегінің сау-тамтығы жоқ. Өмірдегі болмысына қарап, ешкіммен бармақ басты, көз қыстыға бармаған, біреудің ала жібін аттамаған кісі екен деп ойлайсың. Әңгімесін тыңдағанда өзін Жәркен ақын ретінде алып шығатынына сенетін жалғыз серігі жыры екенін түсінесің. Мына қоғамда сенері де, сүйенері де өлеңі. Жалғыз жырға сүйенген шайыр Жәркен деп ойлайсың. Ойлайсың да, жалғыздығының шыңы поэма болғанда, түйіні мына өлең екен дейсің:

«Ұл кетті Ұлытаудан ұлар аулап,Қыз кетті қына теріп, қыр алаулап.Мен қалдым қараша үйдің іргесінде,Жыландай белден соққан бұралаңдап.Ошақтың күлін төккен борпаң жерге,Бозінген түні бойы шығады аунап.Бозайғыр үйірінен адасып қап,Бозбие айдалада жүр алаңдап».

– «Жалғыз» деген поэмаңызды оқып отырып, сол поэмадағы Жалғыз өзіңіз емес пе деген ойға қаламыз... және:

Жалған-ай...

«Жалғызсырау қандай жаман,

Тарпаңның тамырында қан қайнаған.

Адасқан үйірінен құла бие,

Қосылды құландарға қақ жайлаған...» дейсіз... Өзіңізді көп ішінде де жалғыз сезінесіз бе?

– Иа, ол Жалғыз – менмін... Бұл поэманы тұтастай жатқа білетін жас оқырмандарым бар. «Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады» деп айтылады. Жалғыздық барлық адамның басында бар нәрсе. Бұл тек бір ғана адамның басындағы жалғыздық емес, бүкіл әлемдік жалғыздық деп ойлаймын. Шәкәрім де жалғыз болды... Жалғыздықты тек қана оқу керек. Оны мазмұндап, оның жақсылығын айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Дескриптор:

  • қосымша ресурстармен танысады;
  • эссе мазмұнында көркем шығармадан қазақ халқының даралығын танытатын дәйексөздер келтіре отырып дәлелдейді;
  • талдауды әдеби теориямен байланыстырады ;
  • шығарманың тәрбиелік маңызы мен құндылықтарды дәріптеудегі рөліне баға береді.

Кері байланыс 2 минут.

Тапсырманы орындауда қандай қиындық кездесті?

Ресурстардың қандай көмегі болды?

Біліміңізде қандай олқылықтардың бар екенін байқадыңыз?

Таратпа материал

Соңы

3 минут

Рефлексия

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу