Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Болыс болдым, мінеки», «Адасқанның алды жөн, арты-соқпақ». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 4-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Абай Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Болыс болдым, мінеки», «Адасқанның алды жөн, арты-соқпақ»
Оқу мақсаты:
10.3.4.1 Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу
10.2.5.1 Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту
Сабақтың мақсаты:
«Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Болыс болдым, мінеки», «Адасқанның алды жөн, арты-соқпақ» өлеңдерін талдай отырып, мазмұндас өлеңмен салыстырып, әдеби сын жазады, өлеңде кездесетін құндылықтар мен қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдайды.
Бағалау критерийлері:
Шығармадағы авторлық идеяны айқындайды;
Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындымен салыстырады;
Әдеби сын жазады.
Өлеңде кездесетін құндылықтар мен қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдайды.
... Мал мен бақтың дұшпаны,
Кеселді пысық көбейді...?
2. ... Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға... ?
3. ... Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін... ?
4. ... Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз...?
5. ... Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі...?
6. .. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...?
7. ... Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың...?
1 –топ: Сабырсыз, арсыз, еріншек
2-топ: Болыс болдым, мінеки
3-топ: Адасқанның алды жөн, арты-соқпақ
2 тапсырма. Әр топ 3 өлеңді байланыстыра отыра, әдеби сын жазады. (постер ұсынылады) әр топ бір-бірінің сындарын тыңдап, бағалайды.
3 –тапсырма. «Фишбоун» əдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, өлеңнен проблеманы анықтау, себептерін табу,
дəлелдеу, құндылықтарды табу, салыстыру. қорытынды жасауды тапсырады.
Оқушылар балық қаңқасына қара сөзден проблеманы,
себептерін анықтап, дəлелдерін келтіреді, құндылықтарды саралайды, қорытынды жасайды.
Кері байланыс.
Не білдім?
Неге үйрендім?
Не түсініксіз болды?
Нені жақсартуым керек?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру