Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1-сабақ.
Бөлім: Өлең – сөздің патшасы
Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек»
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:
10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау
10.3.4.1 Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін талдай отырып, авторлық идея мен өмр шындығын айқындайды, мазмұндас өлеңмен салыстырып, әдеби сын жазады.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Шығармадағы авторлық идеяны айқындайды;
Авторлық идея мен өмір шындығын байланыстыра отырып, талдайды;
Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындымен салыстырады;
Әдеби сын жазады.
КІМ ТАПҚЫР?
Оқушылар Абай шығармаларының атын айтып жарысады. Өлеңнің атын айта алмаған оқушы Абайдың бір шумақ өлеңін жатқа айтады.
1 тапсырма.
Топта оқушылар өлеңнің мазмұнымен танысады.
Өлең тақырыбын, идеясын төмендегі нұсқаулық арқылы анықтайды:
Өлең талдауға нұсқау
Өлеңнің мазмұны не жайында?
Кейіпкерлері кімдер?
Қандай іс-әрекеттер болды?
Өлең лирикалық па, трагедиялық, сатиралық па?
Өлеңді не себепті жазды?
Өлеңдегі өмір шындығы қай жерде байқалады?(өмірмен байланыстыру)
Б. Кері байланыс бере отырып, топ арасында төмендегі бағалау кестесі арқылы бір-бірін бағалайды:
2 – тапсырма. «Кім шапшаң?» ойыны
1. Өлеңде ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді сынап тұр?
- Сабырсыздықты, арсыздықты, еріншектікті, күншілдікті, міншілдікті, ұятсыздықты, ойсыздықты, ұрлықшылықты.....
2. Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Адамның жағымсыз мінез - құлықтары
3. Абай аталарыңның адамның мінез-құлқын жырлайтын тағы қандай өлеңдерін білесіңдер?
- «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңі. Осы өлеңді кім жатқа айтады?
4. Абай аталарыңның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен қандай жағымды мінез - құлықтарды тауып айтар едіңдер?
- Талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рахымшыл,....
5. Екі өлеңнің ұқсастығы неде?
- Екі өлеңде де адам бойындағы мінез - құлықтар туралы айтады.
- Олай болса, бұл өлеңдердің негізгі ойы не туралы деп ойлайсыңдар?
- Адамгершілік туралы. Абай аталарың өзінің өлеңдері мен қара сөздерінде ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен.
3 –тапсырма. Екі өлеңнің мазмұнын талдай келе, дәптерлеріне әдеби сын жазады.
КЕРІ БАЙЛАНЫС:
Не білдім?
Неге үйрендім?
Не түсініксіз болды?
Нені жақсартуым керек?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру