Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

10 сынып , қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы, шығарманың тілі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

А/И 3.Көркем шығарманың тілі

Сабақ мақсаты:

10.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

Пәнаралық байланыс:

Тарих ,психология

Пайдаланылған дерек көздер:

http://kitap.kz/index.php/catalog/book/974-aqbilek

http://www.iref.kz/zh-sipbek-aymauyitov-a-bilek-romanyi-tolyi-n-s-a/

Бағалау критерийлері:

Шығарманың тілін талдайды;

Автор қолданған көркемдегіш құралдардың қызметін анықтайды.

Тілдік мақсаттар:

Тақырып бойынша өз ойларын сауатты және дәлелді жеткізе білуге даярлау, зерттеу қабілеттерін дамыту

Пән лексикасы және терминология: астарлы ой

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: таңдау, іріктеу, салыстыру, анықтау, баяндау

Осыған дейін меңгерілген білім

Ж.Аймауытов шығармашылығы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 мин

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

(Оқушылар назарын сабаққа аударамын,сабақ мақсатымен, тақырыбымен таныстырамын)

Топқа бөлу

Түрлі –түсті стикерге көркемдегіш құралдарды қоданып, шығармаға өз бағаларын береді.Сонан соң бір- біріне шиыршықтап лақтырады. Стикердің түстеріне қарай топтасады. Жазылған бағалауларды оқып, ой бөліседі.

Қызығушылықты ояту

  • Осы шығарманың басты кейіпкері Ақбілек өз бақытына жете алды ма? 
  • Ақбілек қандай қыз?

Ақбілектің бейнесі мен мінез –құлқын көрсете отырып, топтастыру әдісін сызу.

«Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп...»

Қорғансыз Намысқой Сұлу

Ақбілек Өжет Оқыған

Осы сызбаны оқушылар өздері толықтырады.

15 минут +10 минут

7 минут

15 минут

Сабақтың соңы

15 минут

Берілетін тапсырмалар:

Мұғалім сөзі:

І. Шығармадағы оқиғалар мен кейіпкерлер бейнесінің шынайы шығуы автордың тіл шеберлігіне байланысты.

Әдеби көркемдегіш құралдар шығарманың шырайын келтірері сөзсіз. Ендеше, автор шеберлігін шығарма үзінділерінен іздеп көрелік.

  • Автор өзінің сөз қолданысында қандай тілдік құралдарды қолданған?
  • Шығармада кейіпкер бейнесін, табиғат суретін, табиғат құбылысын, Ақбілектің ішкі жан- дүниесінің көрінісін монолог ретінде сипаттауда қандай көркемдегіштер қолданған?

Оқушылар топта жұмыс істеп, кестені толтырады.

Шығарма үзінділері таратылады.

Шығармадан үзінділер

Көркемдегіш құралдың түрі

Түсініктемелер

(қандай мақсатта қолданған?)

Портрет

Пейзаж

І топ

АҚБІЛЕК

Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар. Алтай, Күршім — не заманнан калың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, тӛрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының кӛкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакӛлі. Марқакӛлді алқалаған — ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі — алты ай жазы тау еркесі — киік болып, ӛзге елдерден биік болып, Марқакӛлдің самалында сайран етіп жатқаны. Марқакӛлдің суы балдай. Марқакӛлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, кӛнек-кӛнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі кымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшқандай боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудың тасын күтірлетіп, кӛкпар, жарыс, алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны. Әлгі Алтайдың аруларын айтуға тіл жетпейді. Жүзі айтарлық айнадай боп, кӛзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы құба талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күбірлесіп, кӛлеңдесіп, езу тартса — есің кетіп, сұңқыл қақса — шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың қия кезеді.

ІІ топ

БЕКБОЛАТ Кара торы, орта бойлы, кошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек кӛз жігітпін. Жасым жиырманың жетеуіне шығып тұр. Атым — Бекболат. Басымда барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстімде орысшалау пенжек, шалбар. Сүр шапан, сар сафиянға кара ала жапқан күміс белбеу аяғымда кӛнелеу қисық табаным бар. Белбеуімдегі жарғақ далбағайым шашақты сары қынды мүйіз сапты ӛткір кездігім, алдынғы капталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттігім — менің ӛнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар. Бұрын бір байдың, осы күнгі орта шарқы үйдің ортаншы баласымын, бұрын кой бес жүзге, жылқы екі жүзге, сиыр алпыска. түйе жиырмаға жеткен еді, осы күні сол малдың тӛрттен бірі де жоқ. Әкеміз неше жылдай елу басы, ауылнай, би болған. Бір ауылнай елдің басты адамының бірі. Ағам отау болып, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. Шешеміз жылқы жылы құрт аурудан кайтыс болған соң, әксміз бір кедейлеу адамның ақ құбаша, бауырсақ мұрын жаңа ӛспірім қызын, беріп қойған жерінен, 15 караға бата бұзып алып еді. Тоқал бұл күнде әкейдің мойнына мініп алды. Жылдағы зекет, пітір, садақасын беріп, бізді оқытуға әжеміз таңқы мұрт, жылтыр кара қожаны ұстап, сегіз жылдай жаз үй артындағы қоста, қыс қонақ үйде теңселіп, қалғып-шұлғып, сабақ оқыдық. Тіл алмай, асқа атқа ӛкпелеп, кісі боқтап, шалдуар боп, қожадан таяқты талай жесем де аяғында хат таныдым. Кӛршінің қатыны мен қожаның ӛсегі білінген соң, әкеміз шығарып жіберіп, содан кейін кӛзіміз ашылды. Оннан асқан соң-ақ қыдырған, қолы бос жігіттердің боқауызын, былапыт әңгімесін тыңдап, он беске келген соң, қыз-келіншек бар үйдің іргесін тырнап, жібін киып, есігін қиратып, түн баласында дамыл кӛрмедік. Жолдастарға еріп, ойын-сауык қуып жүріп, кылжақты, ӛлеңді, домбыраны үйрендім, еті тірі, жаксы жігіттерге еліктеп насыбай, мылтық атуды, ит жүгіртіп, құс салуды үйрендім. Тұзды ет беріп, сауға жығып, қашырып алып талай құстан айрылсам да аяғында құстың да тілін білдім, я шіркін!

ІІІ топ

Үйтқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдыз тарыларын бір-бірлеп қылқып жатыр. Жұлдыздармен бірге үміт сәулелері де бір-бірлеп батып бара жатқандай. О кезде ызғырығы ызылдап, бойды мұздатып, сабалақ қара бұлттан түн жамылған күздің кӛзсіз қара түні ақ бас Алтайдың үстіне қара бурадай шӛгіп, сай-салаға бауырын тӛсеп, дүние қарауытып келе жатыр еді. Кӛк жүзінде жайылып жатқан жұлдыз, қойларын кӛздеп тұратын шопан атасындай — жау кӛргендей, зым-зия жоғалыпты.

ІV топ

Саялдық қара бұлттар-ау! Ақбілектің жанын тұншықтырған қара тұман аз болды дедіңдер ме, үстіне мұнша тӛнгенше, анау асқар таулардың басына тӛнсеңдерші! Күздің сарғыш жапырақтары-ау! Кімді әлдилеп, сыбырлап тұрсыңдар? Қалың бұтаның қайғысыз, қамсыз бӛденелері-ау! Несіне қара түнді жаңғырықтырып тұрсыңдар? Сұлудың жүрегін жанышқан ауыр шерді сендер сейілтем дейсіңдер ме? Қанатын қаршыға күйретіп қиқайған қостың алдына бір қолымен жер таянып, аспанға қарап отырған сүқсырдың налыған зарын тәңірсіне жеткізем дейсіндер ме?! Бұлттар-ау, серпілмейсіңдер ме?! Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге тӛгілгенше, шерлі сүлуға сая болсаңдаршы! Ызғырық-ау, ызылдағанша, жапанда жалғыз қалған баланың әкесіне хабар берсеңдерші! Ой, мейірімсіз шіркіңдер-ау! Сендердің тілдеріңді Алтайдың жаралы аруы бірмейді ғой! Сендердің қас- қабағыңа қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады ғой

Дескриптор:

Шығарманың тіліне баға береді;

Көркемдегіш құралдарды анықтайды;

Көркемдегіш құралдардың шығармадағы қызметін талдайды;

Үзінділерден мысалдар келтіріп, кестені толтырады.

ІІІ. Ойтолғаныс

  • Ақбілекке қарап бұрынғы қазақ қыздары қандай болды деп ойлайсыздар? 
  • Қазіргі қазақ қыздары қандай?

Кері байланыс

5 мин

«Еркін микрофон»

Автор шеберлігіне баға беріңіз

Үйге тапсырма:

Шығарманың тәрбиелік мәні қандай? Ойтолғау жазу

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлан

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.