Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні: 1- сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10Т1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Прозадағы көркем ой

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т/Ж .Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні

10.1.1.1 - әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

Оқу мақсаттары

Оқушылардың барлығы шығарманың мазмұныны біледі

Оқушылардың көбі шығарманың идеясы мен композициялық құрылымын талдайды

Оқушылардың кейбірі сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсінеді

Бағалау критерийі

  • сюжеттік-композициялық құрылысын талдайды
  • идеялық мазмұнын түсінеді

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: «Аөбілек» романы бойынша

өзіндік көзқарасын білдіруде шығармаға байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығы, дәстүрі мен тұрмысы, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Алдыңғы білім

«Құтты білік» шығармасын оқып келу

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Сынып оқушыларын қызыл, жасыл, ақ,көк түсті карточкалар арқылы топқа бөліп аламыз.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийімен таныстыру

Қызығушылықты ояту:

«Сұрақтар жауыны» әдісі

Оқушылар төменде берілген пікірді оқиды. Сұрақтарға жауап береді.

«Ақбілек» - қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы реалистік проза талаптарына, жанрдың еуропалық шарттарына жауап беретін толыққанды көркем, бастан - аяқ салиқалы, сабырлы, ұстамды проза үлгісі ретінде жазылған реалистік роман. Қазақ әдебиетінде реалистік роман ұстанымдарын алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі – Жүсіпбек. Тақырыбы - әлеуметтік тартыстар, тап күресі, ел мойнына түскен салмақ және адамдардың тағдыры. Бұл – психологиялық роман, мұнда түрлі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін көрсететін мінез - құлық, болмыс - бітім кеңістігі бар.

  • Реалистік роман екенін немен дәлелдейсіздер?
  • Қандай әлеуметтік тартыстар беріледі?
  • Шығармадағы тап күресін көрсетіңіздер
  • Ел мойнына қандай салмақ түсті?
  • Адамдардың тағдыры қандай болды?
  • Неге психологиялық роман деп аталады?
  • Психологиялық ерекшелікті көрсететін қандай мінез-құлық пен болмыс-бітімді атай аласыздар?

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

Мағынаны ажырату

Оқушылар тапсырманы топта жасайды. Әр топқа үш сұрақтан құралған тапсырмалар беріледі. Сұраққа жауап беру арқылы шығарманың негізгі идеясын, композициялық орнынна талдау жасайды.

1-топ.

1. Романдағы оқиға қай кезеңде бейнеленген?

2. Ақбілектің көзінің тартуы нені аңғартады?

3. Шұбап келе жатқан 4 атты кімдер болып шықты?

  • Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
  • Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?

2-топ

4. Келген салт аттылар бірден Мамырбайдың үйіне келуінен нені аңғардыңдар?

5. Ақбілек тығылып жатып қандай сезімде болды?

6. Ананың балаға деген махаббаты қандай оқиғамен байланысты көрінді?

  • Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
  • Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?

3-топ

7. Ақбілектің шұңқырда екенін кім білді?

8. Қара мұрт қандай адам?

9. Бекболаттың сүйген қызынан бас тартуы туралы не ойлайсың?

  • Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
  • Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?

4-топ

10. Әкесінің қызын үйінен қуып жібергені дұрыс па?

11. Жеңгесі қандай адам (жеңгесінің жасаған жақсылығы)

12. Ақбілектің қалаға кетуі оның өміріне қалай әсер етті?

  • Қандай қорытынды жасайсыздар? Шығарманың идеясы не?
  • Сіз жауап берген сюжет шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?

Бағалау критерийі:

  • Шығарма мазмұнын түсінеді
  • Композициялық құрылымына талдау жасайды
  • Шығарманың идеясын анықтайды

Бағалау

Өзара бағалау. «Оң жағы, теріс жағы» әдісі

Сұраққа сынып болып жауап береді.

Болған оқиғаға Ақбілек кінәлі ме? Ақбілек қандай қыз? Роман сізге ұнады ма? Романның қай жері ұнады?

«Ақбілек романы – ұлт тағдыры» деген пікрмен келісесіздер ме? Неге?

Кері байланыс. Мұғалім оқушыларға төменде берілген сұрақтар арқылы кері байланыс береді

Не жақсы болды?

Нені жақсарту керек?

Қалай жақсартамыз?

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

  • Оқу мақсатына жету сізге оңай болды ма әлде қиын болды ма?
  • Оқу мақсатына жету үшін қандай іс-әрекеттер жасадыңыз?
  • Сізге нені жетілдіру қажет?
  • Сізге көмектің қай түрі қажет?

Үй тапсырмасы: шығармадағы кейіпкерлер туралы ойын жинақтап келу

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Мемлекеттік тілге сұранысты арттырудағы қазақ тіліндегі интернет ресурстардың рөлі

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.